Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
14.05.2015

МӘЖІЛІСМЕНДЕРДІ ТҮРКІМЕНСТАННЫҢ БЕЙТАРАП ЕЛ АТАНУЫНЫҢ 20-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕГЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ


МӘЖІЛІСМЕНДЕРДІ ТҮРКІМЕНСТАННЫҢ БЕЙТАРАП ЕЛ АТАНУЫНЫҢ 20-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕГЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

 

Астана, 14 мамыр, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Түркімен Меджлисі төрағасының орынбасары Гурбангуль Байрамова бастаған делегация өкілдерімен кездесті.  

Аталған ел парламентшілері біздің елімізде Түркіменстанның бейтарап ел атануының  20 жылдығына арналған шараларға қатысуға келді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытудың ауқымды мәселелерін талқылап, жанар-жағар май, энергетика, ауылшаруашылығы,  көлік және коммуникация салаларына баса көңіл бөлді.  

Қабиболла Жақыпов Түркіменстанның Қазақстан үшін Орталық Азиядағы бауырлас ел, тату көрші, стратсгиялық әріптес екенін атап өтті.

- Біздің ел басшыларының салиқалы саясатының арқасында Қазақстан мен Түркіменстан екіжақты тиімді қарым-қатынастың үлгісін көрсетіп келеді,-деді Қ. Жақыпов.

Мәжіліс Төрағасының айтуынша, «Түркіменстан - Өзбекстан – Қазақстан - Қытай» газ құбыры, «Қазақстан – Түркіменстан - Қытай» темір жол құрылысы сынды ірі жобалар аясында ықпалдастықтың маңыздылығы өте зор. 

Кездесу барысында тауар айналымының өсіміне де көңіл бөлінді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымының көлемі 475 млн.долларды құраған.  

Өз кезегінде Гурбангуль Байрамова жүзеге асырылып жатқан жобалар Қазақстан мен Түркіменстан ғана емес, аймақтағы көптеген елдердің дамуына ықпал етіп жатқандығын атап өтті.  

Одан әрі Г.Байрамова қазақстандық әріптестерін өздерінің көппартиялы парламенттерінің қызметінен хабардар етті. 

Кездесу иелері парламентаралық байланыстарды нығайту жағдайын да назардан тыс қалдырмады. Ол заңнамалық салада тәжірибе алмасуға жол ашумен қатар, қос мемлекет арасындағы достықтың тереңдей түсуіне мүмкіндік береді.  

Меймандар қазақстандық әріптестерін осы жылдың желтоқсан айында Ашхабадта өтетін мерекелік шараларға қатысуға шақырды.

 

(Зәмеш Кеңесқызы - 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз  қызметі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі