Сұрақтар мен жауаптар

Сұрақ

Сәлеметсіздер ме мәжіліс депутаттары! Мемлекет бюджетінен ауылдық аймақтарға бөлінген қаржы түгел дерлік жұмсалды ма? Ауылды аймақтар не себепті әлі күнге дейін, тіпті ауыз сумен қамтамасыз етілмей отыр?


Жауап

Сәлеметсіздер ме мәжіліс депутаттары! Мемлекет бюджетінен ауылдық аймақтарға бөлінген қаржы түгел дерлік жұмсалды ма? Ауылды аймақтар не себепті әлі күнге дейін, тіпті ауыз сумен қамтамасыз етілмей отыр? Жауабы. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 123-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 1443 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті құру және ұсыну ережелерінің 14-тармағына сәйкес 2008 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы № 20-20/2189 есеп ұсынды. Оған сәйкес, 2007 жылға арналған республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімшілік бағдарламасын қаржыландыруға 79 495,6 млн. теңге бөлінді, оның 79 402,4 млн. теңгесі игерілді (99,5 %-і), атап айтқанда «Су шаруашылығы» бағдарламасы бойынша тиісінше 25 2656,4 млн. теңге бөлініп, оның 25 081,6 млн. теңгесі (99,3 %-і) игерілді. Сіздің екінші сұрағыңызға қатысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитеті ауылдық елді мекендерді толығымен сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне мынадай ұсыныстар әзірлегеніне айта кеткен жөн. Оларға: - «Ауыз сумен жабдықтау және суды бұру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеп, оны Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу; - 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасын сумен жабдықтауды және суды бұруды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және қабылдау; - Қазақстан Республикасының тұрғындарын іске асырылу мерзімі 2013 жылға дейін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны қабылдау туралы мәселені қарастыру; - бақылау және ұсыныстар әзірлеу жөніндегі өкілеттіктерді бере отырып, бағдарламаны іске асыру жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру комиссиясын құру туралы мәселені қарау; - ауыз сумен жабдықтау объектілерін пайдалану жөніндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар құру және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мәселені қарау; - Қазақстан Республикасының СНИП-і Қазақстан Республикасының ауыл халқы үшін белгілеген кемсітушіліктерді жоя отырып бір адамға арналған ауыз суды тұтынудың снитарлық нормаларына ауыз суды пайдалану нормаларын сәйкес келтіру жөніндегі мәселені қарау; - Қазақстан Республикасының қала және ауыл халқы үшін осы қызмет көрсетулер үшін бірдей ақы төлеу жүйесін қамтамасыз ететін ауыз су беру жөніндегі қызмет құнын субсидиялау принципі мен тетігін жетілдіру жөніндегі мәселені қарау; - Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету объектілері бойынша заңды тұлғалардың меншігіне ставканы 0,1 %-ке дейін төмендету туралы мәселені қарау; - Ауыз сумен қамтамасыз ету обектілерін қорғау және оларды тиісінше пайдалану үшін қаражат бөлу арқылы ауыз сумен жабдықтаудың ашық көздерін санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жатады.