Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.07.2015

Қ. ЖАҚЫПОВ ЭСТОНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ


Қ. ЖАҚЫПОВ ЭСТОНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Астана. 9 шілде, Мәжіліс үйі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов Эстонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Яан Рейнхольдпен кездесті.

Жүздесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың өзекті сұрақтарын талқылады.

Мәжіліс Спикерінің айтуынша Эстониямен жан-жақты байланысты нығайту еуропа бағытындағы маңызды қадамдардың бірі. Себебі, аталған мемлекет біздің еліміздің Балтық өңіріндегі саяси әрі экономикалық маңызды әріптестерінің бірі.

Қ. Жақыповтың атап өткеніндей, Эстония мемлекетімен әсіресе, жоғары технология, экология, энергетика бағыттарында, сондай-ақ,  эстондық порттар арқылы Қазақстан тауарларын тасу-тасымалдау айрықша басымдыққа ие болып отырған транзиттік-көліктік салада ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығы зор.

Мәжіліс Төрағасы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға Елбасы белгілеген бес инстиуционалды реформаның тың серпін беретінін алға тарта келіп, оны жүзеге асырудың «100 нақты қадам» жоспарына тоқталды.

Қазір Мәжілісте аталған бастаманы заңнамалық қамтамасыз ету шаралары қолға алынып жатқанын сөз ете келіп, Спикер шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін әрі инвестициялық тартымдылықты жоғарлату үшін қабылданып жатқан заңдар туралы да атап өтті.

Өз кезегінде елші қос мемлекет арасында әріптестіктің берік іргетасы қаланғанын, алдағы уақытта да екіжақты ықпалдастықты дамытуға ынталы екендіктерін жеткізді. Әсіресе, ауылшаруышлығы өнімдері, технология салаларында жетік тәжірибелермен бөлісіп, бірлескен кәсіпорындар арқылы экономикалық қатынас қарқынын арттыруға дайын.

Мәдени-гуманитарлық байланысқа ерекше көңіл бөлген мейман Спасск мемориалдық кешенінде эстондық репрессия құрбандарына ескерткіш белгі қоюға мүмкіндік бергені үшін Қазақстан еліне өз ризашылығын білдірді.

Парламентаралық ынтымақтастық жайын сөз еткенде тараптар бейінді комитеттер арқылы өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Мәжілісте депутат Бахытжан Ертаев жетекшілік ететін ынтымақтастық жөніндегі топ қызмет етеді.

Кездесу соңында елші Қ. Жақыповқа Эстония Рийгикогу (Парламенті) Төрағасының ресми шақыруын табыс етті. 

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі