The website color
Distance between letter distance
Images
17.06.2019

Мәжіліс Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кандидатурасын келісті


Нұр-Сұлтан, 17 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысы өтіп, депутаттар Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау туралы Мағзұм Мырзағалиевтың кандидатурасымен келісті.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшелері М.Мырзағалиевке бірқатар сұрақтар қойды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевтың кандидатурасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды.

Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan