Skip Navigation Links
Мәжіліс тарихыExpand Мәжіліс тарихы
Мәжілістің құрамы мен құрылымыExpand Мәжілістің құрамы мен құрылымы
Мәжіліс Аппараты
Мәжіліс Регламенті
МәліметтерExpand Мәліметтер
Мәжілістің жұмыс жоспарыExpand Мәжілістің жұмыс  жоспары
Мәжілістің жұмысы туралы ақпарат
Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаExpand Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата
БАҚ Парламент туралы
Мәжіліс ғимаратына экскурсия
Қазақстан Республикасының Парламенті
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатының регламенті
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі жанындағы

 

І. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның (бұдан әрі – Қоғамдық палата)  регламенті Қоғамдық палатаның отырыстарын өткізу, оның органдарын құру және олардың қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ Қоғамдық палата мүшелерінің өкілеттіктерін жүзеге асыру жағдайлары мен тәртібін белгілейді.

2. Қоғамдық палатаның регламентін, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды Қоғамдық палата мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен Қоғамдық палата бекітеді.

3. Қоғамдық палата 30 адамнан тұрады.

4. Қоғамдық палатаны Төраға басқарады, ол өз қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Бюросына есеп береді.

5.   Қоғамдық палата өз мүшелерінің арасынан:

- демократияландыру және азаматтық қоғамды дамыту мәселелері жөніндегі;

- экология, табиғат пайдалану және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі;

- заңнама, сот-құқықтық реформа, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі;

- әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі;

- қаржы-экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі қызметінің негізгі бағыттары бойынша секциялар құрады.

Қоғамдық палата  өзге де секциялар құруға немесе бұрын құрылған секциялардың атауын өзгертуге құқылы.

Қоғамдық палата жекелеген мәселелер бойынша, соның ішінде заң жобалары бойынша қорытындылар дайындау үшін Қоғамдық палата мүшелері мен   басқа да мамандар  арасынан уақытша жұмыс топтарын құруға, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақтар, бизнес-қауымдастықтары және өзге де қоғамдық бірлестіктер ұсыныстарының негізінде сарапшылар, консультанттар құрамын қалыптастыруға құқылы.

Секциялар мен жұмыс топтарының құрамын, сондай-ақ олар қарайтын мәселелер аясын Қоғамдық палатаның Төрағасы анықтайды.

6. Қоғамдық палатада жұмыс тиісті тілге ілеспе аудармасы қамтамасыз етіле отырып, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

 

ІІ. Қоғамдық палатаның отырыстарын өткізу мерзімдері мен тәртібі

 

7. Қоғамдық палатаның жұмысы Қоғамдық палатаның жұмыс жоспарына (бұдан әрі – Жұмыс жоспары) сәйкес жүзеге асырылады.

Жұмыс жоспарын Қоғамдық палата мүшелері жалпы санының  көпшілік даусымен Қоғамдық палата бекітеді.

Жұмыс жоспары Мәжілістің бір сессиясы мерзіміне жасалады.

Қоғамдық палата Кеңесі  Қоғамдық палата мүшелерінің ұсыныстары бойынша Жұмыс жоспарына қажетті өзгерістер енгізеді. Жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жазбаша нысанда табыс етіледі.

8. Қоғамдық палатаның отырысын оның мүшелерін отырыс өткізілетін күнге дейін бес күн бұрын хабардар ете отырып, Қоғамдық палатаның Төрағасы шақырады.

Қоғамдық палатаның отырыстары қажеттіне қарай үш айда кемінде бір рет өткізіледі.

Қоғамдық палатаның жауапты хатшысы отырысты ұйымдастыруды, сондай-ақ материалдар мен өзге де құжаттарды дайындауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

9. Егер Қоғамдық палатаның отырысына Қоғамдық палата мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, ол заңды деп саналады.

 Отырыстың заңдылығын анықтау үшін ол басталар алдында, сондай-ақ әрбір үзілістен кейін Қоғамдық палатаның мүшелерін дербес тіркеу жүргізіледі.

Бірінші отырыста төраға Парламент Мәжілісінің Бюросы бекіткен тізімге сәйкес мүшелерінің тегін Қоғамдық палатаға хабарлайды.

Қоғамдық палата бірінші отырыста Қоғамдық палата  мүшелерінің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық палата Кеңесінің мүшелерін сайлайды.

10. Қоғамдық палатаның отырысында  төрағалық етуші:

- Қоғамдық палатаның отырыстарын ашады, жүргізеді және жабады;

- жарыссөзде сөйлеу үшін жазылғандар туралы мәліметті жария етеді. Бұл ретте сөз сөйлеуге жазу қаралатын әрбір мәселе бойынша жеке-жеке жүргізіледі;

- сөз сөйлеу үшін қатаң түрде кезектілік тәртібімен сөз береді;

- сөйлеуші Регламентті бұзған жағдайда - оған ескерту жасауға, ал қайталап бұзған ретте сөзден айыруға құқылы;

- рәсімдік мәселелер бойынша кезектен тыс сөз береді;

- заң жобаларына сараптама нәтижелері бойынша Қоғамдық палата қорытындыларын бекіту және Қоғамдық палата мүшелерінің отырыста ќаралатын мәселелер жөніндегі ұсыныстары бойынша дауыс беруді ұйымдастырады және дауыс беру нәтижелерін жариялайды;

- отырыстың осы Регламентте белгіленген тәртібін ќамтамасыз етеді.

11. Қоғамдық палатаның отырыстарында баяндамалар үшін - он минутќа дейін, ќосымша баяндамалар үшін - жеті минутќа дейін, жарыссөзде сөз сөйлеу үшін - бес минутќа дейін, жарыссөзде ќайта сөз сөйлеу үшін - бес минутќа дейін, кандидатураларды талќылау кезінде - үш минутќа дейін, рәсімдік мәселелер бойынша сөз сөйлеу үшін, аныќтамалар мен сұраќтар үшін екі минутќа дейін уаќыт беріледі. Сұраќтар ќою және оларға жауап ќайтару үшін - бір сағаттан аспайтын, ал жарыссөз үшін бір жарым сағаттан аспайтын уаќыт бөлінеді. Жарыссөз аяќталғаннан кейін баяндамашы мен ќосымша баяндамашының он минут шегінде ќорытынды сөз сөйлеуге ќұќығы бар.

Төрағалыќ етуші өзінің бастамасы бойынша немесе Қоғамдық палатаның ќатысып отырған мүшелерінің көпшілігінің ұсынысы бойынша отырыстарда үзілістер жариялайды.

Қоғамдық палата мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен өзге де уаќыт белгілей алады.

Сөз мінберден немесе орыннан сөйленеді, біраќ талќыланып жатќан мәселе бойынша сөз сөйлеу екі реттен аспауға тиіс. Сөз беру туралы өтініш орнынан беріледі.

Қоғамдық палатаның төрағасына оның өтініші бойынша сөз сөйлеу үшін кез келген уаќытта сөз беріледі.

Қоғамдық палата отырысында төрағалыќ етушінің рұќсатынсыз ешкімнің де сөз сөйлеуге ќұќығы жоќ.

Отырыстарды өткізу кезінде отырыс залында ұялы телефондарды, радиотелефондарды, пейджерлерді және басқа да байланыс ќұралдарын пайдалануға тыйым салынады.

12. Қоғамдық палатаның отырыстары ашыќ жүргізіледі.

Күн тәртібінде ќаралатын мәселелер бойынша Қоғамдық палатаның  отырысына шаќырылатын адамдардың тізімін Қоғамдық палата отырысынан кемінде үш күн бұрын берілген Қоғамдық палата мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, Қоғамдық палатаның Төрағасы айќындайды.

Шаќырылған адамдардың Қоғамдық палатаның ќызметіне араласуға ќұќығы жоќ, олар оның жұмысын маќұлдайтынын немесе маќұлдамайтынын көрсетпеуге, белгіленген тәртіпті саќтауға және төрағалыќ етушінің өкімін орындауға міндетті.

Қоғамдық палатаның жауапты хатшысы шаќырылған адамдарды Қоғамдық палата отырысының өткізілетін уақыты, орны туралы және ќарауға жататын мәселелер туралы алдын ала хабардар етеді.

13.  Қоғамдық палатаның отырысында сөз сөйлеушінің әдеп ережелерін бұзуға, өз сөзінде Қоғамдық палата мүшелері мен басќа да адамдардың ар-ожданы мен ќадір-ќасиетіне нұќсан келтіретін дөрекі, ќорлайтын сөздер айтуға, кімнің болса да атына негізсіз кінә тағуға, көрінеу жалған ақпаратты пайдалануға, заңсыз әрекеттерге шаќыруға ќұќығы жоќ.

Бұл талап бұзылған жағдайда, төрағалыќ етуші сөз сөйлеушіге ескерту жасайды, ал ќайталап бұзылған кезде оны сөзден айырады.

Қоғамдық палата мүшелерін өзіне бөлінген уаќыт ішінде:

-  сөз сөйлеу уаќыты біткен;

- талќыланып жатќан мәселе таќырыбынан ауытќыған;

- осы тармаќтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар бұзылған жағдайлардан басќа реттерде, төрағалыќ етуші сөзден айыра алмайды.

14. Жарыссөз барысында төрағалыќ етуші талќыланып отырған мәселе бойынша пікірлердің әралуандығын ќамтамасыз етеді.

Жарыссөз бөлінген уаќыт аяќталғанда не Қоғамдық палатаның отырысына ќатысып отырған мүшелері көпшілігінің шешімі бойынша ашыќ дауыс беру арќылы тоќтатылады. Жарыссөзді тоќтату туралы шешім ќабылданғаннан кейін төрағалыќ етуші Қоғамдық палата мүшелеріне сөзге жазылған және сөз сөйлеген Қоғамдық палата мүшелерінің саны туралы хабарлайды, кім сөз сөйлеуді талап ететінін аныќтайды және ќатысып отырған Қоғамдық палата мүшелерінің көпшілігі келіскен жағдайда оған сөз береді.

15. Қоғамдық палатаның отырыстары стенограммаға түсіріледі және олардың бейнежазбасы жүргізіледі. Қоғамдық палата мүшелері Қоғамдық палата Төрағасының атына өтініш беріп  стенограмма немесе одан үзінді алуға құқылы.

 

ІІІ. Қоғамдық палатаның заң жобалары жөніндегі қорытындыларын дайындау

 

16. Қоғамдық палатаның қорытындылары заң жобаларына сараптама жасау нәтижелері бойынша қабылданады.

17. Қорытындыда мынадай мәселелер:

- заң жобасының өзектілігі;

- заң жобасын қабылдаудың болуы мүмкін нақты және гипотетикалық саяси, экономикалық, әлеуметтік салдары және оларды бағалау;

- заң жобасы нормаларының ішкі жетілімі. Кемшіліктер мен ескертпелер;

- басқа да ескертпелер, ұсыныстар және сараптама ұсынымдары, болжамдар;

- қорытындылар мен ұсыныстар көрсетілуге тиіс.

18. Әдетте, Қоғамдық палатаның тиісті секциясының мүшелерінің арасынан, Қоғамдық палатаның жекелеген мүшелері немесе осы үшін Қоғамдық палатаның екі не одан да көп мүшелерінен құрылған жұмыс топтары  алдын ала Қоғамдық палатаның қорытындыларын дайындайды.

19. Қорытындылардың жобаларын Қоғамдық палата Кеңесінің отырысынан кемінде 14 күн бұрын Қоғамдық палата Кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібіне енгізу туралы мәселені шешу үшін зерделеп, Қоғамдық палата Төрағасына табыс етуге Қоғамдық палатаның мүшелері секция басшысына ұсынады.

20. Талқылау үшін Қоғамдық палатаның күн тәртібіне енгізілетін заң жобалары бойынша Қоғамдық палата қорытындыларының жобаларын Қоғамдық палатаның мүшелері Қоғамдық палата Кеңесінің отырысынан кемінде үш күн бұрын табыс етеді.

21. Қоғамдық палата Кеңесінің отырысында талқылау үшін Қоғамдық палата  Кеңесінің мүшелеріне таратылатын қорытынды жобасында жобаның авторы (жасаушылар) немесе осы жобаны дайындаған жұмыс тобының құрамы көрсетіледі.

22. Қоғамдық палатаның заң жобасы бойынша қорытындысы Қоғамдық палатаның оны дайындаған мүшелерінің баяндамасынан және осы мәселе талқыланғаннан кейін қабылданады.

23. Қоғамдық палатаның қорытындылары, қорытындылар мәтініндегі өзгерістер мен толықтырулар (немесе қорытындылардың ұсынылған мәтіндерін қабылдамау) қатысушылар кворумы болған кезде көпшілік дауыспен қабылданады.

24. Қажет болған жағдайда, қорытынды жобасын талқылау нәтижелері бойынша қорытынды жасаушыларға (немесе оларға және Қоғамдық палатаның өзге де мүшелеріне) мәселені талқылау барысында  айтылған ескертпелер мен ұсыныстарға сәйкес қорытындыны пысықтау тапсырылуы мүмкін. Қоғамдық палата қорытындыны қабылданғаннан кейін (техникалық кемшіліктерді түзетуді қоспағанда) қорытынды мәтінін пысықтауға жол берілмейді.

25. Қоғамдық палата қорытындысының пысықталғаннан кейінгі мәтіні Қоғамдық палата Кеңесі мүшелерінің дауыс беруі арқылы қабылданады.

26. Заң жобаларына сараптама жасау нәтижелері бойынша Қоғамдық палатаның қабылданған қорытындылары оларды бір мезгілде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің барлық Комитеттеріне жібере отырып, Қоғамдық палатаның барлық мүшелеріне де ұсынылады.

27. Қоғамдық палатаның қорытындыларын Парламент Мәжілісінің бас комитеттері заң жобаларымен жұмыста пайдаланады. Қажет болған жағдайда Қоғамдық палатаның қорытындыларын  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырыстарында заң жобалары бойынша баяндамашылар (қосымша баяндамашылар) оқуы мүмкін.

28. Қоғамдық палатаның кезекті отырыстарында Қоғамдық палатаның жауапты хатшысы Қоғамдық палата қорытынды қабылдаған заң жобаларын Мәжілісте қарау нәтижелері туралы, сондай-ақ тиісті ақпарат болған жағдайда - Қоғамдық палата қорытындыларын  Мәжіліс Комитеттерінде қарау және талқылау нәтижелері туралы Қоғамдық палата мүшелерін хабардар етеді.

 

IV. Қоғамдық палатаның қызметін ұйымдастыру

 

29. Қоғамдық Палатаның отырыстарын Төраға, ол болмаған жағдайда Төрағаның орынбасарларының бірі жүргізеді.

30. Қоғамдық палата отырыстарының күн тәртібін Қоғамдық палата мүшелерінің ұсыныстары негізінде Төраға қалыптастырады.

31. Қоғамдық палатаның ағымдағы және ұйымдық қызметіне басшылық жасау үшін құрамы Қоғамдық палата мүшелерінің 9 адамынан тұратын Қоғамдық палата Кеңесі құрылады. Қоғамдық палата Кеңесінің құрамына Қоғамдық палата Төрағасының екі орынбасары, Қоғамдық палатаның жауапты хатшысы мен оның секцияларының төрағалары  кіреді.

32. Қоғамдық палата Кеңесіне басшылықты Қоғамдық палатаның Төрағасы жүзеге асырады.

33. Қоғамдық палата Кеңесінің отырыстары ай сайын өткізіледі.

34. Қоғамдық палата отырыстарының күн тәртібі мен ондағы мәселелерді қарау тәртібі алдын ала Қоғамдық палата Кеңесінде қаралады. Қоғамдық палата Кеңесінің шешімдері оның құрамының жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

             Кеңестің отырыстары стенограммаға түсіріледі және тиісті хаттамалық жазбалармен ресімделеді. Қоғамдық палатаның мүшелері стенограммамен және хаттамалық жазбалармен танысуға құқылы.

            35. Отырыстарды шақыруды және ұйымдастыруды, сондай-ақ материалдар мен қорытынды құжаттарды дайындауды ұйымдастыруды Қоғамдық палатаның жауапты хатшысы қамтамасыз етеді.

            36. Қоғамдық палата  Кеңесі:

            - сессияға Қоғамдық палатаның жұмыс жоспарын іске асыруды жүзеге асырады;

            - Қоғамдық палата мүшелерінің заң жобалары бойынша енгізген қорытындыларын талқылайды және Қоғамдық палатаның қорытындыларын бекітеді;

            - Қоғамдық палатаның жұмысында кейін пайдалану үшін азаматтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың бастамашылықтары туралы ақпаратты жинауды және оларды өңдеуді жүзеге асырады;

            - Қоғамдық палатаның жұмысына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады;

            - Қоғамдық палата басшыларының ағымдағы қызметі туралы ақпаратын тыңдайды;

            - дөңгелек үстелдер, семинарлар, тыңдаулар, конференциялар түрінде Қоғамдық палатаның іс-шараларын дайындау және өткізу тәртібін бекітеді;

            - Қоғамдық палатаны шақыру туралы шешімдер қабылдайды және оның отырыстарының күн тәртібін қалыптастырады;

            - оның отырыстарының арасындағы кезеңде Қоғамдық палатаның мүддесін білдіреді және заң жобаларының алдын ала сараптамасын ұйымдастырады.

            37. Қоғамдық палата отырысының өткізілетін күні мен орны туралы ақпарат, сондай-ақ отырыстың күн тәртібі Қоғамдық палата мүшелеріне  отырыстан кемінде бес күн бұрын табыс етіледі.

            38. Қоғамдық палатаның отырысына материалдар Қоғамдық палата  мүшелеріне отырыстан кемінде үш күн бұрын табыс етіледі.

            39. Қоғамдық палатаның отырыстарына мәселелерді дайындау үшін Қоғамдық палата мүшелері  және басқа да мамандар арасынан уақытша жұмыс топтары құрылуы мүмкін. Жұмыс тобының құрамын, сондай-ақ ол қарайтын мәселелер аясын Қоғамдық палатаның Төрағасы анықтайды.

            40. Қоғамдық палатаның отырыстарына Қоғамдық палатаның мүшелері емес ғалымдар мен мамандар шақырылуы мүмкін.

            41. Қоғамдық палатаның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған Қоғамдық палатаның Төрағасы мен жауапты хатшысы қол қояды.

            42. Қоғамдық палатаның мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, отырыс хаттамасына қоса тіркелетін ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқылы.

            43. Қазақстан Республикасының  Ұлттық академиясы кітапханасының ғимараты Қоғамдық палатаның отырыстары өткізілетін орын болып белгіленсін.

 

V. Қорытынды ережелер

 

44. Регламент қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

45. Қоғамдық Палатаның Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды Қоғамдық палатаның мүшелері енгізе алады және  оларды Қоғамдық палата өз отырысында мүшелерінің көпшілік даусымен қабылдай алады.

 

қаз  рус 
Хабарландыру
Дауыс беру
Сізге Парламенттің жаңа сайты ұнайды ма?
Иә, ұнайды
Жоқ, ұнамайды
Ұнайды, бірақ ақпараттар жеткіліксіз
Дауыс беру
Басқа сауалнамалар
www.akorda.kz
www.government.kz
www.e.gov.kz
www.religions-congress.org
www.minjust.kz:81
SpyLOG