The website color
Distance between letter distance
Images
16.11.2017

Мәжіліс депутаттары кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесін енгізумен танысты


Астана, 16 қараша, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің көшпелі отырысы аясында «Астана – кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік бекетіне барды.  

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің өкілдері Н.Сабильянов, М.Қазбекова, М.Айсина және басқа да депутаттар «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесін енгізу бойынша шаралармен танысты.

Отырыс барысында халық қалаулылары 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарларды кедендік ресімдеуді жеделдетуге, кедендік әкімшілікті жеңілдетуге және бизнестің әкімшілік кедергілерін азайтуға бағытталған «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі арқылы электронды декларацияны енгізуге дайын екендігін көрді.

Сонымен қоса, шара барысында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Ғ. Әмрин аталған мәселелер бойынша кеңінен баяндады.

 

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01, суретті түсірген С.Майлыбаев)

 

 

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan