Басты бет /  Мәжіліс /  Жаңалықтар
Жаңалықтар

09.07.2012

Мәжіліс депутаттары аймақтарда кездесулер өткізеді

 

Мәжіліс депутаттары шілде айының 9-ы мен 20-сы аралығында еліміздің барлық өңірлерінде іссапарда болып, сайлаушылармен кездеседі.

Айта кету керек, 30 маусым мен 2 қыркүйек аралығын қамтитын парламенттік демалыс кезінде Мәжілісте өкілдері бар үш партиядан, яғни, «Нұр Отан» ХДП, сондай-ақ «Ақ Жол» ҚДП, Қазақстанның Коммунистік халық партиясынан сайланған депутаттар сайлаушылармен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар да сайлаушылармен кездесетіні жоспарлануда.  

Ел азаматтарымен болатын жүздесулердің негізгі тақырыбы – бесінші парламенттік шақырылымның бірінші сессиясындағы депутаттық корпустың заң шығарушылық қызметі, атқарылған жұмыстардың қорытындылары, сондай-ақ сайлаушыларды толғандыратын мәселелер.

 

*   *   *

 

Бүгін Мәжіліс депутаттары Рахмет Мұқашев, Нұрлан Әбдіров және Виктор Рогалев Астана қаласындағы Әділет департаментінің басшыларымен және қызметкерелерімен кездесу өткізді. 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, «Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚҰ төрағасы Рахмет Мұқашев өз сөзінде тәуелсіз мемлекетіміздің құқықтық жүйе қалыптастыруда қол жеткізген табыстарын атап өтті. Өзі жетекшілік ететін Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қызметіне тоқталды.

   Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Нұрлан Әбдіров және Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Виктор Рогалев бірінші сессия барысында атқарған қызметтері, заң жобаларын талқылау барысында берген ұсыныстары мен толықтырулары жөнінде айтып берді. Алдағы уақытта Парламент қабырғасында қандай заң жобалары қаралатынын жеткізді.

 

(Айбатыр Сейтақ, Мәжілістің баспасөз қызметінен. Фотосуретті түсірген Жасұлан Құспанов. Тел: 74-63-02. Seitak@parlam.kz Ақпаратты Парламент Мәжілісінің Баспасөз қызметі таратты)