Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
26.06.2015

МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ


     МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ

 

Астана, 26 маусым, Мәжіліс үйі.   Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

         Халық қалаулылары назарына бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарау ұсынылып отыр. Олар: Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты ЕАЭО құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарға түзетулерге, сонымен қатар, Италиямен, адамдарды ұстап беру және Италиямен, Румыниямен, Болгариямен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттарды ратификациялауға қатысты болмақ.   

                Сонымен қатар, жалпы отырыста 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялауға байланысты бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалады.

 

(Зәмеш Кеңесқызы - 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі