Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
18.06.2015

ҚАБИБОЛЛА ЖАҚЫПОВ ВЕНГРИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ


ҚАБИБОЛЛА ЖАҚЫПОВ ВЕНГРИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Астана, 18 маусым. Мәжіліс Үйі.

Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Имре Ласлоцкимен кездесті.

Қабиболла Жақыпов елшіні Қазақстан-венгер қарым-қатынасының өркендеуіне қосқан үлесіне ризашылық білдіріп, осы жылдары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық серіктестікке жеткенін атап өтті.

Жүздесу барысында Қазақстан бүгінде – Венгрия тарапына ТМД елдері ішіндегі төртінші ірі сауда серіктесі екендігі айтылды. Экономикалық ынтымақтастыққа «Қазақстан-Венгрия»  Іскерлік кеңесі және де индустрия мен инновация бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы ықпал етуде.

Мәжіліс Төрағасының айтуынша парламентаралық өзара байланыс белсене түскен.

Имре Ласлоцки Қазақстанмен достық қатынастардың одан ары өркендей беруінің маңызына тоқталып, өзінің дипломатиялық миссиясы аяқталғанымен Қазақстан халқының досы болып қала беретінін мәлімдеді.

 

 

 

 

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі