Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Парламенттік тыңдаулар

01.06.2015

Мәжілісте Палата спикерінің орынбасары, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаеваның төрайымдық етуімен парламенттік тыңдау болды.
Тыңдаудың тақырыбы: «ҚР мұнай-газ саласының дамуы мен мәселелері»,- деп аталды.


Палатаның Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің ұйымдастыруымен өткен ашық талқылауда Парламент депутаттары, жер қойнауын пайдаланушылар, мемлекеттік органдар мен ғылыми мекемелердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Басқосуда Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы, парламенттік тыңдауды өткізуге әзірлік бойынша арнайы уақытша комиссия жетекшісі Шавхат Өтемісов, Премьер-министрдің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Энергетика министрі Владимир Школьник және Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау баяндама жасады.
Парламенттік тыңдау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.