Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Депутат Н.Сабильяновтың 2007 ж. 2 қыркүйек - 2011 ж. 15 қараша аралығында атқарған жұмысы туралы ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ
За период работы со 2 сентября 2007 года по 4 декабря 2009 года, в соответствии с Регламентом Мажилиса Парламента, депутат Н

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің

төртінші шақырылым депутаты

Нұртай Сабильяновтың

2007 ж. 2 қыркүйек – 2011 ж. 15 қараша аралығында

атқарған жұмысы туралы

ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентіне сәйкес 2007 жылғы 2 қыркүйектен – 2011 жылғы 15 қарашаға дейін депутат Н.Сабильянов Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягөз, Жарма, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Үржар аудандарының 130 елді мекендерінде 225 кездесу өткізді. Сонымен қатар, Астана, Аягөз, Семей, Өскемен, Риддер, Тараз, Қызылорда, Шымкент, Алматы, Ақтобе қалаларында өткен «Нұр Отан» ХДП-ның іс-шараларына қатысты, кездесулер өткізді.  

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-ші шақырылымында (2.09.2007 ж.-15.11.2011 ж. аралығында) депутат Н.Сабильяновтың атына азаматтар мен заңды тұлғалардан 2975 хат пен өтініш келіп түсті. Кездесулерде, «Нұр Отан» ХДП филиалының қоғамдық қабылдауларында, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кеңсесі арқылы депутат Н.Сабильяновқа келіп түскен барлық хаттар белгіленген мерзімде қарастырылып, хат иесіне жауап берілді немесе хатта көрсетілген мәселені қарастыруға уәкілетті органға хат жолданды. 

 2007 жылғы 2 қыркүйектен – 2011 жылғы 15 қарашаға дейін депутат Н.Сабильянов 204 депутаттық сауал жолдады.

Заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде талқылау барысында депутат Н.Сабильянов әрдайым әлеуметтік-экономикалық, мәдени салаларына қатысты ұсыныстарын енгізіп отырды, олардың көпшілігі қабылданды (оның 800 жуық ұсынысы қабылданды). Республикалық бюджетті талқылау барысында да ол денсаулық сақтау, білім беру мекемелерін, су құбырларын, Шығыс Қазақсан облысындағы автомобиль жолдарын жаңадан салу немесе күрделі жөндеу туралы көптеген ұсыныстарын берді. Тиісті жобалық-сметалық құжаттары бар объектілер инвестициялық жобалар қатарына енгізілді.

Сонымен қатар, Нұртай Сабильянов соңғы 20 жыл бойы қайрымдылықпен айналысып келеді. Мысалы, оның қаржылай көмегімен Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданындағы өзінің туған – Шыңқожа ауылында Мәдениет үйі салынды, ол Үржар ауданының Науалы балалар үйіне жылда көмек көрсетіп келеді (микроавтобус, музыкалық аппаратура, спорттық киім сатып алуына қаржылай көмек). Оның қайрымдылық шараларының ішінде: Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі даярлау мекемелеріне, мектептеріне көмек, студенттерге стипендия тағайындау, тұрмысы төмен азаматтарға көмек көрсету, азаматтарға Астана қаласын аралап көруді ұйымдастыру.

2007 жылғы 2 қыркүйек – 2011 жылғы 15 қараша аралығында Н.Сабильянов жалпы сомасы 55 млн. (елу бес миллион) теңгені құрайтын қайрымдылық көмек көрсетті.