Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
01.09.2015

МӘЖІЛІСТІҢ БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


 

 

МӘЖІЛІСТІҢ БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

  

Астана. 1-қыркүйек. Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен бесінші сессия бойынша Мәжілістің алғашқы бюро отырысы өтті.

Мәжіліс Төрағасы депутаттардың жазғы каникулы кезінде Премьер-Министр бастаған Жаңғырту жөніндегі Ұлттық Комиссия Президент Әкімшілігімен, Үкіметпен, Парламент Палаталарының Аппараттарымен етене жұмыс атқарғанын айта келіп:

-Елбасымыздың Ұлт Жоспарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге байланысты барлығы 67 заң қабылдау ұсынылып отыр. Біз оны абыроймен орындауымыз қажет. Қазірдің өзінде 37 жаңа заң жобасы Мәжіліс қарауына енгізілді,-деді.

Ал бұрыннан Мәжіліс қоржынында жатқан 7 заң жобасын қосқанда, алдағы жалпы отырыста депутаттар талқысына 44 заң жобасы ұсынылмақ.

Осыған байланысты Халықаралық істер, Қорғаныс және Қауіпсіздік комитетіне 10, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне 8,  Қаржы және бюджет комитетіне 7, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетіне 4, Әлеуметтік және мәдени даму комитетіне 8, Аграрлық мәселелер комитетіне 2, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетіне 5 заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындау көзделіп отыр. 

Олардың қатарында мемлекеттік қызметЖоғары Сот Кеңесі, Қоғамдық кеңестер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,  «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы,  Еңбек кодексінің жобасы жөнінде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Органикалық өнім өндіру,  ақпаратқа қол жеткізуге қатысты, сондай-ақ, Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары бар. 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі