Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
15.07.2015

Қ. ЖАҚЫПОВ: ПАРЛАМЕНТТІ ДЕ, ҮКІМЕТТІ ДЕ, БІРТҰТАС МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ДЕ ОРТАҚ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚ БІРІКТІРЕДІ


Қ. ЖАҚЫПОВ: ПАРЛАМЕНТТІ ДЕ, ҮКІМЕТТІ ДЕ, БІРТҰТАС МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ДЕ ОРТАҚ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚ БІРІКТІРЕДІ

 

Астана. 15-маусым. Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісінің төртінші сессиясының аяқталуына орай Парламент Палаталарының бірлескен отырысында баяндама жасаған Қабиболла Жақыпов Парламенттің, Үкіметтің, барлық мемлекеттік құрылымдар мен ұйымдардың елдік мақсаттар жолында бірлесе, жемісті жұмыс атқарғанын атап өтті.

Қ. Жақыповтың пікірінше, Парламент Үкіметпен бірлесіп, Елбасы белгілеп берген және қалыптасқан жағдай талап етіп отырған көптеген ауқымды міндеттерді шешті. Барлық фракциялар, депутаттық бірлестіктер, қос Палатаның комитеттері, әрбір депутат береке-бірлікте жұмыс атқарды, әрқайсы ортақ нәтижеге өз үлесін қосты. Мәжіліс Төрағасы өз сөзінде:

-Баршамыз аянбай еңбек еттік, қызу пікірталасқа да түстік, тіпті көңіл күй мен эмоцияға да берілдік, бірақ әр уақытта тіл табыса алдық, өйткені, Парламентті де, Үкіметті де және біртұтас мемлекеттік басқару жүйесін де ортақ саяси құндылық біріктіреді. Бұл-халық, Елбасымыз және болашақ ұрпақ алдындағы бүгінгі қабылданып жатқан шешімдер үшін үлкен жауапкершілік сезімі,-деді

                Палата Спикері Сенат Төрағасына және сенаторларға құстың қос қанатындай үйлесімді, жарасымды жұмысы үшін зор ризашылығын білдірді.   

Сондай-ақ, Үкімет мүшелеріне, депутат әріптестеріне, Парламентте тіркелген БАҚ өкілдеріне жауапты да сапалы қызмет үшін өз алғысын жеткізді.

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі) 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі