Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
29.04.2015

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН МӘЖІЛІСТІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


 

 

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН МӘЖІЛІСТІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Астана. 29 сәуір. Мәжіліс үйі. Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті.

Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ең алдымен Мәжіліс депутаттарының атынан Елбасын жалпыхалықтық сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап, қазақстандықтардың бірліктің бұрын соңды-болмаған үлгісін көрсеткенін, ол азаматтық белсенділіктің осындай көрінісіне қол жеткізе алмаған демократиясы дамыған елдердің өздерін елең еткізгенін атап өтті.

-Егер басқа мемлекеттерде президенттік сайлау халықты бөле жаратын болса, Қазақстанда ол бірігудің халықтық таңдау жасаудың айрықша салтанатына айналды,-деді Қ. Жақыпов.  

Жалпы отырыстың күн тәртібіне Қазақстан Президентіне Қазақстанның Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру туралы бір ғана мәселе енгізілді.

Күн тәртібі бойынша ҚР Президенті сөз алып, еліміз дамуына қатысты маңызды бағыттарды атап өтті. Сондай-ақ, Премьер-министр қызметіне Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовті кандидат ретінде ұсынды.

Ұсынылған кандидатура бойынша Мәжіліс депутаттары М. Айсина, В. Косарев, А. Перуашев сөз алды.

Одан әрі Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабы  1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Президентіне Үкімет басшысын тағайындауға келісім беру туралы арнайы Қаулы жобасы дауысқа қойылып, халық қалаулылары бірауыздан қолдады.

Өз кезегінде жаңа тағайындалған Үкімет жетекшісі Кәрім Мәсімов Елбасына, Мәжіліс депутаттарына алғысын білдірді.

Мәжілістің жалпы отырысы Елбасының қысқаша құттықтау сөзімен аяқталды.    

 

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі