The website color
Distance between letter distance
Images
14.01.2013

2013 жылғы 3 -14 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі туралы жарық көрген бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға Ш О Л У


2013 жылғы 3 -14 қаңтар аралығында

Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі туралы

жарық көрген бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға

Ш О Л У

 

Ақпарат-талдау бөлімі сіздердің назарларыңызға «Бұқаралық ақпарат құралдары Парламент туралы» ақпараттық шолуды ұсынады. Шолуға қазақ баспасөзінде және республикалық телеарналар мен ақпараттық агенттіктерде, сондай-ақ Интернет-басылымдарда жарық көрген материалдар енгізілді. Парламент қызметі туралы мемлекеттік тілде барынша жиі, шұғыл және егжей-тегжейлі ақпарат ұсынған мемлекеттік тілдегі БАҚ арасынан «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Алаш айнасы», «Заң газеті», «Алтын Орда», «Ана тілі», «Нұр Астана», «Халық сөзі», «Түркістан» және «Жас Алаш» газеттерін, «ҚазАқпарат», «BNews.kz», «Kazakhstan Today», «ҚазТАГ», «Қазақстан жаңалықтары», «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттіктерін және «Қазақстан» ТРК, «Хабар» телеарналарының жаңалықтар қызметін атап өтуге болады.

 

Шолуда қамтылған кезең ішінде баспасөзге жасалған мониторинг мынаны көрсетті: Парламент тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдарының 94 материалында көрініс тапты, олардан 18 жарияланым – Парламент жұмысының заң шығару мәселелеріне, ал қалған 76  жарияланым қоғамдық-саяси жұмыс қырларына қатысты болды.

Атап айтқанда, заң шығару қызметіне орай, 9 қаңтарда өткен жалпы отырыста қаралған мәселелер «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Алаш айнасы», «Халық сөзі», «Заң»  газеттері, «ҚазАқпарат», «BNews.kz» «КТК», «Қазақстан ТРК», «Хабар»  ақпарат агенттіктері арқылы қалың жұртшылыққа жеткізіліп отырылды.

9-қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен жаңа жылдағы алғашқы жалпы отырыстың күн тәртібінде он мәселе қаралды. Соның жартысына жуығы заң жобаларына қорытынды әзірлеу үшін уақыт белгілеу рәсімімен байланысты болды.

Жалпы отырыс жұмысын қо­рытындылай келе, Спикер 10 қаңтардан бастап Мәжіліс депутаттарының ай­мақтарға сапары басталатынын тіл­ге тиек ете кетті. «Баршаңыз жақ­сы білесіздер, 2012 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті – Ел­басы Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­баев Қазақстан халқына «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын арнаған болатын», деді Нұрлан Зайроллаұлы. («Егемен Қазақстан», 10.01.2012).  Осыған байланысты депутаттар барлық фракциялардың ұсыныстарын ескере отырып, 10 қаңтардан бастап сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға он күндік сапарға шығатын болды. Сапардағы басты міндет – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы тарихи Жолдауының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру және насихаттау. Бұл кездесулер облыс, аудан орталықтарында ғана емес, шағын қалалар мен ауылдарда да өткізіледі деп күтілуде.

Жалпы отырыстың соңында дәстүр бойынша депутаттар бірқатар лауазым иелеріне сауалдарын  жолдады. Бұл тақырыпта шолудың депутаттық сауалдар бөлігінен көруге болады.

ҚазАқпарат хабарлағанындай, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Орал қаласындағы бірқатар өндіріс орындарында болып, соның ішінде Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы ұжымымен кездесті.

Компанияның өндіріс цехтарының бірінде ұйымдастырылған кездесуді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ашты. Спикер сапарының мақсаты Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы «Қазақстан 2050» стратегиялық жолдауын түсіндіріп, насихаттау болатын. Нұрлан Зайроллаұлы Елбасының жаңа Жолдауы ең алдымен Қазақстанның болашағын қалыптастыратын жас толқынға арналғанын атап өтті. Сонымен бірге елімізде таяу болашақта жоспарланып отырған саяси, экономикалық жобалар туралы әңгімеледі.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, бүгінгі таңда Парламент қабырғасында «Кәсіподақтар туралы», «Жастар туралы» заңдар жобасы талқылануда екен. «Кәсіподақ туралы жаңа заң еңбек ұжымдарында еңбек дауларының алдын алу, ондай даулар туа қалған жағдайда ушықтырмай, заң аясында шешу, жұмысшы құқығын қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Бұл Президенттің ерекше тапсырмасымен дайындалып жатырған құжат», - деді Нұрлан Зайроллаұлы. Ал «Жастар туралы» Заң да жастар қауымының барлық мәселесін қарастырған жанды құжат болмақ.

-Бүгінде ішкі жалпы өнім көлемінің өсуінен әлемнің алдыңғы қатарлы 50 мемлекеті қатарына енген, ал даму қарқыны жөнінен үздік бестікте тұрған Қазақстан Тұңғыш Президентіміздің көреген басшылығымен «алдымен экономика, содан кейін саясат» деген жолды ұстанып, жоғары нәтижелерге жетті. Енді, міне, саяси реформалардың да кезегі келіп жатыр. Биыл еліміздегі барлық деңгейдегі әкімдердің 91,7 пайызы - барлық ауылдық, кенттік округ әкімдері және аудандық маңызы бар 50 қаланың әкімі сайланады, - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасы өз сөзінде жас техникалық кадрларды дайындау мәселесіне ерекше тоқталды. «Бүгінде елімізде жоғары технология мен заманауи зауыттар жүйесін құру мәселесі басты назарда тұр. Біз бұрын елімізге инвестиция құятын әр компанияға мұқтаж едік. Қазір жағдай басқаша. Шетелдік компания қазір Қазақстанда жұмыс істегісі келсе, ең заманауи, жоғары технологияны әкелуге және жергілікті мамандарды оқытатын техникалық орталық ашуға міндеттенеді. Бұдан бөлек, өзіміздің техникалық колледждер де қазіргі өндіріске ең қажетті мамандарды дайындауға кірісті. Сондықтан, жастар қауымын озық технологияны меңгеруге шақырамын», дейді Нұрлан Нығматулин. («ҚазАқпарат» 11.01.2013.)

Шолудың «Депутаттық сауалдар» бөлімінде  Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібековтің («ҚазАқпарат». 09.01.2013.); Владислав Косаревтің  («ҚазАқпарат». 09.01.2013 және «Заң газеті». 11.01.2013); Тұрсынбек Өмірзақовтың («Айқын». 11.01.2013); Құттықожа Ыдыросовтың  («Заң газеті». 11.01.2013) депутаттық сауалдарын  БАҚ беттерінен көруге болады.

Шолудың «Депутаттық қызмет» бөлімінде 4-ші қаңтарда Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасының  таныстырылғандығы  жайлы айтылған. («Егемен Қазақстан» 05.01.2013).

Заң жобасы бойынша Білім және ғылым министрінің орынбасары Саят Шаяхметов баяндама жасады. Аталған заң жобасы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, соның ішінде, қамқоршылықтағы немесе қорғаншылықтағы, патронаттық тәрбиедегі балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету аясындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру қажеттілігінің туындауына байланысты әзірленген.

Заң жобасы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» («Салық кодексі»), «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстерге, «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Заң жобасымен танысқан соң Мәжіліс депутаттары Гүлмира Исімбаева, Розақұл Халмұрадов, Светлана Ферхо, Ахмет Мұрадов, Ольга Киколенко, Гүлнара Ықсанова, Азамат Әбілдаев баяндамашыға сауалдарын қойылып, жауаптар алды деп айтылған.

8-ші қаңтарда Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті. («Хабар» агенттігі. 08.01.2013).

Ол бойынша депутаттар алдында Экономикалық даму және сауда вице-министрі Мадина Әбілқасымова баяндама жасады. Аталған құжат сауда саласындағы қызметке қатысты нормативтік құқықтық базаны құруға, бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуге және кеден аумағы арқылы тауарларды тасымалдау мәселелерін реттейді. Нормативтік құжат бойынша қажетті өзгерістер 9 құжатқа енгізілмек.

Осы бөлімнің қомақты бөлігі баршағыңызға белгігі қаңтардың 10-да Парламент депутаттары Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясын халыққа түсіндіру мақсатында өңірлерге аттанды. Бір апта бойы халық қалаулылары тұрғындармен кездесіп, жергілікті жерлердің көкейтесті мәселелерін қарауға көшті.

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2050-шы жылға дейінгі даму стратегиясы туралы тарихи Жол­дауының негізгі ба­ғыт­тарын ха­лыққа түсіндіру және насихаттау барысында Мәжіліс депутаттары аймақ­тарда жұмыс сапарларын өткізуде («Дала мен қала». 12.01.2013).

Қостанай облысы. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Да­риға Назарбаева мен комитет хатшысы Гүлнар Ықсанова Қостанай қаласындағы «Жанұя» отбасылық балалар үйінде болды. Парламентшілер балалардың өмір сүру жағдайымен танысты. Балалар өз­дерінің оқудағы, спорттағы жетістіктері жайында әңгімелеп берді.

Ақмола облысы. Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев Шортанды ауданында іссапарда болды. Халық қалаулысы ауданның Бозайғыр ауылдық округында болып, сайлаушылармен және орта мектеп пен кәсіптік техникалық училище ұжы­мымен жүздесіп, Елбасы Жолдауын­дағы жергілікті өзін-өзі басқару мен жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асырылып жатқандығы жайын­дағы ойларымен бөлісті.

Алматы облысы. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Жылқайдаров Талдықорған қаласына іссапармен келді. Іссапар мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылдың 14 желтоқсан күнгі «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын мақсаттарды жұртшылыққа кеңінен насихаттау. Сондай-ақ, сапар барысында «Нұр Отан» Халықтық Демок­ратиялық партиясының XIV съезінде қабылданған «Қазақстан – 2017 мақсатта­ры. Ұлттық іс-қи­мыл жоспары» Тұғырна­масынан, сондай-ақ, «Болашақты бірге жасаймыз!» атты партия бағдарлама­сынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру да кеңінен сөз болды.

Маңғыстау облысы. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық комму­нистері» фракциясының мүшесі Жамбыл Ахметбеков өз сапарын ҚХКП облыстық комитеті активімен кездесуінен бастады. «Халық коммунистері» депутаттық фрак­ция­сының жұмысы және өзінің ҚР Парламент Мәжілісі әлеуметтік-мәдени ко­ми­те­тінің құрамындағы заң жасау іс-әрекеті жөнінде кездесуге қатысу­шы­ларға айтып берді. Қатысушылар ҚР Президен­тінің соңғы екі Жолдауы ҚХКП идеяларына сәйкес олар да әлеуметтік мәселелерге, ең­бек адамының тұрмыстық проблемаларына ерекше назар аударыл­ған деп іс-шараны қорытындылады.

Жамбыл облысы. Қазақстан Республикасы Парламенті Мә­­жі­­лісінің депутаттары Ұ.Сәдібеков, О.Өк­сікбаев, Қ.Жабағиев, Т.Асанов, О.Асанғазы және С.Сорокин алғашқы іс-сапар күні Тараз қаласының тұрғында­рымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында еліміздің осы жылға дейінгі жеткен жетістіктері нақты мәліметтер арқылы баяндалып, Елба­сының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы бойынша алға қойған мін­деттері төңірегінде баяндамалар жасалды. Мәжілісмендер түрлі сұрақтар бо­йынша нақты жауаптар беріп, кездесуге қатысушылар тарапы Елбасы бастамасын үлкен ықыласпен қол­дайтындық­тарын мәлімдеді. Бұл туралы  мынадай БАҚ  беттерінде жарияланды. («Егемен Қазақстан», «Айқын», «Алаш айнасы», «Заң газеті»,  газеттерін, «ҚазАқпарат», «BNews.kz», «Kazakhstan Today», «ҚазТАГ», «Қазақстан жаңалықтары», «Интерфакс-Қазақстан» және «Қазақстан» ТРК, «Хабар» агенттігін атап өтуге болады.)

Шолудың «Түсініктемелер мен сұхбаттар» бөлімінде депутаттардың елдегі қоғамдық-саяси өмірдің маңызды мәселелері жөніндегі пікірлері, мақалалары мен сұхбаттары жинақталды. Олардың арасынан Мәжіліс депутаттары Қуаныш Сұлтанов («Егемен Қазақстан» газеті 01.01.2013ж.), Қожахан Жабағиев («Дала мен қала» газеті 04.01.2013ж.), Егор Каппель, Серік Үмбетов, Абай Тасболатов, Жалғас Дүйсенғалиев («Егемен Қазақстані» газеті 05.01.2013ж.), Алдан Смайыл («ҚазАқпарат» 09.01.2013ж. және «Егемен Қазақстан» газеті 10.01.2013), Серікбай Нұрғисаев («Заң газеті» 11.01.2013ж.), Бақытбек Смағұл, Розақұл Халмұрадовтарды («Егемен Қазақстан» газеті 12.01.2013ж.)   атап кетуге болады.

 

 

 

Шолуды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпарат-талдау бөлімінің бас консультанты Рауза  Жайшиева  дайындады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

____________________________________________________________________________

 

ЗАҢ ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІ _____________________________________________________________________________

 

 

 Мәжілістің жаңа жылдағы алғашқы жалпы отырысы өтеді

 

/«ҚазАқпарат». 08.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Ертең ҚР Парламенті Мәжілісі өзінің жаңа жылдағы алғашқы жалпы отырысын өткізеді деп жоспарлануда. Осыған орай, Палата Бюросының ұсынуымен бас қосудың күн тәртібіне бірқатар заң жобалары шығарылып отыр. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Күн тәртібіне сәйкес, палата депутаттары бірқатар заң жобаларын өндіріске алып, оларға қорытынды шығару мерзімдерін белгілейтін болады. Ондай құжаттардың арасында «Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайта құрылымдауды жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктерді одан әрі дамыту мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бар.

Сонымен қатар, палата депутаттары «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді талқылайтын болады. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім палатаның талқысына түседі. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай»  халықаралық транзит дәлізін қаржыландыруға арналған заң жобасы туралы Көлік және коммуникация вице-министрі Роман Скляр баяндама жасайды деп күтіледі.

 

Мәжіліс арнайы экономикалық аймақтарға арналған құжатты екінші оқылымда мақұлдады

 

/«Kazakhstan Today». 09.01.2013./ - Мәжіліс арнайы экономикалық аймақтарға арналған құжатты екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Еске салсақ, аталған заң жобасы жалпы арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық тартымдылығы мен ары қарай дамуын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймаққа инвестиция үшін қосымша ынталандыру тетіктерін құру мен кедергілерді төмендету, жекеменшіктегі жер учаскелерін меншік иесінен жалға алу есебінен АЭА-ның аумағын кеңейту қарастырылған.

Бұл ретте арнайы экономикалық аймақтар аумағын кеңейту үшін жер телімдерін жекеменшік иесінен жалға алу шарттарына сәйкес жүзеге асырып, оны бекіту Үкіметтің өкілеттілігіне жатқызылады.

"Елбасының "Қазақстан-2050" стратегиясында экономикалық әлеуетті арттыру мақсатында қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру қажеттілігі айтылған еді. Бүгінгі күні қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру құралдарының бірі арнайы эокномикалық аймақтардың қызметін дамыту және оны жетілдіру болып табылады", - деді заң жобасы бойынша баяндаған депутат Серікжан Қанаев.

Құжат Сенатқа жолданады.

 

 

 

 

Мәжіліс арнайы экономикалық аймақтарға арналған құжатты екінші оқылымда мақұлдады

 

/«ҚазАқпарат». 09.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Еске салсақ, аталған заң жобасы жалпы арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық тартымдылығы мен ары қарай дамуын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймаққа инвестиция үшін қосымша ынталандыру тетіктерін құру мен кедергілерді төмендету, жекеменшіктегі жер учаскелерін меншік иесінен жалға алу есебінен АЭА-ның аумағын кеңейту қарастырылған.

Бұл ретте арнайы экономикалық аймақтар аумағын кеңейту үшін жер телімдерін жекеменшік иесінен жалға алу шарттарына сәйкес жүзеге асырып, оны бекіту Үкіметтің өкілеттілігіне жатқызылады.

«Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясында экономикалық әлеуетті арттыру мақсатында қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру қажеттілігі айтылған еді. Бүгінгі күні қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру құралдарының бірі  арнайы эокномикалық аймақтардың қызметін дамыту және оны жетілдіру болып табылады», - деді заң жобасы бойынша баяндаған депутат Серікжан Қанаев.

Құжат Сенатқа жолданады.

 

Парламент Мәжілісі арнайы экономикалық аймақтардың мәселелерін қамтитын заң жобасын мақұлдады

 

/«Хабар» агенттігі. 09.01.2013./ - Бұл құжат ең алдымен Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту үшін әзірленді.

Заң жобасында экономикалық аймақтарға сырттан қаржы тартуға ынталандыру мен кедергілерді азайтудың жолдары қарастырылған. Сонымен қатар, депутаттар Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы Батыс Еуропа-Батыс Қытай дәлізіне Тараз қаласының айналма жолын қайта жаңарту бойынша қарыз туралы келісімді ратификациялады. Келісімге сәйкес, банк елімізге 95 миллион ақша доллары көлемінде қаражат береді.

Роман СКЛЯР, ҚР КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ МИНИСТРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

-Жолдың ұзындығы 65 шақырымды құрайды. Учаскеде 11 көпір мен жол өтпесін және 155 су құбырларын салу көзделген.

Нұртай САБИЛЬЯНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

-Тараз қаласының айналма жолын салуға бұл қаражат бағытталады. сонымен қатар бұл біздің сол өңірлердің экономикасын дамытуға жүк тасымалын арттыруға және ілеспе өндірісті дамытуға да өз үлесін қосады. өйткені құрылыс материалдарын шығарытын жұмыс күштерін беруге өз үлесін қосады.



Парламент жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң жобасын қабылдады

 

/«Kazakhstan Today». 09.01.2013./ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Палата депутаттары сенаторлар енгізген ұсыныстарға келісімін беріп, құжатты қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, заң жобасының мақсаты - жеке басты куәландыратын құжатты рәсімдеу, беру, ауыстыру, өткізу, алып қою және жою талаптарын белгілеу. Құжат еліміздегі жеке басты куәландыратын құжаттардың құқықтық негізін айқындауды көздейді. Сонымен қатар, заң жобасында жеке басты куәландыратын сипаттағы құжатқа анықтама бірегейлендіріледі. Бұдан бөлек, жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің тұтастай тізбелері анықталады. Құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті айқындалады.

Атап айтқанда, заң жобасы бойынша азаматтық құқықтық келісімдерді жасайтын Қазақстан азаматының төлқұжаты мен жеке куәлігі, шетелдіктің тұруға құқық беретін және республикада тұрақты тұратын азаматтығы жоқ азаматтың жеке куәлігі, шетелдік азаматтың шекаралық төлқұжаты секілді құжаттардың тізімі айқындалып отыр. Еліміздің құзырлы орындары берген бұл құжаттар мемлекеттің меншігі болып заң жүзінде бекітілмек. Сонымен қатар, оларды беру және жарамсыз деп танудың негіздері дәйектелген.

Сенатта талқылау барысында заң жобасына 9 өзгеріс енгізілген. Олардың басым бөлігі редакциялық нақтылау сипатында болып отыр.

 

Мәжіліс жеке басты куәландыратын құжаттар мәселесі бойынша Сенатқа келісім берді

 

/«ҚазАқпарат». 09.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерге келісімін берді.

Аталған заң жобасы «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» негізгі Заңға ілеспе құжат болып табылады.

Бұл заң жобасының басты жаңалығы босқынның еңбек ету еркіндігі құқығын ескере отырып, жұмысшыда босқын куәлігі болған кезде еңбек шартын жасасуға мүмкіндік берілетін түзетулерді қарастырады. Сонымен қатар, бала асырап алу құпиясын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органға жаңа жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру құқығы беріліп отыр.

Сенатта талқылау барысында заң жобасына бірқатар түзетулер енгізілген болатын. Атап айтқанда, сенаторлар «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» заң нормаларынан азаматтарды тіркеу кітабын алып тастау туралы өзгеріс енгізген. Бұдан бөлек, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» заңдағы жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжаттар тізбесінен босқын куәлігін алып тастау ұсынылған. Мәжіліс аталған түзетулерге келісімін берді.

 

 

Жаңа жылдағы алғашқы отырыс депутаттардың өңірлерге

сапарларына ұласады

 

/«Егемен Қазақстан». 10.01.2013. Асқар Тұрапбайұлы./  - Кеше Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен жаңа жылдағы алғашқы жалпы отырыстың күн тәртібінде он мәселе қаралды. Соның жартысына жуығы заң жобаларына қорытынды әзірлеу үшін уақыт белгілеу рәсімімен байланысты болды.

Жалпы отырыста депутаттар «Жеке басты куәландыратын құ­жаттар туралы» және оған ілеспе заң жобасына Сенат енгізген өз­герістерге өз келісімдерін бер­ді. Бұл ретте Сенат «Балалы отба­сы­ларға берілетін мемлекеттік жәр­демақылар туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдардан азаматтарды тіркеу кітабын алып тастау туралы норманы ұсыныпты. Сол сияқты, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңынан жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжаттар тізбесінен босқын куәлігі алып тасталған. Оның орнына жоғарғы заң шығарушы палата азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалатын жеке басты куәландыратын құжаттар тізбесіне туу туралы куәлікті енгізуді дұрыс деп тапқан.
Сондай-ақ, Қазақстан теңіз­ші­сінің жеке куәлігін Қазақстан Республикасында тұрақты тұ­ра­тын азаматтығы жоқ адам­дарға беруді жүзеге асыру ұсы­нылған. Бұдан басқа қайтыс болған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тапсыру және жою туралы норманы сот қайтыс болды деп жариялаған адамдар деп толықтыру орынды деп табылыпты. Сенат енгізген өзгерістер заң жобаларын тұжырымдамалық тұрғыдан өзгертпейтіндіктен, Мәжіліс депутаттары өз келісім­де­рін беру керек деп шешті.

Күн тәртібінде талқыға түскен келесі заң жобасы «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Тараз қаласының айналма жолы] Жоба) [Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі] ратификациялау туралы» деп аталады. Қарыз туралы келісім шеңберінде екі жолақты қозғалысты екінші техникалық санаттағы, қашықтығы 7,7 кило­ме­тр жолдың қолданыстағы учас­кесін цемент-бетон төселген және төрт жолақты қозғалыстағы басқа санатқа ауыстыра отырып, реконструкциялау, сондай-ақ, Тараз қаласының қашықтығы 57,4 километр жаңа айналма учаскесі құ­рылысын салу көзделеді. Бұл мақсатқа Азия Даму банкі елі­міз­ге 95 миллион АҚШ доллары со­масында қарыз ұсынып отыр. Жалпы жеңілдікті кезеңі төрт жыл болатын қарыздың өтелу мер­зімі 20 жыл. Жылына 0,15 пай­ыз­­дық міндеттеме үшін комиссия алынады. Үкімет тарапынан қосымша қаржыландыру 17 миллион АҚШ долларынан аспайды. Ал бюджет қаржысы негізінен құрылыс жұмыстарын қосымша қаржыландыру мен салықтарды төлеуге бағытталары белгілі болды. Заң жобасы бойынша Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов бірқатар жақсы пікірлер білдірді. Сөйтіп, аталған заңдық құжат мақұлданды.

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәсе­ле­ле­рі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда ма­құлданды. Заңдық құжат өткен жылдың 26 желтоқсанында бірінші оқылымда қолдау тапқан-ды.

Палата кешегі отырыс­та­ салалық комитеттерге: «Жа­ңар­­тылатын энергия жөніндегі ха­лық­аралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралы»; «Еуропа Қайта құру және да­му банкін құру туралы келісімге алушы елдерде және әлеуетті алушы елдерде арнайы қорлардың қаражатын пайдалануды санкция­лайтын түзетуді ратификациялау туралы»; «Еуропа Қайта құру және даму банкін құру туралы келісімге оның Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі қызметін санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы» және өзге де заң жобаларына қорытынды әзірлеуді тапсырды.
Жалпы отырыс жұмысын қо­рытындылай келе, Спикер ер­тең­нен Мәжіліс депутаттарының ай­мақтарға сапары басталатынын тіл­ге тиек ете кетті. «Баршаңыз жақ­сы білесіздер, 2012 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті – Ел­басы Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­баев Қазақстан халқына «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын арнаған болатын», деді Нұрлан Зайроллаұлы. Осыған байланысты депутаттар барлық фракциялардың ұсыныстарын ескере отырып, 10 қаңтардан бастап сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға он күндік сапарға шығатын болады. Сапардағы басты міндет – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы тарихи Жолдауының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру және насихаттау. Бұл кездесулер облыс, аудан орталықтарында ғана емес, шағын қалалар мен ауылдарда да өткізіледі деп күтілуде.



Азия Даму Банкі Қазақстанға 95 млн. доллар қарыз береді

 

/«ҚазАқпарат». 09.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ-1 көлік дәлізі) (Тараз қаласының айналма жолы) (Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі) ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Аталған заң жобасы халықаралық Банктен қаржы тарта отырып, Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық дәлізі мен Тараз қаласының айналма жолын салуға қаржы тартуды көздейді. Құжат Сенаттың талқысына жолданады.

Тоқтала кететін жайт, Батыс Еуропа-Батыс Қытай дәлізінің іске асуы еліміздің көлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз етіп, халықаралық бағыттың қазақстандық бөлігі бойынша қозғалыс қарқынын едәуір арттырады және тиісінше транзиттік жүктердің айналымын өсіретін болады.

Ал Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім шеңберінде екі жолақты қозғалысты екінші техникалық санаттағы, қашықтығы 7,7 шақырым жолдың қолданыстағы учаскесін цемент-бетон төселген және төрт жолақты қозғалыстағы санатқа ауыстыра отырып, жаңғырту қарастырылады. Бұнымен қоса, Тараз қаласының қашықтығы 57,4 шақырым жаңа айналма учаскесінің құрылысын салу көзделген. Көлік және коммуникация вице-министрі Роман Склярдың айтуынша, келісімге сәйкес Банк Қазақстанға 95 млн. АҚШ доллары сомасында қарыз ұсынады. Бұл ретте 4 жылдық жеңілдікті қоса алғанда қарызды өтеу мерзімі 20 жылға тең. Қарыз жылына 0,15 пайыз мөлшерлемемен беріледі. Ал Қазақстан Үкіметінің аталған жобаны қаржыландыру үлесі 17 млн. доллардан аспайды. Бұл ретте бюджет қаражаты құрылыс жұмыстарын қосымша қаржыландыруға, сондай-ақ салықтарды төлеуге бағытталады. 

 

 

Мәжілісте бірқатар заң жобалары мақұлданды

 

/«Қазақстан ТРК». 09.01.2013./ - Ұлттық банк төрағасы әйелдердің зейнетақыға шығу жасын ұлғайтуға емес, зейнетақы жинақтаушы қорларының жылдық дивиденттері қанша екенін анықтаумен айналысуы тиіс. «Халықтық Коммунистер» партиясының жетекшісі Владислав Косарев Мәжілісте өткен жиында бүгін осындай мәлімдеме жасады. Нәзік жандардың зейнет жасын ұлғайтуға қарсылық білдірген коммунистер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына осы мәселеге байланысты Үндеу жолдады. Сондай-ақ, партия өкілдері студенттік жасақтарды жаңғыртып, EXPO-2017-ге орай салынатын құрылыс нысандарына жастарды белсенді түрде жұмылдыру қажет, деп отыр. Ал, «Нұр Отан» ХДП атынан сайланған депутаттар Қоршаған ортаны қорғау министрінен өндіріс қалдықтарымен табиғатты ластап отырған кәсіпорындардың әрекетіне тиым салуды сұрады. Және Премьер-Министрдің атына елдегі мақта шаруашылығын дамытуға байланысты жазылған Оңтүстік Қазақстандағы мақташылардың хатын жеткізді. Айтуларынша, 2006-2012 жылдар аралығында мақта саласын мемлекеттік қаржыландыру 2,7 есеге артқан. Алайда, ақ алтынды өсіріп, өңдеуде проблемалар әлі де шаш етектен, дейді халық қалаулылары.

 Ұласбек Сәдібеков, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі:

Бұл бірінші кезекте, бағаның қалыптасуы, мемлекеттік қолдау сондай-ақ, бизнесті жүргізу кезіндегі қиыншылықтар. Құрметті Серік Нығметұлы, осы мәселеге орай, ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттауда астықтан кейін екінші орында тұратын мақта саласын дамыту мақсатында қолданыстағы «Мақта саласын дамыту туралы» заңға өзгерістер енгізуді, дайындалып жатқан «Агробизнес-2020» бағдарламасына мақта шаруашылығын басымдықтар қатарына қосуды, мақта өңдеу кәсіпорындарын жаңа технологиялармен жабдықтау үшін мемлекеттік қолдауды қарастыруды ұсынамыз.

 

 

 

Бірқатар заң жобалары бекітілді (толығырақ)

 

/«Қазақстан ТРК». 09.01.2013./ - «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы аясында Тараз қаласында айналма жол салынатын болады. 57 шақырымнан асатын  тас жолдың құрылысына «Азия Даму Банкі» 95 миллион доллар қаржы бөледі. Мәжіліс депуттатары бүгін Қазақстан Республикасы мен осы банк арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заңды бекітті. Келісімге сәйкес, қарыз 0,15 пайыздық мөлшерлемемен 20 жылға беріледі. Елдің көлік әлеуетін арттыруға бағытталған заң жобасынан бөлек, депутаттар жаңартылған энергия, экономикалық аймақтар және жеке басты куәландыратын құжаттар туралы бірқатар заң жобаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарды мақұлдады. Ресми бөлімнен соң  депутаттық сауалдар жолданды. Олардың дені - елдегі мақта шаруашылығын дамытуға, кәсіпорындардың қоршаған ортаның ластануына тыйым салу менстуденттік жасақтарды қайта жаңғыртуға байланысты сауалдар.

Тұрсынбек Өмірзақов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,  ҚКХП фракциясының мүшесі:

Қазір біздің студенттер шетелге барып жұмыс істеп жатыр. Неге олар өз елімізде жұмыс істемейді? Бұрын стройотрядтар деген жақсы жұмыс істейтін. Қазір аздау. Соны қимылдату керек, өзгерту керекEXPO-2017 көрмесінің  құрылысы өте үлкен. Соның құрылысына жастар, студентер, оқушылар бару керек.

 

Жаңа заң банктердің бәсекеге қабілеттігін күшейтеді

 

/«Айқын». 10.01.2013. Елдос Сенбай./ - Қос шатырлы Парламенттің Төменгі палатасының депутаттары кеше Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен, жаңа жылдағы өздерінің тұңғыш жалпы отырыстарына жиналды. Бірақ артынша, айдың соңына дейін тарап кетті: бүгіннен бастап, барлық қалаулылар ауыл-аймақтарға аттанбақ. Бұл сапары барысында олар Президенттің ХХІ ғасыр ортасына дейінгі «жаңа бағытын» түсіндіреді. Бір қызығы, бұл ретте Мәжілістегі үш партияның фракциялары бұрынғыдай облыс орталықтарын айналшықтамай, барлық аудан-қалаларды тегіс қамту туралы бірауыздан шешім қабылдапты. Тиісінше, қазақстандық аудан-қалаларды «Нұр Отан», «Халықтық коммунистер» және «Ақ жол» депутаттары өзара бөлісіп алған. Осы жиында депутаттардың Елбасыға Үндеумен жүгінгендігі жария етілді.

Мәжілістің биылғы бірінші отырыстарының алғашқы жаңа­лығы: «БТА» мен «Альянс» банктері үшін арнайы заң жазылыпты! Ол заң кезінде қарызға белшесінен батқан, онысын у-шумен әзер қайта құрылымдап, «борыш батпағынан» енді-енді шығып келе жатқан қа­зақстандық бірнеше банкті Кеден одағы мен БЭК аясындағы қатаң бәсекелестіктен қорғауға бағыт­талған деседі. Егжей-тегжейі әзірге айтылмайды. Осы орайда кеше қалау­лылар Үкімет әзірлеген «Қа­зақ­станның кейбір заңнамалық актілеріне қайта құрылымдауды жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктерді одан әрі дамыту мәселесі бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заңының жобасын жұмысқа қабылдап алды.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Г.Қарақұ­сованың мәліметінше, бұл жоба Парламентке 4 қаңтарда енгізіліпті. «Жаңа заң біздің банктердің бә­секеге қабілеттілігін күшейтеді, - деп қысқаша түсініктеме берді бізге Гүлжан Жанпейісқызы. - Өзіңіз білесіз, 1 қаңтардан бастап, біздің Ресеймен және Белоруссиямен арамызда Бірыңғай экономика­лық кеңістік күшіне мінді. Осы жағдай­да проблемалары бар қазақстандық банктер реструктуризациялау бо­йынша жаңа ережелерге қол жет­кізеді».
Осыдан кейін палата депу­тат­тары «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді қабыл алды. Осылайша бұл заң жобасы «Парламент қабылдады» деп есеп­телініп, Елбасының қол қоюына жолданады. Жалпы, бұл заң жоба­сының мақсаты - «жеке басты куә­ландыратын құжатты рәсімдеу, беру, ауыстыру, өткізу, алып қою және жою талаптарын белгілеу» болып табылады. Онда қандай құжаттар Қазақстанда «жеке басты куәланды­ратын құжат» болып есептелетіндігі нақты айқындалды. Мәселен, АҚШ және басқа да бірқатар елде «жүр­гізуші куәлігі» осындай құжатқа жатады. Бірақ Үкімет депутаттардың осындай ұсынысын құптамай тастады. Дәлел-дәйектеме ретінде елімізде жүргізуші куәлігі бойын­ша, мәселен, некеге отыруға, не баспа­наны сатуға тыйым салынғанды­­ғы алға тартылған.

Сонымен, жеке басты куәланды­ратын құжаттар қатарына ҚР азама­тының төлқұжаты, ҚР азаматының жеке куәлігі, туу туралы куәлік, шет­елдік азаматтың Қазақстанда тұруға ықтияр хаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, ҚР дип­ломатиялық төлқұжаты, ҚР қыз­меттік төлқұжаты, босқын куәлігі, теңізшінің төлқұжаты, шетелдік төлқұжат, қайтып оралуға арналған куәлік жатқы­зылып отыр. Кеден одағы мен БЭК аясында «одақ­та­сымыз» Ресейдің заңдарындағы біраз талаптар біз­дің ұлттық заң­дарға көшіп жатқаны жасырын емес. Әйткенмен Қазақ­стан аза­­ма­тының көгілдір төлқұжаты со­ны­­-мен бірге қазақстандықтың шетел­ге шығу төлқұжаты қызметін «қоса атқара» беретін болып қал­­ды. Әйт­песе, солтүстік көршімізде РФ аза­матының ел ішіндегі төлқұжа­ты мен оған сыртқа шығуға ұлықсат ететін «шетелдік төлқұжат» - екі бөлек. Біз­де болса, «ішкі паспорт» рөлін «жеке куәлік» атқаратын бо­лады. Айтқандай, Ресей жақында қа­зақ­стандықтарға «көгілдір төлқұ­жат­сыз» РФ жеріне өтуге тыйым са­лып тас­тады, бұған дейін оған жеке куә­лік­пен де бара беруге бола­тын еді.

Сенатта талқылау барысында осы заң жобасына 9 өзгеріс енгі­зілген. Мысалға, сенаторлар «аза­мат­тық-құқықтық мәмілелер жа­сауға мүмкіндік беретін жеке басты куәландыратын құжаттар тізбесіне» «туу туралы куәлікті» қосуды ұсы­ныпты. Оған да Мәжіліс депу­тат­тары келісті. Яғни қандайда бір мә­міле жасау үшін қазақстан­дық­тар­ға кішкентай баласына төлқұ­­жат алып жатудың қажеті болмайды.

«Қазақстан азаматының төлқұ­жат­ы азаматтарға жасына қара­мастан, олардың қалауы бойынша беріледі» делінген заң жобасында. Өйткені айталық, шетелге демалуға шыққан азаматтардың тіпті өз­дерімен бірге алған бүлдіршіні­нен де шетелде төлқұжат талап етіледі.

Ал «жеке куәлік» болса, осы заң бо­­­йынша Қазақстан азаматтары­­на тек 16 жастан бастап қана беріле­ді. «Қазақстан Республикасы аза­матының жеке куәлігі он жыл мерзімге қолдануға беріледі» дейді құжат. Заң жобасында, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі бас­шысының «Қазақстан Президен­тінің келісімі бойынша тізбеде көрсетілмеген адамдарға «дип­ломаттық төлқұжат» беруге құқы­ғы барлығы» көрсетіледі.

Мәжіліс кеше «Қазақстан Рес­публикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім­ді» ратификациялады. Бұл халық­аралық құжатқа сәйкес, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» ха­лықаралық транзит дәлізіне қажет­ті «Тараз қаласының айналма
жолы» салынады. Оның құрылы­сына Азия Даму Банкі өте тартымды несие бермек: Келісімге сәйкес АДБ Қазақстанға 95 миллион дол­лар сомасындағы қарызды 20 жылға, 0,4% мөлшерлеме бойынша ұсы­нады. Бұл ретте Қазақстанға қа­рызды төлеу бойынша 4 жылдық жеңілдікті кезең беріліп отыр.

Айтпақшы осы халықаралық құ­жатты таныстырған Көлік және коммуникация министрінің мін­детін атқарушы Роман Скляр баян­дамасын толығымен мемле­кеттік тілде жасап шықты. Өз ойын қа­зақша толық білдіруге әлі үйрен­бепті, бірақ қазақша жатық, жақсы оқитынын паш етті. «Жолдың ұзын­дығы 65 шақырымды құрайды, - деді Роман Скляр. - Учаскеде 11 көпір мен жол өтпесі және 155 су өткізу құбырларын салу көзделген». Қарыз туралы келісім күшіне мін­генде, екі жолақты қозғалысты, екінші техникалық санаттағы, ұзын­дығы 7,7 шақырымдық, қазіргі бар жол телімін «цемент-бетон төселген және төрт жолақты қоз­ғалыстағы басқа санатқа ауысты­­ра отырып, реконструк­циялау», сон­дай-ақ Тараз қаласының ұзын­ды­ғы 57,4 шақырымдық жаңа айналма жолын салу көзделген. Қазақ­стан Үкіметінің қосымша қаржылан­дыруы 17 млн АҚШ дол­ларынан аспайтындығы айтылды. Респуб­ликалық бюджеттен бөлі­нетін ол қаражат «құрылыс жұмыс­тарын қосымша қаржыландыруға, сондай-ақ салықтарды төлеуге бағыт­талатын» болады.

Министрліктің сендіруінше, бұл жобаның іске асырылуы «ел­дің көлік әлеуетін дамытуды қамтама­сыз етеді, халықаралық дәліздің қазақстандық бөлігі бойынша қоз­ғалыс қарқынын едәуір арт­ты­рады және тиісінше, транзит­тік тасымал айналымы өсетін бола­ды», бұл «Қа­зақстан Республикасы­ның барлық деңгейдегі бюджеттерінің кіріс бөлігін едәуір өсіруге мүмкіндік береді».

Р.Скляр Азия Даму Банкі тара­пынан қаржының мақсатты жеріне жұмсалуына қатаң бақылау жүргі­зетіндігін ескертті. Әйтпесе, елімізде халықаралық қаржылық құры­лымдардан алынған миллиардтаған қарыз-қаражаттардың талан-таражға салынып, ақыр соңында сайда саны, құмда ізі қалмаған кездері болған.

Депутат Ирина Аронова бұл құрылыстың экологияға зардабы бо­латын-болмайтындығын сұра-­ған. «Қоршаған ортаны қорғау бо­йын­ша Азия Даму Банкі біздің қолданыс­тағы заңнамадағыдан да қатал талаптар қояды, - деді Көлік және коммуникация министрлігі басшылығының өкілі. - Жобаны басқарушы консультанттардың арнайы комиссиясы әу баста-ақ құрылыс жүретін барлық аумақты зерттеді және табиғатқа залал кел­тіретін құбылыстарға жол бермейтін барлық шараларды қабылдауда. Қайталап айтайын, тіпті біздің заңнамада, құрылыс нормаларында қарастырылғаннан да артық ша­ралар қабылдануда».

Мәжілістің осы жиынында қа­лаулылардың Елбасыға Үндеумен жүгінгендігі жария болды. Олар Қазақстан Көшбасшысынан әйел­дердің зейнеткерлік жасын артты­руға жол бермеуді сұрапты.

- Әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайту ұсынысын Ұлттық банк төрағасы Г.Марченко ілгері­летуде, - деді Владислав Косарев. - Біз осы мәселені өткен жылдың соңында арнайы қарадық, оған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Серік Ахметов, Статистика агент­тігінің төрағасы Әлихан Смайылов, Қаржы министрінің орынбасары Лена Кармазина және басқалары қатысты. Рас, әйелдердің орташа жасы жеткілікті түрде жоғарылады деген қайшы пікірлер де айтылды. Бірақ біз, «бұл қазақстандық әйел­дерді «көп жасай бастадыңдар, сон­дықтан зейнеткерлікке шығу жас­тарыңды көтереміз» деп айыптау­ға себеп болып табылмайды» деп есеп­тейміз,-деген депутат банкирлерге «жинақтаушы зейнетақы қорла­рының қанша дивиденд алатын­дығына назар аударуға» кеңес берді.

«Банктер азаматтардың са­лымдары үшін 8-9 пайыздап төлеп жатқанда, ал ЖЗҚ-лардың неба­ры 2,6 пайыз ғана қосатындығы мәлім болып қалды, - деді В.Косарев. - Міне, әлгілердің бәрі асып-тасыған күш-жігерлерін дәл осы бағытқа жұмсаса, жақсы болар еді. Әйтпесе, әйелдердің зейнеткерлік жасын көтеру әлеуметтік көңіл күйге теріс әсер етеді. Бүкіл еліміз қазір өрлеу үстінде. Ал бір топ тұлға қуатты түр­­де «жылжытып» отырған әлгін­дей шара бір қарын майды шіріте­тін «құмалаққа» айналмақ. Біз, де­путаттар Қазақстанның түзу және орнықты дамығанын қалаймыз» деген «халықтық коммунистер» партиясының басшысы өз фрак­циясының Мемлекет басшысына Үндеумен жүгінуге шешім қабыл­дағандығын айтты. Үндеуді ендігі Елбасының атына жолдапты. Сөз соңында В.Косарев барлық депу­таттардан «осы істі «өзіміз бірігіп шешуге тиісті ортақ міндет» деп қабылдауларын сұрады.

Төменгі палатаның осы жиы­нында депутат Тұрсынбек Өмірза­қов Премьер С.Ахметовке жүгінді. Ол Үкімет басшысынан ЭКСПО - 2017 құрылысына қазақстандық жастарды кеңінен тартуды сұрайды. «Мемлекет басшысы таяудағы Жол­дауында жариялаған Қазақ­станның 2050 жылға дейінгі дамуының жа­ңарған стратегиялық бағыты біздің жастарымыздың алдына «жаңа деңгейдегі міндеттер» қойды, - дейді қалаулы. - Сондықтан жас­тарды жұмыспен қамту саясатын жаңғырту және шынайы өнімді еңбек үшін жағдайлар жасау мәселесі өзекті болып отыр».

Ол 2000 жылдардың басында Елбасының бастамасымен сту­денттердің құрылыс отрядтары қозғалысын қайта түлету үдерісі басталғандығын еске салды. Сту­денттер тұрғын үй тұрғызуға, «Жа­сыл ел» бағдарламасын жүзеге асы­руға тартылған құрылыс отряд­тарына белсенді қатыса бастаған. Алайда осы қозғалыс дағдарысқа маңдай соғыпты. «Өкінішке қарай, студенттік отрядтар қызметінің таралу ауқымы шағын болып қа­луда, - дейді қалаулы Премьерге хатында, - көптеген өңірлерде жастардың құрылыс қозғалыстары жергілікті органдар тарапынан қол­дау көрмей, тоқтап қалды». Осы іске жаңа Үкімет жаңа серпін, тың дем беруі қажет. Ол үшін Мәжіліс депутаты жас құрылысшыларды «Қолжетімді баспана - 2020» бағ­дарламасы аясындағы тұрғын үй құрылысына, Индустрияландыру жобаларының нысандарын тұр­ғызуға, әлеуметтік және жол-көлік инфрақұрылымын салуға кеңінен тартуды ұсынады.

- 2017 жылы Қазақстанда жа­һандық ауқымдағы оқиға –ЭКСПО жетістіктер көрмесі өтеді. Мұндай ауқымдағы жобаны жүзеге асыру көрме орталығын, қонақүй­лерді және көлік инфрақұрылы­мын салу бойынша орасан зор күш-қуатты талап етеді. ЭКСПО - 2017 Қазақ­стандағы құрылыс отряд­тарының дамуына жаңа серпін бере алады. Бұл - Жалпыға Ортақ Ең­бек Қо­ғамын құрудағы, жас ұрпақта өз елі үшін мақтаныш пен патриотизм сезімін дамытудағы маңызды қа­дамға айналар еді, - дей келе, де­путат Тұрсынбек Өмірзақов Үкі­меттен осы аталған жобаларды іске асыруға студенттер отряд­тарының қатысуын қамтамасыз етуді, осы отрядтарды даярлау және ұйым­дастырудың бірыңғай ұста­ным­дарын белгілейтін құқықтық негізді түзуді және жастардың еңбек от­ряд­тары мен студенттердің құ­ры­лыс от­ряд­тарының Республи­калық шта­бының рөлін күшейтуді өті­неді.
Мәжілістің биылғы алғашқы жиынын қорытқан палата төрағасы Нұрлан Нығматулин өз әріптестеріне қайырылды. «Президент Н.Назар­баев 14 желтоқсанда Қазақстан халқына Жолдауын жария еткені мәлім, ол «Қазақстан - 2050» Стра­тегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытына» арналды, - деді спикер. - Осыған байланысты біз барлық фракциялардың ұсы­ныстарын ескере отырып, 10 қаң­тардан бастап, сайлаушылармен кез­десу үшін аймақтарға 10 күндік іссапарға шығамыз».
Мәжіліс басшысы бұл жолғы кездесулердің «аса маңызды» екен­дігін нықтады: «Бізге өте жауапты миссия жүктеліп отыр. Себебі жай ғана халықпен кездесіп қоймай, біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын және тарихи Жолдауының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру және насихаттау бойынша үлкен жұмыс жүргізуге тиістіміз. Сондықтан бұл кездесулердің жауапкершілігі зор болғалы тұр».

Төменгі палата басшылығы барлық үш фракциямен уағдаласа отырып, депутаттардың іссапар­лары кестесін түзіпті. «Сонда алды­мызда мақсат тұрды, біз барлық фракциялармен жиылып, оны тал­қылағанбыз, Мәжіліс бюросында да ол талқыға салынған: тек облыс орталықтарын ғана емес, бұл жолы барлық аудандар мен қалаларды, ауылдық елді мекендердің басым көпшілігін қамтуымыз қажет! Дәл осы мерзімде Сенат депутаттары да ауыл-аймақтарға аттанады. Демек, ертеңнен бастап, бізді белсенді, үлкен жұмыс күтіп тұр. Мен оның табысты боларына сенімдімін» деген Н.Нығматулин барша депу­таттарға осы жұмыстарында сәттілік тіледі. «Кімнің қайда жол жүретін­дігін бәрі біледі. Сапар­ларыңыз оң болсын!» деді ол.

 

Мәжіліс Тараз қаласының жаңа айналма жолын салуға Азия Даму Банкінен займ алу келісімін мақұлдады

 

 /«ҚазАқпарат». 10.01.2013./ - Кеше ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы аясында «Тараз қаласының айналма жолы» учаскесін қайта салуға арналған ҚР және Азия Даму банкі арасындағы займ жөніндегі Келісімді ратификациялау туралы» ҚР заң жобасын қаралды.

Аталған заң жобасын Мәжіліс мақұлдады. Енді ол ҚР Парламент Сенатында қаралады, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігі.

Учаскенің жалпы ұзақтығы - 65 шақырым, оның 7,7 шақырымы цемент-бетонды жамылғысы бар бірінші техникалық категориялы, ал 57,4 шақырымы асфальт-бетонды жамылғысы бар екінші техникалық категориялы болады. Айналма жол көптеген елді мекендер, жайылым мен омарталар орналасқан қаламаңы аумағы арқылы өтетін болғандықтан, құрылыс жобасында 11 көпір мен жол өтпелерін, 155 су өтпе құбырларын, сондай-ақ мал өтпелерін  салу жоспарланған. Аталған жасанды құрылыстар транзит көлігіне кедергісіз өтуге және осы учаскеде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

____________________________________________________________________________

 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛДАР _____________________________________________________________________________

 

 

Ауыз су мәселесі алаңдатады

 

/«Егемен Қазақстан». 05.01.2013./ - Сенатта өткен жалпы отырыста депутат Мұрат Бақтиярұлы Премьер-Министр Серік Ахметовтің атына депутаттық сауал жолдады. Онда былай делінеді:

«Құрметті Серік Нығметұлы!

Бүгінгі біздің депутаттық сауалымыз жер­гі­лікті елді мекендердегі ауыз су мәселесіне қа­тыс­ты болып отыр. Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында Қызылорда облысында болған кезімізде жергілікті халықтың көтерген өзекті мәселелерінің бірі күнделікті тұтынуға қажетті ауыз су проблемасы, оның тапшылығы туралы болды.

Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үйлерге су құбырларын тарту сияқты өзекті мәселелер бүгінгі күні жергілікті халықтың мұң-мұқтажына айналған. Қазіргі таңда Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты бірқатар елді мекендер ауыз суды Жиделі топтық су құбырлары арқылы тұтынады. Алайда, № 21 Бекет, Жансейіт, Ортақшыл елді мекендерінде жаңа сорғы стансалары салынғанымен, көшеаралық ішкі су жүйелері жүргізілмегендіктен, жергілікті халық жоғарыда аталған су құбырының суын пайдалана алмай, ауыз суды тасымалдап ішуге мәжбүр болуда. Дәл осындай жағдай топтық су құбырына қосылған Ақмая, Еңбекші, Бекежанов, Бестам, Жақаев, Қодаманов сияқты ауданның 6 бірдей елді мекенінде орын алып отыр.

Жоғарыда айтылған № 21 Бекет, Жансейіт, Ортақшыл елді мекендерінде тұрып жатқан жергілікті халықтың ауыз су мәселесін шешу үшін оларды Жи­делі топтық су құбырына қосу қажет. Ал оның сме­талық құны 4 167,4 млн. теңгені құрайды.

Сондай-ақ, аталған жобаның ішінде Шиелі кентінің №5 су айдау сорғы стансасынан (5-ПНС) Бала би елді мекеніне баратын магистраль құбырды жаңарту қаралған. Сондықтан үш елді мекендегі құрылысы былтыр біткен су желілерінің бос тұрмай, тиімді пайдалану мақсатында №5 ПНС-тен Бала би елді мекенінің су құбырының желісіне 8 шақырым аралық учаскенің құрылысын тездетіп бастау қажет. Қажетті техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, тиісті министр­лік­ке ұсынылған.

Осыған байланысты, жоғарыда аталған жобаға қаралған қаржыдан 8 шақырым аралық учаскенің құрылысын бастау үшін 380,0 млн. теңге қаржы қажет екен. Оны бюджетті нақтылау кезінде қарастыруға болады».

 

 

Мәжілісмен Ұ.Сәдібеков мақта саласын дамыту үшін қолданыстағы заңға өзгерстер енгізуді сұрады

 

/«ҚазАқпарат». 09.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - -«Агробизнес-2020» бағдарламасында мақта шаруашылығы басым бағыттар қатарында болуы тиіс.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Ұласбек Сәдібеков осы мәселені көтерді.

Депутаттың айтуынша, 2007 жылы «Мақта саласын дамыту туралы» заңның қабылдануы мақта шаруашылығы өндірісіне, зауыттың қаржылық тәуелділігінен құтылуға, өсірген өнімімен шаруаның өзі айналысуына мүмкіндік берген. Тиісінше мақта шикізатына, өндірген өніміне әділ баға және кредиттік ресурстар алуға жағдайлар туған. Заң арқылы мақта саласын дамытуды мемлекеттік реттеу мен қолдауды қамтамасыз ететін құқықтық ұйымдастыру және экономикалық негіздер де қаланған. Осының нәтижесінде, 2006 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі кезеңде мақта саласын жалпы мемлекеттік қаржыландыру 2,7 есеге артқан. Осылайша, мақта саласын одан әрі дамыту үшін жағдай жасалған болатын.

«Алайда, келіп түскен өтініштерді талдау нәтижесі мақта шаруашылығы саласында қалыптасқан жүйелі проблемаларды көрсетіп отыр. Атап айтсақ, бағаның қалыптасуы, мемлекеттік қолдау, сондай-ақ бизнесті жүргізу кезіндегі қиыншылықтар баршылық. Осы мәселеге орай, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауда астықтан кейінгі екінші орында тұратын мақта саласын дамыту мақсатында қолданыстағы заңға өзгерстер енгізуді сұраймыз. Оның ішінде әзірленіп жатқан «Агробизнес-2020» бағдарламасында мақта шаруашылығын басымдықтар қатарына қосуды, мақта өңдеу кәсіпорындарының жаңа технологияларымен қайта жабдықтау үшін мемлекеттік қолдауды қарастыруды ұсынамыз», - деді депутат.

 

 

Әйелдердің зейнет жасын арттыру ұсынысына қарсылық білдірген «халықтық коммунистер» Елбасына үндеу жолдады

 

/«ҚазАқпарат». 09.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Халықтық коммунистер» фракциясының жетекшісі Владислав Косарев еліміздегі әйелдердің зейнеттік жасын көтеру туралы мәселеге қарсылығын білдірді.

«Рас, әйелдердің жалпы өмір сүрудегі орташа жасы жоғарылады. Алайда, біз нәзік жандылардың ұзақ өмір сүргеніне тіл тигізіп, олардың зейнет жасын ұлғайтуға соны себеп қылмауымыз керек деп санаймыз.  Біз бұдан да банкирдің (ред. - ҰБ төрағасы Г. Марченконың) зейнетақы жинақтаушы қорларының жылына қаншалықты дивидендтер алатынымен айналысқаны жөн деп санаймыз. Білуімізше, банктер азаматтардың салымына 8-10 пайыз төлесе, оларда 2,6 пайыз (ред. -дивиденд) екен. Ендеше, банк жүйелеріне қатысы барлардың барлығы осыған мән берсе екен», - деді фракция басшысы.

Оның айтуынша, әйелдердің зейнет жасын ұлғайту мәселелері жұртшылықтың әлеуметтік көңіл-күйіне де әсер етеді. «Бүкіл ел болып әлеуметтік бағытта тұрақты дамуымыз керек. Сондықтан да біздің фракция Мемлекет басшысына үндеу жолдады. Бұл біздің баршамыз бірлесе шешуге тиісті ортақ міндетіміз», - деді депутат.

 

 

Студенттер «ЭКСПО» құрылысына қатысса...

 

 


       
/«Айқын».11.01.2013./ - «ЭКСПО-2017» Қазақстанда студенттік құрылыс жасақтарын барынша жандандыруға зор мүмкіндік береді.

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Тұрсынбек Өмірзақов мәлім етті.

Депутат мемлекет басшысы айқын­даған «Қазақстан - 2050» стратегиясына тоқтала келе, онда жастар саясатын жаңа деңгейге көтеріп, оларға соны міндеттер жүктелетінін атап өтті. Сондықтан да, депутаттың айтуынша, жастарды еңбекпен қамту саясатын жаңғырту және нақты еңбек өнімділігі үшін жағдайлар жасау өзекті болып табылады.

-Кеңес Одағында еңбекті құрмет­теуге тәрбиелеуде, патриотизм мәсе­лесінде студенттік отрядтар ауқымды рөл атқарды. Бұл жастардың әлеуметтік және еңбектік бейімділігі үшін аса маңызды институт та болатын. 2000 жылы Елбасының бастамасы бойынша студенттік құрылыс отрядтары қозға­лысы қайта жандана бастады. Студент жастар құрылысқа, «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді атсалысты. Алайда мұндай студенттік жасақтар қызметінің қамтымдылығы соншалықты емес. Көптеген өңірлерде жастар құрылыс қозғалыстары жер­гілікті органдардың қолдауына ие бол­май, тіпті өз жұмыстарын да тоқтатты,- дейді депутат Тұрсынбек Өмірзақов.

Осы ретте Қазақстанның жақын болашағына көз жүгірткен ол алдағы уақытта индустрияландырудың жаңа кезеңі басталатынын айтты. «Қол­жетімді баспана - 2020» бағдарламасы арқылы тұрғын үй құрылысы қарқын алып, әлеуметтік және көлік инфра­құрылымдары да кеңейе түседі. Сон­дықтан «Қолжетімді баспана - 2020» жо­басына да студенттерді тартса ар­тықтық етпейді.

- Жалпы, «ЭКСПО-2017» Қазақ­станда құрылыс отрядтарын жандан­дыруға тың серпін бере алады. Сонымен қатар бұл Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құруда маңызды қадам болар еді,- дейді депутат Т. Өмірзақов.

Осыны айта келе, депутат елімізде студенттік құрылыс жасақтары мен жастар еңбек қозғалысының рөлін арттыру қажеттігін алға тартып, оларды «ЭКСПО-2017» жобаларына, ин­дустрияландыру бағдарламасына барынша тарту қажеттігін айтты.

 

 

Бас банкирдің ойлағаны не?

 

/«Заң газеті». 11.01.2013. Айша Құрманғали./ - Әйелдердің зейнет жасын еркектермен теңестіруге жанын сала кіріскен Григорий Марченконың не ойлағаны бар? Бүгінде осы жұмбақтың жауабын табуға ұмтылушылар аз емес. Солардың бір тобы жуырда Мәжілістегі коммунистер арасынан шықты. Парламенттің төменгі Палатасындағы Коммунистік халықтық партия­сы фракциясының жетекшісі Владислав Косарев бастаған халық қалаулылары Мемлекет басшысының атына арнайы хат жолдап, бас банкирдің осы әрекетіне тоқтау салуды сұрапты. Бұл ретте олар қолдауды ең алдымен Парламент құрамындағы өзге партия мүшелерінен тауып отыр. Коммунистердің бастамасын былайғы жұртшылық арасында жанын сала жақтайтындар да жеткілікті.

Әйелдердің зейнет жасын көтеруге, әсіресе, біздің ер-азаматтарымыз қос қолын көтеріп қарсы шығып отыр екен. Бұған күмәндану артық болар. Өйткені, өз қабырғасынан жаралған «қырық жанды әйелдер» өмірінің зейнеттен гөрі бейнетке толы болатынын ерлерден артық кім біледі?! Түздегі жұмысынан кейін үйдегі жұмысы басталатын нәзік жандыларға түсетін тірлік салмағы қашанда  бес батпан. Онсыз да белгілі бұл жайды бүге-шігесіне дейін жіпке тізу артық болар. Айтпағымыз, тұрмыстың бар ауыртпалығын арқалап жүрген әйелдердің енді зейнет жасын ұлғайтып, еңбегінің зейнетін көретін шағын азайтуда сүйеніп отырған басты аргумент олардың ерлерден көбірек жасайтыны екен. Ресми мәлімет бойынша, біздің елде әйелдер жасының ұзақтығы жетпіс жасқа жетіпті. Бұл олардың ерлермен қатар, алпыс үш жасқа дейін жұмыс істеуіне толық мүмкіндік береді. Мұны басқа емес, еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер айтып отыр. 

Осыдан біраз уақыт бұрын алтын құрсақ аналарды көп­балалы болғаны үшін кіналап, басы дауға қалған министрдің орынбасары Серік Ахметов бас банкирдің аталмыш ұсы­нысына қарсы шығып, әйел­дерді қорғаудың орнына, жоғарыдағыдай деректер ұсынып, Марченконың қол­тығына су бүрккені, әрине, өкінішті. Бұдан гөрі, үлкен бастықтарымыз ер-азамат­тардың аз өмір сүру себебін, оған қандай фак­торлардың әсер етіп отыр­ғандығын зерделеп, соған сай шаралар қабылдаса ақылға қонымды болар еді.

Дамыған елдерде сексен жасқа жетіп отырған ерлердің өмір сүру ұзақтығы бізде күн өткен сайын кері кетіп барады. Ал, бұл жеңіл өмірден емес екені белгілі. Осы ретте нұр­отандық депутат Оразгүл Асанғазы ер-азаматтардың жұмыссыздығы, соның салдарынан олардың депрессияға ұшырап, түрлі зиянды әдеттерге бой ұруы назар­дан тыс қалып келе жат­қанын ашына жеткізді.

Дәл қазір екі қолға бір күрек табу өзекті болып тұр. Косарев мырза назарымызды аударт­қан дерекке сүйенсек, бүгінде материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтіндердің қатары жұмыссыздардың он пайызын ғана құрайды екен. Нақтырақ айтқанда, әр мың жұмыс істейтін адамға он бір мың  жұмыссыздан келетін көрінеді. Олардың қатары тоқсаныншы жылдармен салыстырғанда он төрт пайызға артып отыр. Ал, өзіміз жерден алып, жерге салатын кеңестік кезеңде бұл көрсеткіш керісінше сипатта болған. Ол уақытта, мәселен, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар әрбір мың жұмыс іс­тейтін адамға сегіз жүз қырық жаннан келген. Сондықтан да, ол кезде қазіргідей зейнет жасын көтеру жайлы әңгіме қозғалмақ түгіл, түске енбейтін. Әйелдер, тіпті, елу жасқа дейін ғана жұмыс істеп, алаңсыз зейнет демалысына кете беретін.
Депутат бұл ретте барлық мәселенің шешімі әйелдердің зейнет жасын өсіруде емес, алдымен жұмыс орнын арттыруда тұрғандығын айтады. Бұған келіспеске шара жоқ. Косарев мырзаның әйелдердің зейнет жасын ерлермен теңестіру онсыз да жетпей жатқан жұмыс орындарын мүлде тапшылыққа айналдырып, дағдарысты жағ­дай тудыратындығы қақындағы тұжырымы да орынды.

Шын мәнінде, Марченконың көздегені не? Неге ол бюджет қаржысын әйелдерден қызғыш­тай қоруға көшкен? Біз пікірін сұраған депутаттардың ай­туынша, бас банкирдің әйелдер зейнет жасын көтеруге құлшы­нуының себебі банктердің жинақтаушы зейнетақы қор активтерін басқара алмай отырғандығында жатыр. Яғни, салымшылар бір жыл өткен­нен кейін ала бастауға тиіс дивиденттер көлемі өте аз. Бүгінде азаматтардың жалақыдан  8-10 пайыз көлемінде салып отырған жарнасының жылдық өсім  мөлшері бар болғаны 2,6 пайызды құрайды. Марченко осы олқылықты жасыру үшін елді шулатқан осындай тосын жүріс жасап отыр. Ол халықты бүйтіп даурықтырғанша, жи­нақтаушы зейнетақы қор­ларының активтерін басқаруды жақсартуы керек еді.

Коммунистер серкесінің пікірінше, әйелдердің зейнет жасын ұлғайту тасада айтылып жүрген әрі оған мүдделі жан­дардың ішкі ойы. Бюджеттің алпыс пайызы зейнетақы мен өтемақыларды жұмсауға кетеді, бұл қазына қоржыны үшін үлкен шығын деген әңгіменің еш негізі жоқ. Зейнетақы салымдары бұл азаматтардың өз меншігі, ол ешқайда кетуге тиіс емес. Ал, өтемақылар мемлекет есе­бінен төленуі керек. Сол үшін де ол жұмыс істеп отыр. Сондықтан да, мұндай халыққа қарсы, мемлекеттің әлеуметтік саясатына қайшы келетін қадамға жол беруге болмайды. Бүгінде елдің экономикасы жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Мұндай жағдайда әйелдердің зейнет жасын өсіру еш ақылға симайды. Мәселе қалтарыста емес, барша халықпен бірге ашық талқылануы керек. Сөйтіп, әйелдердің зейнет жасын ерлермен теңестіру туралы әңгімені мүлде  тоқтату керек. Елбасына хат жазудағы түпкі мақсат осы.

Осындай ойға бекінген депутат алға қойған мақсатына  қалай да жетуге бел байлаған сыңайлы. Мұның айғағы сол, осы аптада өткен Мәжілістің жалпы отырысында бұл мәселені тағы да құзырлы орын басшыларының назарына ұсынды. Оны қолдаушы өзге партия мүшелерінің ойы бұдан сәл басқаша. Мәселен, нұротандық депутат Майра Айсина әлемнің барлық дамыған елдері тәжірибеге енгізіп отырған әйелдердің зейнет жасын көтеруді ерте ме, кеш  пе біздің елдің де қарастыруына тура келетінін айтады. Бірақ, ол Қазақстандағы жағдайдың басқа мемлекеттермен  тең еместігін, әйелдер үшін зей­нет жасын көтеру елімізде көптеген келеңсіздіктерге ұрын­дыратынын жоққа шығар­майды. «Сонымен қатар, бізде зейнет демалысына шығуды қаламайтын, бұл жасқа жет­кеннен кейін де жұмыс істеуге қабілетті замандастармыз бар. Сондықтан, бұл мәселе бірден шешілмей, оған кезең-кезеңімен өтуіміз қажет. Онда да әйелдер мүмкіндігіне, қалауына  орай, зейнетке шығарылу керек», – дейді ол.

Ал, «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев ком­­мунистерді толық қолдап отыр. Оның айтуынша, әйел­дердің зейнет жасын көтеру еш қисынсыз. Керісінше, банк­­тер жинақтаушы зейнетақы қорларының жұмысын жан­дан­дыруы  керек. Олар, тым болмаса, салымдардың ин­фля­цияға желін­беуіне мүд­делі болуы тиіс. Сонда бұл мәселе өз шешімін табады. Ал, зейнеткерлікке шық­қысы келмейтін, қарттық шағын­­да да белсенді өмір сүру­ді қалайтын азаматтар қоғам­дық жұмыстарға көптеп жұмыл­дырылғаны жөн. Мәселен, шетелдерде олар волентерлік қызметке тартылып, сайлау комис­сияларында жұмыс істейді екен. Қазақстанда осын­дай тәжірибе жүзеге асуы қажет.

Депутаттар, осылайша, әзірге халыққа қолдау көрсетіп отыр. Тіпті, олардың кейбірі «алда-жалда Парламентке әйелдердің зейнет жасын көтеруге арналған заң  жобасы түссе, оны кері қайтарамыз» деп ширығуда.

 «Әйелдерді еркектерден көп дейді, ойбай, ойбай бола берсін көп мейлі» деп Мұқағали ақын жырлап еді кезінде. Бұл тұрғыда ұлы ақын  бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін әйелдің адамзат өміріндегі орнына ешқандай құдыреттің тең келе алмайтынын меңзеп отырғаны ақиқат. Олай болса, өмірдің жасампаздығының, ұлт өмірінің ұзақтығының кепілі  – нәзік жандылар тағдырына атүсті қарамау керек. Олай қарау болашақтың тағдырына балта шабу деген сөз. Ал, Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын өсіру осындай қадамның бірі. Марченкоға қанша жерден ұнамаса да бұл шындықтың нақ өзі.

 

 

 

Төтенше жағдай қайталанбасын десек

 

/«Заң газеті». 11.01.2013./ - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында нұр­отан­­дық депу­тат Құттықожа Ыдырысов Үкімет басшысы Серік Ахметовтің атына сауал жасап, елімізде қабыл­дан­ған «Ақбұлақ» бағдар­лама­сының орындалу барысына алаң­даушылық білдірген-ді. Бүгінде, әсіресе, ауыл халқы үшін өзекті болып тұрған осы мәселе жөніндегі депутат айт­қан талап-тілектің қыс­қаша мазмұны төмендегідей болған еді.

«Ақбұлақ» бағдарламасы қабыл­данғанға дейін барлық ауылдық елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті жауапты болатын. Қазіргі таңда жеке ұңғымамен ауылдық елді мекендерді ауызсумен жабдықтау Қазақстан Рес­публикасының Құрылыс және тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің құзырына беріліп, ауылдық елді мекендер екіге бөлініп, бағдарламаның сапалы орындалуына күдікті көбейтіп отыр. Атап айтатын болсақ, Ауыл шаруашылығы минис­трлігінің Су ресурстары комитеті судың топтық құбырлары арқылы елді мекендерге ауызсу тарату мүмкіндігін пайдалана алмауда. Осының сал­дарынан делдал ұйымдар халыққа 1 текше метр суды белгіленген 40 теңгеден қымбатқа сатып, Үкіметтің беріп отырған субсидиясын халыққа жеткізбейді. Сонымен қатар, Қызылорда облысындағы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетіне қарасты «Қазсушар» РМК-ның облыс­тағы филиалының қаражат көлемі екі есеге қысқарып, тек еңбек­ақыға ғана қаражат берілген, оның басқа шығындары  қаралмаған. Бұл дегеніміз, Сырдария өзеніндегі кемінде секундына 600 текше метрге жететін жойқын су көлемі ағысындағы гидротехникалық құрылыс өз дәре­жесінде жұмыс істеу қабілетінен айырылып, бүкіл облыста төтенше жағдай туындап, адамдар өміріне қауіп төнеді,есепсіз шығын орын алады деген сөз. Тіпті, Қызылағаштағы жағдайдың қайталанатынына еш күмән жоқ. Осы жағдайды ескере отырып, республикалық бюджетті нақтылауда жоғарыдағы аталған бағдарламаға қосымша қаражат қараудың қажеттілігі туындап отыр», – дейді депутат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ____________________________________________________________________________

 

ДЕПУТАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ _____________________________________________________________________________

 

«Мен қазақтың баласы!»

 

/«Ана тілі». 04.01.2013. Қуанбек Боқаев./ - Жуықта бір алқалы жиынға қатыстым. Бірқатар басшылар мен белгілі мамандар, ғалымдар баяндама жасады. Олардың кейбіреуі болмаса бәрі түгел дерлік қазақ болса да баяндамаларын орыс тілінде жасаумен болды. Ал алқалы жиынға қатысқандардың бәрі дерлік, тіпті 99 пайызы қазақтар деуге болады. Солай болса да жиын­ды басқарушы сөзін біресе қазақша, біресе орысша айтудан жаңылмады. Тыңдаушылардың алдыңғы қатарындағы шеткі орындықта белгілі қайраткер, қазақ тілі десе жүрегін жұлып беруге даяр әйгілі Асылы ­Осман отырған еді. Баяндамалар жаппай орысша жасалғанына ол ренжіп әрі таңырқап «Елбасымыз 2020 жылдың бедерінде жас­тар жаппай қазақша сөйлейтін болады» дегенін бұл шіркіндер неге ұғынбайды екен? «Балық басынан шіриді» деген осы-ау!» деп сөйлеп қояды. Жиналысты жабар алдында жүргізуші: «Тағы кім сөйлегісі келеді» деп залға шола көз тастады. Асылы қолын көтеріп «Мен сөйлеймін» деп еді, оны байқамады ма, әлде жорта көрмеген болды ма, жүргізуші жиналысты жабық деп жария­лады. Ал Асылы болса: «Қап, мұндай жиындарды бастан-аяқ қазақша өткізу жөнінде жетесіне жеткізе айтайын деп едім» деп қынжылысын білдіре сөйлеп қояды.

Бұларға баяндаманы «Қалай да орыс тілінде жаса» деп ешкім бұйрық бермеген болар.

«Тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдан асты» деп жүрміз ғой. Ол кезде мектеп есігін ашқан балалар қазір жоғары оқу орнын бітіріп, қызмет етіп жүр емес пе? Ал қазақ тілін үйрену мәселесі әлі де мәз болмай жүргені таңданарлық-ақ жайт қой. Тіпті қазақшаға бет бұру былай тұрсын, балаларын орыс мектептеріне беру, жиындарда, ойын-тойларда да қазақтардың орысша сайрауы үдемесе бәсеңдер емес. Тіпті қазақ тілінде жүргізілетін телехабарға қатысқан кейбір қазақтар қазақша білсе де хабардың қазақ көрермендеріне арналғанын, қазақ халқын құрметтеу азаматтық парызы екенін мүлде ұмытып, орысша сайрағанына наразы болған көрермендердің хаттары редакцияға жиі келетін болды. Мұндайлардың өзі жетесіз болсын-ақ дейік, ал телеарналар басшылары қазақша хабарларда орыс тілінде сөйлеуге жол беретіні де таңданарлық. Тіпті кейбір қазақ жастары «қазақ тілін үйрену қиын» деп, ауызы-мұрны қисаймай, жұрт алдында ділмарситынын қайтерсің. Мұндайлардың ата-аналары болса «Кезінде орысша оқыдық, енді қазақша үйрену бізге қиын» деп ақталған болады.

Жалпы осындай жайттардың салдарынан қазақ қоғамында орысшаға бейімделу күшейіп бара жатқаны да таңдандырады. Көптеген мекемелерде, тіпті мемлекеттік органдарда басшылар мен қызметкерлердің бәрі дерлік түгел қазақ болса да қызметті орыс тілінде атқаратыны, іс-қағазын орыс тілінде жазатыны да жиілеп бара жатқан секілді. Неге бұлай? Бұған әркім әртүрлі жауап беріп жүр. Ал мұның түп-тамыры қазақ қоғамында әсіресе ықпалды, беделді орындарда жүргендердің өзінің ұлтына деген сүйіспеншілігі бәсең болғандықтан емес пе екен?!

Ей, тәкаппар дүние!

Маған да бір қарашы.

Танисың ба сен мені?

Мен қазақтың баласы! – деп дауылпаз ақын Қасым Аманжолов жырлағандай, жалпы алғанда «кім болсын өз ұлтын беріле сүйіп, қасиет тұтса, өз ұлтының шынайы патриоты болса, өзінің ана тілін білуге құштар болады, өзінің ана тілінде сөйлеуді мақтан тұтады» дегендей пікір бекер айтылмаса керек. Бұған мысал ретінде өзім құлағыммен естіп, көзіммен көрген оқиғаны айтсам да ұғынықты болар.

Мен жас кезімде, 25-30 жас шамасында республикадағы ең ірі баспа – «Қазақстан» баспасында қоғамдық-саяси әдебиет редакциясында редактор болып қызмет еткен едім. Сол кезеңде өлеңдер жинағымызды «Жазушы» баспасына тапсыратын едік. Ондағылар қабылдап алып, «келер жылы келіп білерсің» деген соң кете баратынбыз. Қолжазбаны тіркету, оның жайын қадағалау дегенді біле бермейтінбіз. Келер жылы келсек, қолжазбамыз жоқ болып шығатын. Бірде осындай шаруамен Жазушылар одағына келіп, іздеген адамымды таба алмай бір кабинетке, сірә, «Жұлдыз» журналының редакциясы болса керек, кіріп сұрастырып тұр едім, есіктен еңгезердей болып ақын Мұқағали Мақатаев кіріп келді. Отырғандар «Мұқа, жоғары шық. Иә, не болды?» деп жапырыла сұрақ қойып жатыр. Отырғандардың арасынан өзім сырттай білетін сүйікті жазушы Мұхтар Мағауинді және сол кезде аты шыға бастаған Төлен Әбдіковты танығаным есімде. Мұқағали өте көңілді көрінді. «Қатырдым!» деп бас бармағын шошайта жауап берді.
– Иә, не болғанын толық айтсаңшы. Неге шақырыпты? – деп жамыраса сұрап жатыр.
– Барған бетте-ақ менен «неге ренжулі болып жүрсің? Қандай талап-тілегің бар?» деп дөкейіңнің өзі бірден іске көшті. – «Баспанаң бар ма? Пәте­ріңді кеңейтейік пе?» деп қояды. Мен:

– Пәтерім бар, кең, одан зәрулік көрген жоқпын. Жинағым шықпай жатыр ғой, – деп едім, ол:

– Қандай тілегің болса да орындаймыз. Жинағың толық шығады, қазір дереу баспаның директорына көзіңше телефон шалайын, – деп телефон соғып, «Мақатаевты ренжітпей, жинағын толық шығарып беріңдер» деп тапсырма берді. Сонан кейін:

– Тағы қандай тілегің бар? – деп тағы сұрады. Мен:

– Баспаның бас редакторын орнынан алыңыз, менің жинағымды қысқарта береді, – деп едім, ол қарқылдай күліп:

– Мұның дәл саған қатысы жоқ қой, – деп арқамнан қағып шығарып салды.
Сірә, Мұхтар Мағауин ғой деймін:

– Михаил Ивановичтің өзі қазақша біледі деп естиміз ғой, қазақшасы қалай екен? – деп сұрап еді, Мұқағали:

– Қазақша ұрып тұр! Тіпті қазақтың жалпақ тілімен сөйлегеніне таңданып-ақ қалдым, – деп еді, отырғандар «Шынында да нағыз патриот қазақ екен» деп ризашылығын білдіріп жатты.

Мен сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі Михаил Иванович Есенәлиевтің ақын Мұқағалиды арнайы шақырып, қамқорлық жасағанын шамалап ұққандай болдым. Мұқағалиды оның арнайы шақыртқанынан мұнда отырғандар алдын ала хабардар болғанын олардың сөздерінен аңғардым. Есенәлиев туралы бұған дейін де біраз әңгімелерге қанық болғанмын. «Қазақстан» баспасында зейнетке шыққан облыс, республика басшылығында істегендердің де кітабы басылатын. Олар редакцияға жиі келетін. Олардың бәрін дерлік бөлім меңгерушісі, белгілі журналист Жүніс Ыбыраев жақсы танитын. Олар келген сайын өздерінің бастан кешкен оқиғаларды да әңгімелейтін. Қолжазбалардың орыс­шасының редакциясын бөлім меңге­рушісінің орынбасары Николай ­Исаевич Кольточник деген журналист басқаратын. Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан авиация подполковнигі болып зейнетке шыққанын айтатын. Оның ұлты еврей еді. Жасы егде тартқанына қарамастан, иврид тілін үйреніп отыратын. Бірде ірі қызметте болған бір автор келіп, Жүніс Ыбраевпен әңгімелесіп отырғанда Николай Исаевичтің еврейше сөйлеуді үйреніп отырғанына орай осы Есенәливтің өмір жолы туралы сол автордың айтқан әңгімесі есімде қалыпты.

М.И.Есенәлиев бала кезінде жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген екен. М.И.Калининнің есіміне орайлас­тырып, Есенәлиевтің есімін балалар үйінде Михаил Иванович деп жазған екен. Оның іскерлік қабілеті жасынан байқалса керек. Украинада Киев обком комсомолының басшылығына дейін көтеріліпті. Сол кезге дейін ол өзінің ұлтының кім екенін білмесе керек. Киевтегі балалар үйіне оның құжаты Қазан қаласынан келгенін анықтайды. Сөйтіп, өзін татармын деп ойлапты. Бірде демалыс алып, Қазан қаласына келіп, архивтен іздестіріп өзіне байланысты құжатты тауып алады. Сөйтсе ол мұнда Қазақстанның батысындағы бір ауданнан келгенін біледі. Іздестіре келіп, ақыры қай ауылда туғанын анықтап сонда әдейі келіпті. Ауылға келген соң, өзінің әкесі Есенәлі туралы сұрастырса, бірнеше қарттар оны бас сап, құшақтап көрісіп, жыласып «Қарағым сенен ойда жоқта айырылып қалғанымызды кешіргейсің» дегендей сөздерді айтады. Ауыл адамдары «Есенәлінің баласы табылды!» деп бір-бірінен сүйінші сұрасып, кішігірім той жасаған көрінеді. Өзінің туыстарын тауып, қазақ екенін білген соң, ол сол облысқа қызметке сұранады. Д.А.Қонаевтың қамқорлығының арқа­сында облыста жауапты қызмет атқарып, іскерлік көрсеткен соң Орта­лық Комитетке қызметке өсіріліпті. Осы кезеңде М.И.Есенәлиев жатпай-тұрмай қазақ тілін үйреніп алса керек. Ол кезде іс-қағаздары тек орысша жазылып, қызметтің бәрі орыс тілінде атқарылғанына қарамастан, Есенәлиев қазақ тілін айтарлықтай жақсы үйреніпті. Кейін оның жұрт алдында қазақша еркін сөйлегенін сан рет естідік. Тіпті өзімен тікелей қазақша әңгімелескен де едім. «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет еткен кезде оның мақалаларын газетке басуға да әзірлеген болатынмын. Сонда оның тек сөйлеуге ғана емес, қазақ тілінде жазуға да машық болғанына тәнті болған едік. Міне, өзінің ұлтын шынайы сүйе білген патриот адам есейген кезінде ана тілін қиынсынбай меңгеретініне және ана тілінде сөйлеуді мақтан ететініне осы кісінің өмірі арқылы көзім жеткендей болды.

Екінші мысал. Қазақ мемлекеттік қыздар институты (қазір университет) жанындағы әйгілі «Айгүл» ансамблін ұйымдастырушы Марат Балтабаев та М.И.Есенәлиев секілді Украинада Киев балалар үйінде тәрбиеленіп, есейген соң Қазақстанға келген еді. 1980 жылдары «Өнерлі өрге жүзер» деген кітап жазған едім. Сол кітапта «Әлемді шарлаған ансамбль» деген бөлімде М.Балтабаев туралы былай деп баяндаппын:
«Ержетіп, әскери міндетін өтеп жүрген кезінде Киев қаласындағы музыка училищесін бітіріп алған соң, Москваның мәдениет институтында оқу Маратқа сонша қиынға түскен жоқ. Алайда жас жігіт белгілі мақсат ұстана алмай киналатын-ды. Оқу бітірген соң Ленинградқа немесе Киевке кететін болармын деп ойлайтын. Өстіп жүрген жас жігіттің алдынан ойламаған жерден ару арманы бала қырандай биікке бір-ақ самғайды. Сөйтіп, тып-тыныш бұйығы өмір кешіп жүрген балаң жігіт аяқастынан күрт өзгереді.
Москвада оқып жүрген қазақ жаста­ры ұйымдасып концерт қоймақшы бола­ды да, оның көркемдік жағына жетекші­лік етуге музыка маманы ретінде Маратты шақырады. Әуелінде жасқаншақтап бастартқан Марат, міне, тұла бойлары тұнып тұрған өнерге, жүректері жалынға толы құрбы-құрдастарының ортасында қазақ музыкасын үйреніп отыр. Оны айнала қоршап отырған жастар өздерін таныстырып, қазақ тілінде әлденені айтып, дуылдасып жатыр. Айналасы әсем әнге, сыңғыр-сыңғыр күлкіге, әзілге толып кеткендіктен бе, жоқ әлде, өзі бейхабар болып келген қазақ тілін естігендіктен бе, Мараттың өн бойын қуаныш билеп, жүрегі аузына тығылды. «Шіркін, ана тілін білген адамдар қандай бақытты» дегендей оймен әрбірінің жүзіне жаутаңдап қарай береді.
– Марат, тіл білмеймін деп тартынба. Сен үшін қазақ музыкасына түсінік беріп жатудың керегі шамалы. Оның сырын бізден гөрі өзің де жақсы аңғарарсың әлі-ақ, – деп қояды концертті ұйымдастырып жүрген, өзге жастарға қарағанда ерекше байсалды келген, орта бойлы, шымыр денелі, кең маңдайлы, торсық шекелі, көзілдірікті қазақ жігіті. – Ұйымдастыру жағын өзіміз-ақ ыңғайлай береміз…

Қазақ музыкасын түсінуді қойып, әуезді әндерді төгілтіп айтып жатқан құрбы-кұрдастарының дауысын, домбыраның күмбірлеген үнін естіген сәтте-ақ ыстық сезім Мараттың жан-жүрегін елжіретіп әкетті. Өмір бойы іздеп таба алмай жүрген белгісіз бір аңсар көңіл төрінде асыр салып, ­буын-буыны дірілдеп, Марат дереу нота қағазына үңіліп, баянмен қазақ әуенін құйқылжытып ойнап ала жөнелді. Ол өмірде тұңғыш рет өнердің киелі қасиетін сезінгендей күйде. Көкірегінде ләззат толқыны тербетіліп, әлдеқандай аңсар сезім тасқыны үйіріп әкетіп барады. Қазақ музыкасы оны сонау сәбилік шағына жетелеп ала жөнелгендей. Көңі­лінде сағыныш сазы сыңсыйды. Сарыар­қаның саумалды белестері, Көрікті Көкше, жәннат Жетісу, асыл Алтай, ару Алматы қол бұлғап шақыр­ғандай. Көз алдына ана жүзі елес бергендей.

Енді бір сәт музыкант жігіттің жанарынан бір тамшы жас үйіріліп келіп, үзіліп түсті. Бұл – өз бетімен түлеген жас қыранның көптен аңсаған асқақ биіктерге алғаш рет самғап ұшар алдындағы дүр сілкінісі сияқты, терең құздардағы жақпар тастар арасында лықсып тұрған бала қайнардың бұрқ етіп көзін ашқаны іспетті шалғайда жалғыз өскен жас адамның туған еліне, туған жеріне деген, өз халқының өнеріне деген махаббатының лап етіп жанғаны болса керек.

Сөйтіп, қазақ музыкасына деген ға­шықтық сезім оны өз халқының тарихына, өміріне, өнеріне, тіліне деген сүйіспеншілікке, ынтызарлыққа, ізде­ніске түсіріп, арман атты арғымақтың жалына қол создырды. Ол Москва кітапханаларынан қазақ елі, өнері жайлы әдебиеттерді қызыға, құныға оқыды. Казақ әуендері өрнектелген нота қағаздарын басына жастап ұйықтады. Таңертең ұйқыдан тұра сала, денешынықтырудан бұрын нота қағазына үңіліп, өзінің туған елінің сыр-сипатын шертетін әуендерді айтуды әдеттенді. Орысша-қазақша сөздікті ежіктеп оқып, ана тілін құштарлықпен үйрене бастады. Өзімен бір бөлмеде тұратын моңғол жігіті Дегур Сурен мен орыс жігіті Геннадий Барошковқа қазақ елінің ұлылығы, өнері жайлы мақтана айтатын болды. Өнерпаз достарымен бірге еліміздің көптеген қалаларын аралап, концерт қойып жүрген кезінде өзге халықтарға қазақ музыкасының қалай әсер ететінін жіті қадағалап, ұлттық өнердің болашағына қызыға көз тікті. Туған елінің өнеріне өз үлесін қосуды арман етті.

Осы бір арман жетегі оны Алматыға, Қазақтың қыздар педагогикалық институтына алып келді.

Институт коллективі Маратты сырттай жылы қарсы алғанымен де, оған ешқандай үміт арта қоймады. «Қазақ тілін шала-шарпы білетін жас жігіт студент қыздарға қандай үлгі-өнеге көрсете алмақ» дегендей пікір айтушылар да аз болмады.

Мараттың да жұмыс орнына көңілі толмады. Оның негізгі ой-мақсаты қазақ жастарының вокалдық-аспаптық ансамблін құру еді. Қас қылғандай, тек қана қыздар оқитын институтқа тап болды. «Қыздармен қоса жігіттердің дауысынсыз ансамбль жасау мүмкін емес» деген оймен ыңғайы келсе, өзге мекемеге ауыспақ та болды. Өстіп селсоқ жүрген жас маманға институт басшылары көркемөнер үйірмесін басқаруды жүктеді. Мұның өзі де оған деген құрмет көрсету, үміт арту емес еді. Ырду-дырдуы мол мазасыз жұмыс деп байырғы беделді мамандар осы істен ат-тонын ала қашқан соң ғана көркемөнерпаздар жұмысы өзіне тиесілі болғанын Марат та сезінді. Алайда өзіне жүктелген міндеттен бастартуға да болмайды. Сөйтіп, ол іске селсоқ кірісті. Өнер сайы­сына студенттерді әзірлеп, өз білгенін қыздарға үйрете бастады.

Күндер өте берді. Марат бірте-бірте осынау мазасыз істі қызыға атқаратын болды. Кара торы, қара көз, талдырмаш келген қазақ қыздарының ұяңдығы, биязылығы, барынша адал, ақкөңілділігі Маратты қайран қалдырды. Оны қазақ қыздарының сырттай байқала бермейтін ішкі сұлулығы, табиғи әсемдігі сүйсіндірді. Қарақат көз қыздардың білімге, өнерге деген ынтызарлығы оған ерекше әсер ететін болды. Білімді адамдарды, өнерлі жандарды қазақ қыздары ерекше құрметтейтінін Марат жиі байқайтын еді. Қазақтардың не себепті өнерлі халық болғанын енді өзінше топшылады. Тек ел таныған Күләш, Дина, Сара сынды ірі тұлғалар ғана емес, барша қазақ қыздары ән мен күйге бейім екен-ау дегендей ойға тірелді. Тіпті өзінің анасының да суырыпсалма ақын, әнші болғаны есіне жиі оралатын болды. Өзінің де өнер жолына түсуінің себебі ата-бабадан келе жатқан мирас болар деп болжады. Сөйтіп, өз халқына, қазақ қыздарына ерекше құрметпен қарады.

Дарынды жастардың өнері қалың елге танылмай, күндердің күйбеңі жетегінде кете баратын жайларға да ой жіберетін болды. Не түрлі өнерлі қыздар институт сахнасынан әрі бармай, оқу бітіріп ауылға қайтатынын өз көзімен көріп те жүрді. Егер де өнер жолына бау­лыр болса, олардың ішінен ел таныр өрендер шығатынына да сенді. Осындай көптеген толғаныс жаңа ой, жаңа мақсат туғызды. Москвада жүргендегі студенттік қиялы қайта бас көтерді. «Тек қыздардан ансамбль ұйымдастырып көрсе… Қазақ қыздарының өнерін Одаққа, тіпті шетелдерге танытса…». Осы бір жалт ете қалған арман ұшқыны бар еркін билеп алып, терең толғандыра бастады. Сөйтіп, өзге мекемеге ауыссам деген ойды жайына қалдырды да, жаңа бір іске бекем бел буды. (Қуанбек Боқаев. «Өнерлі өрге жүзер» Алматы, «Қазақстан» баспасы 1980 ж. 36-38 беттер)

***

Осы кітап жазылған кезде Мәскеуде Мұрат Әуезов, Советқазы Ақатай се­кілді жастар ұйымдастырған «Жас тұл­пар» ұйымы туралы жазуға тыйым салынған болатын. Марат ­Балтабаев «Жас тұлпардың» мүшесі болған еді. Осы шығармада суреттелген «Жас тұлпар­дың» басшысы Мұрат Әуезов еді. «Жас тұлпар» қуғындалғаннан соң Марат Балтабаев Алматыға келіп «Айгүл» вокалды-инструменталды ансамбль ұйымдастыруының ерекшелігін де айта кетелік. Қазақ әндері мен күйлерін шетелдік музыка аспаптары арқылы орындау қазақ өнерін заман ағымына, барша халықтардың талғамына орайластыра өңдеу тамаша нәтиже бергенін өмір көрсетті. Бұл ретте «Досмұқасан», «Айгүл» ансамбльдерінің музыка әлеміндегі ерекшелігі қазір үлгі-өнеге етуге лайық бастама деуге болады. Бұлай дейтініміз, бұл күндері шетелдің музыка аспаптарымен шетелдік сазгерлердің туындыларын орындауды жақсы жетістікке балап жүргендей көзқарас белең алып барады. Мұның қазаққа да, шет жұрттарға да берері, пайдасы шамалы десек жаңсақ айтқандық болмас. Өйткені шет жұрттар өздерінің музыкалық шығармаларын орындаған өздерінің өнерпаздарының өнерін қашан да жоғары бағалайтыны сөзсіз. Ал екіншіден, қазақ әншілері мен сазгерлерінің шет жұрттар әндері мен саздарын ғана орындауы қазақтың музыка өнері дамымаған, жұтаң дегендей ойға жетелейді. Ал қазақта мыңдаған ән-күйлер ғана емес М.Төлебеав пен Е.Брусиловскийден бастап, Ғ.Жұбановаға дейін әйгілі сазгерлер жазған Батыстың шығармаларынан кем емес классикалық шығармалар – симфониялар мен поэмалар, романс­тар, сиюталар қаншама десеңізші! Ал үшіншіден, қазақ ән-күйлерін, әсіресе қазақ халқының ән-күйлерін шетел аспаптарымен орындау шет жұрттарға қазақты танытудың, қазақ өнерін насихаттаудың ең тиімді тәсілі болмақ. Міне, осыны Марат Балтабаев терең ұғынған болса керек. «Айгүл» ансамблінің репертуарына сараптау жасасақ, мұнда тіпті тоқсан пайыздан астамы тек қана қазақтың халықтық ән-күйлері деуге болады. Әрине, қазіргі жұлдыз атанып жүргендер секілді музыка сазын өзі жазып, ансамбльге орындатып өзін әспеттеп, насихаттау ол үшін қиын болмас еді. Алайда Марат Балтабаев мұндай мақтансүйгіш қасиетті бойына дарытпаған. Өзінің халқының өнерін өзінен де, өзгелерден де жоғары ұстап қасиеттегені даусыз. Ол «Айгүл» ансамблінің орындалуына арнап «Тек қана қыздар» деген ән жазыпты. Бұл ән «Айгүл» ансамблінің ерекшелігін ұқтыратындай қажеттіліктен туындаса керек. Бұл әннің сапалық деңгейіне қарасақ, Мараттың кәсіби түрде ән-күйлер шығаруға қабілеті жететінін білеміз. Алайда ол мұндай жолды ұстануды ойына да алмаған секілді. Оның барлық ой-арманы қазақтың музыка өнерін қазіргі заман талғамына орайластырып насихаттау және шет жұрттарға өз халқының музыка өнерінің ғажайып табиғатын ұғындыру болғаны өз алдына бір төбе әңгіме.

Бір сөзбен айтқанда, Марат Балтабаев өзінің халқын, қазақтың тілі мен өнерін шынайы беріле сүйіп, қасиеттеген нағыз ұлт патриоты бола білді десек асырып айтқандық болмас. Кейін Марат қазақша жатық сөйлейтін болды, профессор, ғылым докторы атанды. Қайтыс болар алдында ол ата-анасының Павлодар облысы Ертіс ауданында өмір кешкенін де зерттегенін, әкесі Хамит Балтабаев Риддерде Д.А.Қонаевпен бірге еңбек еткенін де әңгімелеп еді. Жалпы оның өмірі мен өнері үлгі-өнеге етуге лайық екені шүбәсіз. Сондықтан Алматыда бір көшеге есімін беру, өзі қызмет еткен оқу ордасында есте қалдыру шаралары, еңбектерін насихаттау жолдары қарастырылғаны да ләзім болар еді. Сондай-ақ М.И.Есенәлиевтің де өмір жолдарын, патриоттық ұстанымын насихаттау, осы секілді өнегелі адамдар жөнінде фильмдер жасаудың да маңызы зор болатыны түсінікті.

***

Бұл күндері «жас кезімізде орысша оқыған едік, есейген соң қазақша үйрену мүмкін емес» дегендей сөздерді жиі естіп жүрміз. Мұндай сылтау өз ұлтын қадірлемеу, өзге ұлттарға қарағанда өз ұлтын кемшін санау көзқарасынан туын­дайтын болса керек. Міне, нақ осындай ұстаныммен жиындарда, телеарналарда, көпшілік алдында, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер алдында қазақ тілін менсінбей, орысша сүйреңдеп сөйлеуді мақтан көретін қазақтардың қай-қайсысын болсын қазақтың патриот азаматы емес деуге болады.
Жалпы, ана тілін білу, өз ұлтының патриоты болу сезімі бала кезінен отбасынан басталатыны жөнінде ойшылдар мен педагогтар аз айтқан жоқ. Шынында да солай. Егер баланың ата-анасы ұлтының шынайы патриоты болмаса, бала есейе келе өз ұлтын қасиеттемейтін, өзінің ана тілін меңгеруді мақтан етпейтін, тіпті ана тілін мүлде білгісі, үйренгісі келмейтін мәңгүрт азамат болып қалыптасатыны жөнінде де пікірлерді де естіп жүрміз. Егер баланы жастай өзінің ана тілін сүюге, өз ұлтын қасиеттеп мақтан тұтуға тәрбиелесе, өсе келе ол қандай бөгде тілде оқып, білім алса да өзінің ана тілінде сөйлеуден жаңыла қоймайды екен. Орыс мектептерінде оқып жүрген грузин, чешен, өзбек балалары өз тілінде еркін сөйлейтінін байқауға болады. Жалпы қазақ балалары арасында да осындай жайттарды ұшырастыруға болады.

Осыған орай, өзімді таңдандырған бір оқиғаны да сөз реті келгенде баяндай кетейін. Мұнан біраз жыл бұрын генерал Абай Тасболатов Алматыдағы әскери академиясының бастығы болған кезде одан сұхбат алмақшы болған едім. Телефон шалып хабарласқанымда «Бүгін уақытым жоқ, ертең бізге Парламент депутаттары келеді. Солармен бірге оқу орнымызды аралап, кеңінен танысқаныңыз жөн болар. Сонан соң сұхбаттасайық» деді. Ертеңінде таңертең ертелетіп академияға келдім. Парламенттің бір топ депутаттарымен бірге оқу орнын араладым. Әскери академия дегеніңіз кішігірім қалашық дейтіндей бірқатар ғимараттары бар, іші ат шаптырымдай екен. Абай Тасболатов депутаттарды бастап, ғимараттардағы оқу орындарын, қару-жарақтарды, зертханаларды, сабақтың қалай жүретінін оларға кешке дейін таныстырды. Сонда бір байқағаным, әрбір зертханада, дәрісханада ұстаздар мен қызметшілер қазақ болса, генерал қазақша сәлемдесіп қалайда қазақша бір-екі ауыз тілдеседі де, ал орыс болса орысша сөйлеседі екен. Депутаттар кеткеннен кейін әскери академияның бастығы «қазір кеш болып кетті, ертең кеңінен сұхбаттасайық» деді. Ертеңінде кабинетіне келсем, қолында домбырасы бар, қазақ шапанын иығына жауып, ол мені қарсы алды. Академия туралы, еліміздің әскери күші туралы әңгімеден соң, оның өз өмірін сұрастыра бастадым.

Ол Солтүстік Қазақстан облысын­дағы қазағы сирек, орысы басым бір ауылда туып, өсіпті. Ауылдағы орыс мектебін бітірген соң, Ташкенттегі әскери училищеге түскен. Әскери қызметтен кейін Мәскеуде әскери академияда оқып, өмір бойы әскери қызметте келеді екен. «Өмір бойы қазақ ортасында болған жоқпын» дейді сөз арасында. Ал өзі қазақшаға судай. Еркін сөйлейді. Менің таңданғаным сондай, ол тіпті қазақша домбырамен ән айтып, өлең-жырларды жатқа оқыды. Тіпті өзі қазақша өлең де шығарады екен. «Мәскеуде академияда оқып жүргенде көркемөнерпаздар байқауында қазақша киініп, домбырамен қазақша ән айтып, талай рет жүлде де алып жүрдім» деп онысын мақтана айтып қояды. Бұл күндері есімі халқымызға кеңінен таныс генерал Абай Тасболатов Парламент депутаты болып жүргені баршаға мәлім. Мені таңдандырғаны, өмір бойы қазақтың ортасында жүрмеген, қазақша оқымаған оның қазақ тілін ұмытпай, тіпті еркін меңгергені болды. Мұның өзі бала кезінде, отбасында өз ұлтына деген сүйіспеншілік сезімін, қазақтың салт-санасын, тілін, өзге де құндылықтарын зердесіне терең сіңіргеннен болса керек.

Ал Қазақстанда тұрып, қазақ ортасында жүріп, қазақша сөйлей білмейтін қазақ балаларына, жалпы қазақ жастарына қынжылмасқа бола ма?! Сірә, мұның бәрі үй тәрбиесінен, ата-анасының бала­сына өз ұлтын қасиеттеуді санасына сіңі­рмеуден болса керек. Сондықтан мұндайлар есейген кезеңінде де қазақша білуге бейімделе қоймайтын көрінеді. Мұндайлардың кеуде қағып «еліміздің, ұлтымыздың, қазақтың патриот азаматымын» деген сөзіне өз басым илана қой­маймын. Шынында да солай емес пе?!

Соңғы сапарға шығарып салды

 

/«Ана тілі». 04.01.2013. Сәуле Жасбатырқызы./ - Алматыда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясы ғимаратында әуе апатынан қаза болған Қазақстанның шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарған полковник Тұрғанбек Стамбеков пен оның жары Сәуле Стамбекованы ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

Полковник Тұрғанбек Стамбековты жер қойнына тапсыру рәсіміне Қазақстан Республикасының ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, әскери қызметшілер және шекара қызметінің ардагерлері қатысты. 

«25 желтоқсанда қайғылы апат орын алды. 27 ­дайын офицердің мезгілсіз қазасы бүкіл қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Полковник Стамбеков темірдей тәртіппен, терең білімімен ерекшеленген тұлға болатын. Ол зас­тава басшылығынан ірі аумақтық құрылым басшылығына дейін абыроймен жетті. Елбасының Стамбековке шекара қызметі басшылығын тапсыруы оның білімі мен біліктілігіне деген сенімінің айғағы еді. Стамбеков еліміздің «Шекара қызметі туралы» Заңын қабылдауға белсене атсалысты. Қызметке келген уақытынан бастап жаңа заставалар ашып, көптеген игі істер атқарды. Өмірлік серігі Сәуле Стамбекова да онымен бірге ажал құшты. Біз олардың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз» деді Қазақстан Республикасының ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев.

Қазақстан Республикасының ҰҚК басшысы қаза болған полковниктің және басқа да әскери қызметкерлердің туған-туыстары, балалары мемлекет қолдауынан қол үзбейтінін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 2012 жылдың 25-ші желтоқсанын­да Шымкент қала­сынан 20 шақырым жерде Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметінің ведомстволық «Ан-72» ұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан ұшақ бортында болған 27 адам қаза болды. Қазіргі таңда олардың денесі анықталып, барлығы жерленді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілерінің қазаға ұшырауына байланысты 27 желтоқсан 2012 жылы Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту күні болып жария­ланды.
30 желтоқсан 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығы ұшақ апатынан қаза болған шекарашылардың жиырма бірін соңғы сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсіміне Парламенттің Сенат және Мәжіліс депутаттары, үкімет мүшелері, жергілікті билік пен барлық құқық қорғау құрылымдарының өкілдері және қаза болғандардың ағайын-туыстары қатысты. Азалы жиында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев, Үкімет басшысының орынбасары Қырымбек Көшербаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мәулен Әшімбаев, Ұласбек Сәдібеков және шекара қызметінің ардагерлері сөз сөйледі. Шекарашыларды ақтық сапарға шығарып салуға байланысты ұйымдастырылған рәсімге 10 мыңнан аса адам қатысып, марқұмдармен қоштасты.

 

 

Төрт қабырға туралы толғау. Тұрғындар баспаналы болу үшін мемлекет не істей алады?

 

/«Дала мен қала». 04.01.2013. Еркін Досымбай./ - «Үйі жоқтың – күйі жоқ» екенін қазақ елінің әрбір азаматы біледі. Олай дейтініміз осы бір әлеуметтік мәселеге бас ауыртпаған адам жоқ шығар. Ғасырдан ғасырға ауысып келе жатқан баспана мәселесі нарықтық қатынастағы бүгінгі қоғамда қалтасы қалыңдар үшін шешімін тауып жатса, қарапайым халықтың арманына айналған. Десек те, баспанасыз жүрген бұқараны тұрғын үймен қамтамасыз етуде кешегі немесе бүгінгі билік әрекет жасап-ақ жатыр. Ал ол әрекеттер қаншалықты нәтижелі?

Деректерге жүгінсек, кеңестік кезеңде тұрғын үй мәселесін шешу бағытында түрлі амалдар қолданылған екен. Мысалы, 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін ең­бекші халыққа байларға тиесілі үйлер үлестірілген. Байдың үйі қайбіріне жетсін, дегенмен қалың бұқараның көңілін аулауда бұл да бір амал. Сол ХХ ғасырдың отызыншы жылдары өнеркәсіптік негізде тұрғын үй құрылысы басталыпты. Алға­шын­да баспанаға мұқтаждарды тегін қам­тамасыз ету көзделген екен. Алайда, эко­номикалық тұрғыда тиімсіз болғандықтан, азаматтарға үй беріле салысымен белгілі көлемде төлемақы енгізіліпті. Жоспарлы жүйе белгілері басымдық танытқан ол кезеңде тегін баспанамен қамту ұраны сақталған. Онымен тұрмай, тегін баспанамен қамту социалистік идеологияның бір элементі еді. Дегенмен, пәлен пайыз тұр­ғын­дарды үй-жаймен қамтамасыз ету көр­сетіліп, жарияға жар салған бесжылдық жоспарлар орындалған жоқ. Бұл жүйеге «жан бітіру» бағытындағы соңғы әрекет 1987 жылы жасалды. Осы жылы «Тұрғын үй – 91» бағдарламасы қабылданды. Онда 1987 жылдың 1 қаңтарына кезекте тұрған отбасыларды жуық арадағы бес жылда тұрғын үймен қамтамасыз ету қаралды. Ал, тұрғын үйге мұқтаж ауыл тұрғындары жыл ішінде баспаналы болуы тиіс болатын. Алайда, жастар тұрғын үй кешендері құ­рылып, бірқатар азаматтар баспаналы болғанымен, бұл бағдарлама толық орындалмады. Тұрғын үй қатынасындағы сы­бай­ластық өткен ғасырдың жетпіс-сексе­нінші жылдары өрши түсіпті. Қызметтік жағдайын пайдаланған басшылар кезекті айнала өтіп, өз туған-туыстарын, жерлес-жақындарын пәтермен жарылқап отырған. Баспана кезегі дегеніңіз қағазда ғана қалып, іс жүзінде орындалмаған. Әлгі бағдарла­маның орындалуына осы жайттар да ке­сірін тигізсе керек. Тарихи деректер осылай дейді. Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары тұрғын үйге қатысты заңнама­ларға өзгерістер енгізіліп, бұл салаға ерекше назар аударыла бастады. Дегенмен, тоқсаныншы жылдары тұрғын үй құры­лысының көлемі жылына 1 млн. шаршы метрге дейін төмендеген, яғни сексенінші жылдармен салыстырғанда 6-7 есеге азай­ған. Тек жаңа ғасырдың, яғни 2000-шы жылдардың ортасында ғана тұрғын үй құ­рылысын дамыту бағдарламасы іске асырыла бастап, мемлекеттік қолдаудың арқа­сында құрылыс қарқын алды. Бірақ, баспана кезегінде тұрған азаматтардың саны азайған емес, керісінше көбейіп келеді.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша елімізде баспанаға мұқтаждардың есебінде 197 475 адам тұр. 2012 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша өткен жылдың осы ке­зеңімен салыстырғанда республика бойынша кезекте тұрғандар саны 50 616 адамға немесе 34 пайызға өскен. Кезекте тұрған азаматтардың саны, әсіресе Алматы облысында 2 есе көбейсе, Солтүстік Қазақстан облысында – 77%, Ақтөбе облысында – 58%, Атырау облысында – 53%-ға, ал Алматы қаласында 57%-ға өскен. Алайда, жуырда Мәжілісте өткен парламенттік тыңдауда депутат Дариға Назарбаева баспана мәселесімен облыс әкімдіктерінде кезекте тұрғандар туралы мәлімет үлкен күмән тудыратынын мәлімдеді. «Біз ең маңызды әрі аса қажетті көрсеткіштерді, мәселен, барлық облыстардан баспана кезегінде тұрғандарға қатысты жағдайды көрсететін мәліметтерді ала алмадық. Қостанай, Маңғыстау, Алматы, Атырау облыстары туралы мәлімет берілмеді. Ал келіп түскен кейбір көрсеткіштердің өзі үлкен күмән туғызады. Мәселен, халқы ең көп қоныстанған Оңтүстік Қазақстан облысында баспанаға ресми кезекте бар-жоғы 10 мың адам ғана тұр. Ал Шығыс Қазақстан­дағы кезекте тұрғандар саны 15 мың 156 адамды құрайды. Осы көрсеткіштерді тере­ңірек тексеру керек деп санаймыз», – дейді Д. Назарбаева. Баспанаға мұқтаж­дардың ресми мәліметтерден әлдеқайда көп екенін Премьер-Министрдің орынбасары Қырымбек Көшербаев та жасырмады. Вице-министр «тап-тар жағдайда, таныс-туыстарының үйінде, әйтпесе, жалдап тұрып жатқандардың» әлдеқайда көп еке­нін ашып айтты. «Яғни, біз баспанаға мұқ­таждардың саны ресми мәліметтен әлде­қайда көп, ең кемі 2 есе жоғары екенін білеміз. Адамның баспанаға қажеттілігі – бұл толғағы жеткен қажеттілік. Қажеттілік тұрғысынан келсек, шынымен де баспана бұл азыққа, суға деген қажеттілікпен бірдей деңгейде тұр. Тұрғын үй жайы әрбір аза­матқа, әрбір қазақстандыққа қатысты әрқа­шан өзекті болып келген елеулі мәселе», – дейді Қ. Көшербаев. Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда тұрғын үй тапшылығы 28 млн. шаршы метрді құрайды екен. Бұл шамамен 400 мың отбасы баспанаға мұқтаж деген сөз. Тұрғын үйге мұқтаждардың басым бөлігі, яғни ресми кезекте тұрғандардың 115 096-сы «тұрғын халықтың әлеуметтік әлсіз топтары» санатына жататын азаматтар екен. Өткен жылмен салыстырғанда кезекте тұрған аталмыш санаттағы азаматтардың саны 29 пайызға өсіпті. Бұл көрсеткіш әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Алматы қаласында өсе түссе, Маңғыстау, Ақмола облыстары мен Астана қаласында төмендеген. Кезекте тұрғандар саны жағынан екінші орында бюджет саласын­дағы қызметкерлер келеді. Олардың саны республика бойынша – 80 112 адам. Осы санат бойынша кезекте тұрғандар санының төмендеуі Шығыс Қазақстан облысында ғана тіркелген, ал қалған облыстарда өсе түскен. Бұл орайда, кезекке тұрғандар саны 4 есе өскен Алматы және 1,8 есеге көбейген Астана қаласы мен 2 есе өскен Ақтөбе облысы көш басында тұр. Айта кетелік, кезекте тұрғандар саны­ның өсуін сарапшылар мұқтаж азаматтарды есепке қою қызметін­дегі жаңашылдық­тармен де байланыстырады. Яғни, құ­жат­тар жинап, кезекке тұру­дағы бірқа­тар рәсімдер оңайлатылған.

Жоғарыда айтып өткеніміздей 2005 жылдан бастап тұрғын үй құрылысында жаңа кезең басталды. Бұл сала Қазақстан­ның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы басым бағыттарының бірі болып танылып, ұлттық сипаттағы маңызды міндеттердің бірі ретінде аталды. Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарла­масы және оны жүзеге асырудың жоспары бекітілді. Аталмыш бағдарламада жыл сайын әр облыста, Астана және Алматы қалаларында әлеу­мет­тік қорғалатын азаматтарға жекеше­лен­діру құқығынсыз тұрғын үй беру үшін 100 пәтерлік тұрғын үй салу қарастырылған болатын. Сондай-ақ, құны бір шаршы метріне 56 515 теңгеден аспайтын орташа тапқа арналған арзан тұрғын үй салу мәселесі қамтылды. Қолжетімді тұрғын үйді ипоте­калық несие­леудің арнайы бағдарламасы әзірленді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша жалпы алаңы 17,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. 2005-2007 жылдары қаржыландырудың барлық көз­дері бойынша тұрғын үй құрылысына 1113 млрд. теңге инвестиция жұмсалған. Жалпы республика бойынша 155775 пәтер, 80170 жеке тұрғын үй пайдалануға берілген. 100,260 млрд. теңге көлемінде бөлінген несиелік қаражат есебінен 2 236,2 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үй, 25 472 пәтер іске қо­сылған. Осы қарқынды бәсеңдетпеу, ке­рісінше дамыта түсу мақсатында елімізде 2008-2010 жылдарға арналған жаңа мем­лекеттік бағдарлама бекітілді. Аталмыш құжатта аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтуға көңіл бөлінген. Осы екінші кезеңде жалпы алаңы 19,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жос­пар 102 пайызға орындалған, 1114,5 млрд. теңге инвестиция жұмсалған. Жалға бері­летін тұрғын үй құрылысына 29100,721 млн. теңге бөлініп, 468,9 мың шаршы метр тұрғын үй, 6304 пәтер салынған. Ал несие­лік тұрғын үй құрылысына респуб­ликалық бюджеттен 49 800 млн. теңге бөлініп, 1395,7 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үй, 16734 пәтер пайдалануға беріліпті. Құры­лыс жұмыстары қос бағдарламамен шектелген жоқ, Үкімет 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламаны қабылдады. Өткен жылы қаржыландырудың барлық көздері бойынша 6,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 55 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартыпты. Тұрғын үй құрылысына 421 млрд. теңге инвестиция жұмсалған. Қысқасы, ресми мәлі­меттерге жүгінсек, Тәуелсіздік жылдарынан бері қарай 1,5 млн. қазақстандық өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартыпты. Қыруар қаржы бөлініп, миллиондаған шаршы метр тұрғын үйлер тұрғызылып жатыр. Алайда, кезектің жылжуы әлі де баяу.

Жоғарыда біз айтып өткен парламенттік тыңдауда Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева қолда бар статистиканың көңілге үміт ұялатпайтынын жасырмады. «Ресми деректер бойынша 2011 жылы кезекте тұрған 147 мың адамның 4 мың 901-і ғана, яғни олардың 3 пайызы ғана ойдағы арманына қол жеткізіп, баспаналы болған. Мұны сөзбен түсіндіріп жатудың өзі артық болар. Қарқынымыз осы болса, қолжетімді тұрғын үй тапшылығын елу жылда да еңсере алмасымыз анық», – дейді депутат. Яғни, бү­гінгідей қарқынмен жыл сайын қатары көбейе түсетін «халықтың әлеуметтік әлсіз топтары» санатындағылар үшін баспана арман күйінде қала беруі мүмкін. Шамасы келгендер немесе кезектен үмітін үзгендер екі есе шығындануға мәжбүр ететін банк­терден ипотекалық несие алуда. Бұл орайда, Вице-премьер Қ.Көшербаев ипотеканың жақын аралықта арзандамайтынын мо­йындау және қажетсіз құрғақ уәдемен жұрт­ты адастырмау керек деп есептейді. Еліміздегі ипотекалық жүйе нашар дамы­ған. Қарыз қымбат, несие бойынша мөл­шерлемесi өте жоғары, бүгінгі орташа несие мөлшерлемесі 14-16 пайызды құрап отыр. Ал ипотека арзандауы үшін банкте ұзақмерзімді әрі арзан қаражаттар көзі болуы шарт. Елге мәлім бүгінгі таңда «Қол­жетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Десек те, бұл бағдарлама бойынша отбасыңызда нақты 100 мың теңгеге дейін табысыңыз болса да тұрғын үй сатып алу үлкен проблема екен. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокиннің айтуынша, «Қолжетімді баспана» бағдарламасының жобасын әзірлеген кезде жұмыс тобы халықтың сатып алу сұранысының, жалақының және тұрғын үй бағасының параметрлерін анықтаған. Мысал ретінде 4 адамнан тұра­тын, соның ішінде екеуі жұмыс істейтін және айына 106 мың теңге нақты табыс табатын орташа статистикалық отбасы қарас­тырылыпты. «Осы отбасының шығыс­тары 64 мың теңге сомасында, бір адамға айына 16 мың теңгеден тиеді. Ал пәтер сатып алу үшін бос лимит 42 мың теңге (106 – 64 = 42). Алаңы 40 шаршы метр пәтерге ай сайынғы төлем ипотекалық қарыз (15 жыл мерзімге, 12% жылдық ставка) бойынша: жаңа үйде – 86 мың теңге, бұл 42 мың теңге деген қолжетімді лимиттен 2 есе артық. Осындай шартпен қайталама нарықта – 63 мың теңге құраса, бұл лимиттен 1,5 есе артық. Сонымен, айына нақты 100 мың теңгеге дейін табысы бар отбасы үшін өз бетімен тұрғын үй сатып алу үлкен проблема болып отыр. Бұл халықтың эко­номикалық жағынан белсенді 8 миллион адамның 6 миллионын құрайды», – дейді. Демек, алты миллион халықтың бұл жүйе­мен баспаналы болуы қиын. Бағдарла­мада 2015 жылға қарай жалға берілетін тұрғын үй көлемін 1 млн. шаршы метрге жеткізу, 2020 жылға қарай құрылыстың жылдық көлемін 10 млн. шаршы метрге дейін ұлғай­ту мақсаты көзделген. Ал, 2014 жылдан бастап жыл сайын жалға берілетін 4500 пәтер салынбақ. Қазіргі күні бұл көрсеткіш 2-2,5 мың пәтер­ді ғана құрайды. Сондай-ақ, кейбір мерді­герлердің құрылыс салу және тұрғын үйді пайдалануға беру мерзімдерін бұзуы да жағдайға кері әсер етуде. Қара­ғанды, Маң­ғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында және Алматы мен Астана қалаларында тұрғын үйді іске қосудың жылдық жоспары орындалмауы мүмкін.

Әрбір екінші қазақстандық тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж. Бұл «Әлеу­меттік-саяси зерттеулер орталығы» Қоғамдық қоры жүргізген зерттеулер нә­ти­жесі бойынша анықталған дерек. Халыққа баспаналы болудың бірнеше жолы ұсы­нылуда. Бірақ ол үшін төлем қабілетіңіз болуы қажет. «Қазақстан тұрғын үй құры­лыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаеваның мәліметінше, бас­пана сатып алуға сұраныс ұсыныстан 1,5-2 есеге дейін артық. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында банк 4,4 миллиард теңге сомасына несиелер беріп үлгерді. Қазіргі уақытта салынып жатқан 7 883 пәтерді сатып алуға 12 мыңға жуық өтініш түсті. Яғни, осы тұрғын үйлерге сұра­ныс ұсыныстан 1,5 есе, ал Алматы, Астана қала­ларында 2 есе артық болып отыр. Жалпы, бүгінгі таңда бағдарламада көзделген тұр­ғын үйді пайдалануға берудің мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізілме­генін атап айту қажет. Мәселен, жергілікті атқару органдарымен жасалған келісімдер бойынша 2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайға сәйкес, жалпы ауданы 251 мың шаршы метр 3 840 пәтерлік 62 үй пайдала­нуға берілуі тиіс болса, нақты іс жүзінде жалпы ауданы 108 мың шаршы метр 1 573 пәтерлік 25 үй пайдалануға берілді», – дейді Н. Наурыз­баева. Сондай-ақ, басқарма төрайымының айтуынша, 2020 жылдың соңына қарай банкте жаңа несие берудің жалпы көлемі 1 триллион теңгені құрайты­ны, тұрғын үй салу және сатып алуға берілетін несиелер бойынша нарық үлесі 20 пайызға дейін өсетіні болжанып отыр. Жалпы құрылыс саласында кемшілік аз емес. Баспана бөлуде де «былық­тар» бар­шылық. Алайда, қарапайым халық тұрғын үй мә­селесінің тезірек ше­шілгенін қалайды. Әсі­ресе, жоғарыда айтылғандай Алматы мен Астана қалала­рында баспанаға мұқ­таж­дар әлдеқайда көп. Осы орайда, Мә­жіліс депутаты Рауан Шаекин аталмыш қос қалада азаматтарды тіркеуді шектеу қажет­тігін айтып отыр. Сарапшылар дәл осылай мәселе ше­шіл­мейтінін және бұл қадам азаматтардың құқығын шектеу болып табылатынын, урбанизация қарқын алып, ауыл азаматтары қалаға ағылып жат­қан бүгінгі таңда тығы­рықтан шығудың басқа жолдарын қарас­тыру қажеттігін мәлім­деуде.

 

 

Жалпы отырыста арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда талқыланатын болды - Мәжіліс

 

ҚазАқпарат». 04.01.2013./ - Парламент Мәжілісі жаңа жылдың  алғашқы Бюросында   Палатаның алдағы өтетін жалпы отырыста қаралатын қосымша мәселелерді  анықтады.

Мәжіліс аппараты баспасөз қызметінің хабарлауынша, депутаттардың талқылауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң  жобасы екінші оқылымға шығарылатын болды.

Күн тәртібінің жобасына Палата қорытынды әзірлеу мерзімін нақтылайтын: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қосылды.

Сонымен қатар, «Еуропа  Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімге оның Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі қызметін санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы»; «Еуропа  Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімге алушы елдерде және әлеуетті алушы елдерде  арнайы қорлардың қаражатын пайдалануды  санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы» және «Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралы» актілер де осы топқа енді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Палатаның комитеттеріне тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып алдағы болатын жалпы отырыста қарауға жоспарланған заң жобаларын мұқият әрі сапалы әзірлеуді тапсырды. 

 

 

Қосымша мәселелер анықталды

 

/«Егемен Қазақстан». 05.01.2013./ - Парламент Мәжілісі жаңа жылдың  алғашқы бюросында   палатаның алдағы өтетін жалпы отырысында қаралатын қосымша мәселелерді  анықтады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Депутаттардың талқылауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң  жобасы екінші оқылымға шығарылатын болды.

Күн тәртібінің жобасына палата қорытынды әзірлеу мерзімін нақтылайтын: «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі мен Ук­раи­­наның Министрлер каби­не­тінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Үкіметі мен Украи­­наның Министрлер каби­не­­тінің арасындағы Қазақ­стан Республикасының Украи­на­дағы және Украинаның Қазақ­стан Рес­публикасындағы дип­ло­ма­тиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қосылды.

Сонымен қатар, «Еуропа  Қай­та құру және даму банкін құру туралы келісімге оның Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі ел­де­ріндегі қызметін санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы»; «Еуропа  Қайта құру және даму банкін құру туралы келісімге алушы елдерде және әлеуетті алушы елдерде  арнайы қорлардың қаражатын пайдалануды  санкция­лайтын түзетуді ратификациялау туралы» және «Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралы» актілер де осы топқа енді.

Парламент Мәжілісінің Тө­ра­ғасы Нұрлан Нығматулин па­ла­таның комитеттеріне тиісті мем­лекеттік органдармен бірлесе оты­рып алдағы болатын жалпы оты­рыста қарауға жоспарланған заң жобаларын мұқият әрі сапалы әзір­леуді тапсырды.

 

 

 

Стратегияға назар аударылды

 

/«Егемен Қазақстан». 05.01.2013./ - Жақында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Әділ Ахметов Нор­вегияның «The Oslo Times» жаңалықтар желі­сі­нің бас редакторы Хатеф Мухтармен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелер, сондай-ақ әлемдегі және аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығай­ту­дағы Қазақстанның рөлі туралы пікір алмасылды.

Ә.Ахметов әңгіме барысында тәуелсіздіктің 21 жылдығы қарсаңында Президент Н.Ә.Назарбаев жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қа­лып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында мазмұндалған еліміздің ХХІ ғасырдағы орнықты даму стратегиясына назар аударды.

Ә.Ахметов республиканың 2050 жылға дейінгі даму жоспарына қатысты айта келіп, Мемлекет басшысы ұсынған ХХІ ғасырдағы 10 жаһандық қауіптің жауаптарына, оның ішінде тарихи кезеңнің жеделдеуіне, жаһандық демографиялық алшақтық, табиғи ресурстардың таусылуы мен біздің өркениет құндылықтарының дағдарысына тоқталды.

 

 

Жетімдердің құқықтарын қорғауға бағытталған

 

/«Егемен Қазақстан». 05.01.2013./ - Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы таныстырылды, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Заң жобасы бойынша Білім және ғылым министрінің орынбасары Саят Шаяхметов баяндама жасады. Аталған заң жобасы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, соның ішінде, қамқоршылықтағы немесе қорғаншылықтағы, патронаттық тәрбиедегі балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету аясындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру қажеттілігінің туындауына байланысты әзірленді.

Заң жобасы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» («Салық кодексі»), «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстерге, «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Заң жобасымен танысқан соң Мәжіліс депутаттары Гүлмира Исімбаева, Розақұл Халмұрадов, Светлана Ферхо, Ахмет Мұрадов, Ольга Киколенко, Гүлнара Ықсанова, Азамат Әбілдаев баяндамашыға сауалдарын қойып, жауаптар алды.

 

 

Депуттаттар өңірлерге аттанады

 

/«Қазақстан ТРК». 08.01.2013. Нұрсұлу Қасым./ - Қаңтардың 10-да Парламент депутаттары Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясын халыққа түсіндіру мақсатында өңірлерге аттанады. Бір апта бойы халық қалаулылары тұрғындармен кездесіп, жергілікті жерлердің көкейтесті мәселеріне қанығатын болады. «Нұр Отан» ХДП атынан сайланған депутаттар бүгін бас қосып, сапар барысында атқаратын іс-шараларын пысықтады. Сондай-ақ, кездесуде партия жетекшілері институтының өткен жылы атқарған істерін қорытындылап, жаңа жылға жоспарларын айқындады.

 Депуттар Елбасы Жолдауын халыққа жеткізу мақсатында өңірлерге жыл сайын барып жүр. Бірақ, бұл жолғы сапардың салмағы ауыр, деседі өзара. Өйткені, «Қазақстан-2050» стратегиясын көпшілікке түсіндіріп қоймай, сол мақсатқа қол жеткізудің жолдарын халықпен бірігіп қарастырулары қажет. Ғаламдық дамудың жаңа сатысына көтеретін биылғы Жолдаудың жауапкершілігі зілбатпан, дейді Қуаныш Сұлтанов.  

Қуаныш Сұлтанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Айрықша бөліп айтатыным, мемлекеттік тіл туралы Президент анық айтты. Ең алдымен, қазақтың осыған көрсететін саналы қайраткерлігіне біз мән беруіміз керек. Осындай жағдайда қазақ мемлекеті бола алатымызды айтты. Қазақ мемлекетінен мәңгілік ел деген біздің болашақ арманымыз, екіншіден нақты мақсатымыз. Осы мәлелерге ұрпақты дайындауға әрекет жасауымыз керек.

Ұлттың болашағын қамтамасыз ету үшін Шығыстағы шекаралас ауылдардың проблемаларын да шешу керек, дейді мәжіліс депутаты Төлеген Ыбыраев. Айтуынша, өңірдегі Қытаймен шекаралас 5 аймақтың 220 мыңдай тұрғыны әлі күнге мектеп пен ауруханаға зәру. Ем мен білім алатын мекемелердің жоқтығынан халық шекара шетін тастап, жан-жаққа жаппай көшіп жатыр.

Төлеген Ыбыраев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Шығыстағы шешімін таппай тұрған тағы бір дүние Қытаймен ортақ өзен - Ертіс өзені. Зиялы қауымды Шығыс қобалжытып жүр. Қытай сол суды өзінің жеріне пайдаланып отыр. Шығыс Қазақстан мен Павлодар әлі күнге пайдалана алмай отыр. Оны пайдалану үшін келісім бар екі елдің арасында егер де Қазақстан суармалы егістікті дамытатын болса, онда Ертістің суын пайдалануға болады. Сондықтан, бұрынғы суармалы жерлерді көтеруіміз керек.

Көптің көңілін тағы қандай көкейтесті мәселе күпті қылып жүр деген сұраққа «Нұр Отан» ХДП арнайы сауалнама жүргізіпті сапар алдында. Халықтың бір бөлігі азық-түлік пен коммуналдық қызмет бағасының көтеріле беретініне арыз айтса, енді бірі медициналық қызмет сапасының төмендігіне, жұмыссыздыққа шағымданыпты. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев саяси ұйым жетекшілері мен партия атынан сайланған депутаттарға бір аптаға созылатын сапар барысында тұрғындардың проблемасын шешуге ат салысуды тапсырды.

 

 

Кеден Одағына қатысты заң жобасының тұсауы кесілді

 

/«Қазақстан ТРК». 08.01.2013. Гүлжазира Ғалиқызы./ - Кеден Одағындағы кедергілерді кеміту үшін еліміздің 9 бірдей заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге тура келеді. Бүгін Парламент Мәжілісінде «Кеден Одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері» туралы заң жобасы қаралды. Заң жобасының басты міндеті - тауарларды тасымалдау тәртібін айқындау. Мәселен, осы заң бойынша, кейбір тауар түрлеріне лицензия беру жүйесін енгізу көзделген. Айталық, озон қабатын бұзатын заттар, қауіпті қалдықтар, дәрі-дәрмек, медициналық құрал-саймандар, есірткі заттар, радиоэлектронды құралдар немесе құрып кету қаупі төнген жан-жануар мен өсімдіктер тиісті мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз тасымалданбайды. Заң жобасының басты бағыты - осы. Сондай-ақ, Салық Кодексіне де өзгеріс енуі мүмкін. Өйткені, кеденнен қару-жарақ пен оқ-дәрі алып өтушілерге қосымша алым-салық салу көзделіп отыр.

Гүлжан ҚАРАҚҰСОВА, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бізде қару-жарақтың еркін саудасына тыйым салынған. Қызметтік қаруға рұқсат бар, ал жеке тұлғалар арнайы лицензиямен жүретін. Енді, біз бірыңғай экономикалық кеңістікте болған соң, жағдай өзгерді. Қару ұстауға рұқсаты бар азаматтар 3 ел территориясында да емін-еркін жүруге құқы пайда болды. Жаңа тәртіп енгізудің қажеті осыдан туып отыр.

 

 

Мәжілісте Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларына қатысты заң жобасы таныстырылды

 

ҚазАқпарат». 08.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./  - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы болып өтті.

Экономикалық даму және сауда вице-министрі Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, ұлттық заңнаманы Кеден одағының келісімдері мен халықаралық нормаларына сәйкестендіру сауда саласындағы мемлекетіміздің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Соған орай, Мәжілісте таныстырылған заң жобасының басты мақсаты қолданыстағы заңнамаларды Қазақстан қол қойған халықаралық келісімдермен сәйкестендіру болып отыр. Бұл ретте Қазақстанның 9 заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Атап айтқанда, ҚР Экологиялық кодексіне, Салық кодексіне, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске, «ҚР Ішкі істер органдары туралы» заңына, «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» заңына өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, «Лицензия туралы» заңнамаға да өзгерістер енгізу қарастырылған. Мысалы, озон қабатын бұзатын және құрамында олар бар өнімдерді, қауіпті қалдықтарды әкелуге, әкетуге лицензиялау енгізіледі. Сонымен қатар, адам ағзаларын (ағза бөліктерін), адамның тіндерін, қаны мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия көзделеді. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, жарылғыш материалдарды, пиротехникалық заттарды әкелу, әкету тәртібі айқындалады.

«Заң жобасын қабылдау Кеден одағы шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындауға ықпал етеді. Тарифтік емес реттеу шараларын қолдану бөлігінде үшінші елдерге қатысты бірыңғай сыртқы сауда саясаты жүргізіледі. Жалпы, құжат қабылданса әлеуметтік-эономикалық салдары оң болады деп күтілуде», - дейді М. Әбілқасымова.

 

 

Мәжілісте жаңа заң жобасы таныстырылды

 

/«Хабар» агенттігі. 08.01.2013./  - Бүгін Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті.

Ол бойынша депутаттар алдында Экономикалық даму және сауда вице-министрі Мадина Әбілқасымова баяндама жасады. Аталған құжат сауда саласындағы қызметке қатысты нормативтік құқықтық базаны құруға, бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуге және кеден аумағы арқылы тауарларды тасымалдау мәселелерін реттейді. Нормативтік құжат бойынша қажетті өзгерістер 9 құжатқа енгізілмек.

Гүлжан ҚАРАҚҰСОВА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Кеден одағына мүше екі елде мұндай заң бар. Бізде ол енді-енді қолға алына бастады. Алдағы уақытта ол әлі талқыланатын болады. Жұмыс топтарында көптеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.

 

 

Астанада «Нұр Отан» ХДП кеңесі өтті

 

/«Хабар» агенттігі. 08.01.2013./  - "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясының ішкі құрылымдық жұмысына жаңа серпілістер қажет.

Бұл Елбасының "Қазақстан- 2050" жаңа стратегиялық саяси бағытындағы жоспарларды және партияның сайлауалды тұрғырнамасын жауапкершілікпен іске асыруға жауап береді. Бүгін Партияның Орталық аппаратында Партия жетекшілері инстутитутының өткен кеңесінде Бақытжан Сағынтаев осылай деді. Атап айтқанда, өткен жылы құрылған Партиялық кураторлар жүйесін күшейтіп, оның уәкілеттілігін арттыру. Кезекті жоспарларды анықтап, іс жүзінде орындау. Осының негізінде сан -салалы партия кураторлары елдің аймақтарына шығып, сайлаушылармен кездесулер өткізеді. Ережеге сай әрбір куратор өзінің тиісті саласына ие. Негізгі міндеті Партияның сайлауалды тұғырнамасында бекітілген, сайлаушылар алдында берген уәделердің орындалуын қатаң бақылауда ұстау. Сондықтан бүгінгі жиында бір жылдың қорытынды жұмыстар талданып, аймақ тұрғындарымен жолыққанда келесі жасалатын қадамдар кеңінен пысықталды. Партия жетекшілері жұмісының тиміділігін арттыру жолдары айтылып, ұйымдастыру ісіне қатысты мәселелер шешілді.

Камал БҰРХАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

-Елбасымыздың "Қазақстан 2050" стратегиялық бағдарламасының төңірегінде біз өзіміздің әрбір куратор, партия аппараты болса да өзіміздің іс-қимылымызды, бағдарламаларымызға тиісті өзгертулер енгізіп жатырмыз. Себебі, кешегі қабылданған Елбасымыздың стратегиясы ол біздің іс-қимылымызда, жұмысымызда іске асу керек. Халыққа түсіндіруге тиістіміз, соған жұмылдыруға тиістіміз.

 

 

Мәжілісте Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларына қатысты заң жобасы таныстырылды

 

Kazakhstan Today». 08.01.2013./  -  Мәжілісте Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларына қатысты заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы болып өтті.

Экономикалық даму және сауда вице-министрі Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, ұлттық заңнаманы Кеден одағының келісімдері мен халықаралық нормаларына сәйкестендіру сауда саласындағы мемлекетіміздің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Соған орай, Мәжілісте таныстырылған заң жобасының басты мақсаты қолданыстағы заңнамаларды Қазақстан қол қойған халықаралық келісімдермен сәйкестендіру болып отыр. Бұл ретте Қазақстанның 9 заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Атап айтқанда, ҚР Экологиялық кодексіне, Салық кодексіне, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске, "ҚР Ішкі істер органдары туралы" заңына, "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" заңына өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, "Лицензия туралы" заңнамаға да өзгерістер енгізу қарастырылған. Мысалы, озон қабатын бұзатын және құрамында олар бар өнімдерді, қауіпті қалдықтарды әкелуге, әкетуге лицензиялау енгізіледі. Сонымен қатар, адам ағзаларын (ағза бөліктерін), адамның тіндерін, қаны мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия көзделеді. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, жарылғыш материалдарды, пиротехникалық заттарды әкелу, әкету тәртібі айқындалады.

"Заң жобасын қабылдау Кеден одағы шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындауға ықпал етеді. Тарифтік емес реттеу шараларын қолдану бөлігінде үшінші елдерге қатысты бірыңғай сыртқы сауда саясаты жүргізіледі. Жалпы, құжат қабылданса әлеуметтік-эономикалық салдары оң болады деп күтілуде", - дейді М. Әбілқасымова.

 

 

БЭК: Ұттық па, ұтылдық па?

 

 

 

/«Айқын». 09.01.2013. Айхан Шәріп./  -Есіктен кірген «Жылан жылында» бір түркі, қос славян елі арасындағы «еркін кеңістікті» қалыптастыру үдерісі аяқталатынға ұқсайды. Кеше Парламентте биылғы жылдың сәуір айында «Бірыңғай экономикалық кеңістікке» мүше мемлекеттер басшыларының қорытынды отырысы өтетіндігі хабарланды. Тиісінше, қазақстандық заң шығарушы биліктен наурыз айының соңына дейін Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы осы жаңа ұйымға қатысты барлық заңдарды қабылдап ал, келісімдерді тегіс ратификациялап үлгеру «сұралды». Демек, қалаулыларға қарқынға қарқын қосып, жанұшыра-жанталаса жұмыс істеуге тура келетінге ұқсайды.

Парламент жаңа жылдағы өз жұ­мысын тұсаукесерден бастады. Ке­ше заң шығарушы органға еліміздің ұлттық заңнамасын өзгертетін жә­не толықтыратын, «Үштік одаққа» қатысты түзетулердің тұтас пакеті енгізілді: қалаулыларға «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнама­­лық актілеріне Кеден одағында тариф­тік емес реттеу шараларын қолда­ну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылған еді.

Таныстырылымда баяндама жа­саған Экономикалық даму және сауда вице-министрі Мәдина Әбдіқасы­мованың айтуынша, бұл құжат үш ел Одағының сыртқы сауда саласын­дағы қызметін реттейтін тиісті норматив­тік, құқықтық базасын құруға, бірың­ғай мемлекеттік саясатты қамтама­сыз етуге, сондай-ақ олардың кеден аумағы арқылы тауарларды тасымал­дауға қатысты халықаралық құжаттар­мен белгіленген тәртіпті қолдануға бағытталған.

Заң жобасы Қазақстанның 3 ко­дексін, 6 заңнамасын өзгертеді! Түзетілетін ұлттық заң-құжаттар ара­сында Экологиялық, Салық, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстері, сондай-ақ «Ішкі істер органдары туралы», «Жекелеген қару түрлерінің айна­лы­­мына мемлекеттік бақылау жасау тура­лы», «Байланыс туралы», «Лицензиялау туралы», «Жануарлар дүниесін қор­ғау, өсімін молайту және пайдалану туралы», есірткінің заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы заңдары бар.

Жаңа ұйымның іске кірісуіне қа­рай Қазақстанда бірқатар салалар қа­таң мемлекеттік бақылауға ілігеді. Ол салаларда лицензиясыз жұмыс істеу енді мүмкін болмайды.
- Егер тарата айтсақ, - деді Эко­номикалық даму және сауда вице-министрі Мәдина Әбдіқасымова. - Денсаулық сақтау министрлігі енді «адамның ағзалары мен тіндерін, қа­ны мен оның компоненттерін» әкелуге және әкетуге лицензия береді.
Ішкі істер министрлігі «есірткі құ­ралдары мен психотроптық заттарды, олардың прекурсорларын» әкелуге және әкетуге лицензия береді. Қоршаған ор­таны қорғау министрлігі «озонды бұзатын заттарды және құрамында олардың өнім­дері бар заттарды әкелуге және әкетуге лицензия береді.

Бұл түзетулер пакеті сонымен қатар бірқатар заттарды үш мемлекеттің ортақ кеңістігінен сыртқа әкетуге тыйым салады. «Бұл заң жобасында және ол негізге ала­тын келісімдерде шекарадан алып өтуге тыйым салынатын тауарларға нелер жа­татындығы, үшінші елдерге апарылуы шек­телетін тауарларға не кіретіндігі өте нақты регламенттеледі» деді вице-министр Мадина Әбдіқасымова. Депутаттар ондай тауарларға қазір не кіретіндігін тарата айтуды сұраған, алайда экономика ми­нистр­лігі басшылығының өкілі ондай ті­зімнің Кеден комитетінің ғаламтордағы сайтында тұрғандығына сілтеме жасап, құтылды.

Бір қынжылтатыны, ұйым аясында Қазақстандағы лицензиялар саны артқалы тұр: біздің келіссөзшілер біраз жерде Ре­сейдің талаптарына келісіпті. Бұған дейін елдегі кәсіпкерлердің алдынан алтықабат арқан болып керілген әкімшілік кедергі­лерді жою, яғни лицензиялар мен рұқсат берулер санын қысқарту арқасында Қазақ елі жаһандық «Doing business» рейтингінде шығандап көтеріліп, «әлемдік озық елу­лікке» кіргені мәлім, енді бұл жағдайы на­шар­лайтынға ұқсайды. Осы орайда депутаттар рұқсат берулер мен лицен­зияларды 30 пайызға қысқарту туралы Қазақстан Көшбасшысы қойған міндеттің енді қалай жүзеге асатынын сұраған.

- Бұл мәселе жыл бойы өте мұқият қаралды, - деді вице-министр М.Әбдіқа­сымова. - Өткен жылы, сіздер білесіздер, Елбасының тапсырмасы бойынша лицен­зиялар мен рұқсат берулердің барлық түрлерін қосымша 30 пайызға қысқарту бағытында жұмыс жүргізілді. Бұл ретте енді мына істердің қосымша ауыртпалық, жүктеменің пайда болуына әкелмеуі үшін де жұмыс жүргіздік. Лицензиялардың ең қажеттілерінің минималды тізбесі осы заңда көрініс тапқан.

Әрине, бұл жауап қалаулыларды қа­нағат­тандырмады. «Жоқ, бұл жерде сұрақ басқа, - деді депутат Нұрлан Жазылбе­ков. - Қазақстан рұқсат беру жүйесін жеңілдетуге қол жеткізді. Ендеше, неге Ресей Федерациясы біздің тәжірибені ал­майды? Неге біз олардың жетегінде кетуге тиіспіз?»

Кібіртіктеген министрлік өкілінің ор­нына түсініктемені Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Г.Қарақұсова берді: «Біз бір үйде өмір сүр­гелі отырмыз, - деді Қазақстанның Ре­сеймен және Беларусьпен одағына мең­зеген Гүл­жан Жанпейіс­қызы. - Сондықтан қағидалар да бірдей болады. Ал ол қағидалардың қандай болатындығы ке­ліссөзшілер командасының қолында! Бар сұрау - соларға. Бірақ бір айта кетер жайт, олардың жұмысы оңай емес: келіс­сөздер өте күрделі. Мәдина Ерасылқызы ондай келіссөздерде бірде-бір рет болған емес. Ал мен келіссөзшілер құрамында болдым».
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, басқа да қызметтерде болған кезінде Г.Қарақұсова «ДСҰ бойынша да, Кеден одағы бойынша да келіссөздерде ұзақ уақыт өткізіпті», сондағы білгенінің шетін шығарды: «Қазір ғой, ДСҰ мүшелері­нің көзқарасы түзелді, ал бірінші жылдары олар үшін «Мумба-Юмба» мен «Қазақ­станның» айырмашылығы жоқ-тын, сон­дай көзқараспен қарайтын. Ал мына ұйым­ға келсек, иә, кейбір тұстарда Қазақ­станның ұтылған жері болды, бірақ қазір тепе-теңдік қалпына келтірілді. Президент те ол туралы әлденеше рет айтты. Яғни егер біз ортақ экономикалық одақ құруға келіскен екенбіз, бұл жерде ережелер де бірыңғайландырылады. Оған қатысты біз енді ештеңе де жасай алмаймыз».

Г.Қарақұсова «өкінішке қарай, 5-6 «рұқсат беру» түрі Қазақстанда енді «ли­цензия» деңгейіне дейін көтерілетіндігін» жеткізді: «Соның ішінде, мәселен, қару бойынша: бұған дейін еліміз ішінде қыз­меттік қару ұстау үшін жай ғана рұқсат беру болған, енді Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес бізде де ол салаға ли­цензиялау кіреді».
Ресейдің сөзінің өтуінің «жақсы» жағы да болуы мүмкін. Сол елдегі озық заңдық нормалар бізге келеді. Г.Қарақұсова Ресей Федерациясының «Меценаттық туралы» заңын мысалға алды, ол заң ендігі қабыл­данып, 1 қаңтардан бастап күшіне мініпті. Ал бізде депутаттар жазған сондай заңын Үкімет қабылдамай келе жатыр. «Қайы­рым­дылық және меценаттық туралы» заңы­ның жобасы 4 рет кіргізілді! - дейді Гүлжан Жанпейісқызы. - Ол бірінші рет 1999 жылы енгізілді. Бірақ қабылданбады. Енді Үкіметтің басқа шығар жолы жоқ, қалай болғанда, депу­таттардың бастамасы қолдау табады деп ойлаймын».
Қазақстан, Ресей, Беларусь ұйымына қатысты түзетулер пакетін депутаттар жұмысқа қабылдап алды.

 

Аязатаның «сыйлығы»...

 

 


        /«Айқын». 09.01.2013. Құтмағамбет Қонысбай./  - Аязатаның жаңа жылға сыйлығы әр­түрлі болады. Біреулер кәмпит сыйласа, енді біреулер ойыншық ұсынады. Ал жаңа жыл шыршасының астында көлемінің өзінен адам қорқатын жиналмалы найза-пышақтармен қоса, электр разрядымен адам түгіл пілді құлататын электрошокер жатқанын бірінші рет көрдік.

Жаңа жыл қарсаңында дәл осындай қауіпті контрабандалық жүк облыс кеден­шілері мен ведомствоаралық қызметкер­лердің бірлескен операциясы кезінде Ал­маты облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Алатау - КРО» кеден бекетінде тәркіленді. «Алатау» кедендік рәсімдеу орталығының жетекшісі Құр­манғали Алдабергеновтің айтуынша, олар осындай «бай» олжаға бірінші рет «кене­ліп» отырған жоқ. «Бұл жаңа жыл қар­саңында анықталған ірі контрабандалық тауарлар партиясының біреуі ғана. Қазан айында біз әйгілі өндірушілердің белгі­ле­рі­мен декларация толтырылмаған баспа­хана жабдықтары, аяқкиім, киім-кешек, опа-далап тиелген он үш ірі жүк көліктерін тоқтаттық. Қараша-желтоқсан айларында осындай тағы алты машинаны ұстадық. Бірақ шекараны тәртіпке сай кесіп өтетін өнегелі азаматтарға салыстырғанда, кон­трабандашылардың үлес пайызы қанша, деген сұраққа дәл жауап беру өте қиын. Өйткені олар өз фирмалары мен ЖШС атау­ларын жиі өзгертеді. Бес-алты машина жүк алып кірсе болды, фирма жа­былады да көлеңкеге кетеді. Сөйтіп, жаңа ЖШС пайда болады. Бір сөзбен айтсақ, олар бір күндік компаниялар. Қазіргі кез­де тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мүмкін, бұл жүктердің артында кімдер тұрғанын және қазан айында тұтқындалған контрабандалық жүктермен байланысы бар-жоғын анықтармыз. 2012 жылдың тамыз айынан қазіргі күнге дейін біз 500 тоннаға жуық декларацияланбаған жүк тұтқандадық», - дейді ол.

Бұл істер қаржы полциясының қа­рауына жататындықтан, сол мекемеге беріледі. Әйтсе де сарапшылар Аспанасты және құрамына Қазақстан да кіретін Ке­дендік одақ елдері арасында тауар айна­лымы көбейген сайын, контрабандалық ағын­дар да ұлғая түсетінін айтады. Ал ке­деншілердің айтуынша, контра­банда­шы­ларға қарсы қозғалған істердің барлығы бірдей сотқа жете бермейді. Олар барлық байланыстарын пайдаланып, тиісті адам­дарды сатып алуға тырысады, бір сөзбен айтқанда, контрабандашылар өздерін және тауарларын тұтқындауға жол бер­меу­дің барлық амалдарын қарастырады. Тәжірибе осындай істердің тек 5 пайызы ғана сотқа дейін жететінін көрсетіп отыр. Бұл жерде қылмыстық іс жүргізу заңнама­сының жетілмегендігі қолбайлау болып тұр.

Кедендік бақылау комитетінің төр­ағасы Мәжит Есенбаев дәл осы себептерге байланысты Мәжіліс депутаты Азат Пе­руа­шевтің экономикалық контрабанданы, атап айтсақ, еркін айналымда жүрген та­уар­ларды қылмыстық жауапкершілік са­на­тынан әкімшілік жауапкершілік санаты­на өткізу туралы ұсынысын қолдады. «Мә­селе дұрыс қойылып отыр. Біздің тарапымыздан бұған қарсылық жоқ», - дейді ол. Арадағы делдалдар мен қандайда бір ажыратушылар пайдасын көргенше, декларацияланбаған тауарларға көлемді айыппұлдар салып, сол пайданы мемлекет көргені дұрыс, дейді кеденшілер.



Мәжіліс депутаттары еліміздің 2050-ші жылға дейінгі стратегиясына қатысты пікір білдіруде

 

 /«Хабар» агенттігі. 09.01.2013./  - Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы Конституциялық негізде бір басқа және ол - халықпен жұмыс істеудің ерекше формасы.

Сондықтан жаңа Жолдау ұлтымыздың ғаламдық дамуға қадам басқан жаңа кезеңін анықтап берді. Онда экономикалық негіздегі міндеттер мен межелермен қоса рухани бағыт бағдарымызда айқындалған . Онда Президент қазақ тілінің мәртебесін көтеру жайына айырықша мән беріп, болашақ ұрпақтың кемелденген Қазақ елінде өмір сүретінін атап өткен. - дейді Мәжіліс депуттары.

Қуаныш СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

-Ұлтына, нәсіліне басқа жағдайларына қарамастан елдің бірлігі арқылы қол жететін мәселелерге айрықша тоқталды. Мысалы рухани дүниенің айрықша бөліп айтатын мәселесі Мемлекеттік тіліміз туралы Президент анық айтты. Ең алдымен біздің өзіміздің қазақтың осыған көрсететін саналық қайраткерлігіне саналы мән беруіміз керек. Мінеки осындай жағдайда біз Қазақ Мемлекеті бола алатындығымызды айтты. Қазақ мемлекетінен "Мәңгілік Ел" деген біздің болашақ бір жағынан арманымыз, екінші ол нақты мақсатымыз.

Мейрам Пішембаев, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

-Қазақстан халқына жолдауында Елбасы 2050 жылға дейін сондай бір үлкен халқымызға талап қойды. Ең бастысы мәселе деп айтуға болады мына 2012 жылдың қортындысымен егер де біз 50 дамыған әлемдегі мемлекеттердің қатарына Қазақстан кіріп отыр. 2030 жылы сол 30 ең дамыған әлемнің экономикаларына Қазақстан кіру керек деп сондай үлкен сондай жоспарланып отыр.

 

Сенаторлар Жолдауды жұртшылыққа түсіндіру мақсатында аймақтарға аттанды

 

/«ҚазАқпарат». 09.01.2003. Қанат Мәметқазыұлы./ -  Ертең қаңтардың 10-ынан бастап 19-ына дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының мазмұнын түсіндіру мақсатында республика аймақтарында болады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Сапар барысында депутаттар сайлаушылармен кездеседі, әлеуметтік саланың нысандары мен нақты сектордың кәсіпорындарында болады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, өмірді қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарды нығайту, кәсіпкерлікті қолдау, еңбекке тарту, мамандар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Сенат депутаттары сондай-ақ Парламент қызметі туралы әңгімелеп, Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген міндеттерді іске асыру жөніндегі жоспарлар туралы хабардар ететін болады.

 

 

Павлодар мен Алматыда болады

 

 /«Егемен Қазақстан». 10.01.2013./  - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төр­ағасы Қайрат Мәми 10 қаңтарда жұмыс бабындағы сапармен Павлодар қала­сын­да болады. Сапар барысында Қ.Мәмидің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын түсіндіру бойынша Павлодар облысының өкілді және атқарушы билік активімен кездесуі жоспарланып отыр.

14 қаңтарда Сенат Төр­аға­сы Алматыда болып, қала активімен кездеседі. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру­ аясында жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мә­се­лелерін талқылау көз­делуде, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі

 

 

Сенаторлар аймақтарға аттанады

 

/«Егемен Қазақстан». 10.01.2013./  - Биылғы қаңтардың 10-ы мен 19-ы аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының мазмұнын түсіндіру мақсатында республика аймақтарында болады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Сапар барысында депутаттар сайлаушылармен кездеседі, әлеуметтік саланың нысанда­ры мен нақты сектордың кә­сіп­орындарында болады. Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту саласындағы мемлекет­тік саясатты іске асыру, өмір­ді қамтамасыз ететін ин­фра­құ­рылымдарды нығайту, кәсіп­керлікті қолдау, еңбекке тарту, мамандар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Сенат депутаттары сондай-ақ, Парламент қызметі туралы әңгімелеп, Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген міндеттерді іске асыру жөніндегі жоспарлар туралы хабардар ететін болады.

 

Қарағандыда сенаторлар Жолдауды түсіндіру үшін полицейлермен кездесу өткізді

 

/«ҚазАқпарат». 10.01.2013./ - Бүгін Қарағанды облысының ІІД-де өңірге Мемлекет басшысының «Қазақстан -2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің негізгі бағыты» Жолдауын түсіндіру үшін келген ҚР Парламент Сенатының депуттарымен кездесу өтті.

Полиция қызметкерлерімен ҚР Парламенті Сенаты сот жүйесі және құқық қорғау органдары, конституциялық заңнама жөніндегі комитеттің төрағасы Серік Ақылбай мен аталмыш комитеттің мүшесі Юрий Кубайчук кездесті. Кездесуге Қарағанды облыстық мәслихат хатшысы Бейсенбай Жұмабеков қатысты.

Қонақтарды Қарағанды облысы ІІД басшысының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Мергенбай Жаппаров қарсы алды. Ол ІІД-де Жолдауды түсіндірумен айналысатын жұмыс тобы құрылғандығын айтты.

Облыстық ІІД-нің жеке құрамымен кездесуде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері талқыланды.

Ю. Кубайчук мәлім еткендей, 2012 жылы ел Парламенті 94 заңнама актілерін қабылдаған.

 

Жолдауды түсіндіріп жүрген Парламент депутаттары С. Демирел университетінде болды

 

/«ҚазАқпарат». 10.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасы Н. Назарбаевтың Жолдауындағы негізгі бағыттарын жұртшылыққа түсіндіру мақсатында бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Серік Үмбетов, Нұрлан Жазылбеков және Сенат депутаты Нұрлан Сүлейменовтер Алматы облысындағы сайлаушылармен жүздесті. Атап айтқанда,  Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел атындағы Университеттегі кездесуге депутаттармен бірге Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов та қатысты.

Жұртшылықпен жүздесу барысында, Парламент депутаттары Мемлекет Басшысы айқындаған 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясында қамтылған басым бағыттар туралы әңгімеледі. Президент жүктеген міндеттерді сапалы атқаруға қатысты мәселелер төңірегінде пікір алысып, университеттің оқытушы-профессорлар құрамы тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.  

Сондай-ақ, депутаттар  Қаскелеңдегі 2012 жылы пайдалануға берілген орта мектепте болып, ұстаздар ұжымымен кездесті, оның барысында орта білім беруді сапалы дамыту мәселесі талқыланды.

 

Мәжіліс депутаты Ақмола облысындағы жұртшылықпен жүздесіп, Жолдаудың негізгі бағыттарын талқылады

 

/«ҚазАқпарат». 10.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасы Н. Назарбаевтың Жолдауындағы негізгі бағыттарын жұртшылыққа түсіндіру және насихаттау барысында аймақтарға іссапарға аттанған болатын. Аталған мақсатпен бүгін Мәжіліс депутаты  Жексенбай Дүйсебаев Ақмола облысы Шортанды ауданындағы Научный ауылында болып, А.Бараев атындағы ғылыми-зерттеу  институтының ұжымымен кездесу өткізді.

Сондай-ақ, депутат Ж.Дүйсебаев сол күні аудан орталығы Шортандыда аудандық мәслихат депутаттарымен және сайлаушылармен жүздесті. Оның барысында Елбасы Жолдауындағы жергілікті өзін-өзі басқару мен жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асырылып жатқандығы жайындағы ойларымен бөлісті.

 

Сенат Төрағасы Павлодар облысының активімен кездесті

1

2

1/2

 /«ҚазАқпарат». 10.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми  өңірдің жергілікті билік активімен кездесті. Жүздесу барысында «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасы Н. Назарбаевтың Жолдауындағы негізгі бағыттарға баса назар аударылды.

Облыс активінің алдында сөз сөйлеген Сенат спикері ең алдымен сонау жылдары республиканың ұстанатын бағдары мен даму көкжиектерін айқындаған «Қазақстан-2030» стратегиясының өткен 15 жылдағы орындалу қорытындыларына тоқталып өтті. «Тәуелсіздік жылдары елімізде қалыптасқан құқықтық негіз толыққанды нарықтық мемлекеттің құрылуына, инвестициялар тартуға мүмкіндік берді, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қуатты серпін берді», - деп атап өтті Палата Төрағасы. Сонымен қатар, спикер 2012 жылы Парламент 94 заң қабылдағанына да тоқталып өтіп, «Қазақстан-2030» стратегиясының барлық базалық параметрлерінің атқарылғанына назар аудартты. Елдің 2050 жылға дейінгі даму жоспарын айқындаған жаңа бағдарламалық құжаттағы ауқымды міндеттерге де тоқталып өтті.

«Қуатты Қазақстан  - бұл ең алдымен өңірлердегі қуатты қарқынды дамуды білдіреді. Өйткені, жалпы елдің экономикалық дамуы олардың бәсекеге қабілеттілігіне тәуелді», - деді өз сөзінде Қ. Мәми.

Сонымен қатар, спикер әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарына назар аударта келе, оның ішінде еңбек нарығының сұранысына бағдарлану, кәсіпкерлікті қолдау, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, ана мен баланы одан әрі қорғау шараларына, жастар саясатын дамыту мәселелеріне, денсаулық пен білім беру салаларының сапасын арттыруға, мемлекеттік тілді дамыту шараларына да тоқталып өтті. Жолдауда қарастырылған мемлекеттілікті одан әрі нығайту мен демократияны дамыту міндеттерін айта келе, Қ. Мәми 2012 жылдың соңына таман Мемлекет басшысының Жарлығымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы бекітілгеніне тоқталды. Бұл тұжырымдама жергілікті деңгейде басқару сапасын арттыруды, осы деңгейдегі мәселелерді шешуге азаматтарды кеңінен тарту шараларын қамтығаны белгілі. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы мәслихаттар арқылы ауыл әкімдерін сайлау енгізілетіні де мәлім. Тоқтала кететін жайт, бұл тұрғыда Елбасы Жолдауында орталықсыздандыру шарасының билік вертикалін әлсіретпеуі қажеттігі, атқарушылық тәртіпті төмендетпеуі тиіс екендігі айтылған болатын.

Сөз арасында Сенат спикері «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру Парламент пен Үкіметтің ғана емес барлық деңгейдегі әкімдер мен елдің барлық азаматтарының қызметіндегі басты бағыт болатынын айтып өтті.

 

Сенатор Ә. Ахметов ЕҚЫҰ Төрағасының Жеке өкілі болып қайта тағайындалды

 

 /«ҚазАқпарат». 10.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әділ Ахметов ЕҚЫҰ Іс басындағы Төрағасының Жеке өкілі болып қайтадан тағайындалды.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Украинаның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әділ Ахметов ЕҚЫҰ Іс басындағы Төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілік пен кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі Жеке өкілі лауазымына бекітілді. Естеріңізге сала кетсек, сенатор Әділ Ахметов бұл қызметті 2009 жылдан бері атқарып келеді.

Ә.Ахметов Қазақстан Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы, сонымен қатар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының мүшесі болып табылады.

 

Өзгелердің ыңғайына бейімделген тағы бір заңнама таныстырылды

 

 /«Заң газеті». 10.01.2013. Айша Құрманғали./ - «Заңнамаларды сәйкестендіруден ұтылатын тұстарымыз бар. Бірақ, бір үйде тұрғандықтан ортақ талаптарға бейімделуіміз қажет». Бұл жөнінде осы аптада Парламент Мәжілісінде өткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныс­тырылымы болған кезде айтылды.

Оған түрткі болған аталмыш құжат бо­йынша еліміздің «Лицензия туралы» заң­на­ма­сына жасалатын өзгерістер тобы болды. Онда заң жобасы бойынша баяндама жа­саған Экономикалық даму және сауда вице-министрі Мәдина Әбілқасымованың ай­туынша, Кеден одағы елдері және үшінші ел­дерден әкелініп-әкетілетін бірқатар та­уарларды лицензиялау енгізілмек.

Жалпы, заң жобасы бойынша Қазақ­стан­ның 9 заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар жасау көзделіп отыр. Олар – Салық, Халық денсаулығы және ден­сау­лық сақтау жүйесі және Экологиялық кодекстер мен «ҚР Ішкі істер органдары туралы» мен «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау ту­ра­лы» заңдары.
Заң жобасын жасаудағы мақсат ұлттық заңнаманы сауда саласындағы мемлекетіміздің маңызды бағыттарының бірі Кеден одағының келісімдері мен халықаралық нормаларына сәйкестендіру. Әбілқасымова ханымның айтуынша, аталмыш заң жобасын қабылдау Кеден одағы шеңберінде қабылданған мін­деттемелерді орындауға ықпал етеді.

Оның негізінде тарифтік емес реттеу шараларын қолдану аясында үшінші елдерге қатысты бірыңғай сыртқы сауда саясаты жүргізіледі. Ал, бұл өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал тигізетін болады.

Кеден одағына қатысты құжаттар қа­былдаған сайын біздегі құзырлы орын басшылары бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай осындай әңгіме айтады. Негізінде, заңнамаларымызды өзгелердің ыңғайына бейімдей беру қаншалықты дұрыс шара, ол біздің ұлттық, мемлекеттік мүддемізге қаншалықты сай? Мәселен, елімізде шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында рұқсат беру шаралары отыз пайызға азайтылып, бірқатар қызметтерге лицензия беру алынып тасталғаны белгілі. Енді аталмыш заң жобасы бойынша, бұл тәртіп, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес қайтадан қолданысқа енгізілмек. Экономикасының әлеуетіне сай орыс еліндегі шағын бизнеске мұндай талап шыбын шаққан құрлы әсер етпес. Бірақ , біздегі қалт-құлт етіп тұрған кәсіпкерлік үшін бұл оңайға түспейтіні ақиқат.

Осы жиында өзі сұранып сөз алған «Атамекен» ұлттық экономикалық па­латасының жетекші қызметкерлерінің бірі Ирина Аңсарованың айтуынша, тап осы Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану бүгінде кәсіпкерлердің бас ауруы болып тұр екен. Кеден одағына енгенге дейін тыйым салынбаған және тыйым салынған жүктер мәселесі шекара басында шешіліп, яғни, өтуге тиістісі өтіп, өтпеуге тиістісі кейін қайтып жатса, қазір аталмыш тәртіп енгеннен бері кәсіпкерлер оларды тап кеден бекеттерінде лицензиялау шараларымен әуреге түсетін болған. Осының өзі-ақ бизнеске өріс ашады деген Кеден одағының, керісінше, оның аяғын тұсап жатқанының айғағы емес пе? Мұндай жағдайда біздің отандық кәсіпкерлерді қолдау бағытында жасап жатқан шаруа­мыздан не пайда?

Заң жобасының таныстырылымы кезінде осы жайды көтерген депу­тат­тарға Әбілқасымова ханым мардымды жауап бере алмады. Оның айтқан сө­зі­нен ұққанымыз, бұл мәселенің бір жыл бойы талқыланып, ақыры, осындай шешім қабылданған. Депутаттар берілген жауапқа қанағаттана қоймады. Мұны сезген жиын тізгінін ұстап отырған Қаржы және бюджет комитетінің тө­райымы Гүлжан Қарағұсова осы тұста әңгімеге өзі араласты.
Ол жаңалық ашпады. Бірақ, бүгінде жұртшылықтың әр-әр жерде айтып жүрген қаупін ресми ортада рес­ми түрде жария етті. Ол – біздің енді­гі жерде Ресей қойып отырған та­лап­тардан бас тарта алмайтынымыз. Өйт­кені, бір үйде тұрғандықтан ор­тақ заң­ды­лық­тарға бейімделуіміз қажет. Бұдан кей тұстарда ұтылсақ та, бірыңғай экономикалық кеңістік аясында осындай қадам жасауға бірқатар жағдайларда міндеттіміз. Қа­ра­ғұсова ханым бұған ол өзі қатысып жүрген келіссөздерде көз жеткізіпті. Оларда ресейліктермен ортақ мәмілеге келу өте қиын жүзеге асады екен. Олай болса, мұндай өзгенің қас-қабағына қараған, көбіне сол басқаның мүддесіне икемделген одақтастықтан не күтуге болады? Ойланатын мәселе. Өйткені, ол мемлекеттігіміздің, елдігіміздің тағ­дырын таразы басына қойып тұр.

 

Мамандар «Қазақстан-2050» стратегиясындағы сыртқы саясат мәселелерін талқылады

 

/«Хабар» агенттігі. 11.01.2013./  - Бүгін сондай-ақ Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиялық даму жоспарындағы сыртқы саясат мәселелерін талқылауға арналған басқосу өтті.

Қатысқандар бұл құжаттың тек Қазақстан емес, әлемдік саясат үшін маңызды екенін атап көрсетті. Парламент Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаевтың пікірінше, құжатта республикамыздың жаһандық саясат сахнасындағы орны мен салмағы айқындалған. Отыз озық елдердің қатарына кіру үшін саяси-экономикалық салмағы мықты мемлекеттер ондығымен әріптестікті арттыру қажет. Сонымен қатар, стратегиялық даму жоспарында Кедендік Одақ аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, Ауғанстандағы ахуалға байланысты туындап отырған қауіп-қатерлердің алдын алу және Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттермен қатынастарды нығайту көзделген.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Орта Азия аймағындағы мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды дамыту мәселесі. Бұл да Елбасының стратегиясынан туындайтын мәселе. Бұл жерде проблемалар да бар, оны білесіздер, сондықтан алдымызда тұрған мақсат мына Қазақстан мен Қырғызстан бар, Өзбекстан бар, қарым-қатынастарды дамытуымыз керек.

 

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы Мәжіліс депутаттарының басты назарында

 

/«Хабар» агенттігі. 11.01.2013./  - Мәжілісмендер осы тарихи құжатты насихаттау үшін аймақтарда өз жұмыстарын бастады. Елбасының жаңа стратегиялық бағытының негізгі басымдықтары Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Батыс Қазақстан облысының халқымен және еңбек ұжымдарымен кездесуінде әңгіме өзегіне айналды.

Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы – облыстағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Қазіргі уақытта оның өнімі көптеген салаларда, мұнайгаз, құрылыс, ауыл шаруашылығында жоғары сұранысқа ие. Аса маңызды бағыттарының бірі – азаматтық және әскери авиациялық қозғалтқыштарды жөндеу бағытында еліміз үшін инновациялық ерекше базаны ұйымдастыруы. Кәсіпорынның бұл қызметінің республикада баламасы жоқ. Алдағы уақытта басқа да үздік технологияларды қолдану жоспарда бар.

Ақылжан АХМЕТОВ, БҚМК ӨНДІРІС БАСТЫҒЫ:

- Президентіміз айтқандай, болашақ жоғары технологиялар заманы. Біз оның еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Біздің мекеме де бір орында тұрған жоқ. Алдағы уақытта кәсіпорын азаматтық шағын авиация өндірісін меңгеруді жоспарлап отыр.

Виктор КУЗНЕЦОВ, БҚМК КАДРЛАР МӘСЕЛЕСІ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

- Президентіміз өз Жолдауында өте маңызды мәселе – қазақстандық кәсіпорындарға мамандар дайындауға барынша назар аударуда. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жұмысшы мектебінен өткен, тәжірибелі адам, сондықтан, кәсіби техникалық мамандықтың қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі. Бұл біздің кәсіпорын үшін өте қажет. Сондықтан Елбасының идеясын қолдай отырып, жұмыс барысында жас мамандармен тәжірибе бөлісуге тырысамыз.

Инновация, индустрияландырудың жаңа кезеңі, еліміздің экономикалық өсуі мен дамуы үшін қолда бар ресурстарды барынша тиімді пайдалану. Жолдауда айтылған осы бағыттар Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы қызметкерлеріне етене жақын әрі түсінікті. Елбасының жаңа стратегиясының осы және өзге да маңызды бағыттары Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинмен болған кездесуде кеңінен талқыланды.

Наталья АКУТИНА, БҚМК ЖҰМЫСШЫСЫ:

- Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев ұзақмерзімді даму бағытын ұсынып отыр. Біздің басты мақсатымыз – еңбек ету. Өйткені, алдағы өміріміздің қандай болатыны, балаларымыздың қалай өмір сүретіні біздің әрқайсысымызға байланысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметінің тұрақты және негізгі межесі азаматтардың әл-ауқатын көтеру. Президентіміздің стратегиялық құжатында көрсетілген жаңа әлеуметтік саясаттың негізі де осында жатыр. Бірінші кезекте, әрине, денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі. Орал қаласында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынып, жұмыс істеп жатқан №5 емханада өткен кездесуге қатысушылар да Президент атаған басымдықтардың маңыздылығына тоқталды.

Индира ӘМІРОВА, ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Медицина қызметкерлері әрқашанда Елбасымыздың ерекше қамқорлығын сезініп келеді. Жаңа ауруханалар ашылып, жаңа технологиялар енгізілуде. Қазақстандықтардың сапалы медициналық көмек алуы үшін біз кәсібилігімізді әрқашан күшейтеміз.

Шолпан КӘРІМОВА, БҚО ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біздің облыс бойынша смарт-медицинаны біздер бастап кеттік, жаңа тәсілдермен емдеу жолдарын. Телемедицина облыс бойынша 8 ауданда ашылған. Алыс аудандары бар біздің облыс үшін өте тиімді деп ойлаймын.

Батысқазақстандықтар Президенттің жаңа стратегиялық бағытының негізгі басымдықтары бүкіл еліміз үшін, соның ішінде әр аймақ үшін жарқын болашаққа бағдарлайтын жаңа мүмкіндіктер екендігіне сенімді. Қазіргі уақытта бұл жерде үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы табысты жүзеге асырылып, жаңа өндіріс орындары ашылып, бұрынғылар заманға сай жаңғыртылуда. Президент жүктеген тапсырмалар әрбір қазақстандықтың өмір сапасын жақсартуға ықпал етпек.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы» Батыс Қазақстан облысында да кең қолдауға ие болуда. Себебі, Қазақстанымыздың жаңа экономикалық, әлеуметтік және саяси даму бағыты еліміз азаматтарына ерекше серпін бергені сөзсіз. Сондықтан, олар өздерінің және ұрпағының жарқын болашағын тікелей осы тарихи Жолдаумен байланыстырып отыр.

 

Облыс активімен кездесті

 

/«Егемен Қазақстан». 11.01.2013. Фарида Бықай./  - Кеше Павлодар облысына жұмыс бабындағы сапармен келген Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми аймақтың  өкілді және атқарушы билік активімен кездесті. Кездесу барысында Президент Н.Ә.Назарбаев жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауының негізгі бағыттарына ерекше назар аударылды.

Облыс активінің алдында сөз алған Қ.Мәми өтпелі ре­формалардың ең күрделі кезе­ңін­де еліміздің жаңа бағдары мен көкжиектері белгіленген «Қа­зақ­стан-2030» Стратегиясының 15 жыл­да атқарылған нәтижелеріне тоқталды. «Тәуелсіздік жылдары қа­лыптастырылған құқықтық-заң­намалық негіз толыққанды на­рықтық мемлекет құруға, инвес­ти­циялар тартуға және елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық да­муы­на пәрменді серпін беруге мүм­кіндік туғызды», деді Төр­аға. Қ.Мәми атап өткендей, 2012 жылы Қазақстан Парламенті 94 заң қабылдады, олардың ішінде «Ұлт­­тық әл-ауқат қоры туралы», «Әс­кери қызмет және әскери қыз­мет­­шілердің мәртебесі туралы», «Ар­­наулы мемлекеттік органдар ту­­ралы», «Мемлекеттік шекара ту­ра­лы», «Магистралдық құбыр ту­ра­лы», «Микроқаржы ұйымдары ту­­ралы» және басқа да жаңа заңдар бар.

«Қазақстан-2030» Стратегия­сын­дағы негізгі көрсеткіштердің орындалғанын атап өте келіп, Төраға еліміздің 2050 жылға дейінгі даму жоспары белгіленген бағдарламалық құжаттағы ауқым­ды міндеттерге назар аударды. Атап айтқанда, Қ. Мәми жалпы мемлекеттік аймақтық сая­сат міндеттеріне тоқталып, елі­міз­дің ірі индустриялық және эко­номикалық дамыған аймағы ретінде Павлодар облысының әлеуетін атап өтті.
«Қуатты Қазақстан – бұл, ең ал­­дымен, қуатты өңірлер, өйткені, елі­­міздің экономикалық дамуы, жал­­­пы алғанда,  өңірлердің бәсе­ке­­ге қабілеттілігіне байланыс­ты бо­­­лады», деді Қ.Мәми. Ел­ба­сы­­­ның Жолдауына сәйкес, мем­ле­­­­кеттік және салалық барлық бағ­­дарламалардың орындалуын өңір­­лерді дамытудың басым мін­дет­терін шешумен үйлестіру алға қойылды.

2013 жылдың бірінші тоқсанында-ақ өңірлердегі қажетті деген, келешекте қолға алынатын жобалардың тізбесі айқындалып, тарифтендірілетін болады.

Төраға сондай-ақ Жолдауда айқындалған әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаларына, атап айтқанда, еңбек нарығының сұранысына бағдарлану, кәсіпкерлікті қолдау, еңбекпен қамтамасыз ету, ана мен баланы одан әрі қорғау, жастар сая­сатын жүзеге асыру, денсаулық сақтау, білім беру қызметінің сапасын арттыру, мемлекеттік тілді дамыту ісіндегі жаңа қадамдарға назар аударды. Қ.Мәми жеке бас­тамаларды ақпараттық тұрғыда жан-жақты қолдауды, іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен келешегі зор бизнес-жобалар туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Жолдауда белгіленген мемлекеттілікті одан әрі нығайту және демократияны дамытудың міндеттеріне қатысты Қ.Мәми 2012 жылдың соңында Мемлекет басшысының Жарлығымен Жергілікті өзін өзі басқару тұжырымдамасы бекітілгенін атап өтті. Ол жергілікті деңгейдегі басқарудың сапасын арттыру мен маңызы бар мәселелерді шешуге азаматтардың қатысуын ұлғайтуды көздейді. Алдағы жылы ауыл әкімдерін мәслихаттар арқылы сайлау енгізілетіні белгілі. Сонымен бір мезгілде, Жолдауда айтылғандай, орталықсыздандыру жоғарыдан төмен қарай басқару билігінің  әлсіреуіне, орындаушылық тәртіп пен реттіліктің төмендеуіне апарып соқтырмауы тиіс.

Қ.Мәми айтқандай, «Қазақ­стан-2050» Стратегиясын жү­зе­ге асыру Парламент пен Үкі­мет­тің, барлық деңгейдегі әкім­дер­дің және еліміздің барша аза­мат­тарының іс-әрекеттерінің не­гіз­гі мәселесі болып отыр. Бұл жұ­мыстар біздің мемлекетіміздің саяси, демократиялық және әлеу­меттік сипатын әрі қарай сапалық өзгертуге бағытталған ауқымды міндеттерді қамтамасыз етуге арналған.

 

Дариға Назарбаева Қостанайлық меценаттар клубына кіру ниетін білдіріп, оның есебіне 50 мың доллар көлемінде жарна аударды

 

/«ҚазАқпарат». 11.01.2013./ - ҚР Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапардың негізгі мақсаты - Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын түсіндіру.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, бірнеше қоғамдық бірлестіктердің басшылары Д.Назарбаевамен бірге отбасылық типтегі «Жанұя» балалар үйіне, облыстық балалар үйінде, онкологиялық диспансерде, жаңа көпсалалық ауруханада болды.

Олар кеше Омаров атындағы облыстық Қазақ драма театрына барды. Онда Қостанай меценаттары клубының тұсаукесері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті.

Дариға Назарбаеваны меценаттар клубын құру идеясы қызықтырды, ол оның құрамына кіру ниетін білдіріп, есебіне 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі бастапқы жарнаны аударды.

 

Мәжіліс спикері Батыс Қазақстан машинақұрылыс компаниясының еңбек ұжымымен кездесті

 

/«ҚазАқпарат». 11.01.2013./ - Президент Жолдауының басым бағыттары Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Батыс Қазақстан машинақұрылыс компаниясының еңбек ұжымымен болған кездесуінде қызу талқыланды.

Халық қалаулылары жаңа жылдағы алғашқы кездесулерін еліміз үшін тарихи құжатқа айналған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан - 2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын талқылауға арнады.

Осы мақсатта Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Батыс Қазақстан облысының халқымен және еңбек ұжымдарымен кездесті.

Маңызды талқылау Батыс Қазақстан облысы машинақұрлыс компаниясында өтті.

Кездесу барысында Президенттің жаңа Стратегиялық бағытының инновациялық-индустрияландырудың жаңа кезеңі, еліміздің экономикалық өсуі мен одан әрі даму үшін Қазақстанның басты байлығы ретінде ресурстарды пайдалану, отандық өнеркәсіпке мамандар дайындау сияқты өзекті тұстарына ерекше назар аударылды.  

Аталған компанияның кадрлар ісі жөніндегі директоры, көптеген жас мамандардың ақылшысы  Виктор Кузнецов: «Президентіміз  өз Жолдауында өте маңызды мәселе - қазақстандық кәсіпорындарға мамандар дайындауға барынша назар аударуда. Өйткені, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі жұмысшы мектебінен өткен, тәжірибелі  адам, сондықтан кәсіби техникалық мамандықтың қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі. Бұл біздің кәсіпорын үшін де өте қажет. Сондықтан мен Елбасымыздың идеясын қолдай отырып, күнделікті жұмысым барысында да жас мамандармен тәжірибемді бөлісуге тырысамын»,-деген ойын ортаға салды.

Батыс Қазақстан облысының машинақұрылыс компаниясы - облыстағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Қазіргі уақытта оның өнімі көптеген салаларда, мұнайгаз, құрылыс, ауыл шаруашылығында жоғары сұранысқа ие. Аса маңызды бағыттарының бірі - азаматтық және әскери авиациялық қозғалтқыштарды жөндеу бойынша Қазақстан үшін инновациялық және ерекше базаны ұйымдастыруы.  Кәсіпорын қызметінің бұл түрі де еліміз бойынша бірегей.  Алдағы уақытта кәсіпорын жоғары қысымды сорғыштық қондырығын жөндеу мен өндіруді, азаматтық шағын авиация өндірісін меңгеруді меңгеруді жоспарлап отыр

«Президентіміз айтқандай, болашақ жоғары технологиялар заманында. Біз оның еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Біздің мекеме де бір орында тұрған жоқ. Алдағы уақытта кәсіпорын азаматтық шағын авиация өндірісін меңгеруді жоспарлап отыр, - дейді БҚМК №1 өндірісінің бастығы Ақылжан Ахметов.

Компания жұмысшылары Елбасының иннновациялық-технологиялық бағытты қарқынды дамыту тапсырмасы болашаққа деген нық сенімдерін бекіте түскенін айтты.

 

«Халық коммунистері» Елбасының 2050-Стратегиясын ел арасында насихаттауда

 

/«ҚазАқпарат». 11.01.2013./ - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Жамбыл Ахметбеков Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің 2050-шы жылға дейінгі Даму стратегиясының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру және насихаттау мақсатында Маңғыстау облысына келді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Жамбыл Ахметбеков сапарын ҚХКП облыстық комитеті активімен кездесуден бастады. Ол «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының жұмысы және өзінің ҚР Парламент Мәжілісі әлеуметтік-мәдени комитетінің құрамындағы заң жасау іс-әрекеті жөнінде айтып берді.  

«Өткен жыл ішінде біздер 91 заң жобасын қарастырдық, олардың 76 Сенатқа жолданды. Партиямыздан сайланған депутаттар Мәжілістің барлық жеті комитетінде қызмет атқарады. Біздер, коммунист-мәжілісмендер, «Нұр Отан» және «Ак жол» партияларының мәжілісмендерімен келісе отырып жұмыс жасаймыз. Бір сөзбен айтқанда, жұмысымыз ауыр, қиын, бірақ жағымды. Себебі біздің еңбектеріміз еш болмай, Қазақстан халқына пайда тигізетіндігіне сеніміміз мол», - деп атап өтті Жамбыл Ахметбеков.  

Кездесу маңғыстаулық халық коммунистерімен сұхбатқа ұласты. Қатысушылар «ҚР Президентінің соңғы екі жолдауы ҚХКП идеяларына сәйкес - оларда әлеуметтік мәселелерге, еңбек адамының тұрмыстық проблемаларына ерекше назар аударылған»,  деп іс-шараны қорытындылады.

 

Мәжілісмен С.Жылқайдаров Талдықорған қаласында жұртшылықпен кездесулер өткізуде

 

/«ҚазАқпарат». 11.01.2013./ - 2013 жылдың 10 - 19 қаңтары аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Жылқайдаров Талдықорған қаласында іссапармен жүр.

Бұл туралы "Нұр Отан" ХДП Алматы облыстық филиалынан хабарлады.

Іссапар мақсаты - Қазақстан Республикасы Президенті-партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының XIV съезінде қабылданған «Қазақстан 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» Тұғырнамасынан, сондай-ақ «Болашақты бірге жасаймыз!» атты партия бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру.

Сапар барысында депутат Талдықорған қаласында, Ақсу, Кербұлақ және Балқаш аудандары мен Қапшағай қаласында бірнеше кездесулер өткізеді.

 

Мәжіліс депутаттары көне Тараз қаласында

 

/«ҚазАқпарат». 11.01.2013./ - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын өңірлерде насихаттау мақсатында

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ұ.Сәдібеков, О.Өксікбаев, Қ.Жабағиев, Т.Асанов, О.Асанғазы, С.Сорокин Жамбыл облысындағы жұмыс сапарларын бастады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәжілісмендер Жамбыл облысындағы алғашқы іссапар күні Тараз қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында еліміздің осы жылға дейінгі жеткен жетістіктері нақты мәліметтер арқылы баяндалып, Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясында алға қойған міндеттер төңірегінде баяндамалар жасалды. Мәжілісмендер түрлі сұрақтар бойынша нақты жауаптар беріп, кездесуге қатысушылар тарапы Елбасы бастамасын үлкен ықыласпен қолдайтындықтарын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 орта мектеп базасында қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, Елбасы Жолдауы бойынша түсіндіру, насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуден соң мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында салынған «Ер төстік» балалар бақшасымен және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен «Самал» мөлтек ауданындағы №11 үйдегі жұмыс нәтижелерімен танысып, тұрғындармен сұхбаттасты.

 

 

Вице-спикер бастаған сенаторлар Атырауда кездесулер өткізді

 

/«ҚазАқпарат». 11.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов бастаған Сенат пен Мәжіліс депутаттарының Атырау облысына жасаған сапары барысында «Нұр Отан» ХДП активімен кездесу болды.

Кездесуге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Қ.Ищанов экономиканы дамыту, әлеуметтік саланы нығайту, аймақтық инфрақұрылымдарды көркейтудегі Атырау облысының әлеуетін атап өтті. Депутаттар Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламалық құжатында белгіленген міндеттерді іске асырудағы Парламенттің заң шығару қызметінің бағыттары туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, әлеуметтік, экономикалық және саяси саладағы ауқымды жаңғырту бағдарламаларын құқықтық қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.

Кездесуге сенаторлар Ғарифолла Есім, Әділ Ахметов, Сәрсенбай Еңсегенов те қатысты.

 

 

«Қазақстан-2050» Стратегиясы талқыланды

 

/«Қазақстан ТРК». 11.01.2013. Әйгерім Мусина./ - Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын бүгін Алматыда қазақстандық депутаттар мен саясаткерлер, экономист мамандар Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтына жиналып, жан-жақты талқылады. Президент жүктеген міндеттерді жүзеге асырудың тетіктерін қарастырып, өз ойларын жеткізді.

Жаңа стратегиялық құжатта Президент Еуразия аумағында аймақтық ықпалдастықты дамытып, Орталық Азиядағы мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуды тапсырды.

Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Орта Азия аумағындағы мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынасты дамытуымыз керек. Бұл да Елбасы стратегиясынан туындайтын мақсат. Жалпы, осы аумақта үлкен мәселелер бар. Сондықтан алдағы жылдарда  Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан мемлекеттері арасындағы қарым-қатынасты  жүйелі түрде дамытуымыз керек.

Жаһандану және жаңа технологиялар заманында білім берудің маңызы алабөтен. Яки, мұның маңызы болашаққа зиялы ұмтылыс. 2015 жылы білім мекемелерінің 50 пайызы электронды оқытуға көшеді. Соған сай, құзырлы мекемелерге тиісті міндеттер жүктеген Президент, алдағы онжылдықта талай игі бастамаларға жол салды.  Сонымен қатар, қоғамдағы әлеуметтік тұрмыс деңгейді арттырып, жастардың бойында патриоттықты тәрбиелеу қажет, деді.

Қуаныш Сұлтанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жолдаудың қойған мақсаты - әрбір адамның мамандық алып, жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу.

Елбасының жүктеген «Қазақстан-2030» даму стратегиясы бүгінде сәтті жүзеге асып, республика бойынша толағай табыстарға жеткізді. Жаңа инновациялық жобалар мен тың бастамалар қолға алынды. Болашақта да халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, ұлт болашағы жарқын болуы сөзсіз.

 

 

Жетісулықтар «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруға дайын

 

/«Қазақстан ТРК». 11.01.2013. Айгүл Ермахан./ - «Қазақстан-2050» жаңа стратегиясында белгіленген межеден шығу үшін, ауызбірлік пен таза еңбек қажет. Алматы облысы жұртшылығымен кездескен халық қалаулылары осылай деді. Депутаттар экономикалық әлеуеті қарқынды дамып келе жатқан өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, Жолдауда жүктелген міндеттерге жіті тоқталды. Бірлігі мен тірлігі жарасқан аймақтағы елді өркендету жолында қолға алынып отырған игі бастамаларға қолдау білдірді.

«Жарқын болашақ - жастардың қолында». Халық қалаулыларымен кездескен Сүлеймен Демирел атындағы университет ұжымы жастарының пікірінше, Жолдауда білім саласының алдына қойған әрбір міндетті жүзеге асыруға елдің әлеуеті жетеді. Мысалы, Алтын ауыл орта мектебінің оқыту жүйесі соған дәлел. Оқушылар үш тілде еркін сөйлеп, компьютерді жан-жақты меңгерген.

Марғұлан Бекеев, Алтын ауыл орта мектебінің 8 сынып оқушысы:

Қазір біз осындай озық технологияларды қолданып жатырмыз. Сол арқылы білімімізді дамытып жатырмыз.

Аймақ Президент жүктеген міндеттерге сәйкес, әлеуметтік саланы дамытып, азаматтарды еңбекпен қамтуға аса ден қойған. Соның бір көрінісі жуырда ашылған шырағдан шамдарын шығаратын зауыт. Әлеуеті - күшті. Бір айдың ішінде 27000 дана өнім өндірген. 70 адам еңбек ететін ұжым алдағы уақытта өндірістің қуатын 150 мыңға арттырмақ ниетте.

Сейсемхан Арманбек, шырағдан шамдары зауыты штамп жасау бөлімінің маманы:

 Осындай зауыттар ашылып жатқанына қуаныштымыз. Жұмысымыз ұнайды. Елбасымыз айтқандай, инновациялық өнімдер шығарып жатырмыз. Алдағы уақытта осы ел экономикасының дамуына күш саламыз. 

Бүгін Жаңақұрылыс ауылында ерекше көңіл күй. Әсіресе, бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ. Мемлекеттік бағдарламаның аясында 280 орындық «Айгөлек» балабақшасы ашылып, халық игілігіне берілді.

Серік Үмбетов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

Елбасы Жолдауының биылғы ерекшелігі, онда көп мәселе қамтылған. Әлеуметтік сала, ана мен баланы қорғау, тәртіп, мемлекеттік тіл, салт-дәстүр мәселесі айтылды. 2050 жылғы 30 мемлекеттің қатарына кіру деген мәселеде ауызбірлік, ағайындық, ынтымақ жарасса, барлығы жақсы болады, деген ойдамын. 

2050 стратегиясындағы әр сала бойынша белгіленген нақты міндеттерді жүзеге асыруға облыстың әлеуеті жетеді,-дейді мамандар. Енді тек, жұмыла жұмыс істеу қажет.  

 

 

Депутаттар балалар үйінің жағдайымен танысты

 

/«Қазақстан ТРК». 11.01.2013. Дәуренбек Әбдібек./ - Дариға Назарбаева бастаған бір топ депутаттар Қостанайда болып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрмыс жағдайымен танысты. Сонымен қатар, халық қалаулылары облыстағы медицина мекемелеріне де бас сұғып, халыққа қызмет көрсету сапасын байқады. Жергілікті кәсіпкерлермен, зиялы қауым өкілдерімен жүздесіп, өңірге қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

 Отбасылық үлгідегі «Жанұя» балалар үйі 2000 жылы ашылған. Қазір мұнда 3 жаспен 18 жас аралығында 49 жеткіншек тұрып жатыр. Олар 7 отбасына бөлінген. Бәрі де «Жанұяның» жандарына жайлы екенін айтады.

 Снежана Семенова, «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушісі:

12 жылдан бері осында тұрамын. Жағдайымыз өте тамаша. Мен өзім ауыр атлетикамен айналысамын. Жақында жарысқа қатысып, 1-ші дәрежені орындасам, деген мақсатым бар.

 Айгүл Әбілқасымова, балалар үйінің тәрбиешісі:

Біздің барлық балаларымыз үйірмелерге, спорт секцияларына қатысады. Республика, аудан, қала көлемінде жүлделі орындар алады.

 Қостанай облысы бойынша қазір ата-ана қамқорлығынан айырылған 3176 жеткіншек бар. Олар аймақтағы 16 мемлекеттік мекемелерде тәрбиеленіп жатыр. Елбасы өз Жолдауында жетімдер үйі түлектерін жұмыспен, тұрғын үймен қамту керек, деп міндеттеме қойды. Қазір бұл мәселе заңдылық тұрғысынан қаралып жатыр.

Дариға Назарбаева, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік даму комитетінің төрайымы:

Қазіргі маңызды мәселе – олардың бұл жерден шыққаннан кейінгі өмірлері. Қандай мамандық алып, қайда жұмысқа орналасады, үй мәселесі қалай шешіледі? Осы мәселені шешу керекпіз. Бүгін осыған байланысты біраз талқылау болды. Енді, бұл міндеттерді әкмішліктің мойнына жүктеу керек, деймін.

Депутаттар медициналық мекемелерді де аралады. Ана мен бала өлімі облыста басқа өңірлерге қарағанда, көп төмен. Туберкулездің де беті қайта бастады. Ал, обырға шалдыққандар саны керісінше, 15 пайызға өсіпті. Сондықтан, Қостанайда қатерлі дертке қарсы қызмет ететін онкологиялық емхана қажеттігі айтылды.

 

 

Солтүстік Қазақстанда ел Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттық топ жұмыс істеуде

 

/«ҚазАқпарат». 11.01.2013./ - СҚО-да ел Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын түсіндіру бойынша АНТ жұмыс істеуде. Оның құрамында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары бар, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Осы жұмыстың аясында сауда-өнеркәсіп палатасында республика Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Романовскаяның қатысуымен үкіметтік емес ұйымдар басшылары, жергілікті кәсіпкерлермен және әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Кездесуге қатысушылар бірқатар мәселелерді тақылады, солардың ішінде - солтүстікқазақстандық өндіріс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі мен тұтынушылардың құқықтарын қорғаумәселелеріне айрықша назар аударылды.

С.Романовскаяның айтуынша, өңірлік бизнестің қарқынды дамуына барлық мүмкіндіктер жасалған, бұл ретте тауарларды өткізу нарығын дұрыс жолға қою қажет. Бүгінде мемлекет кәсіпкерлерге едәуір қолдау көрсетуде, Елбасы өзінің жаңа Жолдауында осы бағытта әрі қарай жұмыс істеуге шақырды.

Жұмыс сапары аясында халық қалаулысы облыс орталығында жолаушылар тасымалымен айналысатын «Партнер-авто» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды.

«Партнер-авто» ЖШС директорының орынбасары Боскен Төлегеновтің айтуынша, «Бұл шара кәсіпорынның барша ұжымы үшін аса қызықты да пайдалы болды, себебі онда білім және кәсіби деңгейді арттыру, әлеуметтік сипаттағы өзекті тақырыптар қаралды».

Светлана Романовская №8 эстетикалық тәрбие беру мектебінің оқушыларымен  және мұғалімдерімен кездесті. Әңгіме тақырыбы - білім саласының дамуы болды. Онда аталып өткендей, соңғы 15 жылда білім саласына бөлінетін қаржы көлемі 9,5 есе артты, осы әлеуметтік саланы түбегейлі жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда. 

 

 

Мәжіліс депутаттары Ішкі істер министрлігі ардагерлер кеңесінің отырысына қатысты

 

/«ҚазАқпарат». 11.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./

- Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, республика ардагерлері Орталық кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлейменов ҚР Ішкі істер министрлігі Орталық Аппаратының және ҚР ІІМ ардагерлер кеңесі белсенділерінің отырысына қатысты.

Басқосуда Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы жүктелген міндеттер талқыланды. Сонымен қатар, шара барысында «Қазақстан-2050» стратегиясында қамтылған басым бағыттарға байланысты сұрақтар қарастырылып, оның шеңберінде Қайырбек  Сүлейменов баяндама жасады.

Сондай-ақ, отырысқа Мәжіліс депутаттары Орал Мұхамеджанов пен Оңалсын Жұмабеков  қатысты.

 

Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағытын жүзеге асыру әрбір қазақстандықтың жаңа дәуір тынысын сезінуіне мүмкіндік береді - Н. Нығматулин

 

/«ҚазАқпарат». 11.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./

- Бүгін Елбасының «Қазақстан - 2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын түсіндіру мақсатында Батыс Қазақстан облысында жүрген Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Орал қаласындағы  №5 қалалық емханаға да арнайы барды.

Президенттің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған медициналық мекеме қазіргі уақытта  45 мыңға жуық адамды қамтитын, қаланың солтүстік-шығыс ауданы тұрғындарына қызмет көрсетеді.  Емханада кәсіби медициналық көмек көрсетудің барлық жағдайлары жасалған. Бұл жерде түпкілікті нәтижеге межеленген медицина қызметкерлеріне  салаланған еңбек ақы төлеу енгізілуде.  

Жүздесу кезінде талқыланған тақырыптың бірі - әлеуметтік саясаттың жаңа ұстанымдары.  Онда денсаулық саласын дамытуға баса назар аударылған.

Сонымен қатар, медициналық қызмет сапасының бірегей стандарттарын енгізу, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықтарын бірыңғайландыру, сондай-ақ, Елбасы Жолдауында айтылған аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету,  профилактикалық медицинаны жетілдіру, «Смарт - медицина», қашықтан профилактика және емдеу, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу секілді маңызды мәселелер әңгіме өзегіне айналды.

Сондай-ақ, ақ халаттылар, жастарға қандай қолдау көрсетіледі, заңдық деңгейде проблемалар қалай шешіледі, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік жағдайы сияқты өздерін толғандырған сауалдарын алға тартты.

  Осыдан кейін, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин кездесуді қорытындылай келіп: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050 Стратегиясы»  Батыс Қазақстан облысында да кең қолдауға ие болуда. Себебі, Қазақстанның жаңа экономикалық,  әлеуметтік және саяси даму бағыты еліміз азаматтарына ерекше серпін бергені сөзсіз.  Сондықтан, олар өздерінің және ұрпағының жарқын болашағын тікелей осы тарихи Жолдаумен байланыстырып отыр»,-деп атап өтті.

 

 

Елімізде жоғары технология мен заманауи зауыттар жүйесін құру мәселесі басты назарда тұр - Н.Нығматуллин, Мәжіліс төрағасы

1

2

1/2

 /«ҚазАқпарат». 11.01.2013. Елжан Ералы./

- ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин Орал қаласындағы бірқатар өндіріс орындарында болып, соның ішінде Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы ұжымымен кездесті.

Компанияның өндіріс цехтарының бірінде ұйымдастырылған кездесуді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ашты. Спикер сапарының мақсаты Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы «Қазақстан 2050» стратегиялық жолдауын түсіндіріп, насихаттау болатын. Нұрлан Зайроллаұлы Елбасының жаңа Жолдауы ең алдымен Қазақстанның болашағын қалыптастыратын жас толқынға арналғанын атап өтті. Сонымен бірге елімізде таяу болашақта жоспарланып отырған саяси, экономикалық жобалар туралы әңгімеледі.

Нұрлан Нығматуллиннің айтуынша, бүгінгі таңда Парламент қабырғасында «Кәсіподақтар туралы», «Жастар туралы» заңдар жобасы талқылануда екен. «Кәсіподақ туралы жаңа заң еңбек ұжымдарында еңбек дауларының алдын алу, ондай даулар туа қалған жағдайда ушықтырмай, заң аясында шешу, жұмысшы құқығын қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Бұл Президенттің ерекше тапсырмасымен дайындалып жатырған құжат», деді Нұрлан Зайроллаұлы. Ал «Жастар туралы» Заң да жастар қауымының барлық мәселесін қарастырған жанды құжат болмақ.

-Бүгінде ішкі жалпы өнім көлемінің өсуінен әлемнің алдыңғы қатарлы 50 мемлекеті қатарына енген, ал даму қарқыны жөнінен үздік бестікте тұрған Қазақстан Тұңғыш Президентіміздің көреген басшылығымен «алдымен экономика, содан кейін саясат» деген жолды ұстанып, жоғары нәтижелерге жетті. Енді, міне, саяси реформалардың да кезегі келіп жатыр. Биыл еліміздегі барлық деңгейдегі әкімдердің 91,7 пайызы - барлық ауылдық, кенттік округ әкімдері және аудандық маңызы бар 50 қаланың әкімі сайланады, - деді Нұрлан Нығматуллин.

Мәжіліс төрағасы өз сөзінде жас техникалық кадрларды дайындау мәселесіне ерекше тоқталды. «Бүгінде елімізде жоғары технология мен заманауи зауыттар жүйесін құру мәселесі басты назарда тұр. Біз бұрын елімізге инвестиция құятын әр компанияға мұқтаж едік. Қазір жағдай басқаша. Шетелдік компания қазір Қазақстанда жұмыс істегісі келсе, ең заманауи, жоғары технологияны әкелуге және жергілікті мамандарды оқытатын техникалық орталық ашуға міндеттенеді. Бұдан бөлек, өзіміздің техникалық колледждер де қазіргі өндіріске ең қажетті мамандарды дайындауға кірісті. Сондықтан, жастар қауымын озық технологияны меңгеруге шақырамын», дейді Нұрлан Нығматуллин.

Бір қуанарлығы, Батыс Қазақстан машина жасау компаниясында озық технологияны меңгерген кадр дайындау мәселесі жақсы жолға қойылған көрінеді. Компанияның кадр мәселесі жөніндегі директоры Виктор Кузнецов журналистерге жергілікті жастарды зауыт жаңадан игерген жаңа мамандықтар - турбиналық машиналарды жөндеу, азаматтық авиация өндірісі салаларына даярлау үшін шетелге жіберіп оқытқанын, олардың алды қазір жаңа мамандықтарын игеріп, компанияға қайта оралғанын айтып берді. Бүгінгі таңда компания қаражатына 16 жас маман шетелден білім алып келіп, өндірісте қызмет етіп жатса, тағы 8 жас авиация университетінің 4 курсында оқиды екен.

Осындай жастың бірі - зауыттың №1 өндіріс бастығы Ақылжан Ахметов. Ол Украинаның Харьков авиация университетінде білім алыпты.

-Болашақ - жоғары технологиялар заманы. Біз оның еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Біздің мекеме азаматтық шағын авиация өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Әрине, бұған мықты мамандар керек қой. Сондықтан, осыдан бес жылдай бұрын компания Орал қаласында мектеп бітіріп жатқан түлектер арасынан іріктеп, біраз жасты Ресей мен Украинаның қалаларына жіберген болатын. Олар зауыттың гранты бойынша тегін білім алды. Міне, олардың көбі қазір жоғары білімді маман атанып, туған жеріне оралды, бүгінде біздің компанияда инженер-конструктор, өндіріс шебері, т.б. қызмет атқаруда, - дейді Ақылжан.

 

 

Дариға Назарбаева Қостанайлық меценаттар клубына кіру ниетін білдіріп, оның есебіне 50 мың доллар көлемінде жарна аударды

 

 /«ҚазАқпарат». 11.01.2013. Елжан Ералы./

- ҚР Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапардың негізгі мақсаты - Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын түсіндіру.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, бірнеше қоғамдық бірлестіктердің басшылары Д.Назарбаевамен бірге отбасылық типтегі «Жанұя» балалар үйіне, облыстық балалар үйінде, онкологиялық диспансерде, жаңа көпсалалық ауруханада болды.

Олар кеше Омаров атындағы облыстық Қазақ драма театрына барды. Онда Қостанай меценаттары клубының тұсаукесері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті.

Дариға Назарбаеваны меценаттар клубын құру идеясы қызықтырды, ол оның құрамына кіру ниетін білдіріп, есебіне 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі бастапқы жарнаны аударды.

 

Депутат И. Аронова Қостанай облысының жұртшылығымен жүздесуде

 

/«ҚазАқпарат». 11.01.2013./

-Бүгін Мәжіліс депутаты Ирина Аронова Қостанай облысының жұртшылығымен кездесу өткізді.

Халық қалаулысы «Жанұя» отбасылық үлгідегі Балалар үйінің және Қостанай облыстық балалар үйінің педагогикалық ұжымымен және тәрбиеленушілерімен танысты. Ол сондай-ақ Қостанай облыстық онкологиялық диспансері, Қостанай облыстық көпбейінді аурухана, Заречное ауылдық дәрігерлік амбулаторияның медициналық қызметкерлерімен және меценаттар клубының мүшелерімен кездесті.

Сапар барысында Таран, Қостанай аудандарының тұрғындарымен, сондай-ақ ҮЕҰ-ның басшы әйелдерімен және Қостанай облыстық мәслихат депутаттарымен кездесу жоспарланған.

 

 

 

 

Мәжіліс депутаттары сарбаздармен кездесті

 

 /«ҚазАқпарат». 11.01.2013. Елжан Ералы./

- «Қазақстан - 2050» стратегиясын түсіндіру мақсатында Батыс Қазақстан облысына келген Мәжіліс депутаттары Жанат Жарасов пен Ерсұлтан Бектұрғанов 11 қаңтар күні №2029 әскери бөлімнің сарбаз-сардарларымен кездесті.

Онда депутаттар Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары жөнінде әңгіме қозғап, Қазақстанның әлемдегі тез дамушы мемлекеттер қатарына қосылып отырғанын атап өтті. Шекара жасағы жауынгерлерімен жүздесуде ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету де сөз болмай қалған жоқ. Бұл ретте еліміз көршілес мемлекеттермен өз шекарасын бекітіп алды, тиісті келісімдер жасалды. Сондай-ақ кездесуде энергетикалық тәуелсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі, демография, қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері де айтылды.

 

Балаларды қорғау мәселесін ел зиялылары енді ойлай Бастады

 

/«Заң газеті». 11.01.2013. Шолпан Рахымқызы./ - Парламент Мәжілісінде «Бала­лардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқылануда. Бұл заң жобасына Мәжіліс депутаттары Алдан Смайыл, Гүлнәр Сейітмағанбетова, Светлана Бычкова, Гүлмира Исімбаева бастамашы болып отыр. Бастамашы топ бұл істе шетелдік тәжірбиелерге сүйенгенін алға тартады. Бүгінгі жас ұрпақтың рухани азып бара жатқаны аға буынның бас ауыртар мәселесіне айналды. Жедел дамыған әлеуметтік желілерден, қала берді көгілдір экраннан келетін қауіптен балаларды сақтандыра алмай отырған қазақы қоғам енді жаңа заңға үлкен үміт артатындай.

Депутат Алдан Смайыл Қазақ­стан­дағы қаралып отырған жаңа заң жобасына жаңа құқықтық ұғымдар енгізіліп отырғанын айтады. «Мысалы, «Балаларға арналған ақпараттық өнімнің жас сыныптамасы» және «жас санаттары» ұғымдары бар. Та­ратып айтсақ, заң жобасы бойынша балаларға арналған ақпараттық өнім­дерге жас сыныптамасы бо­йынша сараптама жүргізіледі. Са­рап­тама ақпараттық өнімнің жанрын, тақырыбын, мазмұны мен бе­зен­дірілуін, ақпараттық өнімді  ұсынудың тәсілін,  балаларға жасырын әсер ететін арнаулы әдістердің бар-жоғын, баланың ақпараттық өнімді бірнеше рет көру мүмкіндігін айқындап береді. Мұндай сараптама ақпараттық өнім еліміздің аумағына таратылғанға дейін жүргізіледі және ол сол өнімді өндірушіге жүктеледі.  Балаларға арналған ақпараттық өнімнің жас санаттары заң жобасында мынадай категорияларға жіктелген. Атап айт­қанда, «6 жасқа дейінгі», «6 жас­тан бастап», «12 жастан бастап», «16 жастан бастап» деп бөлінеді. Бұлардың бәріне нақты талаптар қойылған және эфирде, экранда тарату мерзімдері, бала үшін қолайлы уақыттары атап көрсетілген» – дейді.  Жоба жетекшілері компьютерлік және өзге де электронды ойындарды таратушылардың міндеттерін де саралапты. Осы ойындарда балаларға ұсынуға тыйым салынған ақпараттық өнімдерге тән көріністердің бол­мауына да тыйым қойылмақ. Оларда агрессивті күш көрсетуге және өз­ге де қоғамға жат іс-әрекеттерге арандататын сюжеттер кездеспеуге тиіс. Енді бала компьютер арқылы  виртуалды кісі өлімін, азаптау, қор­лау, жәбірлеу әрекеттерін қолдан жасай алуына жол берілмейтін бо­лады. Интернет-ресурстар, ұялы радиотелефон байланыс желілері қызметтерінің провайдерлері, ин­тернет-ресурстарға ұжымдық қол жеткізу пунктерінің иелері мен құ­рылтайшылары заң жобасындағы осы және басқа қағидаларды  орындауға міндеттелмек. 

 Сіз не дейсіз?

Асылы ОСМАНОВА,  қоғам қайраткері, тіл жанашыры:«Баланы ата-анасы  қорғап үйренсін»

– Балаларды зиянды ақпараттардан қор­ғауымыз керек. Бірақ, біз қит етсе заң керек дей береміз. Ол заңдар шығып та жатыр, бірақ орындалмайды. Заңның болғаны жақ­сы, әрине, бірақ, сол заң шыққаннан ке­йін ол жүзеге асса ғана біздің елде тәртіп болады. Балаларды зиянды ақпараттан қорғауды ең алдымен ата-анадан бастауымыз керек. Үйдегі баласына қарамай ата-ана не істеп отыр? Неге баласына дұрыс тәрбие бере алмайды? Ең ұлы заң осы тәрбие бастауы емес пе? Оны туабітті қалыптасуға тиіс Ата заң десек те болады. Ол ата-бабамыздан келе жатқан тәрбие. Тәрбиесіз білімнің өзі сусыз диірмен. Заңның болғаны жақсы. Ал, оны орындау осы қоғамды қалап тұрған әрқайсымыздың мойнымызда. Сенің де, менің де, әке-шеше, қала берді сол баланың да міндеті. Осы тұрғыдан келгенде, ең алдымен жүкті біз ата-анаға салуымыз керек. Баласының күні бойы теледидар көріп, компьютер алдында отыруына ата-ана неге жол береді? Одан да неге ол сол баласына кітап оқытпайды, неге баласын еңбекке баулымайды? Бұл мәселеде ең алдымен біздің өзіміздің ұлттық идеологиямыз қалыптасуы қажет. Өз тілін білмеген ата-ана, өз тілін құрметтемеген ата-ана балаға не оңған тәрбие береді? Адам болып жаралғаннан кейін адам сол атауға лайық өмір сүргені абзал. Ұрпағын да қоғамға қажетті азамат етіп тәрбиелеуі парыз.

 Анна МЕРГЕНБАЙҚЫЗЫ, психолог:«Бәріне тыйым сала бермей, баланы ашық әңгімеге тартқан жөн»

– Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпарат деген не? Сонда не, қазақтың балалары зиянды нәрселерді көрмей жатыр ма? Үлкендердің жылқыны қалай бауыздайтынын, малды қалай соятынын бәрін көріп жүр емес пе? Балаға пышақты қалай пайдалану керек екенін неге үйретпеске? Біз балаға керісінше үйретіп қоямыз. Мына дүниеде ешқандай қылмыс жоқ, бәрі керемет, бәрі тамаша, ешқандай жаман адам жоқ деп. Өзіңіз ойлаңыз, ертең ол мынадай қоғамда сол түсінікпен өмір сүре ала ма? Бала соның бәрін көруі керек, оның бәрінен өтуі керек. Тек сананың таразысынан өткізуді де үйренуі тиіс. Мен, бірақ, сол ата-ананың баламен ашық сөйлесуге уақыты табыла ма екен деп ойлаймын. Бәріне тыйым сала бермей, баланы ашық әңгімеге тартқан жөн.

Мақпал ЖҰМАБАЙ, «Балапан» телеарнасының продюсері:«Жас ұрпақ тәрбиесі – мемлекеттің басты міндеті»

– Бұл заң жобасын ана ретінде де, маман ретінде де, азамат ретінде де қолдаймын. Ақпараттық қауіпсіздік – тәуелсіздік кепілі. Әйтсе де, кеш қалғанымызды мойындауымыз керек. Жиырма жыл бойы ақпарат кеңістігіндегі бей-берекетсіздіктің құрбаны болған ұрпақты қалай жөнге келтіреміз? Өзін-өзі батыстық фильмдердің «кейіпкеріндей», компьютерлік ойындардың «қаһарманындай» сезінетін жас буынды қайтадан қалай қазақ етеміз? Бұл сұрақ әлі талай уақыт көкейкесті боп қала бермек. Меніңше, кез келген технологиялық жаңашылдықты қоғам өміріне ендірмес бұрын, оның пайдалы әрі зиянды жақтары алдын ала саралануы керек. Сондықтан, шетелден кіретін әр өнім ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан зерделенуі тиіс. Осы заң аясында арнайы сараптамалық мекеме құрылуы қажет деп есептеймін. Осы күнге дейін ата-ана баласын өздігінше қадағалап келді. Нәтижесінде, ата-ананың ақпарат ағынына төтеп беруде мүлдем қауқарсыз екені дәлелденді. Жас ұрпақ тәрбиесі – мемлекеттің басты міндеті. Жаңа Заң баланың таңдаулы ақпаратпен ғана танысып, озық технологияны ғана игеруіне мүмкіндік жасайды деп сенемін.

 

БҚО машина құрылыс компаниясында Президент Жолдауы талқыланды

 

/«BNews.kz». 11.01.2013./ - Президент Жолдауының басым бағыттары Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Батыс Қазақстан машинақұрлыс компаниясының еңбек ұжымымен болған кездесінде қызу талқыланды, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Батыс Қазақстан облысы халқымен және еңбек ұжымдарымен кездесті.

Баспасөз қызметі атап өткендей, Маңызды талқылау Батыс Қазақстан облысы машинақұрлыс компаниясында өтті.

«Кездесу барысында Президенттің жаңа Стратегиялық бағытының Инновация, индустрияландырудың жаңа кезеңі, еліміздің экономикалық өсуі мен одан әрі даму үшін Қазақстанның басты байлығы ретінде ресурстарды пайдалану, отандық өнеркәсіпке мамандар дайындау сияқты өзекті тұстарына ерекше назар аударылды», - делінген хабарламада.

«Президентіміз өз Жолдауында өте маңызды мәселе – қазақстандық кәсіпорындарға мамандар дайындауға барынша назар аударуда. Өйткені, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі жұмысшы мектебінен өткен, тәжірибелі адам, сондықтан, кәсіби техникалық мамандықтың қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі. Бұл біздің кәсіпорын үшін де өте қажет. Сондықтан мен Елбасымыздың идеясын қолдай отырып, күнделікті жұмысым барысында да жас мамандармен тәжірибемді бөлісуге тырысамын», - деді аталған компанияның кадрлар ісі жөніндегі директоры Виктор Кузнецов.

Батыс Қазақстан облысының машинақұрылыс компаниясы – облыстағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Қазіргі уақытта оның өнімі көптеген салаларда, мұнайгаз, құрылыс, ауылшаруашылығында жоғары сұранысқа ие. Аса маңызды бағыттарының бірі – азаматтық және әскери авиациялық қозғалтқыштарды жөндеу бойынша Қазақстан үшін инновациялық және ерекше базаны ұйымдастыруы. Кәсіпорын қызметінің бұл түрі де еліміз бойынша бірегей. Алдағы уақытта кәсіпорын жоғары қысымды сорғыштық қондырығын жөндеу мен өндіруді, азаматтық шағын авиация өндірісін меңгеруді меңгеруді жоспарлап отыр

«Президентіміз айтқандай, болашақ жоғары технологиялар заманы. Біз оның еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Біздің мекеме де бір орында тұрған жоқ. Алдағы уақытта кәсіпорын азаматтық шағын авиация өндірісін меңгеруді жоспарлап отыр», - дейді БҚМК №1 өндірісінің бастығы Ақылжан Ахметов.

Компания жұмысшылары Елбасының иннновациялық-технологиялық бағытты қарқынды дамыту қажеттігін айтқан көрегендігі болашаққа деген нық сенімдерін бекіте түскенін айтады.

 

Нығматулин: Әрбір қазақстандық жаңа дәуір тынысын сезінеді

 

/«BNews.kz». 11.01.2013./ - Президенттің жаңа Стратегиялық бағытын жүзеге асыру әрбір қазақстандықтың жаңа дәуір тынысын сезінуіне мүмкіндік береді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысына сапары барысында парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлім етті, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.

Елбасының «Қазақстан – 2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы бойынша Батыс Қазақстан облысында жүрген Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Орал қаласындағы №5 қалалық емханаға да арнайы барды.

Президенттің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған медициналық мекеме қазіргі уақытта 45 мыңға жуық адамды қамтитын, қаланың солтүстік-шығыс ауданы тұрғындарына қызмет көрсетеді. Емханада кәсіби медициналық көмек көрсетудің барлық жағдайлары жасалған. Бұл жерде түпкілікті нәтижеге межеленген медицина қызметкерлеріне салаланған еңбек ақы төлеу енгізілуде.

Жүздесу кезінде талқыланған тақырыптың бірі - әлеуметтік саясаттың жаңа ұстанымдары. Онда денсаулық саласын дамытуға баса назар аударылған.

Сонымен қатар, медициналық қызмет сапасының бірегей стандарттарын енгізу, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықтарын бірыңғайландыру, сондай-ақ, Елбасы Жолдауында айтылған аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емедеумен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны жетілдіру, «Смарт - медицна», қашықтан профилактика және емдеу, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу сияқты өзекті тақырыптар әңгіме өзегіне айналды

Сондай-ақ, ақ халаттылар, жастарға қандай қолдау көрсетіледі, заңдық деңгейде қалай шешіледі, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік жағдайы сияқты өздерін толғандырған сауалдарын алға тартты.

Осыдан кейін, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин кездесуді қорытындылай келіп: «Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 Стратегиясы» Батыс Қазақстан облысында да кең қолдауға ие болуда. Себебі, Қазақстанымыздың жаңа экономикалық, әлеуметтік және саяси даму бағыты еліміз азаматтарына ерекше серпін бергені сөзсіз. Сондықтан, олар өздерінің және ұрпағының жарқын болашағын тікелей осы тарихи Жолдаумен байланыстырып отыр», - деді.

 

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулиннің сапары

 

/«Астана ТВ». 11.01.2013. Еркін Карин./ - Жолдауды халық қолдайды. Мәжілісмендер жарты ғасырды қамтыған тарихи құжаттың маңызын ел-жұртқа жеткізбек үшін аймақтарға аттанды. Жолдау жүктеген жауапты міндеттерді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Батыс Қазақстан облысына жасаған сапарында кеңінен түсіндірді.

Елдің елу жылға дейінгі даму жолын жіктеген құжатты машина жасау зауытының жұмысшылары қуана қабылдады. Өйткені, Жолдау әлеуметтік саладан бастап, индустрияландыруды да кеңінен қамтыған.

Ақылжан Ахметов, жұмысшысы:

Президентіміз айтқандай, болашақ - жоғары технологиялар заманы. Біз оның еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Біздің мекеме де бір орында тұрған жоқ. Алдағы уақытта кәсіпорнымыз шағын авиация, азаматтық шағын авиация өндірісін меңгеруді жоспарлап отыр.

Өңірдегі іргелі кәсіпорынның өнімдері мұнай-газ, құрылыс, ауыл шаруашылығында жоғары сұранысқа ие. Жуырда алғашқы отандық ұшақты құрастырып шығарды. Өндірісте жиі айтылатын IT технологиялар енді, өндірісте ғана емес, ауруханада да кеңінен қолданылуда. Президент Жолдауы қамтыған жаңа әлеуметтік саясаттың негізі де осында.

Шолпан Кәримова, дәрігер:

Президентіміз өз Жолдауында 16 жастағы балаларды медициналық қызметтің барлық түрімен тексеру керектігін айтқанын мен дұрыс деп ойлаймын. Себебі, 16 жасқа дейінгі балаларда жақсы денсаулық қалыптасуы керек.

Индира Әмірова, Орал қалалық №5 емхана директорының орынбасары:

Медицина қызметкерлері әрқашан да Елбасымыздың қамқорлығын сезеді. Жаңа емханалар ашылып жатыр. Сондықтан, біздің пациненттер жақсы медициналық көмек алуы үшін біздер өзіміздің кәсібилігімді әрқашан да күшейтеміз.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы» Батыс Қазақстан облысында да кең қолдауға ие болуда. Себебі, Қазақстанымыздың жаңа экономикалық, әлеуметтік және саяси даму бағыты еліміз азаматтарына ерекше серпін бергені сөзсіз.

Оралдықтар Елбасы Жолдауы жарқын болашақтың жаңа мүмкіндіктері екендігіне сенеді. Өйткені, өңірде үдемелі индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асырылып, жаңа өндіріс орындары ашылуда. Мұндай игі бастамалар қазақ елінің өмір сапасын арттыратыны анық.

 

Депутаттар Батыс Қазақстан облысына барды

 

/«24.kz». 11.01.2013. Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Руслан Мырзағалиев./ - Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын насихаттау мақсатында құрылған топ мүшелері Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болды.

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасы Нұрлан Нығматулин өңірдегі ірі өндіріс ошағы ұжымымен кездесіп, әлеуметтік салада атқарылған істерге қанықты.

Елдің 2050 жылға дейінгі даму жолын айқындаған Жолдауды Жайық жұртшылығы да қызу қолдады. Бұған бірнеше себеп бар. Өңірде өндіріс қарқыны өрістеуде. Сәйкесінше жүздеген жаңа жұмыс орындары құрылды. Мәселен мыңға жуық адам еңбек ететін машина жасау компаниясы мұнай-газ жабдықтарын жөндеуге маманданған. Іргелі кәсіпорын мұнай қыздыру пештері мен кешенді ауа тазартқыш құрылғыларын өндіреді. Мамандарды шетелде оқыту ісі де жолға қойылған.

Ақылжан АХМЕТОВ, машина жасау компаниясының өндіріс басшысы:

- Мемлекет басшысы айтқандай, біздің болашағымыз жоғары технологиялар заманымен байланысты.  Оның еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Біздің мекеме де бір орында тұрған жоқ. Алдағы уақытта кәсіпорнымыз шағын азаматтық авиация өндірісін меңгеруді жоспарлап отыр.

Ұшақ құрастыруға қол жеткізуіміз – ұлттық экономиканың еселеп артқанының бір ғана көрінісі. Елбасы атап өткендей, 2050 жылға қарай әлемнің ең озық 30 елімен терезе теңестіруге тиіспіз. Бұған қажетті ресурс та, жан-жақты білімді мамандар да жеткілікті. Өңір өндірісінің қарқынымен етене танысып, жолдау жүктеген басымдықтарға ерекше екпін түсірген насихаттық топ мүшелері осыған көз жеткізді.  

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» даму стратегиясы Батыс Қазақстан облысында кең қолдауға ие болды. Себебі Қазақстанның жаңа экономикалық, әлеуметтік және саяси даму бағыты ел азаматтарына ерекше серпін бергені сөзсіз. Сондықтан олар өздерінің және ұрпағының жарқын болашағын тікелей осы тарихи Жолдаумен байланыстырып отыр.

Жұртшылықтың Жолдауға қолдау білдіруіне себеп – әлеуметтік саладағы талай толғақты мәселенің шешімін табуы. Әсіресе, басы ауырып, балтыры сыздаған ағайын үшін сапалы әрі қолжетімді медициналық көмектің жөні бөлек. Осыдан бірер жыл бұрын пайдалануға берілген №5 емхана – «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасының жемісі. Кезінде «Кезексіз емхана» атты республикалық байқауда үздік шыққан ұжым осы тұғырдан таймауға күш салып келеді.

Индира ӘМІРОВА, №5 емхана директорының орынбасары:

- Медицина қызметкерлері әр уақытта Елбасының қамқорлығын сезініп келеді. Жаңа емханалар ашылып, жаңа технологиялар енгізілуде. Сондықтан біздің емделушілеріміз жақсы медициналық көмек алу үшін біз әрқашан кәсібилігімізді күшейтеміз.

Елбасы белгілеген «Қазақстан-2050» даму стратегиясын елі қолдап отыр. Ендеше ендігі міндет жеткен толағай табыстарға тоқмейілсімей, межеленген мақсатқа жетуге жұмыла кірісу ғана болмақ.

 

Депутаттар жолдауды дәріптеуге кірісті


          /«Дала мен қала». 12.01.2013. Еркін Досымбай./ - Бүгінгі таңда Парламент депутаттары аймақтарда сайлаушылармен кездесулер өткізуде. Өңірлерде өтетін онкүндік сапардың басты міндеті – Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы тарихи Жолдауының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру және насихаттау. Ал, осы сапар қарсаңында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен биылғы жылдың алғашқы жалпы отырысында депутаттар бірқатар заң жобаларын қарады.

Атап айтсақ, «Жеке басты куәланды­ратын құжаттар туралы» және оған ілеспе заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерге өз келісімдерін берді. Заң жобасының басты жаңалығының бірі – босқынның еңбек ету еркіндігі құқығын ескере отырып, жұмыс­шыда босқын куәлігі болған кезде еңбек шартын жасасуға мүмкіндік берілетін тү­зетулер қарастырылған. Сонымен қатар, бала асырап алу құпиясын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органға жаңа жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру құ­қығы беріледі. Жеке басты куәланды­ратын құжаттар түрлерінің тұтастай тізбелері анықталады. Құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті айқындалады. Заң жобасы бойынша аза­маттық құқықтық келісімдерді жасайтын Қазақстан азаматының төлқұжаты мен жеке куәлігі, шетелдіктің тұруға құқық бе­ре­тін және республикада тұрақты тұратын азаматтығы жоқ азаматтың жеке куәлігі, шетелдік азаматтың шекаралық төлқұжаты секілді құжаттардың тізімі айқындалып отыр. Еліміздің құзырлы орындары берген бұл құжаттар мемлекеттің меншігі болып заң жүзінде бекітілмек. Сонымен қатар, оларды беру және жарамсыз деп танудың негіздері дәйектелген. Сенатта талқылау барысында заң жобасына бірқатар түзетулер енгізілген. Олар заң жобаларын тұжырым­дамалық тұрғыдан өзгертпейтіндіктен, Мәжіліс депутаттары өз келісімдерін беру керек деп шешті. Сондай-ақ, палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқы­лымда мақұлдады. Аталған заң жобасы жалпы арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық тартымдылығы мен ары қарай дамуын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймақ­қа инвестиция үшін қосымша ынталандыру тетіктерін құру мен кедергілерді тө­мен­дету, жекеменшіктегі жер учаскелерін меншік иесінен жалға алу есебінен АЭА-ның аумағын кеңейту қарастырылған. Ал экономикалық аймақтар аумағын кеңейту үшін жер телімдерін жекеменшік иесінен жалға алу шарттарына сәйкес жүзеге асырып, оны бекіту Үкіметтің өкілеттілігіне жат­қызылады. Жалпы отырыста, сонымен қатар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы аясында «Тараз қаласының айналма жолы» учаскесін қайта салуға арналған ҚР және Азия Даму банкі арасындағы займ жөніндегі Келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Учаскенің жалпы ұзақтығы – 65 шақырым, оның 7,7 шақыры­мы цемент-бетонды жамылғысы бар бірінші техникалық категориялы, ал 57,4 шақырымы асфальт-бетонды жамылғысы бар екінші техникалық категориялы болмақ. Айналма жол көптеген елді мекендер, жайылым мен омарталар орналасқан қала маңы аумағы арқылы өтетін болған­дық­тан, құрылыс жобасында 11 көпір мен жол өтпелерін, 155 су өтпе құбырларын, сондай-ақ мал өтпелерін салу жоспарлан­ған. Аталған жасанды құрылыстар транзит көлігіне кедергісіз өтуге және осы учаскеде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл мақсатқа Азия Даму банкі елімізге 95 миллион АҚШ доллары сомасында қарыз ұсынып отыр. Ал Қа­зақстан Үкіметінің аталған жобаны қар­жыландыру үлесі 17 млн. доллардан аспайды. Бұл ретте бюджет қаражаты құ­рылыс жұмыстарын қосымша қаржылан­дыруға, сондай-ақ салықтарды төлеуге ба­ғытта­латын болады. Талқылдаудан соң заң жобасы мақұлданды.

Сондай-ақ, жалпы отырыста бірқатар өзекті мәселелер депутаттық сауал ретінде тиісті орындарға жолданды. Мысалы, Үкі­мет басшысының атына сауал жолдаған депутат Тұрсынбек Өмірзақов «ЭКСПО-2017» студенттік құрылыс жасақтарын барынша жандандыруға мүмкіндік беретінін мәлім­деді. «2000 жылы Елбасының бастамасы бойынша студенттік құрылыс отрядтары қоз­ғалысы қайта жандана бастады. Студент жастар құрылысқа, «Жасыл ел» бағдарла­масын жүзеге асыруға белсенді атсалысты. Алайда, көптеген өңірлерде жастар құры­лыс қозғалыстары жергілікті органдардың қолдауына ие болмай, тіпті өз жұмыстарын да тоқтатты», – дейді Т.Өмірзақов.
Осы орайда, депутат алдағы уақытта индустрияландырудың жаңа кезеңі басталатынын, «ЭКСПО-2017» Қазақстанда құ­ры­лыс отрядтарын жандандыруға тың сер­пін беріп, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құруда маңызды қадам болатынын атап өтті. Ал, депутат Ұласбек Сәді­беков «Агробизнес-2020» бағдарлама­сында мақта шаруашылығы басым бағыттар қатарында болуы тиіс деп есептейді. Депутаттардың атына Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта өсіру, өндіру және оны өткізу ісімен айналысушы шаруалардың атынан көпте­ген өтініштер келіп түскен. 2007 жылы «Мақта саласын дамыту туралы» заңның қабылдануы мақта шаруа­шылығы өндірі­сіне, зауыттың қаржылық тәуелділігінен құтылуға, өсірген өнімімен шаруаның өзі айналысуына мүмкіндік берген. Сондай-ақ, депутат заң арқылы мақта саласын дамытуды мемлекеттік реттеу мен қолдауды қам­тамасыз ететін құқықтық ұйымдастыру және экономикалық негіз­дер де қаланғанын атап өтті. Осының нәтижесінде, 2006 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі кезеңде мақта саласын жалпы мемлекеттік қаржыландыру 2,7 есеге артқан. Осылайша, мақта саласын одан әрі дамыту үшін жағдай жасалған. «Алайда, келіп түскен өтініштерді талдау нәтижесі мақта шаруашылығы саласында қалып­тасқан жүйелі проблемаларды көр­сетіп отыр. Атап айтсақ, бағаның қалып­тасуы, мемлекеттік қолдау, сондай-ақ биз­несті жүргізу кезіндегі қиыншылықтар баршы­лық. Осы мәселеге орай, ауылша­руа­шы­лығы өнімдерін экспорттауда астықтан кейінгі екінші орында тұратын мақта саласын дамыту мақсатында қолда­ныстағы заңға өзгерістер енгізуді сұраймыз. Оның ішінде әзірленіп жатқан «Агробизнес-2020» бағдарламасында мақта шаруа­шылығын басымдықтар қатарына қосуды, мақта өңдеу кәсіпорындарының жаңа технология­ларымен қайта жабдықтау үшін мемлекет­тік қолдауды қарастыруды ұсынамыз», – деді депутат Ұ.Сәдібеков.

Жалпы отырыс жұмысын қорытын­дылаған Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин депуттардың аймақтарға шығатын сапа­рының басты міндетін айқындап, әріптес­теріне «сәтті сапар» тіледі.

 

 

Бюджет қаржысына қамқорлықпен қарау керек

 

/«Егемен Қазақстан». 12.01.2013. Нәзира Жәрімбетова./ - Парламент Мәжілісіндегі Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі  комитеттің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған бір топ депутат екі күндік сапармен Қостанай облысында болды.

Әлеуметтік саланы дамытуда тек бюджетке иек артпай, қандай балама жол табуға болады? Бизнес пен жергілікті атқарушы биліктің әріптестігін қалай өрбітуге болады? Бюджет қаржысы қайткенде үнемделеді? Осы орайда Қостанай облысында өміршең мысалдар бар. Облыста мәдениет пен өнер адамдарына қолұшын созудың тамаша дәстүрі қалыптасқан. Он екі жылдан бері Меценаттар клубы жұмыс істейді. 2000 жылы Қазақстандағы мәдениет жылына орай сол кездегі облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев іргесін қалап кеткен Меценаттар клубы қазір қызметін кеңейте түсті.

– Біз мұның дұрыс ше­шім екеніне қаныққаннан кей­ін Меценаттар клубын ұйым­дастырдық. Қазір оның құрамында 22 кәсіпкер бар. Олардың саны жыл сайын өсіп келеді. 2006 жылы құрылтай жарнасы 7000 доллар болды, алдағы уақытта онан да көбейтуге мүмкіндік бар, тіпті 20 мың долларға дейін өсіруге болады, – деді Меценаттар клубының жетекшісі Василий Розинов.

Меценаттар клубы тағайын­да­ған «Қазына» сыйлығы 35 жастан асқандарға, ал «Шабыт» сыйлығы 18-ден 35 жасқа дейінгі талант иелеріне беріледі. «Қазына» сый­лығы 5000 доллар, «Шабыт» оның жартысындай көлемде белгіленген. Олар 11-12 аталым бойынша жыл сайын лайықты иесін табады. В.Розинов осы кез­ге дейін Меценаттар клубы тағайындаған 324 сыйлыққа 136 миллион 705 мың 362 теңге бөлінгенін айтты.
Д.Назарбаева қалталы кә­сіп­керлердің мұндай бастамасына ризашылық білдірді. Елі­міздің өзге өңірлерінде меценаттар клубының жоқтығын, қостанайлық тәжірибені тарату керектігін де айтты. Сонымен қатар, меценаттардың білім беру және денсаулық сақтау салаларына да қолұшын бергенін қалады. Сөйтіп, өзі де осы Меценаттар клубына мүше болатынын, алғашқы жарнаға 50 мың доллар салатынын хабарлады.

Дариға Нұрсұлтанқызы меценаттармен кездесердің алдында облыстық онкологиялық диспансер мен облыстық көп салалы ауруханада болған еді. Кездесуде елімізде елді мекендердің шашылып орналасқандығын, сондықтан олардың әрқайсысына аурухана салудың тиімсіздігін де тілге тиек етті. Ал реанимобиль алса, ішінде барлық медициналық жағдайы бар бұл машинамен алыс ауылдарға апталап жүріп, тұрғындарды профилактикалық тексеруден өткізуге толық жағ­дай болады. Мұның адамдар өлі­мін жиілетіп отырған қатерлі ісіктің, туберкулездің, жүрек ау­ру­ларының алдын алуға көмегі тиетінін айтты Д.Назарбаева. Об­лысқа мұндай жабдықтың кемінде төртеуі және құны 300 миллион теңге тұратын ангиограф керек.

Кәсіпкерлер әлеуметтік салаға атсалысып-ақ отыр. Мысалы, «ССКӨБ» акционерлік қоғамы бұл салаға 9 миллиард теңге, «Қарасу» СКК 580 миллион теңге, «Арай-Холдинг» акционерлік қоғамы 180 миллион теңге бөлген. В.Розинов осы уақытқа дейін «Иволга-Холдинг» ЖШС-нің ауылдарда 17 клуб салғанын айтты.

– Облыс кәсіпкерлерінің тәжірибелері жетерлік. Мемлекет пен жекенің әріптестігіне не ке­дергі? Осы клубтарды ұстап тұ­ру­ды мемлекет неге қолына алмайды? – деп сұрады Дариға Нұр­сұлтанқызы. Бұл сұрақтың жауабын облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов берді. Оның айтуынша, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі тарапынан түсіністік бола бермейді. Кәсіпкер бір мектептің қазандығын ұста­ған­ның өзінде оған айыппұл салумен қатар, жемқорлық деп тануға дейін барады. Осы орайда әкім жөнделген жол мемлекеттікі, ал одан өтетін құбыр жекенікі бол­ғандықтан, кейде бюджет қаржысын қалай жұмсау керек­тігіне тосырқап қалатын сәттер аз болмайтындығын айтты. Әрине, кездесуде тиісті заңға өзгеріс керектігі көптің көкейіне қонды.

Келесі күні Д.Назарбаева «Нұр Отан» ХДП Қостанай облыстық филиалында коррупцияға қарсы журналистік пул мүшелерімен кездесті. Ал үкіметтік емес ұй­ым­дар мүшелерімен және жас­тармен кездесуінде облыс­та­ғы адамгершілік пен қайы­рым­дылықты ту етіп көтерген игі іс­терге қанықты. Үкіметтік емес ұйымдар мүшелері мен же­текшілері қоғамның дамуына көлденең тұрар көптеген мә­се­ле­лерді де көтерді. Түрлі жобалар туралы сөз қозғады.

– Бюджет қаржысына қам­қор­лықпен қарау керек. Сапасы жоқ, бірақ бюджеттен қаржы талап ететін көп жобаның қажеті де шамалы. Керісінше, белгілі нәтижесі болатын, көп жылға арналған жобалар іздестіру керек, – деді депутат.

Қостанай облысына екі күндік сапарында Д.Назарбаева отбасылық сипаттағы «Жан ұя» және Қостанай облыстық балалар үйлерінде, Қостанай ауданындағы Заречная орта мектебінде, Заречное ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда және Алтынсарин ауданындағы «Жайлау» сана­торийінде болды.

 

 

Мақсат – түсіндіру мен насихаттау

 

/«Егемен Қазақстан». 12.01.2013./ - Парламент Мәжілісінің депутаттары Серік Үмбетов, Нұрлан Жазылбеков және Сенат депутаты Нұрлан Сүлейменов ай­мақтардағы сайлаушылармен жүздесу үшін Алматы об­лысының әкімі Аңсар Мұ­са­хановпен бірге Қаскелең қа­ла­сындағы Сүлеймен Демирел атын­дағы университетте болды.
Депутаттар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы тарихи Жолдауының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру және насихаттау барысында ай­мақтарға аттанған болатын. Осы мақсатта олар университеттің оқытушы-профессорлар құ­рамы­мен жүздесті.

Сондай-ақ, депутаттар­ Қас­ке­леңдегі 2012 жылы пай­да­лануға берілген орта мектепте болып, ұстаздар ұжымымен кездесуде орта білім беруді дамыту мәселесін талқылады.

*   *   *

Парламент Мәжілісінің депу­таттары Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы тарихи Жолдауының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру және насихаттау барысында аймақтарға аттанған болатын.

Аталған мақсатпен Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев Ақмола облысының Шортанды ауданындағы Научный ауылында болып, А.Бараев атындағы ғылыми-зерттеу институтының ұжымымен кездесу өткізді.

Сондай-ақ, депутат сол күні аудан орталығы – Шортандыда аудандық мәслихат депутаттары­мен және сайлаушылармен жүз­десіп, Елбасы Жолдауындағы жер­гілікті өзін өзі басқару мен жұ­мыспен қамту мәселелеріне қа­тысты мемлекеттік бағдарла­ма­лар­дың қалай жүзеге асырылып жатқандығы жайындағы ойларымен бөлісті.

*   *   *

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назар­баев­тың Қазақстан халқына Жол­дауын өңірлерде насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаттары Ұ.Сәдібеков, О.Өксікбаев, Қ.Жабағиев, Т.Асанов, О.Асан­ғазы, С.Сорокин Жамбыл облы­сын­дағы жұмыс сапарларын бастады.

Мәжілісмендер әуелі Тараз қаласының тұрғындарымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында еліміздің осы жылға дейінгі жеткен жетістіктері нақты мәліметтер арқылы баяндалып, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы бойынша алға қойған міндеттері төңірегінде баяндамалар жасалды. Мәжілісмендер түрлі сұрақтар бойынша нақты жауаптар беріп, кездесуге қатысушылар Елбасы бастамасын үлкен ықыласпен қолдайтындықтарын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 орта мектеп базасында қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, Елбасы Жолдауы бойынша түсіндіру, насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуден соң мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында салынған «Ер төстік» балалар бақшасымен және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен «Самал» шағын ауданындағы №11 үйдегі жұмыс нәтижелерімен танысып, тұрғындармен әңгімелесті.

*   *   *

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Жамбыл Ахметбеков Маңғыстау облысына Мемлекет басшы­сы Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­баевтың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы тарихи Жолдауының негізгі ба­ғыт­тарын халыққа түсіндіру және насихаттау мақсатымен барды.

Жамбыл Ахметбеков өз сапарын ҚХКП облыстық комитеті активімен кездесуден бастады.

Ол жиналғандарға «Халық коммунистері» депутаттық фрак­циясының жұмысы және өзінің Парламент Мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамындағы жұмысы жөнінде айтып берді.

– Өткен жыл ішінде біздер 91 заң жобасын қарастырдық, олардың 76-сы Сенатқа жолданды. Партиямыздан сайланған депутаттар Мәжілістің барлық жеті комитетінде қызмет атқарады, – деп Жамбыл Әужанұлы әңгімесін жалғастырды.

Кездесу маңғыстаулық халық коммунистерімен сұхбатқа ұласты.

 

Президент Жолдауы – Мәжіліс депутаттарының Батыс Қазақстандағы кездесулерінің арқауы

 

/«Егемен Қазақстан». 12.01.2013. Темір Құсайын./ - Нұрлан Нығматулин: Елбасының жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыру әрбір қазақстандықтың жаңа дәуір тынысын сезінуіне мүмкіндік береді.  

Халық қалаулылары жаңа жылдағы алғашқы кездесулерін еліміз үшін тарихи құжатқа айналған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын тал­қы­лауға арнады.

Қазақстан Парламенті Мә­жі­­лісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Батыс Қазақстан облысы халқымен және еңбек ұжымдарымен кездесті.

Батысқазақстандықтар Пре­зи­денттің халыққа Жолдауын ерекше ықыласпен қабыл алды. Се­бебі, Елбасы ұсынып отырған жаңа стратегиялық бағыт бүкіл елі­мізге және әрбір аймаққа одан әрі қарқынды дамуға және құ­былмалы тарихи жағдайда ұзақ­мерзімді тұрақты дамуға қа­білетті болуға серпін беріп отыр.

Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік және ха­лық­аралық деңгейдегі ірі жобаларда табысты пайдаланы­лып келе жатқан мықты өндірісімен, табиғи, кадрлық потенциалымен мақтана алады. Сондықтан болар, Парламент Мәжілісінің Төрағасы кездесу өткізген ба­тыс­қазақстандық машина жасау компаниясында (БҚМК) қызу талқылау  өтті. Кездесу барысында Пре­зи­денттің жаңа стратегиялық бағытының инновация, ин­дус­трияландырудың жаңа ке­зеңі, еліміздің экономикалық өсуі мен одан әрі дамуы үшін Қа­зақ­станның басты байлығы ретінде ре­сурстарды пайдалану, отандық өнеркәсіпке мамандар дайындау сияқты өзекті тұстарына ерекше назар аударылды.
«Президентіміз  өз Жол­дау­ында өте маңызды мәселе – қазақстандық кәсіпорындарға мамандар дайындауға барынша назар аударуда. Өйткені, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі жұмысшы мектебінен өткен тәжірибелі  адам, сондықтан, кәсіби техникалық мамандықтың қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі. Бұл біздің кәсіпорын үшін де өте қажет.

Сондықтан мен Елбасымыздың идеясын қолдай отырып, күнделікті жұмыс барысында да жас мамандармен тәжірибемді бөлісуге тырысамын», деп өз пікірімен бөлісті Батыс Қазақстан машина жасау компаниясының кадр жөніндегі директоры, көптеген жас мамандардың тәлімгері Виктор Кузнецов.

Батыс Қазақстан облысының машина жасау компаниясы – облыстағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Қазіргі уақытта оның өнімі көптеген салаларда, мұнай-газ, құрылыс, ауылшаруашылығында жоғары сұранысқа ие. Аса ма­ңыз­ды бағыттарының бірі – аза­маттық және әскери-авиациялық қозғалтқыштарды жөндеу бо­й­ын­ша Қазақстан үшін инно­ва­циялық және ерекше базаны ұйымдастыруы.  Кәсіпорын қызметінің бұл түрі де еліміз бойынша бірегей.  Алдағы уақытта кәсіпорын жоғары қысымды сорғылық қондырғы жөндеу мен өндіруді, азаматтық шағын авиация өндірісін меңгеруді жос­парлап отыр.

– Президентіміз айтқандай, болашақ – жоғары технологиялар жасауда. Біз оның еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Біздің мекеме де бір орнында тұрған жоқ. Алдағы уақытта кәсіпорын азаматтық шағын авиация өндірісін меңгеруді жоспарлап отыр, – деді БҚМК №1 өндірісінің  бастығы Ақылжан Ахметов.

Компания жұмысшылары Елбасының инновациялық-технологиялық бағытты қарқынды дамыту қажеттігін айтқан көрегендігі болашаққа деген нық сенімдерін бекіте түскенін жеткізді. Оған аға бақылау шебері Наталья Акутинаның: «Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев ұзақмерзімді даму бағытын ұсынып отыр. Біздің басты мақсатымыз – еңбек ету. Өйткені, алдағы өміріміздің қандай болатыны, балаларымыздың қалай өмір сүретіні біздің әрқайсымызға байланысты», деген сөздері дәлел бола алады.
Халықпен кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Президенттің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында ашылған Орал қаласындағы  №5 қалалық емханасында да болды. Бүгінгі күні бұл медициналық мекеме 45 мыңға жуық адамды қамтитын қаланың солтүстік-шығыс ауданы тұрғындарына қызмет көрсетеді. Емханада кәсіби медициналық көмек көрсетудің барлық жағдайлары жасалған. Бұл жерде түпкілікті нәтижеге межеленген еңбекақы төлеу енгізілуде.

Жүздесу кезінде талқыланған тақырыптың бірі – әлеуметтік саясаттың жаңа ұстанымдары болды. Онда денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударылған.
– Медицина қызметкерлері әрқашанда Елбасымыздың ерекше қамқорлығын сезініп келеді. Жаңа ауруханалар ашылып, жаңа технологиялар енгізілуде. Қазақстандықтардың сапалы медициналық көмек алуы үшін біз одан әрі кәсібилікті арттыруға жұмыла кірісудеміз, – деді №5 қалалық емхана директорының медициналық жәрдемді ұй­ым­дастыру жөніндегі орынбасары Индира Амирова.

Сонымен қатар, медициналық қызмет сапасының бірегей стандарттарын енгізу, медициналық мекемелердің материалдық-тех­никалық жабдықтарын бір­ыңғайландыру, Елбасы Жолдауында айтылған аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны жетілдіру, «Смарт – медицина», қа­шықтықтан профилактика және емдеу, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу сияқты өткір тақырыптар әңгіме өзегіне айналды.

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі қызмет бастығы Александр Гехман:

– Орталықтан алыс жатқан көптеген аудандары бар біздің облыс үшін Президентіміз айтқан смарт-медицина, қашықтықтан емдеу сияқты медициналық қызметтің жаңа түрлерін енгізу өте маңызды, – деді өз сөзінде.

Сондай-ақ, ақ желеңділер Мәжіліс Төрағасынан жастарға қандай қолдау көрсетіледі, бұл мәселе заңдық тұрғыда қалай шешіледі, аймақтық және жаһандық қауіпсіздік проблемалары сияқты өздерін толғандырған сауалдарға жауап алып қалуға тырысты. Осыдан кейін Нұрлан Нығматулин кездесуді қорытындылай келіп: «Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы  Батыс Қазақстан облысында да кең қолдауға ие болуда. Себебі, Отанымыздың жаңа экономикалық,  әлеуметтік және саяси даму бағыты еліміз азаматтарына ерекше серпін бергені сөзсіз. Сондықтан, олар өздерінің және ұрпағының жарқын болашағын тікелей осы тарихи Жолдаумен байланыстырып отыр», деп өз ойын түйіндеді.

Өңірге сапар барысында Нұр­лан Нығматулин тағы да бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

 

Өзімбілемдіктің сыры немесе қолданыстағы заңнаманы энергия өндіруші компаниялардың бұзып жатқанына кім жауап береді?

 

/«Егемен Қазақстан». 12.01.2013./ - Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» фракциясының депутаттары тарифтерді қалыптастыру мен энергия өндіруші компаниялардың инвестициялық міндеттемелерін орындаулары бойынша Үкіметке қайтадан сауал жолдады.

Аталған мәселе бойынша өткен жыл­дың 17 мамырында жолданған фрак­цияның депутаттық сауалында Үкі­мет тарапынан берілген жауапта энергия өндіруші, энергия таратушы және энергиямен жабдықтаушы компаниялардың қолданыстағы заңнаманы есепсіз бұз­ған­дығы туралы фактілер келтірілген болатын. Еске сала кетейік, сол кезде «Ақ жол» партиясының депутаттары сәуір айындағы тарифтердің қымбаттауының дәлелділігіне күмән келтіріп, Үкіметтен энергия компанияларын тексеруді сұраған   еді.
Мәселен, Үкіметтен келіп түскен ақ­парат бойынша, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ-ын тексеру кезінде электр стансасын 1,5 млрд. теңге қаражатқа жаңғырту бо­йынша міндеттеменің орындалмағандығы анықталған. «АЖЭО» АҚ (Атырау облысы) 2010 жылы 82,6 млн. теңге көлеміндегі қаржыны ұтымсыз және тиімсіз шы­ғын­даған. «СолтүстікҚазЭнерго» АҚ (СҚО) күл үйіндісін салу барысын­да өзіне алынған инвестициялық міндеттемелерді дұрыс орындамаған. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 5,4 теңге болатын белгіленген шекті тарифтің орнына электр энергиясын 11,75 теңге/кВт сағат тарифімен сатқан. Сондай-ақ, «Бәсекелестік туралы» Заңды бұза отырып, АҚ  маңызы бірдей келісімдерге қатысты әртүрлі тарифтер қолданған.

Сонымен бірге, қатарында «AES Өскемен ЖЭО» АҚ, «AES Өскемен ГЭС» ЖШС және «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы) бар бірқатар ұйымдар «Электр энергетикасы туралы» Заңның 12-бабының 3-тармағының 2-тармақшасын бұза отырып және министрлікпен инвестициялық келісім жасаспастан шекті тарифтер бойынша электр энергиясын таратуды жүзеге асыруда.

Мұндай келісімдердің болмауына байланысты, аталған ұйымдардың түскен пайданың бір бөлігін қолда бар активтерді жаңартуға, қолдауға, қалпына келтіруге және техникамен қайта жарақтауға ба­ғыт­таудың орнына, өздерінің шетелдік құ­рылтайшыларына миллиардтап дивидендтер төлейтіндігі белгілі болып отыр.
Хатта көрсетілгендей, әдепкі кезде тарифтер мен тарифтік сметаларды қа­лып­тастыру тәртібі тиісті деңгейде бел­гі­ленбеген.

Заңның 5-бабының 12-тармақшасына сәйкес Министрлік энергия өндіруші ұйымдардың тобын қалыптастырады. Бірақ бұл топтарды қалыптастыру тәртібі қолданыстағы заңнамамен регламенттелмеген.

«Демек,  Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің  20.12.2010 жылғы №455 бұйрығымен бекітілген энергия өндіруші ұйымдардың тобы нормативтік-құқықтық акті­лер­мен белгіленбеген критерийлер бойын­­ша қалыптастырылған. Энергия өн­діруші ұйымдардың топтарын қалып­тастыру механизмінің заңнамамен рег­ламенттелмеуі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін алғышарттар тудырады, себебі, заңның 12-1- бабының 2-тармағына сәйкес электр энергиясы үшін шекті тариф энергия өндіруші ұйым­дардың тобына байланысты бекітіледі»,  деп осы депутаттық сауалды  Мәжілістің кезекті  пленарлық отырысында жария еткен Нұрлан Жазылбеков айтып өтті.

Шекті тарифті министрлік энергия өндіруші ұйымдардың тиісті топтары бойынша өткен жылғы тариф пен бағаға жүргізілген салыстырмалы талдаудың негізінде  анықтаған. Бірақ, электр энергиялары үшін шекті тарифтерді бекіткенге дейін бағаларды энергия өндіруші компаниялардың өздері анықтап отырған, себебі, электр энергиясын сату (өндіру) үшін тарифтерді қалыптастыру заңнамалық актілермен реттеліп отырған жоқ. Энергия өндіруші ұйымдардың өздері белгілеген тарифтердің дәлелділігін министрлік тексермеген.

«Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясы тарифтерді қалыптастыру және энергия өндіруші, энергия таратушы және энергиямен жабдықтаушы компаниялардың инвестициялық мін­дет­темелерді орындауын бақылау мәселелері бойынша Үкімет атына қайтадан сауал жолдап отыр және келесідей сұрақтарға жауап беруді сұрайды:
бірқатар энергия өндіруші компаниялар министрлікпен инвестициялық келісім жасамай, электр энергиясын шек­ті тарифтер бойынша қалайша сатуда; Үкіметтің 25.03.2009 жылғы № 392 қаулысымен белгіленген энергия өндіруші компаниялардың шекті тарифтері бо­йынша, өндірілген 1000 кВт электр қуа­тына шаққандағы инвестициялық міндеттемелердің үлесі қандай ақшалай баламаны құрайды; өздеріне алынған инвестициялық міндеттемелерді орын­да­маған энергия өндіруші компаниялар қандай жауапқа тартылды және заңсыз алынған пайда қалайша өндірілді.

 

Жеке өкілі болып қайтадан тағайындалды

 

/«Егемен Қазақстан». 12.01.2013./ - Украинаның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әділ Ахметов ЕҚЫҰ Іс ба­сын­дағы Төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілік пен кем­сітушілікке қарсы күрес жөніндегі Жеке өкілі лауазымына бекітілді.

Сенатор Ә.Ахметов бұл қызметті 2009 жылдан бері атқарып келеді. Ә.Ахметов Қазақстан Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы, сонымен қатар, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының мүшесі болып табылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

 

Мақсат – ұлттық заңнаманы сәйкестендіру

 

/«Егемен Қазақстан». 12.01.2013./ - Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымын өткізді. Басқосуды аталған комитет төрайымы Гүлжан Қарақұсова жүргізді, деп хабарлады Мәжіліс баспасөз қызметі.

Сыртқы сауда саласындағы қыз­мет­ті реттейтін тиісті нормативтік құ­қық­тық базаны құруға, бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуге және кеден аумағы арқылы тауарларды тасымалдауға қатысты халықаралық құжаттармен белгіленген тәртіпті қолдануға бағытталған заң жобасы бойынша Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары Мәдина Әбілқасымова баяндап берді.

Заң жобасының мақсаты – ұлттық заңнаманы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыратын қол қойылған халықаралық келісімдерге сәйкестендіру, Кеден одағының жұмыс істеуі үшін  оның міндетті шарты болып табылатын бірыңғай сауда саясатын құруға бағыттылған Кеден одағын қалыптастыру шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындау.

Еуразиялық экономикалық қо­ғам­дастықтың Мемелекет басшылары дең­гейіндегі Мемлекетаралық кеңесінің 2009 жылғы 27 қарашадағы №19 шешімі бойынша: Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісім, Тауарлардың сыртқы сауда саласындағы лицензиялау ережесі туралы келісім, Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлармен жасалатын сыртқы сауданы қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісім, ЕурАзЭҚ шеңберінде үшінші елдермен сауда да әкелуге немесе әкетуге Кеден одағына мүше мемлекеттермен тыйымдар мен шектеулер қолданатын тауарлардың Бірыңғай тізбесі бекітіліп, Шектеулерді қолдану ережелері жа­салған.

Заң жобасымен танысқан депутаттар баяндамашыға сұрақ қойды. Жұмыс тобының жетекшілігіне  депутат Сәмиғолла Оразов бекітілді. Енді заң жобасы бойынша жұмыс, депутаттар аймақтардан келгеннен кейін жалғасатын болады.

 

Қарыз алушылар мен берушілер құқын теңестіру бағытында арнайы дөңгелек үстел өткізілді

 

/«Егемен Қазақстан». 12.01.2013. Асқар Тұрапбайұлы./ - «Ақ жол» демократиялық партиясының ұйытқысымен өткен дөңгелек үстел барысында қаржылық қызмет тұтынушыларының құқын қорғау заңнамалық тұрғыдан шешілуі қажеттігі жан – жақты талқыға салынды. Аталған жиын  Ұлттық банк пен Қазақстан ұлттық – өндірістік палатасының қолдауымен жүзеге асқандығын айта кеткен жөн.

Дөңгелек үстел жұмысына Парламент депутаттары, Ұлттық және екінші дең­гей­лі банктер өкілдері, кәсіпорындар мен бизнес-қауымдастықтардың басшылары қатысты. Жиында әңгіме екінші деңгейлі банктер мен еліміздің өндірісшілері арасындағы қарым-қатынастарға қа­тысты өрбіді. Осы ретте аталған шараның «Ақ жол» ҚДП-ның осы мәселеге байланысты ҚРҰБ тарапына депутаттық сауалдарын жолдап, оған қанағаттанарлық жауап ала алмағандығы да түрткі болғанын айта кеткен жөн.

Бұл жолы жиылған қауым алдында  Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев арнайы баяндама жа­­сады. Оның мәліметіне қарағанда, 2010-2012 жылдар аралығында Ұлттық банкке заңды және жеке тұлғалар атынан қаржылық ұйымдардың заңсыз әрекетіне шағымданған 14 мыңдай арыз түскен. Әсіресе, ипотекалық несие алу барысында екінші деңгейлі банк­тер тарапынан қызмет көрсету сапасының нашарлығы жиі сынға алынып жататындығы тілге тиек етілді. Осы мәселеге қатысты кейбір заңнамалық актілерге бірқатар өзгерістер 2011 жы­лы енгізілгені де айтылмай қалмады. Ұлт­тық банк өз тарапынан жеке және заңды тұлғалардың құқын қорғау үшін рұқсат беру жүйесін оңтайландыру мақ­сатында арнайы заңнамалық базаны жақсартуға ұсыныстар енгізіп, мем­лекеттік органдардың тексерісін кеміту бағытында бірқатар шаралар атқарған көрінеді.

Үкімет тарапынан рұқсат беру жүйе­сін жетілдірудің тұжырымдамасы да бе­кітілсе, үстіміздегі жылы барлық рұқ­сат беру тетіктерінің тізімі жариялануы тиіс. Қаржылық құралдардың шығу тегін қадағалайтын комитет құрып, оған алдын ала нендей қаржылық қызметтер ұсынылатынын жан-жақты тексеру құқы берілуі қажеттігі де алға тартылды. Енді бұл құзырлы орган мәселесі заңнамалық тұрғыдан қолдау табуы тиіс. Бұдан басқа, негізгі қарызға төленетін пайыздық мөлшерлемелерден өзгесіне қатысты Ресей мен Беларусьтің мысалы келтірілді. Ресейде банктер тарапынан несиені рәсімдеуге қосымша қаржы алу тоқтатылса, Беларусьте пайыздық үстемеден басқа төлемдер заңсыз деп табылыпты.

Ұлттық банк төрағасының орынба­сары сондай-ақ, екінші деңгейлі банк­тер­дің ұзақмерзімді қаржылық мүмкіндігін арттыру мақсатында олар шығарған облигацияларды жинақтаушы зейнетақы қорларының сатып алуын қамтамасыз етуге кірісіп кеткендігін де жеткізді. Бұл өз кезегінде 2014 жылдан бастап екінші деңгейлі банктердің ұзақмерзімді несие беру мүмкіндігін кеңейтуге тиіс.

Бас банкир орынбасарының баяндамасынан кейін сөз алған Мәжіліс депутаты Азат Перуашев дағдарысты басынан кешіріп жатқан Еуропа елдерінде банктердің пайыздық мөлшерлемелері 5 пайыздан төмен екендігін айта келіп, ал елімізде отандық өндірістік секторға берілетін несиенің мөлшерлемесі 14 пайыздан түспей тұрғандығына қын­жы­лыс білдірді. Бұл екінші деңгейлі банк­терден қарыз алушы тұтынушылар құқының бұзылуы салдарынан пайда тауып отырғандығын білдіреді, деді ақ­жолдық депутат.
Жалпы, жиын басында екінші дең­гейлі банктер тарапынан қарыз алу­шы­лардың өз төлемдерін уақытында өте­мегені үшін алатын айыппұлдары пайыздық үстеме мен негізгі қарыз сомасынан да асып кетіп жататыны көлденең тартылды. Енді мұндай сорақылықтарды болдырмау үшін екінші деңгейлі банктер мен несие алушылар құқын теңестіретін үлгі келісім-шарт болуы қажет.

Енді бұл айтылған мәселелердің барлығы да Парламент қабырғасында жалғасып, жеке және заңды тұлғалардың құқын қорғау  бағытындағы заңнамалық тетіктерде көрініс табуы тиіс.

 

Өндіріс ошағындағы кездесу

 

 

 

/«Айқын». 12.01.2013. Бауыржан Файзоллаұлы./ - Осы аптаның бейсенбісінде ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин іссапармен Батыс Қазақстан облысында болып қайтты. Сапар барысында спикер Оралдағы бірқатар өндіріс ошақтарының тыныс-тіршілiгімен танысты. Соның бірі Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы ұжымымен өткен кездесу еді.

Аталмыш зауыттың цехтарының бірінде ұйымдастырылған кездесуді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ашты. Спикер сапарының мақсаты - ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиялық Жолдауын ел ішіне кеңінен насихаттау болатын. Нұрлан Зайроллаұлы Елбасының жаңа Жолдауы ең алдымен Қазақстанның болашағы - бүгінгі жас толқынға арналғанын атап өтті. Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы таяу болашақта жоспарланған саяси, экономикалық жобалар туралы әңгімеледі.

Нұрлан Нығматулин бүгіндері Пар­ла­мент қабырғасында «Кәсіподақтар туралы», «Жастар туралы» заңдар жо­балары тал­қылануда екен.

- Бүгінде ішкі жалпы өнім көлемінің өсуінен әлемнің алдыңғы қатарлы 50 мем­лекеті қатарына енген, ал даму қарқы­ны жөнінен үздік бестікте тұрған Қазақстан Тұңғыш Президентіміздің көреген бас­шы­лығымен «алдымен экономика, содан кейін саясат» деген жолды ұстанып, жо­ғары нә­ти­же­лерге жетті. Енді міне, саяси рефор­ма­лардың да кезегі келіп жатыр. Биыл еліміздегі барлық деңгейдегі әкім­дердің 91,7 пайызы - барлық ауылдық, кенттік округ әкім­дері және аудандық маңызы бар 50 қа­ланың әкімі сайланады, - деді Нұрлан Нығ­матулин.

Мәжіліс төрағасы өз сөзінде жас тех­никалық кадрларды дайындау мәселесі­не ерекше тоқталды. «Бүгінде елімізде жо­ғары технология мен заманауи за­уыт­тар жүйесін құру мәселесі басты назарда тұр. Біз бұрын елімізге инвестиция құятын әр компанияға мұқтаж едік. Қазір жағдай басқаша. Шетел­дік ком­пания қазір Қа­зақстанда жұмыс істегісі келсе, ең зама­науи, жоғары техно­ло­гияны әкелуге және жергілікті маман­дарды оқытатын техникалық орталық ашуға мін­деттенеді. Бұдан бөлек, өзіміздің тех­ни­калық кол­ледждер де қазіргі өндіріске ең қажетті маман­дарды да­йындауға кірісті. Сон­дықтан жастар қауымын озық техно­логияны меңгеруге шақырамын» дейді Нұрлан Нығма­тулин.
Осы орайда Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы озық технологияны меңгерген кадр дайындау мәселесі жақсы жолға қойған кәсіпорын санатынан. Ком­панияның кадр мәселесі жөніндегі ди­рек­торы Виктор Кузнецов журна­лис­терге жер­гілікті жастарды зауыт жаңадан игерген жаңа мамандықтар - турбиналық маши­на­ларды жөндеу, азаматтық авиа­ция өндірісі салаларына даярлау үшін шетелге жіберіп оқытқанын, олар­дың алды қазір жаңа ма­ман­дықтарын игеріп, компанияға қайта орал­ғанын айтып бер­ді. Бүгінгі таңда ком­пания қаражатына 16 жас маман шетелден білім алып келіп, өндірісте қызмет етіп жатса, тағы 8 жас авиация университетінің 4 курсында оқиды екен. Солардың бірі - зауыттың №1 өндіріс бастығы Ақылжан Ахметов. Ол Украинаның Харьков авиа­ция уни­верситетінде білім алыпты.

- Жоғары технологияларды тың­ғы­лықты меңгерген мамандар - елдің бағын ашатын кадрлар. Біздің мекеме аза­маттық шағын авиация өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Сон­дық­тан осыдан бес жылдай бұрын ком­пания Орал қаласында мектеп бітіріп жатқан түлектер арасынан іріктеп, біраз жасты Ресей мен Украинаның қала­ла­рына жі­берген болатын. Олар зауыттың гранты бойынша тегін білім алды. Міне, олардың көбі бүгінде жоғары білімді маман ре­тінде туған өлкеге оралып, қазіргі таң­да біздің компанияда инженер-конструк­тор, өндіріс шебері, т.б. қызмет атқарып, кәсіби білім-біліктерін шыңдай түсуде, - дейді Ақылжан.

Халықпен кездесу барысында Нұр­лан Нығматулин, Президенттің «100 мек­теп, 100 аурухана» бағдарламасы ая­сында ашылған Орал қаласының №5 қалалық емханасында да болды. Бүгінгі күні бұл медициналық мекеме 45 мыңға жуық адамды қамтитын, қаланың сол­түстік-шығыс ауданы тұр­ғын­дарына қыз­мет көрсетеді. Емхана­да кәсіби ме­дициналық көмек көрсе­тудің барлық жағдайлары жасалған. Бұл жерде түп­кілікті нәтижеге межелен­ген сала қыз­мет­керлеріне салаланған еңбек ақы тө­леу енгізі­луде.

Жүздесу кезінде талқыланған тақы­рыптың бірі - әлеуметтік саясаттың жаңа ұстанымдары. Онда денсаулық са­ласын дамытуға баса назар ауда­рыл­ған.

- Медицина қызметкерлері әрқа­шанда Елбасымыздың ерекше қамқор­лығын сезініп келеді. Жаңа аурухана­лар ашылып, жаңа технологиялар енгізілуде. Қазақстандықтардың сапалы медици­налық көмек алуы үшін біз одан әрі кә­сібилікті арттыруға жұ­мыла кірісу­деміз, - дейді №5 қалалық емхана ди­рек­торының медици­налық жәр­демді ұйымдастыру жөніндегі орын­­ба­сары Индира Амирова.

Сонымен қатар медициналық қыз­мет сапасының бірегей стандарт­тарын енгізу, медициналық мекемелердің ма­териалдық-техникалық жабдықтарын бірыңғайландыру, сондай-ақ Елбасы Жолдауында айтылған аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету, про­филактикалық медицинаны жетілдіру, «Смарт - медицина», қашықтан профи­лак­­тика және емдеу, «электрондық ме­ди­цина» қызметтерін енгізу сияқты өзекті тақырыптар әңгіме өзегіне ай­налды.

Сондай-ақ ақ халаттылар, жастарға қандай қолдау көрсетіледі, заңдық дең­гейде қалай шешіледі, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік жағдайы сияқты өздерін толғандырған сауалдарға Спи­керден жауап алып қалуға тырысты. Осы­дан кейін, Мәжіліс төрағасы Нұр­лан Нығматулин кездесуді қоры­тын­дылай келіп: «Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан - 2050 страте­гиясы» Батыс Қазақстан облысында да кең қолдауға ие болуда. Себебі Қа­зақ­ста­нымыздың жаңа экономикалық, әлеу­меттік және саяси даму бағыты елі­міз азаматтарына ерекше серпін бергені сөзсіз. Сондық­тан олар өздерінің және ұрпағы­ның жарқын болашағын тікелей осы тарихи Жолдаумен байланыстырып отыр» деп өз ойын түйіндеді.

Өңірге сапары барысында Нұрлан Нығматулин тағы да бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Міндет айқын, жоспар нақты

 

 

 

/«Айқын». 12.01.2013. Жомарт Молдахметұлы./ - Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы стратегиялық зерттеулер институтында Мәжіліс депутаттары мен қаланың зиялы қауым өкілдері - политолог-ғалымдар, қаладағы жоғары оқу орындарының оқытушылары бас қосып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Жолдауының мәні мен маңызын және осы құжаттан туындайтын асқаралы міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын талқылады.

Алқалы жиынды ашқан Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050 стртегиясы: қа­лып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Жолдауы еліміздің эко­номикалық-әлеуметтік және саяси да­муының ұзақмерзімдік басым ба­ғыт­тарын белгілеп берген аса маңызды та­рихи құжат болып табылатынын ай­тып, бұдан былайғы жерде осы құжатта бел­гіленген стратегиялық даму міндет­терін жүзеге асырудың тиімді жолдарын анық­тау - еліміздің озық ойлы әрбір аза­ма­тына үлкен жауапкершілік жүктей­тін­дігіне тоқталды. - Бүгінгі басқосудың басты мақсаты да міне, осы! Сондықтан да Мәжіліс депутаттары арнайы келіп, осындағы саясаткер ғалымдармен ой бөлісуді жөн санап отыр. Қане, әрқай­сыңыз өз ойларыңызды ортаға салып, игілікті іске батыл үлес қосыңыздар, - деп Болат Қылышбекұлы саясаткерлер­ге бұрылды. Алғашқы сөз кезегі Мә­жілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, депутат Мәулен Әшімбаевқа берілді.

- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1997 жылы жарияланған «Қазақстан - 2030» стратегиясын еліміз қысқамерзімде абыроймен орындап шықты. Бұл - тәуелсіз Қазақстанның өркениетті әлемге нық қадам басуы ба­ғытындағы үлкен жетістік! Мен бүгін ұзақ­мерзімді кезеңге арналған міндет­­тер белгіленген «Қазақстан - 2050» Жолда­уында айтылған халықаралық ынты­мақтастық мәселелеріне, оның ішінде, саясаттанушы мамандарға жүктеле­тін бірнеше ауқымды міндеттерге тоқтал­ғым келеді. Біріншіден, біздің еліміз Кеден­дік одақтың қызметін одан әрі жандан­дырумен қоса, Біртұтас экономикалық ынтымақтастықты ілгерілетуге баса назар аударуы және осы бағытта нақты істерді атқаруы тиіс. Оның ішінде, алыс-жақын шетелдермен тиімді сауда-сат­тықты жолға қойып, инвестицияның түйткілді мәселелерін барынша тиімді шешуге атсалысуымыз керек. Бұған қоса, Орталық Азия елдерімен өзара сенімді қалыптастыруымыз қажет. Мысалы, 2014 жылы Ауғанстаннан шетел әскерлері толық шығарылады. Ал біз ауған елімен достық қарым-қатынасымызды одан әрі жалғастыруымыз қажет. Қазіргі күні Қа­зақстан Ауғанстанға мүмкіндігінше гу­манитарлық және білім беру саласын­да көмектесіп келеді. Ауғанстандық 400-ге жуық жас өрен Қазақстанның жоғары және арнаулы оқу орындарында тегін білім алуда. Олардың арасында бола­шақ ауыл шаруашылығының, медицина, оқу-ағарту саласының мамандарымен қа­тар, инженер-техниктер бар. Бұған қоса, гу­манитарлық көмек жағдайында Қа­зақ­стан ауған еліне астық, күріш жеткізіп беруде. Сондай-ақ қазақстандық маман­дардың көмегімен көлік жолдары, ау­рухана, мектеп, т.б. ғимараттар салынуда. Қазақстан Ауғанстанға екі миллион дол­лар көлемінде қаржылай көмек те көр­сетті. Егер Ауғанстанға қатысты дәл осындай ісшараларды Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан тәрізді елдер де жүзеге асырса, нұр үстіне нұр болар еді. Жолдауда алға қойылған тағы бір маңызды міндет, ол - шетел­дермен экономикалық дипломатия­ны орнықтыру. «ЭКСПО-2017» халықара­лық көрмесі қарсаңында дәл осы мәсе­леге айрықша назар аударуымыз қа­жет. Себебі «ЭКСПО-2017»-нің өткізілу нә­ти­жесі еліміздің экономикалық дипло­матиясының айнасы болуы ақиқат.

Эко­номист-ғалымдарымыз мұны ескеруі керек. Ресеймен, АҚШ-пен, Қытаймен сыртқы қарым-қатынасымызды дамыта отырып, бұл елдермен бірлескен ғалам­дық жобаларды жүзеге асыруға тиіспіз. Орталық Азия елдерімен де тиімді алыс-беріс, достық қарым-қатынас жалғасын табуы керек. Сайып келгенде, мұның бар­лығы да Тәуелсіз Қазақстанның өрке­ниетті дамуына ықпал ететіні даусыз, - деп Мәулен Сағатханұлы Елбасының «Қазақстан - 2050 стратегиясы: қалып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағы­ты» деп аталатын Жолдауына сәйкес елі­міз сайсаткерлерінің қандай ісшаралар­ға ерекше аударуы және істі қай мәселеден бастауы қажеттігін түсіндіріп берді. Ал көрнекті мемлекет және қоғам қай­раткері, Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұл­танов болса, Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жыл қарсаңындағы Жолдауында Тәуелсіз Қазақстанның таяу болашақта «Қазақ елі» болуы қажеттігі туралы пікірін ай­рықша маңызды әрі көрегендікпен ай­тылған бағамды бағдар ретінде ба­ғалады. - Елбасы осы Жолдауында тәуелсіз елі­міздің қандай шараларды жүзеге асыр­ғанда «Қазақ елі» бола алатынын тұң­­ғыш рет айтып берді. Бұл мәселе тәуелсіздік­тің алғашқы жылдарында да көтеріл­ген. Алайда ол жылдарда елімізді бұлай атау­ға сол кездегі саяси ахуал, халықтың құрамы мүмкіндік бермеді. Бұл үшін біз, ең алдымен, ана тілімізден бастап өзі­міздің барлық ұлттық құндылық­тары­мызды әлемдік өркениеттің даму дәре­жесіне жеткізуіміз керек. Неліктен біз күні бүгінге дейін тіл мәселесін көкпарға айналдырып жүрміз? Міне, осы сұраулы мәселені әркімнің санасына терең сіңіруіміз қажет. Бұл - адамның санасы­на байланысты. Мысалы, кез келген адамға «сен өзіңнің анаңды сүй» деп айта ала­мыз ба? Себебі бұл - адамның санасы арқы­лы жүзеге асырылатын нәрсе. Демек, әрбір адам өзінің анасын қалай сүйсе, ана тілін де солай сүюі керек. Ал қазіргі дамыған технология заманында кейінгі толқын жастың бірнеше тілді еркін меңгеруіне жол ашылған. Демек, біз «Қазақ елі» атты мәңгілік ел боламыз десек, ең алдымен, ұлттық сана мен дү­ние танымымызды дамытып қана қой­май, осыларды өзгерткеніміз жөн. Өйт­кені әлемде алты мыңға жуық тіл бол­­ғанымен, сол ұлттардың басым көп­шілігінің мемлекеті жоқ. Мысалы, дү­ниежүзінде 40 миллионнан астам күрд халқы бар екен. Алайда олардың мем­лекеті де, ұлттық жалауы да жоқ. Біз міне, осыны санадан өткізіп, болашаққа батыл қадам басумыз керек. Елбасы Жол­да­уынан әрбір адамның санасына түйе­ті­ні осы болуы тиіс, - деп Қуаныш Сұлтанұлы өз ойын ортаға салды.

Жиын барысында оған қатысқан саясаттанушы ғалымдар Елбасы Жол­дауындағы айқын да басым бағыттар және оларды жүзеге асырудың жолдары туралы өз ойларын ортаға салып, жан-жақты пікір алысты.

 

 

Экспо құрылысына қатысуға дайынбыз!

 

 

 

/«Айқын». 12.01.2013. Үмітжан Бакелекова./ - Апта ортасында Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов көрме құрылысы­на студент еңбек жасақтарын тарту туралы ұсыныс жасағаны белгілі.

Расында, «Жасыл ел» бағдарламасы қолға алынғаны бері студенттер жаз бойы сенделіп жүрмей, жақсы табыс табу мүмкіндігіне ие болды. Бүгінде жеке штаб болып отырған «Жасыл ел» еңбек жасақтарының басшысы Такан Ғизза­тов студенттік еңбек жасақтарын көрме құрылысына жұмылдыру өте тиімді болмақ деп пайымдайды.

-Елбасының халыққа Жолдауынан кейін, көрме құрылысына бізде қатыс­сақ деген ұсынысымызды білдірген бо­ла­тынбыз. Өйткені бұл көрмені энер­гияның баламалы көздері мен «жасыл» технологиялар бойынша өт­кіз­гелі отыр­мыз ғой. Ал біз көгалданды­ру мәселесі­мен айналысатын­дық­тан,одан шет қа­луы­мыз мүмкін емес. Сондықтан көр­­мені ұйымдастыру комитетіне хат дайындап жатырмыз. «Жасыл ел» құ­рылғалы бері ірі-ірі мемлекеттік маңызы бар құ­рылыстарға қатысып келеді. Бү­гінде «Батыс Еу­ропа - Батыс Қытай» жо­басының тас жол­дарын салыссақ, алдағы уақытта са­лынатын «Бейнеу-Жезқазған» темір жолы құрылысына да қатыспақпыз. Ал көрме елімізде өткелі отырған елеулі оқиға болғандықтан, студент жастар оған міндетті түрде атса­лысады. Оның құры­лысына бүгін бел шеше аралассақ, ертеңгі күні өзіміз ба­ғалайтын бола­мыз. Біздің еңбек жа­сақ­тары жыл сайын жаз уа­қытында 12 мың­ға жуық студенттер­ді жұмыспен қамти­ды. Бұл - үлкен жұмыс күші. Ендігі мақсат - оны дұрыс ұйым­дастырып, тиімді пай­да­лану, - деп па­йымдайды Такан Талғат­ұлы.

Ал «Патриот» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шалқар Айғожаев жастардан құрылыс жасақтарын ұйымдастыру тек экономикалық жағынан емес, әлеу­мет­тік жағынан да тиімді екендігін айтады.

-Кезінде студенттік еңбек жасақ­тары Елбасының бастамасымен құ­рылғандығы белгілі. Олар студенттер­дің әлеу­меттік жағдайын жақсартуға бір-­ден-бір әсер ететін құрылым болып тұр. Сон­­дықтан осындай үлкен жоба­ларға қатыстыру арқылы олардың жұ­мысын алға жылжыта аламыз. Ел хал­қының 30 пайызын жастар құрайтыны белгілі. Тек студенттер емес, жұмыссыз жүрген жас­тар­дың басын біріктіріп, ұйымдастыр­-ған жөн. Бұл жерде бір оқпен екі қоянды атпақпыз. Бір жа­ғынан барлығы жас­тар­дың өздеріне қалатын дүние, екінші жағынан жастар тәжірибе жинақтайды. Жұмыс берушілер мен оқу орындары арасында келісім жасалып, бұрынғы жүйені жа­ңалап, серпін беру керек, - деп тұжы­рымдайды Шалқар Айғо­жаев. Ел та­ри­хындағы елеулі оқиғаға әркім өз қол­таңбасын қалдырғысы келеді. Ен­деше, еңбек етемін деп тұрған жасқа мүмкіндік беріп, қолдау керек.

Халық және қалаулы

 

/«Дала мен қала». 12.01.2013./ - Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2050-шы жылға дейінгі даму стратегиясы туралы тарихи Жол­дауының негізгі ба­ғыт­тарын ха­лыққа түсіндіру және насихаттау барысында Мәжіліс депутаттары аймақ­тарда жұмыс сапарларын өткізуде.

Қостанай облысы. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Да­риға Назарбаева мен комитет хатшысы Гүлнар Ықсанова Қостанай қаласындағы «Жанұя» отбасылық балалар үйінде болды. Парламентшілер балалардың өмір сүру жағдайымен танысты. Балалар өз­дерінің оқудағы, спорттағы жетістіктері жайында әңгімелеп берді.

Ақмола облысы. Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев Шортанды ауданында іссапарда болды. Халық қалаулысы ауданның Бозайғыр ауылдық округында болып, сайлаушылармен және орта мектеп пен кәсіптік техникалық училище ұжы­мымен жүздесіп, Елбасы Жолдауын­дағы жергілікті өзін-өзі басқару мен жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асырылып жатқандығы жайын­дағы ойларымен бөлісті.

Алматы облысы. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Жылқайдаров Талдықорған қаласына іссапармен келді. Іссапар мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылдың 14 желтоқсан күнгі «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын мақсаттарды жұртшылыққа кеңінен насихаттау. Сондай-ақ, сапар барысында «Нұр Отан» Халықтық Демок­ратиялық партиясының XIV съезінде қабылданған «Қазақстан – 2017 мақсатта­ры. Ұлттық іс-қи­мыл жоспары» Тұғырна­масынан, сондай-ақ, «Болашақты бірге жасаймыз!» атты партия бағдарлама­сынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру да кеңінен сөз болды.

Маңғыстау облысы. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық комму­нистері» фракциясының мүшесі Жамбыл Ахметбеков өз сапарын ҚХКП облыстық комитеті активімен кездесуінен бастады. «Халық коммунистері» депутаттық фрак­ция­сының жұмысы және өзінің ҚР Парламент Мәжілісі әлеуметтік-мәдени ко­ми­те­тінің құрамындағы заң жасау іс-әрекеті жөнінде кездесуге қатысу­шы­ларға айтып берді. Қатысушылар ҚР Президен­тінің соңғы екі Жолдауы ҚХКП идеяларына сәйкес олар да әлеуметтік мәселелерге, ең­бек адамының тұрмыстық проблемаларына ерекше назар аударыл­ған деп іс-шараны қорытындылады.

Жамбыл облысы. ҚР Парламенті Мә­­жі­­лісінің депутаттары Ұ.Сәдібеков, О.Өк­сікбаев, Қ.Жабағиев, Т.Асанов, О.Асанғазы және С.Сорокин алғашқы іс-сапар күні Тараз қаласының тұрғында­рымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында еліміздің осы жылға дейінгі жеткен жетістіктері нақты мәліметтер арқылы баяндалып, Елба­сының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы бойынша алға қойған мін­деттері төңірегінде баяндамалар жасалды. Мәжілісмендер түрлі сұрақтар бо­йынша нақты жауаптар беріп, кездесуге қатысушылар тарапы Елбасы бастамасын үлкен ықыласпен қол­дайтындық­тарын мәлімдеді.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 орта мектеп базасында қала тұр­ғын­дарымен кездесу өткізіп, Елбасы Жолдауы бойынша түсіндіру, насихат жұмыс­тарын жүргізді.

 

Қ. Мәми Алматыда бірқатар ұйымдардың өкілдерімен кездесті

 

/«Қазақстан ТРК». 12.01.2013. Әйгерім Мусина./ - Елбасы биылғы Жолдауында жұмыспен қамту, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау әрі жастар мәселесіне баса назар аударды. Осы орайда миллионнан астам халқы бар Алматы шаһарында жұмыссыздарды еңбекпен қамту жобалары жалғасын табуда. Жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеріп, өз ісін ашқан кәсіпкерлер саны артып келеді. Бүгін Парламент сенатының төрағасы Қайрат Мәми Алматыда бірқатар жетекші ұйымдардың өкілдерімен бас қосып, маңызды стратегиялық құжатты талқылады.

 Мемлекет басшысы әр Жолдауында жастар мәселесіне баса назар аударады. Қазір Елбасының тікелей тапсырмасымен, жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы дайындалып жатыр. Яғни, жаңа құжатта ауыл жастарының мәселесі, жас мамандарды жұмысқа тарту, қолжетімді баспана сынды әлеуметтік жайттар қамтылуы шарт. Осы орайда қазір Сенат қабырғасында жастар саясаты мәселесіне қатысты заңнама жаңартылу үстінде.

Қайрат Мәми, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы:

Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі заңнама жаңартылады. Онда жас маман мәртебесін, кепілді ең төменгі әлеуметтік пакетті құқықтық айқындау және жастар үшін әлеуметтік сатыларды қалыптастыратын кешенді әлеуметтік экономикалық шаралар топтамасы көзделеді. Студенттердің іс жүзінде тәжірибе жинақтап, біліктілігін арттыру үшін жоғарғы оқу орындарында ІІ курстан бастап, кәсіпорындарда міндетті түрде өндірістік тәжірибеден өту заңнамалық тұрғыдан бекітілетін болады.

Жалпы, қазір Алматы бойынша мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асып, жаңа маңызды нысандар іске қосылды. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 600-ден астам жаңа жоба субсидияға ие болды. Әр ауданда жұмыспен қамту орталықтары ашылып, осы уақытқа дейін 7 мыңнан астам азамат қайта даярлау курстарынан өтті.

Ақан Бижанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты:

Ел азаматтарының игіліктері мен өмір сүру деңгейі, денсаулығы және білімі түбегейлі жақсарды. Халықтың орташа жалақысы, зейнетақысы, номиналдық ақша кірістері өсті. Экономиканың заманауи мұнай-газ, тау-кен кешендері құрылды. Инфрақұрылым әсіресе, көлік және инфрақұрылым жүйесі дамуда. 

Бүгінде Қазақстан инвестиция тартуда ТМД елдері арасында көш басында. Яғни экономикамыз - дамыған, әлеуметтік жағдайымыз - тұрақты.

 

Мәжіліс депутаттары халықпен кездесті


       /«Қазақстан ТРК». 12.01.2013./ - Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұртай Сабильянов және Төлеген Ибраев Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданының халқымен жүздесті. Басты мақсат - тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, сұрақтарына жауап беру және Елбасы Жолдауын кеңінен талқылау. ««Қазақстан 2050» Стратегиясы бұл біздің басты ұстанымымыз болу керек, өйткені, бұл құжат Егемен еліміздің жаңаша даму кезеңін айқындап берді»,-деді депутаттар Аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде өткен кездесуде ұландықтар депутаттарға өздерін мазалаған сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін айтты. «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының мүшелері сайлаушылар қойған сұрақтардың бір парасын Парламент қабырғасында көтеретінін айтты. Депутаттар 5 ауданда болып, халықпен 20-дан астам кездесу өткізбек.  

Нұртай Сабильянов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бұл кездесулердің басты мақсаты – шығысқазақстандықтарға Елбасының халыққа Жолдауын түсіндіру және сұрақтарына жауап беру. Елбасымыздың биылғы Жолдауы - бұл тарихи құжат. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға және қоғамымызды дамытуға, мемлекетімізді 30 дамыған мемлекеттер қатарына қосуға арналған құжат. Сондықтан,  жүзеге асыруға бәріміз де атсалысуымыз керек.

 

Халық қалаулылары жастармен бірге Жолдауды талқылады

 

/«Қазақстан ТРК». 12.01.2013./ - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары жамбылдық студент жастармен жолықты. Себебі, 2050 стратегиясын іске асыратын осы жастар. Сондықтан, жастарға көп үміт артылып отыр, деп атап өтті, халық қалаулылары. «Ел келешегі үшін маңызды стратегиялық жоспар 21 жылда жеткен жетістіктерден құралып отыр»,- деді депутаттар. Президенттің бастамасымен  жастардың кемел келешегі үшін бар жағдай жасалуда. Сондай-ақ, депутаттар жиналған қауымға елдегі оң өзгерістерді, соның ішінде Жамбыл облысына қатысты игі бастамаларды айтып берді.  

 Ұласбек Сәдібек, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДПфракциясының мүшесі:

Бірінші кезекте, Президент Жолдауы халық арасында үлкен қолдауға ие болып отыр. Біздің соған көзіміз жетті. Әсіресе, жастар Елбасының жастар мәселесі төңірегінде айтқан мәселелерін назарға алып, өздерінің ойларын ортаға салып отыр.

 

Жоғарғы қуатты электр шамдарына тыйым салынады

 

/«Хабар» агенттігі. 12.01.2013./ - Жаңа жылдан бастап қыздыру қуаты 75 ватт және одан жоғары электр шамдарын жасауға және оларды сатуға тыйым салынады. Бұл - энергияны үнемдеу мақсатында қолға алынған шара.

Оның іске асуы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі туралы» Заңында қарастырылған. Құжат авторларының айтуынша заң біртіндеп жүзеге асып, ел жаппай энергия үнемдейтін электр шамдарына көшкенде, еліміз 1 млрд киловатт сағат энергия үнемдейді. Қызатын электр шамдарын өндірістен, одан барып күнделікті қолданыстан шығару үдерісі былтыр басталған. 2012 жылдың шілде айында қыздыру қуаты 100 ватт және одан да жоғары электр шамдары саудадан алынып тасталды. Мемлекеттік мекемелер былай тұрсын, қалың көпшілік үйлеріне энергия үнемдейтін шамдарды орната бастады. Еліміздегі бес зауыт энергия үнемдейтін электр шамдарын шығаруға кірісті. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі басқармасының бас сарапшысы Исабек Әлжанов та өз үйіндегі қызатын электр шамдарының барлығын электр үнемдейтіндерге ауыстырды. Бір жылдан асты мінсіз жұмыс істеп тұр дейді.

Исабек ӘЛЖАНОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

- Дәстүрлі электр қыздыру шамдарының электр энергиясын тұтыну тек 5-6 пайызы ғана электр энергиясын жарық шығаруға бағыттайды да, қалғанын 94-95 пайызы ол тек жылу беруге кетеді. Энергия үнемдеу шамдарының жұмыс принципі олар жарықты көбірек береді де, жылуға энергиясын азырақ жұмсайды.

Қызатын электр шамдарын қолданыстан біртіндеп шығару Исабек Әлжанов қызмет ететін министрлік әзірлеген заңда қарастырылған шара. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі туралы» заң былтыр қаңтар айында қабылданған. Оған сәйкес, келесі 2014 жылдан бастап қыздыру қуаты 25 ватт және одан да жоғары электр шамдарына да тыйым салынады. Аталған заңның қабылдануына үлесін қосқан депутат Виктор Киянский мемлекет қоғамды кіріске қарай өмір сүріп, энергия ғана емес, қалтадағы қаражатты тиімді пайдалануға тәрбиелеуде дейді.

Виктор КИЯНСКИЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Көптеген елдер жүріп өткен жолға Қазақстан жаңа қадам басты. Қызатын электр шамдарынан бірінші болып бас тартқан елдердің бірі - Куба. Одан соң бүтіндей бір құрлық Австралия сондай шамдарды қолданыстан алып тастады. Енді Еуропалық Одақ ресурстарды үнемдеуге кірісті. Егер біз де әрбір электр шамы арқылы бірнеше ватт энергия үнемдесек, қаншама қаражат қалтамызда қалады десеңізші.

 

Мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысын аралады

 

/«Хабар» агенттігі. 12.01.2013./ - Мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысын аралап, тұрғындарымен кездесті. Олар «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын түсіндіріп, бірлесіп, оны жүзеге асыру жолдарын талқылады. Ауылды жерлерде мемлекеттік бағдарламалардың қалай орындалып жатқанын көрді. Түлкібас ауданында бірнеше әлеуметтік нысанның ашылуына қатысты.

Бұл жолы Састөбе ауылының тұрғындары депутаттарға арыз-шағымнан көрі, көбірек жақсарған жағдайлары туралы айтты. Ауылдағы су торабы осындағы цемент зауыттың меншігінде болған. Бертінде жартылай жекешеленіп, соңында қараусыз қалғанды. Сөткесіне екі сағат қана су берілетін еді. Ендігі жағдай өзгеше.

Қайрат ӘБДУӘЛИЕВ, ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ауыз су бағдарламасына сәйкес үш жылдық бағдарлама жасадық, бүгін сол шегіне жетті. 359 миллион осы жаңа жылға дейін игеріліп бүгінгі таңға елді мекенде канализациясымен бірге ауыз су мәселесі толыққанды шешілді. Бүгінгі таңға 24 сағаттық ауыз су ішуге қол жеткізіп отырмыз.

Депутаттар «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының орындалуы өңір тұрғындарының әлеуметтік жағдайына қалай ықпал еткені туралы айтты. Бұл жағдай тұрғындардың көз алдында атқарылып жатыр. Біраз жыл бұрын Керейт ауылындағы мектеп апатты жағдайда болғандықтан оны балабақша ғимаратына көшірген еді. Енді ауылда жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мұнда балалардың үздік білім алуы үшін барлық жағдай жасалған.

Уәлихан БИШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Елбасы Қазақстанның 2050-жылға дейін даму стратегиясын белгілеп берді. Жастар қазіргі заманның жақсы білімін алып, технологияларын жасап, инновациясын жасап, инновациялық кластер құрып, соны іске асыру керек.

Оқушылар жаңа мектепке барған соң, босаған ғимаратты аудан бюджетінен бөлінген қаржыға күрделі жөндеуден өткізіп, онда бүлдіршіндерді қабылдап жатыр.

Айымхан МЫРЗАТАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Енді балаларымыз балабақшаға барса келіндеріміз жұмысқа шығады. Жан-жағымызда балық шаруашылығы ашылып жатыр, мына жағымызда қоянымыз бар, жылқы бар, бәрі бар. Ең керекті нәрсеміз балабақша мен мектеп еді, бұнымыз да ашылды. Мінекей, осыған өте қуаныштымын.

100 мыңнан астам тұрғыны бар Түлкібас ауданында «Балапан» бағдарламасының жемісін көре бастады. Мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 70 пайызға жетті.

 

 

 

 

Әлеуметтік мәселелерге байланысты заңнама тұтастай жаңартылады - Парламент Сенатының Төрағасы

 

/«ҚазАқпарат». 12.01.2013. Ерлік Ержанұлы./ -  Еліміздің мемлекеттік жастар саясаты мәселелері туралы заңнамасы жаңартылады.

Бұл жайлы ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми бүгін Алматыда Елбасы Жолдауындағы жергілікті  өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өткен мәжілісте айтты.

   «Парламент алдымен аса қажет болып отырған заңнамалық актілерді қарайды, әлеуметтік заңнама тұтастай жаңартылады. Мәселен ең алдымен тартысты еңбек жағдайларының алдын алуға, оларды реттеу мен шешуге, сондай-ақ әлеуметтік еңбек қатынастарының тиімді үлгісін жасауға бағытталған заң жобалары қарастырылмақ. Кәсіподақтар туралы заңнаманы кешенді талдап, оның негізінде «Кәсіподақтар туралы және еңбек қызметін реттеу туралы» жаңа заң қабылдау болжануда», - деді Қ.Мәми. Сенат Төрағасының айтуынша, «Әлеуметтік жұмыс орындары туралы» жаңа заң жоспарлануда. Онда халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз санатына жататын азаматтарды қолдау тетіктері көзделетін болады. Сондай-ақ елдің мемлекеттік жастар саясаты мәселелері туралы заңнамасы жаңартылып, онда жас маман мәртебесі, ең төменгі әлеуметтік пакетті құқықтық айқындау және жастар үшін әлеуметтік сатыларды қалыптастыратын кешенді әлеуметтік экономикалық шаралар топтамасы көзделеді. Студенттердің іс жүзінде тәжірибе жинақтау біліктілігін арттыру үшін жоғары оқу орындарында 2-ші курстан бастап кәсіпорындарда міндетті түрде өндірістік практикадан өтуі заңнамалық тұрғыдан бекітілетін болады. Қайрат Әбдіразақұлының сөзіне қарағанда, «сонымен бір мезгілде оқу жоспарларын жетілдіру, оның ішінде оларды кәсіпкерлікке бағдарлау көзделіп отыр. «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру шеңберінде тиісті заңдарға шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру бөліміне өзгерістер енгізіліп, «Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы туралы» жаңа заң қарастырылмақ. Бұл ретте Елбасы атап өткендей, қазақстандық заңдар қарапайым және түсінікті болуға, азаматтарымыздың өмірін жайлы етіп, қоғамдық қатынастарды толыққанды реттеуге тиіс».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

____________________________________________________________________________

 

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН СҰХБАТТАР _____________________________________________________________________________

 

Арман мен сенім

(Жолдау  жолдарынан туындайтын ой)

 

/«Егемен Қазақстан». 01.01.2013. Қуаныш СҰЛТАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі./ - Жаңа жыл қарсаңында тір­ші­лік қаншама қарбаласқа толы бол­са да кез келген есті адам өтер жылдың елеулі оқиғалары мен әртүрлі кезеңдерін, сынақ­та­ры мен қиындықтарын, қайшы­лық­тары мен үйлесімдіктерін, жет­пегені мен жеткенін, жоғалт­қаны мен тапқанын, ренжігені мен қуанғанын көз алдынан бір өткізіп, Жаңа жылды жақсы ті­лек, ізгі ниетпен қарсы алып, келер күнге үміт жалғауға талпынатыны табиғи құбылыс әрі дәс­түр-салт. Уақыт шіркінде де сәл болса да кідіріс жоқ, пендеге мо­йын бұрғызбай, өз екпінін тоқ­тат­пас­тан зырқырай берері де ақиқат. Сол уақыттың өлшемі мен берген мүмкіндігін сезіне, түсіне алған адам ғана уақытпен үндесіп, оған ілесе алары да хақ.

Қоғам, мемлекет те солай. Уа­қыттың үрдісіне лайық әрекет жа­сай алса ғана жаһандық дамудан шет қалмай, Ұлы көштің кө­рікті тобында жүре алатынына кө­зі­міз­ді жеткізген еліміздің, мем­леке­ті­міздің бүгінгі өмірі, ты­ныс-тір­ші­лігі, кескін-келбеті, же­тістіктері мен ізденістері, талпыныстары мен мақсаттары екендігі де еш­кім­нің күмәнін туғыза қоймас.

Әр жыл – өзінше шежіре. Бір жылда қоғам, мемлекет өмірінде өткен, болған маңызды шаралар мен жаңалықтардың бәрін тізбе­леп жату мақсат емес. Жыл басында берілген мүмкіндікті пайдаланып, айтқымыз келгені – өт­кен жыл мен келер жылдың тоғы­сындағы бүкіл еліміздің назарына көтерілген ең елеулі оқиға­лар­дың қоғам санасына, дүниета­ны­мына, болашаққа деген қайрат-жігеріне, сенім, нанымына әсері, ықпалы. Өйткені, адам да, қоғам да алдағы уақытқа, жаңа жылға үмітпен, сеніммен, жоспар тілегі­мен жалғасады.

Сондай халықтың жүрегіне жетіп, жанын жадыратқан, санасын сілкінтіп, көкірегіне қуат бер­ген өткен жылдың ең ірі жа­ңалығы да, оқиғасы да Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың Тәуелсіздік мерекесі қарса­ңын­да жариялаған Қазақстан да­муының 2050 жылға дейінгі стратегиясы болды. Шын мәнінде бұл жолғы Жолдау жариялану мезгілі жағынан да, мазмұны жағынан да дәстүрлі жыл сайынғы Жолдаулардан айрықша, қоғамға мүлдем жаңа серпін берді. Жолдаудың басты мақсаты – Қазақстан хал­қының санасын, дүниетанымын өзгерту арқылы өмірін жақсарту, өмір сапасын күшейту, адамдар­дың өз өміріне деген көзқарасын өзгерту.

Бұл Жолдаудың бұдан бұ­рынғы Жолдаулардың сабақтас жалғасы екендігін түсінумен бір­ге оның ерекшелігінің, мақса­ты­ның ұлтымыздың рухын, санасы мен сапасын бұрын-соңды бол­маған дәрежеге көтеруге шақыр­ғанын түсінуіміз қажет. Ол үшін осы жыл бойы да, болашақта да Жолдаудың әр сөзінің салмағын білген жөн.

Елбасы бұл ұзақ мерзімді бағдарламасын жариялаудың се­бептерін, негіздерін айшықтап айтты. Мемлекеттігіміздің 21 жы­лының әр жылында Қазақ елі­нің ғасырға татырлық даму жолынан өтіп, орасан жетістіктерге қол жеткізе алғанымыз туралы бүкіл халық, көрші мемлекет өк­іл­дері, дүниежүзілік қоғамдастық институттары, халықаралық ұй­ым­дар, көрнекті әлемдік тұлғалар, басқа мемлекет басшылары, дип­ломаттар, саясаткерлер, журна­лис­тер әділ бағасын, пікірлерін айтуы, жаңа Қазақстанды мойындауы – үйреншікті жағдай болды. Яғни, кезінде біз, бізден бұрынғы талай ұрпақ армандап өткен ел, мемлекет болғанымызды әлем танып, мойындады.

Қазақтың еңсесі көтеріліп, елі ерлеп, рухы өрлеп, әлем елдері ісіне қызығып, сөзіне құлақ асатын дәрежеге жеттік. Тәуелсіз мемлекеттігімізді баянды Мәңгі­лік Елге ұластыруға халқымыз­дың толық негізі бар екендігіне айрықша екпін берілді.

Елбасы өз Жолдауында маңыз беріп, көкейінің түбінде сақтаған сырындай етіп айтқан Мәңгілік Ел болу үшін бүкіл халық болып, барлық мемлекеттік құзырлы құ­рылымдардың, билік тармақта­ры­ның таяу жылдарда қандай шараларды жүзеге асырып, қан­дай міндеттерді атқару керектігі толық қамтылып, нақты тапсырма берілді. Жолдаудың әрбір тар­мағына әлі талай оралып, талдап, сараптап, таратып пікір алысар­лық мүмкіндік те мол. Жол­дау­дың әрбір бөлімі, тарауы тек ресми құзырлы мемлекеттік орындар мен құрылымдар, мемле­кет­тік лауазымды қызметкерлер ғана емес, бүкіл халықтың, әрбір қа­зақстандықтың жауапкершілігін талап етеді.

Жыл басындағы осы мақалада Нұрсұлтан Әбішұлы өз Жолда­уының ең соңғы бөлімінде оны тыңдаған, оқыған әр адамның санасына әсер етерлік мына сөз­дерді ерекше тебіреніспен айтқа­ны­на назар аударып, екпін бергім келеді.

Елбасының: «Құрметті қазақ­стандықтар! Менің отандастарым! Бүгінгі Жолдауымда мен сіздердің әрқайсыларыңызға сөз арнаймын… …Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан… Біз болшақ­қа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қыл­дық. «Қазақстан-2050» стратегия­сы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақ­тастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұр­пақтың лайықты жалғастыра­ты­нына кәміл сенемін. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен іс­те­рі және жас ұрпақтың жасампаз­дығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз. Сондықтан барлық буын өкілдеріне үн қатамын!» – деген үндеу сөздері кімді болса да назар аудартып, жауапкершілігін, отан­­шылдық санасын оятуға ық­пал етері сөзсіз. Қазақ халқы Ел­­ба­сы­ның осы үндеуін түсініп, қол­дау көрсететініне еш күмән жоқ.

Елбасы еліне ел болатын сөзін айтып, болашақтың жолын бетке алып, елдің «Мәңгілік Ел» сапарын бастады. Жанында қазақтың қаны бар әрбір азамат осыны се­зінуі, түсінуі тиіс. Яғни, қазақ­пын деген әрқайсымыз ұлтымыз­дың, тіліміздің, Отанымыздың, мемле­кетіміздің ертеңін, бола­ша­ғын ой­лауға, оның мәңгілік құн­дылық­тарының сақталып қана қоймай, жаһандық өркениетпен қатар дамуына әрекет жасап, қайраткерлік еңбек ету парызымыз екенін түй­сінуге, түсінуге міндеттіміз.

Сөз жоқ, Жолдауда мемлекет­тің құзырлы орындарына арнайы тапсырмалар да берілді. Ол тап­сыр­ма­лардың орындалатынына тә­уел­сіздік ауанында өткен жиырма бір жылымыздағы жеңіс­те­ріміз бен жетістіктеріміз кепіл.

Осы тұста ескеретін жайт, ел­дің өркендеуі ең алдымен тұр­мыс әлеуетінің деңгейімен тіке­лей бай­ланысты екеніне ешкім­нің де күмәні жоқ. Тәуелсіз Қа­зақ­стан экономикалық реформа­лар­дың нә­тижелерін нақты ха­лықтың игілігіне жұмсаған қуат­ты мемлекет бола алғанын әлем мойындады. Ең алдымен өзіміз­дің көзіміз жетті. Өз мүмкін­ді­гі­мізге деген сенім орнықты. Осы жетістік­тер­ді алдағы таяу және ұзақ мер­зімде үдете түсіп, ха­лық­тың ба­қуатты тұрмыс-тіршілігін, әлеу­меттік сұранысын сапалы қамта­масыз етуді әлемнің ең озық мемлекеттерінің дәрежесіне жет­кізу міндетіне де Елбасы осы Жолдауында айқын басымдық берді. Олар – өндірістің өркен­де­уі, жаңа технологиялық қондыр­ғылардың кеңінен таралып, іске қосылуы, жаңа жұмыс орындары, Қазақстанның барлық өңірле­рін­де жұмыссыздықты жою, бәсе­ке­лестікке шыдас бере алатын өнім өндіру, тұрмыс деңгейінің сапасын жақсарту, елді әлеуметтік нысандармен толық қамту сияқ­ты кешенді мәселелер.

Нұрсұлтан Әбішұлы өз Жолдауында жоғарыда айтылған мақ­саттарға қол жеткізу үшін соңғы 15 жылда қандай шаралар ұйым­дастырылып, қандай жұмыстар атқарылғанына, қандай нәтиже­лерге қол жеткізе алғанымызға сараптама жасап, әділ бағасын берді. Ол көрсеткіштер көңілге сенім ұялатумен қатар, халықтың әл-ауқатын арттырып, ұлттық ұж­данын, рухын көтерді, бола­шаққа деген сенімін орнық­ты­рып, ынтасын қуаттандырды.

1997 жылы, әлі экономикалық дағдарыс үдеп тұрған тұста біздің Президент «Қазақстанның- 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын» халыққа ұсынғанда кей­бір топтар «елдің жалақысын, зей­нетақысын төлей алмай отыр­ғанда қайдағы дамыған Қазақ­стан» деген сыңайлы күдік айт­қаны да рас. Міне, біз сол кезде қиял көрінген межелерге жете алғанымызға куә болдық. «Қазақ­стан-2030» Стратегиясы елді ты­ғырықтан шығарып қана қоймай, дамудың ұзақ мерзімді жолдарын, жоспарын жасау тәсілінің өміршеңдігін де көрсетті, халық­тың көңіліндегі күдігін сейілтіп, өз қабілетінің қуаттылығына сен­дірді. Сөз жоқ, бұл – өте үлкен рухани жеңіс. Бұл жеңіс ұлттық сананы, дүниетанымды өзгертті. Соның нәтижесінде Елбасы енді 2050 жылға бет алып, бел бууға шақырғанда, бәріміз де бұл үндеуді 2030-дың заңды, табиғи жалғасындай қабылдадық.

Біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясының  нәтижелері мен қорытын­ды­ларына айрықша мән бере отырып, оның сабақтарын енді 2050 жылғы межелерге беттеген тұста жан-жақты ескеріп, сүйене, пай­да­лана білуіміз қажет. Өйткені, осы Жолдау ұлтымыздың мүдде­сіне, барлық сұраныстарына, бо­ла­шағына жауап беріп тұр. Мем­лекетіміздің қауіпсіздігі мен тұ­рақ­тылығын, ұлтымыздың өсуі мен өркендеуін, өз елінде жетек­шілігін қамтамасыз ететін бар­лық түбегейлі мәселелер осы Жолдауда толық қамтылған. Көп қазақ­тың көкейінде жүрген ойлар да осы құжатта қорытылып, оны жү­зеге асыру жолдары жария етілді. Елбасы қазақтың ұлттық мүддесін жария етіп, халыққа үн қатты. Соған сөз жүзінде қостап қана қоймай, нақты іспен қосылу, ілесу әрбір азаматтың парызы болмақ.

Сірә, халықтың болашақ әле­міне үлкен сапарының басында, біздің қоғамда тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап осы күнге дейін толассыз пікірта­лас­қа тақырып болып келе жатқан «ұлттық идея» туралы сұрақтар мен пікірлерге Президенттің дәл осы 2012 жылдың 14 желтоқсаны күні жария етілген дәуірлік Жолдауында толыққанды жауап бе­ріл­ді деп айтуымызға әбден болады.

Өйткені, ол пікірталастардан сырт қалмап едік. Өз ойымызбен әртүрлі тақырыптық дөңгелек үстелдерде, конференцияларда, жиындарда қатынасушылармен ой бөлісіп, пікір алысып жүрген жағдайымыз да бар. Соңғы жылдарда «Егемен Қазақстан» газеті­нің беттерінде жарық көрген бір­неше саясатнамалық мақалала­рымызда ұлттық идеяның негізгі өзегі мемлекеттік тәуелсіздігіміз екендігі туралы өз пікірімізді оқыр­мандар назарына ұсынудың да сәті келген.

Елбасының бұл жолғы Жолдауы мазмұны жағынан да, құры­лы­мы жағынан да, баяндалуы жа­ғы­нан да осыған дейінгі Жолдау­лар­дың жылдан-жылға ұласқан жалғасы бола тұра, көптеген күр­делі мәселелерге, құбылыстарға, әсіресе, елдің болашағына қарата мүлдем бөлек, тың, ерекше көз­қарас ұсынған жаңа жоба болды. Жинақтап айтқанда, Жолдаудың осы сипаттарын ашатын ірі-ірі түйіндерді төмендегіше топтас­тыруға болар еді. Олар:

Біріншіден, өткен кезеңге, дә­лірек айтқанда, «Қазақстан-2030» Стратегиясының орындалуына жан-жақты талдау жасалып, оның жетістіктерін алдағы кезең­дердегі даму жолдары мен шаралар барысында біліктілікпен пайдалана білуге назар аударылды.

Екіншіден, экономика жетіс­тіктерін мемлекетіміздің, халқы­мыздың тұрмыс деңгейін, әлеуе­тін өмір сапасын жаңа дәрежеге көтеріп, әлемдегі ең мықты, ау­қатты мемлекеттер қатарына енуге бар мүмкіндікті жұмылдыруға шақырды.

Үшіншіден, алдағы қырық жыл көлемінде Қазақстан ішкі-сыртқы саясатында қандай сала­лық жаңғыртулардан өтуі қажет, әрі оны мемлекетіміздің нығаюы мен халықаралық дәрежедегі беделін көтеруге жұмылдырудың жаңа жолдары мен жобалары айшық­талды.

Төртіншіден, XXI ғасырдағы жаһандық өзгерістер мен құбы­лыстар Қазақстан дамуына қан­дай ықпал етуі мүмкін, әрі оның қауіп-қатерлерін қалай ескеру қа­жеттігіне терең бойлап тоқталды.

Бесіншіден, таяу жылдарда көп салалы рухани-мәдени, демо­кратиялық реформалар жүргізу арқылы озық өркениет жетіс­тік­те­ріне сай, кез келген адам еркін өмір сүре алатын ашық, жаңа­шыл Қазақ мемлекетін тұрақ­тан­дыратын «Мәңгілік Ел» болып қалыптасатын арманды жүзеге асыруға тұңғыш рет осылай пәр­мен берілді.

Әсіресе, осы бесінші топта­ма­ға байланысты біздің қазақтар ел болып ескермей жүрген жағда­йы­мыз бар екенін де айта кетудің жөні келіп тұр. Рас, ресми орындар, лауазымды қызметкерлер атқаруға міндетті нақты істерді жүзеге асыру туралы орынды айтылып та жүр. Президент жаңа заман талабы тұрғысынан нақты тапсырма берді.

Осы Жолдаудан кейін біздің лауазымды мемлекеттік қызмет­керлеріміз – министрлер, әкім­дер, барлық деңгейдегі депутаттар, барлық мемлекеттік қыз­мет­керлер өмірге, Президент талаптарына, айтқан ой-тұжырым­да­ры­на бұрын-соңды болмаған жа­ңа көзқараспен қарауы қажет-ақ. Өздерінің көзқарас санасын өз­гертулері, сол арқылы қоғамды өзгертуге ықпал етулері тиіс.

Елбасының халықпен дидарласу, кездесулерінде көп жағдай­да кейбір ұлттық проблемаларды адамның жаны мен жүрегіне, санасы мен жүйкесіне жеткізіп, ерекше бауырмалдық, жанашыр­лық сезіммен қазаққа қаратып, қазақи тілмен айтатыны бар. Осы жолы да Нұрсұлтан Әбішұлы бүкіл қазаққа, соның ішінде орыс тілді қазақтарға арнап төмендегі сөзді айтты: «Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қала­ды. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақ­пен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақ­стан­дықтардың жаппай қолданыс игі­лігіне айналады. Тілге деген көз­қарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сон­дықтан оған бейжай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тілі­не айналып, шын мәніндегі мем­лекеттік тіл мәртебесіне көтеріл­генде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМ­ЛЕКЕТІ деп айтатын боламыз». Бізге ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ мен МӘҢГІЛІК ЕЛДЕН артық қандай ұлттық идея керек? Қазаққа жо­ға­рыдағыдай сөз жеткіліксіз бе?

Осындай сөзді түсіне алмаған орыс тілді қазақты кім деуге болады? Оған не деуге болады? Біз зайырлы, ізгілікті, құқықтық, өр­кениетті мемлекет болғандықтан, ешкімді де мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Кез келген тілді, әсіресе, кімге болса да өз ана тілін мәж­бүрлеп үйрету тілдің мәртебесін көтере алмайды. Адамға «өзіңнің туған анаңды сүй» деп заң қа­былдау қажет пе? Онда адам деген жаратылыстың табиғи бол­мы­сынан не қалмақ? Қай ұлтқа да тіл туралы ұғым солай емес пе?

Немесе мемлекет аппараттарында, мемлекет қызметінде жұ­мыс істеуге шектеу қою жолымен жүруге тура келе ме? Қазір біздің министрліктер аппараттарында қызмет істейтіндердің 90 пайызға жуығы қазақ жастары, тіпті оқу, білімді тәуелсіз Қазақстан тұсын­да алған. Өкініштісі – олардың көбінде ұлттық сананың сәулесі де жоқ. Олар бөтен биліктің, ұлт­тың үстемдігін көрмеген, оның қандай болатынын түйсінбейді де, сезінбейді де. Ең қауіптісі – олардың көбі өзінің ана тілін білмегеніне қысылмайды, кері­сін­ше, билікті, аға ұрпақты, өз әке-шешелерін кінәлайды. Елдің бәрін кінәлағанша өзі санасы мен көзқарасын өзгертіп, қаны мен тегінде жатқан қазақ тілін оятып, тілге ден қойып, қазақша оқып, жазса әрі кеткенде жарты жыл, бір жылда ана тілінде жазылған қағазды оқып шығарлық қауқары болар еді. Сана мен ниет болмай тұр. Осы сеңді бұзу қажет. Осы тоңды жібіту қажет. Ол, шын­ту­айт­қа келгенде, әр қазақтың өз қаны, санасы, қолындағы мүмкі­н­дігі. Ана тілін білмейтін, білгісі келмейтін қазақтарға Президент­тің сөзінен кейін рухани сілкініс қажет. Оның еш қиындығы жоқ екендігін қазақша қазақты жа­ңыл­дырып сөйлейтін орыс, не­міс, украин, корей ұлттарының өкілдері дәлел­деп жүр. Біз теледидардан күнде көретін қазақ, орыс тілдерінде әдемі хабарлар жүргізетін Оксана Петерс, Майя Веронская, Юлия Кушнарева, Игорь Сахар, Ольга Саморукова, Ирина Тен, тағы басқалардың мәдениеті мен білі­мі, жұртты сүйсіндіретін адами қанық қазақ тіліндегі сөздері қа­лайша қазақ­ша сөйлемейтін қа­зақтардың түй­сігіне әсер етпей­ті­ніне таңға­ла­мын.

Қазақ ежелден көнбіс, төзімді, сабырлы халық болса да аса се­зімтал халық еді. Бір кезде бүкіл қазақ орыс тілін де орыстан же­тік меңгеріп алдық емес пе? Ор­ыс тілі біздің байлығымыз, біз одан ешқашан бас тартпаймыз. Орыс тілін жоғалтпаймыз. Қазір біздің жастарымыз ағылшын, не­міс, қытай, түрік, тағы басқа тіл­дерді де еркін меңгеріп жүргенде өзінің қанында ағып, тамыры бүлкілдеп жатқан ата тегінің, анасының тілін білгісі келмейтіні не сұмдық? Міне, ұлттық идея жолындағы кілтипан.

Елбасының ерекше қасиеті – ел басқару ісінің мәртебесін, абы­ройын көтеріп, қандай қай­шылықты, тығырыққа тірелген жағдайларда да асып, саспастан, әрі жайбарақаттыққа да салынбас­тан, ең ұтымды жол таңдап, әділ шешім қабылдай алатыны. Елі­міздің мемлекет құрған жылдарында Қазақстан халқы оған талай рет куә болды.

Сондай аса маңызды іргелі ше­шім Қазақ мемлекетінің бола­ша­ғымен тікелей байланысты тілден басталған көп мәселенің түбегейлі түбірін де Президент атап көр­сетті. Қуанатын жағдай – Президент тұңғыш рет біздің Қазақ мемлекеті дәрежесіне өсу, өну жолымызды атап, соған жету үшін не істеу қажеттігін ашып айтты. Бұл зор тарихи жетістік, жеңіс болар еді. Егер Қазақ мемлекетіне жетсек, оның келесі сатысы «Мәңгілік Ел» болары сөзсіз.

Үстіміздегі 2013 жылдың да айқын ерекшелігі «Қазақ­стан- 2050» Стратегиясының алғашқы баспалдағы болатынында. Елбасы тапсырмасына сәйкес, бұл жыл 1997 жылғы бағдарлама мен жаңа Стратегиялық даму бағ­дар­ламасының арасындағы жалғас­тырушы көпір қызметін атқара­ды. Осы уақытқа дейінгі сәтті жетістіктер 2013 жыл арқылы жарты ғасырлық болашаққа құ­лаш ұрмақ. Жолдауда аталып, айшықтап көрсетілгендей, жас мемлекетіміздің өсіп-өркендеу бағытындағы көптеген жасампаз жоспарлары дәл осы 2013 жылдан бастау алып, халқымыздың әлеуметтік тұрмысы мен өз мүмкіндігін өз игілігіне жұмсата алар шараларға жол ашылуы көз­делуде. 2013 жылдың мемлеке­тіміздің дамып, қуаттана түсуінде елеулі, табысты жыл болуына бүгінге дейінгі экономикадағы, әлеуметтік бағыттағы жаңа межелер мен нысандар ауқымын кеңейту, тұрмыс сапасын көтеру көрсеткіштері де зор ықпал етіп, екпін берері анық.

XXI ғасырдың бел ортасын­дағы Тәуелсіз, өркендеген, қуат­ты, ізгілікті, еркін Қазақ мем­ле­кетін көру бәріміздің де Арманымыз болса, сол Арманға тек қай­ратты Еңбек, қажымас Сенім мен Бірлік, Ынтымақ арқылы жетуге болатындығын санамызбен тү­сі­ну – біздің ұлттық парызымыз.

 

Озық отыз ел және отанымыздың даму мүмкіндіктері

 

/«Дала мен қала». 04.01.2013. Қожахан ЖАБАҒИЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі / -  Отандастарымыздың жыл сайын Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын күтуі дәстүрге айналған. Өйткені, Жолдаудан қазақстандықтар мемлекетіміздің дамуында атқарылатын жұмыстардың басты бағыттарымен қатар өткен күнге қорытынды жасалатынын біледі.

«Бүгінгі күннің баласы, ертеңгі күннің атасы» екенін ескерсек, болашақтың атқа­рылар жұмысын бүгіннен тізімдеп алға­нымыз артық болмасы белгілі. Себебі, айтылып әлі таусылмаған қаржы дағдарысы мемлекеттермен қатар трансұлттық компания-
­лардың да шаңырағын шайқалтып, ертеңіне деген сеніміне селкеу түсіріп отыр. Бағдарсыз даму, бағытсыз жүру кімді де болса ұшпаққа шығармасы анық. Сондықтан да Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың алдағы бірнеше ондаған жылды қамтитын республика­мыздың дамуының стратегиясын жариялауы бүгінгі күннің талабы деп білемін. Ел дамуының жаңа межесі ретінде 2050 жылдың алынуы жайдан-жай емес. Біріккен ұлттар ұйымы мен Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы да 2050 жылға дейінгі болжамдық баяндаманы жариялаған. Осы орайда, Елбасының жаңа стратегиялық қадамы әлеммен бір­тұтас бітестіріле алынған Қазақстанның шамшырағы деуге болады.

Бүгінгі күннің биігінен өткенге көз салсақ, 21 жыл ішінде елімізде ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Халықаралық ұйымдарға төрағалық еттік. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын қосып, әлем тарихында ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан бірінші ел ретінде із қалдырдық. «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасының көптеген параметрлерін мерзімінен ерте орындап шықтық. Ілбумен емес, қарыштап дамуымен алға жылжыған Қазақстанның өркендеуі расында заманауи бағытты қажет еткені сөзсіз еді.
Қазақстан 2012 жылдың қорытындысы бойынша, ІЖӨ-нің көлемі жағынан әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кірді. Ең бастысы, Елбасының сөзімен айтсақ: «Тұң­ғыш рет тарихта біздің мемлекет ха­лық­аралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мем­лекеттік шекара межеленді». Бұған дейінгі Жолдауларда мемлекет дамуының нақты бір салаларына ғана басымдық беріліп келгені белгілі. Мәселен, Қазақтан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.На­зар­­­баевтың ағымдағы жылдың қаңтарындағы «Әлеу­меттік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ел алдына 10 мақсатты қойды. Сондай-ақ, шағын қала­лардың бойына қан жүгіртіп, баспана­сыз­дардың баспаналы болу үмітін молайтқан бағдарламалардың дүниеге келуіне түрткі болды. Ал жұмыспен қамту, денсаулық сақтау мен білім беру сапасын арттыру әрдайым Елбасының тікелей назарында.
Тәуелсіздіктің жиырма бірінші жыл­дығында жарияланған Жолдауда алға қойылған меже мен артылған жүк те жеңіл емес. «2050 жылға қарай Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіруі керек». Бұл халықтың болашаққа деген ықыласын күшейткен Мемлекет Басшысының нақты тапсырмасы. Өйткені, Елбасының тікелей жетекшілігімен аз ғана мерзімнің ішінде бәсекеге қабілетті 50 елмен үзеңгі қағыстырып үлгерген Қазақстан халқы үшін бұл бастама аса таңсық емес. Сондықтан, бұл идеяның жү­зеге асатынына жұрт та сенімді. Сонымен қатар, бұл маңызы зор тапсырманы орын­дауда істелетін шаруаның жай-жапсары да Жолдауда толықтай айтылды. Тек соны бізге жүзеге асыру ғана қалып тұр.

Стратегиялық Жолдаудың ерекшелігі сол, онда ХХІ ғасырдың жаһандық 10 сын-қатеріне талдау жасалынып, оның алдын алуға байланысты Қазақстанның дайындығы да берілді. Сын-қатерлердің ішінде әлемдегі азық-түлік дағдарысын тиімді пайдалану міндеті де бар. Бүгінгі күнде мемлекетіміз астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарында. Қазақстанның қатты сұрыпты астығын әлемнің 30 шақты елі сатып алады. Біздің географиялық аумағымыз астықты да, жеміс-жидекті де, мал шарушылығын да өрістетуге қолайлы. Әлемде қалыптасқан ахуал астық өнімдері мен көкөністерге, ет пен сүтке деген сұранысты арттырып отыр. БҰҰ-ның мәліметі бойынша 2030 жылға қарай азық-түлікке сұраныс 50 пайызға өседі. Өйткені, соңғы 60 жылда Жер тұр­ғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9 млрд. адамға жетпек. Бұл тиі­сінше Қазақстан экономикасындағы басымдық алған сала­ларға деген халық­аралық деңгейдегі сауда-саттық және пайда табу алаңы деген сөз.

Қазірде елімізде 6 млн.-дай ірі қара, 19 млн.-дай қой-ешкі, 1,2 млн.-ға жуық шошқа, 1,7 млн. жылқы, 178,5 мың бас түйе бар. Осы орайда, қолда бар табиғи байлықтың көптігіне сүйенбей, ауылшаруашылығы саласын дамытуды түбегейлі қолға алуымыз қажет. Өйткені, 2016 жылы ет экспортын 60 мың тоннаға жеткізу көзделуде. Елбасының берген тапсырмаларына сәйкес 2015 жылға дейін 150 мың бас мал бордақылайтын арнайы жабдықталған алаңдар салынбақ. Осы орайда, шет елден асылтұқымды, етті мал тұқымдарын әкелумен қатар, өзімізде бар малды асылдандыру ісіне баса назар аударуымыз керек.

Мардымды су қоры, көз талар жері жоқ Израиль елі әлемдегі ең сапалы жеміс пен көкөніс өндіреді. Мұндай жетістікке салаға енгізілген инновация негізінде қол жеткізіліп отыр. Көштің жүре түзелетінін ескерсек, ауылшаруашылығы саласында кеткен кемшіліктер «Агробизнес-2020» бағдарла­масында жан-жақты қамтыларына сенім зор.

Табиғи байлық пен шикізат көзіне сенім арта бермеу қажеттігін тарих та дәлелдеп отыр. Оның үстіне қазба байлықтың бағасы бірде қымбаттаса, бірде құлдырайды. Бұл шикізатқа тәуелді мемлекеттердің экономикасына қатты әсер ететіні сөзсіз. Осы орайда, ауылшаруашылығы өніміне байланысты әлемнің қажеттілігін өтейтін аграрлы елге айналсақ, табиғи байлықтан алуға тиіс болашақтың үлесін де қалыпты сақтай ал­мақпыз. Меніңше, Жолдаудың негізгі құн­дылығы да осында жатқандай. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қа­зақстан халқына арнаған Жолдауы – Қа­зақ­станның Мәңгілік Ел болу жолында жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін және ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат болып табылады.

 

Еңбек түбі – береке

 

/«Егемен Қазақстан». 05.01.2013. Егор КАППЕЛЬ, Мәжіліс депутаты./ - Елбасының еңбек қоғамына арналған мақаласында қазақ­стан­дықтардың бо­ла­шағына деген се­нім жатыр. Біздің барлығымыз да әр түрлі болғанымызбен, бір халықты, тіпті бір ұлтты құрайтындығымызды қаперден шығармауымыз керек. Сондықтан тағ­ды­ры­мыз бен илейтін теріміз де ортақ. Бір қытайлық данышпан мың ли болатын жол алғашқы қадамнан басталады деген екен. Сол данышпан айтпақшы, үлкен табыс әрқайсымыздың еңбегіміз арқылы келетінін де ұмытпағанымыз жөн.

Елбасының бағдарламалық мақаласы достығымыз бен берекеміздің одан әрі нығая түсуі үшін баршамызға бағытталған. Біздің барлығымыздың күш-жігеріміз осындай қоғамды құруға бағытталуы тиістігі мақалада ерекше көрініс тапқан. Сондықтан да мұны Елбасының ұлт болашағын көксеген ерекше еңбегі деп қабылдаған ләзім. Ортақ нәтижеге қол жеткізуде әрқайсымызда оны өзімізден бастауымыз керек деген қағидат жатуы тиіс. Өзіміз тұрып жатқан үйіміздің ауыртпалығын бір адамға арта салмай, баршамыз да тер төгуіміз заңды.

Әлемдік қаржы дағдарысының куәсі болып жатырмыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмаларын Үкімет, Парламент және барлық деңгейдегі әкімдер болып абыроймен атқара алдық. Міне, барлығы да осылайша болуы тиіс. Өйткені, оны біздер үшін ешкім істеп бермейді.

Кейде ауылдарға бара қалсаң, жаңа пісірілген нанды күтіп, кезекте тұрғандарды көріп көңілің құлазып қалады. Осы ретте бірнеше күн бойы сақталатын нандарды пісіретін ауылдар да бар екенін айта кету керек. Бір таныс қазақ отбасында жасы егде тартқан әйел тезекті жағып, ұмытпасам «таба-нан» ғой деймін, пісірген кезде барлығымыз да оны ерекше ықыласпен жегеніміз есімде. Өкінішке қарай, қазір қолынан сондай іс келетін апалар қатары сиреп барады, ал жас­тар олай нан пісіруді ар көретін сияқты.

Күнделікті тұрмысты айтқан кезде, біздің көпшілігіміз қажеті жоқ деп лақтырғанды әдетке айналдырып алдық, егер оған ұқыптылықпен қарасақ, онда біз оларды қажетке жаратар ма едік. Бір кездері инженер болған ақсақалдың жақында базардан сағат жөндейтін орын ашып алғанын көріп, менде оған деген терең құрмет сезімі оянды. Клиенттерде есеп жоқ: ол тапсырыстың қандайы болса да қабылдап, ескі тетіктерді ауыстырудың сан амалдарын қарастырып, тіпті КСРО кезіндегі сағаттарды да жөндеп жатады. Менің Мырзағали деген досым сол кісіден «КСРО-да жасалған» деген «Луч» сағатын сатып алды. Досым өзінің сатып алғанына өте қуанды, сондықтан да Қайрекеңе ерекше ризашылығын да жеткізді. Келушілердің айтуынша, әлгі ақсақал он саусағынан өнер тамған шебер. Жасының егде тартқанына қарамай, қария құрмет пен қошеметке бөленіп жүр, сонымен қатар, отбасына табыс әкелуде. Қайрекең туралы бір клиенттің мына әңгімесі маған қызғылықты көрінді.

Әкесі мен баласы осыдан 25-30 жыл бұрын мәшинемен келе жатады. Отағасы сағатының циферблатына қарап қалады. Осылайша бірнеше рет қарап алған соң баласынан сағатының қанша болғанын сұрапты. Ал жолдың әлегімен келе жатқан баласы әкесінен қолындағы сағатын шешіп беруді өтінген. Қолындағысын шешіп берген әкесінен ескі сағатты алған баласы жүріп келе жатқан көліктің ашық тұрған терезесінен сыртқа тас­тай салады. Әкесі терезеге үнсіз телміріп отырады да баласына былай депті: «Мен оны 40 жыл қолымнан тастаған емеспін. Сағатты мен Мәскеуде бірнеше жылғы еңбегімнен тапқан табысымнан үнемдеп жүріп сатып алған едім. Ал сен!? Эх…».

Баласы қолындағы әдемі жылтыр браслеті бар жапондық сағатын шешіп, әкесіне ұсына беріпті. Баласының су мен шаң өтпейді, моншаға да түсе беруге болады, ал әйнегі хрустальдан жасалған деп мақтаған сағатын әкесі үнсіз тағып алыпты. Уақыт өте келе әкесі баласынан сұрайтын көрінеді: «Менің сағатым қайда?» деп. Баласы баяғы жапон сағаты тұрған жерді үнсіз нұсқапты. «Жо-оқ-ә! Сен мұны маған уақытша тағып жүру үшін бергенсің, ал менікі қайда?». Бұл сұрақ әкесі қартайған сайын қайталана берген көрінеді. Базарға бір күні бара қалған баласы әлгі Қайрекеңнің шеберханасын байқайды да, үміттене сұрай отырып, өзінің әкесімен болған оқиғаны айтып береді: «Аға, көмектесіңіз, мүмкін сізде сондай сағат бар шығар, мүмкін…». Мұқият тыңдап болған соң Қайрекең: «…Бір жарым айдан кейін соғарсың» дегенді айтыпты. Сол уақыты келгенде әкесінікі сияқты, бірақ «Победа» маркалы сағатты ақсақал ұсынып тұрып былай деген екен:

«Міне, мынаны қарияға апарып бер, ал сен бірдеңені лақтырмас бұрын оның қаншалықты еңбекпен келгенін бағамдап аларсың. Әрбір зат, әсіресе, еңбекпен келген нәрсе – адамға өзінше ыстық болады». Әрине, әкесі баласына үлкен өмір сабағын берді десе де болады. Өзіне таныс маркалы сағатты көргенде қария балаша қуанады. Қуана қолына тағып алған соң шешпейтін болады, күн сайын әлгі сағаттың құлағын бұрап отырғаны. Ең бастысы – өзінің қателігін түсінген баласы да қуанады.

Осылайша сағат жөндеуші адамдарға бақыт сыйлап, өз нандарын тауып отыр. Сол базарда Қайрекеңнен алыс емес жерде жас жігіттер қалта телефондары мен әртүрлі заттарды сатып тұрғанын көресің. Олардың барлығы да алып-сатудан түскен нәпақаға күндерін көруде. Біреулер оларға сатады, олар басқаларға өткізіп жатады, бар қызық соның шеңберінен шықпайды. Міне, сондайлар инфальтильдікті (тежегіштікті) тудырып, тек тұтынушылыққа бейімдеп, тіпті тез арада пайда таба қалсам деген ойға жетелейді. Президент те өз сөзінде ауадан ақша жасау­дан, яғни қитұрқы қаржылық операция­лардан дағдарыс туғандығын баса айтты. Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда: «Бүгінде барлық әлем бұл идеологияның жақсылыққа апармайтынын айқын сезінді… Сондықтан да біз нақты еңбек өнімділігін әлеуметтік жаңғырту саясаты негізінде құруымыз керек». Менің түсінігімде еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтудың бірден-бір жолы жол картасы болып табылады. Қысқа уақыт ішінде жол картасы республика бойынша жақсы нәтиже көрсетіп, экономика саласының алға басуына жақсы серпін берді.

Қорыта айтқанда, қазақта «Еңбек бәрін жеңбек» деген тәмсіл бар. Егер соны баршамыз да басшылыққа алсақ, онда табысымыздың артарына ешқандай күмән жоқ. Еңбексіз тапқан табыс тек тұтынушылыққа ұрындырып, қоғамды кері тартатынын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Олай болса, бізді ұшпаққа шығаратын еңбек екеніне ешкімнің шүбәсі жоқ.

 

Мүмкіндік қарастырылса игі

 

/«Егемен Қазақстан». 05.01.2013. Серік ҮМБЕТОВ, Мәжіліс депутаты./ - Ежелден елін, жерін қорғай білген, жетім-жесірін қолдай білген халықпыз. Сол қамқорлықтың арқасында олар елмен бірге есейген, елмен бірге жетілген. Ата-бабамыздың ұлы дәстүрінің сақталуын Елбасымыздың әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау саясатынан айқын көріп келеміз.

Таяуда Парламент Мәжілісінің депутаттары жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 18 жасқа толғанға дейін жеңілдіктер жасау жөнінде бірқатар заң актілеріне түзетулер енгізді. Атап айтқанда, олар енді мүлік салығынан, жер салығынан, жер учаскесін пайдалану төлемінен босатылады. Сонымен қатар, жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжатын тегін алатын болады.

Ал бұл мәселе заңнан туындайтын актілер деңгейінде реттелетіні белгілі. Осыған орай, Үкімет жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 18 жасқа толғанша жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын тегін дайындап беру, сондай-ақ жылжымайтын мүлік орталықтары құжаттық тұрғыдан өтеусіз қызмет көрсету жөнінен қабылданған заңдардан туындайтын актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастырса  дұрыс болар еді.

 

Отандық патриотизм дегеніміз не?

Ол – елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну

 

/«Егемен Қазақстан». 05.01.2013. Абай ТАСБОЛАТОВ, Мәжіліс депутаты./ - «Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас» деген халық нақылы тегін айтылмаса керек. Өйткені, Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адам­ның туған жерінен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Бүгінде біздің санамызда Отансүйгіштік пен патриотизм бір-бірімен егіз ұғымдар болып қалыптасты. Сондықтан әрбір қазақстандық өзінің жетістіктерін ту­ған Отанына, еліне арнауы керек дей­мін. Сонда әлгі адамның да, елдің де ме­рейі тасып, әлемдік деңгейдегі бе­делі өседі. Оған кешегі Лондон Олим­пиа­­дасындағы жерлестеріміздің ерлігі дәлел.

Отандық патриотизм – бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Мәселен, кез келген адамның өзі туып-өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отаныңның мүддесін ойлау, туған жеріңе деген адалдық пен азаматтық сезімдер, өз еліңнің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету, өз Отаныңның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен Отаныңның тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ өзіңнің табанақы, маңдай теріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау – бұлардың барлығы да қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне келіп сыяды. Осылай екенін барлығымыз сезсек те бүгінгі күні республика кө­ле­мінде жастарға басшылыққа алып жұмыс жүргізетін патриоттық тәр­бие беру жөнінде қабылданған мем­лекеттік бағдарламалар мен тұжы­рым­дамалардың жоқ екенін ашық айта аламын.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІІ съезінде сөйлеген сөзінде жастарға қарата:

«…Мен сендерді, ең алдымен, қа­лып­тасқан тұлғалар, тамаша кәсіпқойлар және шынайы патриоттар тұрғысында көремін. Өз елінің патриоты болу – өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғам­ға қызмет ету», деген болатын.Олай болса, бұған дейін жасалған Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Рес­публикасының азаматтарына пат­риот­тық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мерзімі аяқталуына байланысты 2008 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықта мемлекеттік органдар өз білгендері бойынша жоспар жасап, іске асырып келді.

Сонда қалай, ұрпақ тәрбиелеу ісіне 5 жыл бойы осыншалықты жеңіл қарап келгенбіз бе? Сонымен қоса, бүгінде патриоттық нышандарымызға айналған «Астана», «Бәйтерек», «Ақорда», «Алтын адам» сияқты, тағы да басқа құндылықтарымыздың атауларын арақ, темекі сияқты алкогольді өнімдерге беріп жүрміз. Оған барлығымыздың көзіміз үйренді. Бұл саланың қазіргі күнгі жай-күйін мониторинг арқылы саралап алып, мемлекеттік бағдарламаның негіздемесін құрып, жастар арасында негізгі бағыттары бойынша сауалдама жүргізіп қабылдауға қажетті деп табылғандарын тиісті мемлекеттік органдармен келісіп бекіту бүгінгі күннің басты міндеті деп есептейміз.

Осыған байланысты жастар мен жасөспірімдер арасында экстремизм мен терроризм ойларының таралуына жол бермеу үшін Отанға деген құрмет пен өзара сыйластықты, патриоттық сезімдер мен жауапкершілікті насихаттауымыз және рухани тәрбие беруге бағытталған іс-шараларды көптеп ұйымдастыруымыз керек. Сонымен қоса, Отан алдында әскери борышын өтеуге дайын, болаттай денсаулығы бар, шынайы патриот жас ұрпақты тәрбиелеу және жастарымыздың бойында әскери-патриоттық тәрбие қалыптастыру, отансүйгіштікке бау­лу мақсатында Білім және ғылым министрлігінің жанынан жақында құ­рыл­ған Жастар ісі комитеті бас болып, Қорғаныс министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Спорт және дене­шы­нықтыру істері агенттігі қостап ұр­пақ тәрбиесінде кезек күттірмес осы­нау жұмысты тезірек қолға алып мем­ле­кеттік бағдарлама қабылдауымыз қажет.

Еліміздің ертеңі жастар десек, олар­ға дұрыс бағыт-бағдар беру бү­гінгі қоғамда өмір сүріп отырған барша­мыздың басты міндетіміз деп білеміз.

 

Тәртіп талаптан туындайды

 

/«Егемен Қазақстан». 05.01.2013. Жалғас ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, Мәжіліс депутаты./ - Қоғамның тұтынушылықты ғана көздейтін масылдық пиғылының қауіпті екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақала­­сында ашып көрсеткен болатын. Материалдық құндылық тек нақты еңбектің нәтижесінде туатынын да Президент өз мақаласында атап айтқан еді. Әрине, өндіріс қатынастарында еңбектің нақтылы және абстрак­тілі болатынын, тек нақты еңбек қана өнімнің адамға қажетті пайдалану, тұтыну сипатын жасай алатынын материализм теоретиктері ежелден дәлелде­ген. Елбасы өзінің аталмыш мақаласында осы теорияның біздің өмірімізге тән сипатын тереңдеп ашып, ұғынықты тәсілмен түсіндіре түсті. Сонымен қатар, әлемнің әміршісі ең­бек екенін нақты көрсете білді.  

Масылдық қоғамның сипатын, қайғысы мен қасіретін француз ойшылы Жан Бодрийяр да өзінің 1970 жылы шығып, 2006 жылы орыс тіліне ауда­рыл­ған еңбегінде біршама те­рең­­деп ашқан. Ол масылдықты санасыз негіздегі психология­лық қалып ретінде қарастыра­ды. Масыл­дық, яғни тұтыну­шылықты ғана көздейтін қоғам – нақты сезімі, мәдениеті жоқ өзін өзі алдайтын қоғам. Онда тіпті, байлықтың өзі шын мә­ніндегі тапшы­лық­тың (дефи­цит­­тің) сырт көрінісі ғана, дейді ол. Әрмен қарай Бодрийяр ма­сылдық адамның табиғи болмысына жат қылық, тек эконо­ми­ка­лық өсімге ғана қол жеткі­зу­ді жақтайтын әлеу­меттік диф­фе­рен­­циацияның асы­ра сілтеу­ші­лігі деген қоры­тынды шығарады.

Осындай құбылыс біздің бүгінгі өмірімізде де көрініс тауып отырғаны жасырын емес. Сондықтан да Елбасы оның қа­уіпті сипатын өзінің көреген­ді­гімен тани отырып, қарсы әре­кет­тер жасауға шақырады. Алдымен Елбасы жаңғырту үдеріс­тері табысты жүргізілуі үшін қандай қағидаттарды басшы­лық­қа алу керектігін анықтаған. Ең бірінші қағидат, ол эволю­ция­лық, яғни өзгерістер табиғи қалыптан тыс секірістерге жол бермеу арқылы болуы керектігі айтылады. Ал эволюциялық емес жолмен жасалатын «секі­рістердің» қаншалықты апатты әрекеттерге әкелетінін өз басымыздан да өткіздік. КСРО-ның Горбачев тұсында жеделдету деген ұраны болды. Экономи­ка­ның бір саласы басқа салалар­дағы даму үйлесімділігіне сәй­кес болмағандықтан, ол алысқа ұзамай өзінен өзі тұншықты. Тіпті, оның кесапатты салдары экономиканың барлық саласына өзінің салқынын тигізді.

Сондай-ақ, өткен ғасырдың 60-шы жылдарындағы Қытай­дағы Англияны қуып жетеміз деген «секірісті дамуы» да өз-өзінен шашылып қалды, тіпті ол артынан экономиканың эволю­ция­лық жолмен өсуін біраз уа­қытқа тежеп, ұзақ кедергі кел­тір­ді. Ал біздің Елбасымыз бар­­лық өзгерістер Қазақстан эконо­ми­касының мүмкіндіктеріне сәйкес болуын қатаң қадағалап келеді.

Екінші қағидат ретінде Елбасы елдің әлеуметтік жаңғыру нәтижесіне мемлекет пен жеке­меншік құрылымдардың ортақ жауапкершілік тартуын атайды. Сайып келгенде, нәтижелі жаң­ғыруға барлық қазақстандықтар мүдделі болғандықтан жауап­кер­­­шіліктің де жалпыға бірдей бол­ғаны өте дұрыс талап. Сонымен бірге, Президент мемлекет, бизнес құрылымдары және жеке аза­маттың өзара әріптестігін үш­інші қағидат ретінде атаған. Би­ліктің міндеті осы үшеуінің ра­цио­налды тепе-теңдігін қам­та­ма­сыз етуге бағытталатын болады.

Барлық істің нәтижелі бол­ма­ғы адамның ынталануына байланысты. Әлеуметтік жаңғыртуға да адамның ынталануы шарт. Сондықтан да Елбасы мемле­кет­тің азаматтардың еңбек, шы­ғар­ма­шылық және қоғамдық бел­сен­­ділігінің оянуына көмек қо­лын созуын ынталандыру қа­ғидаты деп атап, оны төртінші шарт ретінде қосыпты. Міне, осындай талаптар орындалса, онда жаң­ғы­­рудың әділетті боларына еш­кім шүбә келтірмесі айдан анық.

Барлық істің берекелі, нәти­желі аяқталуы оны іске асыру тетіктерінің жоғары біліктілікке негізделген кәсіби болуын да талап етеді. Егер жоспарлар үстірт жасалып, шешімдер үстірт қа­былданса, ондай жерден жақсы нәтиже күтуге болмайды. Жақ­сы басталған іс тек кәсіби білік­ті­лік­пен жүргізілгенде ғана оның пайдалы да тиімді болатынына кепілдік бар. Елбасы қоғамы­мыз­ды жаңғырту барысында да осы қағидаттың орындалуы міндет екенін де атап көрсетіпті. «Барлық шешімдер егжей-тег­жейлі есептеліп, әлем­дік тәжіри­бені оқып-үйрену не­гі­зінде ғы­лыми дәлелденген ұтымдылық қаперге алына отырып қабылда­нуы тиіс», дейді ол.

Қазіргі кезде әлеуметтік заң­намаларды жетілдіру ісі бізге – республика Парламентінің депутаттарына күрделі міндет болып отыр. Барлық заңнамалық акті­лер қабылданып, олардың сапасы барынша жетілдірілген деп тоқмейілсіп жүрсек те, көптеген заңнамаларымыз іс жүзінде ол­қылықтар танытуда. Соның қата­рында Елбасы «Білім туралы» Заңның олқылығын атап көрсетті. Мәселен, оның ішінде Біртұтас ұлттық тестілеу туралы талап бар болса да оны іс жүзіне асыру тетіктері жетілмегенін Елбасы атап көрсетті. Тоғыз жылдан бері қолданылып келе жатқан бұл тәртіп халық арасында түрлі наразылықтар ту­ғызып жүрсе де соның тәртібін заңнама арқылы жетілдіру еш­кімнің ойына келмеген секілді.

«Білім туралы» Заңның негі­зінд­е министрлік жасаған ереже ҰБТ процедураларын реттеуде әлсіздік танытуда. Осының өзі мәселені жылдан-жылға күрде­лендіріп барады. Мәселен, былтыр ҰБТ тапсыруға оқушы­лар­ды жаппай, қатаң тексеріс­тер­ден өткізіп кіргізді. Өйткені, кейбі­реулердің қойындарына байланыс құралдарын жасырып кіруі және сол арқылы таныстарына сұрақтарды салып жіберіп, дайын жауаптарды алатыны белгілі еді. Бірақ ҰБТ өткізуге тиісті қызметкерлерге адамды бүге-шігесіне дейін бойын тексеруге ешкім құқық берген жоқ деген дау өршіп берді. Мұның өзі адамның жеке бостандығына қол сұғушылық деген жалақ­ор­лықтарды да естіп жүрдік. Ал заңнама жетілдіріліп, онда бұл мәселе арнайы қаралған болса, ешкімнің де дау шығаруына негіз жоқ болатын еді. Адамдар ұшаққа отырарда қауіпсіздік шаралары үшін қатаң тексерістен өткізіліп кіргізіледі ғой. Алайда ұшақта сапар шегу қауіпсіздігі туралы заңнамада мұндай іс арнайы қарастырылғандықтан, мұн­да ешкім де менің құқым бұзылды деп шағым бермейді.

Елбасы өзінің сөзінде «Медиация туралы», «Кәсіподақтар туралы» және т.б. әлеуметтік заңнамалар туралы да нақты сындар айтып, оларды жетілдіру қажеттігіне назар аударды.

Жалпы, дамудың әр түрлі мезгілінде қабылданған кейбір заңнамалар бүгінгі өмір талабына сәйкес келе бермейді. Әрине, Елбасының барлық 20 нақты тапсырмасына баға беріп, олар­дың тиімділігіне тоқталуды бір мақаланың көлемі көтермейді. Олардың барлығы да әлеуметтік жаңғыртуға негіз болатын ұтым­ды қадамдар екені даусыз. Мен тек Қазақстан тарихына сергек қарайтын жандардың бірі ретін­де 12-тапсырмадағы мә­­­селеге тоқтала кеткенді жөн көрдім. Онда басқа дүниелер­мен қатар, Қазақстан тарихы пәнінің кем­шін тұстары, соның ішінде оқу­шылар арасында ол туралы «қызықсыз», «бытысқан пән» деген пікірлердің бар екен­дігі айтылады. Бұл – өте орынды сын. Ғалымдардың айтуына қа­ра­ғанда, тәуелсіздікке дейінгі Қазақстан тарихы пәні КСРО ғалымдарының қазақтарды көш­пенді, мәдениеті жоқ деген ұста­нымдарының бағдарымен жазылып, халқымыздың тарихын­да­ғы аса маңызды оқиғалар көзге ілінбей келген. Сол оқулықтар сәл түзетілгенімен, негізгі бағ­дар бұрынғы күйінде қалған. Ал патриоттық сананы мұрат тұт­қан ұлтжанды тарихшылардың сол оқиғаларға деген көзқарасы бас­қа қырынан таратылып, өз­геше болып жазылған. Сөйтіп, ми­нистр­лік тарапынан екі жақ­тың ортақ келісімі жасалмаған­дық­тан, оқулық осындай сын­дарға ұшырап жүргені рас. Қала берді үлкен тарихтан түбегейлі білімі жоқ, соңғы жылдардағы жаппай кандидаттық қорғау үде­рісімен ғылымға келіп қалған ұшқары ойлы біреулер өзіндік ойы, бі­лімі болмаған соң оқу­лыққа ескі ұстанымды сәл өзгер­тіп, енгізіп жіберген. Осы мәселені ретке келтіру өте маңызды мәселе еке­нін Елбасы атап көрсетіп отыр. Сайып келгенде, өз тари­хың­ды дұрыс білу де азамат­тық­тың не­гізгі ұста­нымдарының бірі ғой. Ендігі мәселе Білім және ғылым министрлігінде.

 

Зиянды ақпараттан балаларды заңмен қорғау - ұлттық парыз - Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл

 

/«ҚазАқпарат». 09.01.2013. Айдын Бәймен./ - Парламент Мәжілісінде «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқылану үстінде. Бұл заң жобасына Мәжіліс депутаттары Алдан Смайыл, Гүлнәр Сейітмағанбетова, Светлана Бычкова, Гүлмира Исімбаева бастамашылық жасаған.

  Тұсаукесерге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ бірқатар министрліктер мен мүдделі ведомстволардың және бұқаралық ақпарат құралдары  өкілдерінің қатысуымен заң жобасының таныстырылымы болып өтті.

Аталған заң жобасының мақсаты, осы заңнамалық актіде жас ұрпақты зиянды ақпараттан қорғауды көздеген нормалар туралы бастамашылардың бірі Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл әңгімелеп берді.

- Алдан Зейноллаұлы, балаларды зиянды ақпараттардан қорғауға қатысты заң жобасын әзірлеуге не себеп болды? Әлем елдерінде осы мәселелерді реттейтін қандай заңдар бар екен?

- Бұл көптен көкейімізде жүрген ой еді. Аталған жоба Қазақстан Республикасында балаларды БАҚ арқылы таралатын залалды ақпараттан заң жүзінде қорғау мақсатын көздейді. ТМД елдері мен әлемдік қауымдастық бұл орайда бізден көш ілгері. Көптеген мемлекеттерде  БҰҰ-ның балаларды қорғау туралы 1989 жылғы Конвенциясына сәйкестендірілген Заңдар бар. Біз соларды, атап айтқанда, Еуропа одағының «Компьютерлік қылмыстар туралы», «Электронды бұқаралық ақпарат құралдарында зорлық-зомбылықты көрсету туралы» заңдық күші бар декларацияларын, ТМД елдеріне арналған «Балалардың мемлекеттегі құқықтарының негізгі кепілдіктері туралы» үлгі заңын терең зерттедік. Сонымен бірге АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания, Нидерланды, Норвегия, Италия, Жапония және басқа дамыған елдердің осы тектес заңдарын сараладық. Олардағы балаларды адамгершілік сезімнен суытатын, писхикасы мен денсаулығына зардабын тигізетін, қатыгездікті насихаттайтын, бір сөзбен айтқанда, жеткіншектерді рухани аздыратын ақпараттан қорғауға арналған құқықтық шаралар ескерілді.

  Осы ізденістер кезінде біздің, яғни, қазақ қоғамының аталған салада кеш қалғанын аңғардық. АҚШ-та балаларды интернет зардаптарынан сақтандырудың жолдары  бұдан он төрт жыл бұрын қарастырылыпты. 1998 жылы «Кәмелетке толмағандардың жеке өмірін қорғау туралы акт» қабылданып, 13 жастан төменгі балалар үшін web-ресурстарды міндетті түрде классификациялау нормасы енгізілген. Бұл заң бойынша 16 жасқа дейінгілердің басқа интернет-ресурстарға ене алмайтын жеке интернет-адресі болады. Ал балалардың рухани тазалығы үшін интернет-компаниялар мен провайдерлер жауап береді. Бұл талапты Еуроодақтың 30 әлемдік ауқымдағы интернет-компаниялары құптаған.

- Ал ТМД елдердегі жағдай қалай екен?

- Атап айтсақ, «Кәмелетке толмағандарды теріс ықпалдан қорғау туралы» заң Грузияда 2001 жылы қолданысқа енгізілген. Өткен жылы Ресейде «Балаларды денсаулығы мен дамуына кеселін тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Заң қабылданды.

  Біз осы тәжірибелерді қарастыра келе, Қазақстанда балалардың ақпараттық қауіпсіздігі туралы дара заң қажет екендігіне әбден көз жеткіздік. Жоба осылай дүниеге келді. Онда әлемдік тәжірибе Қазақстандағы ақпараттық ахуалға барынша сәйкестендірілген және елдегі заң айналымында жоқ кейбір құқықтық ұғымдар енгізілген.

- Қандай жаңа құқықтық ұғымдар бар?

- Мысалы, «Балаларға арналған ақпараттық өнімнің жас сыныптамасы» және «жас санаттары» ұғымдары бар. Таратып айтсақ, заң жобасы бойынша балаларға арналған ақпараттық өнімдерге жас сыныптамасы бойынша сараптама жүргізіледі. Сараптама ақпараттық өнімнің жанрын, тақырыбын, мазмұны мен безендірілуін, ақпараттық өнімді  ұсынудың тәсілін,  балаларға жасырын әсер ететін арнаулы әдістердің бар-жоғын, баланың ақпараттық өнімді бірнеше рет көру мүмкіндігін айқындап береді. Мұндай сараптама ақпараттық өнім еліміздің аумағына таратылғанға дейін жүргізіледі және ол сол өнімді өндірушіге жүктеледі.

  Балаларға арналған ақпараттық өнімнің жас санаттары заң жобасында мынадай категорияларға жіктелген. Атап айтқанда, «6 жасқа дейінгі», «6 жастан бастап», «12 жастан бастап», «16 жастан бастап» деп бөлінеді. Бұлардың бәріне нақты талаптар қойылған және эфирде, экранда тарату мерзімдері, бала үшін қолайлы уақыттары атап көрсетілген.

Жобада республиканың заңнама тарихында алғаш рет компьютерлік және өзге де электронды ойындарды таратушылардың міндеттері сараланып отыр. Біз осы ойындарда балаларға ұсынуға тыйым салынған ақпараттық өнімдерге тән көріністердің болмауына қол жеткізуді ойластырдық. Оларда агрессивті күш көрсетуге және өзге де қоғамға жат іс-әрекеттерге арандататын сюжеттер кездеспеуге тиіс. Компьютер арқылы баланың виртуальды кісі өлімін, азаптау, қорлау, жәбірлеу әрекеттерін қолдан жасай алуына жол бермеу талап етіледі. Интернет-ресурстар, ұялы радиотелефон байланыс желілері қызметтерінің провайдерлері, интернет-ресурстарға ұжымдық қол жеткізу пунктерінің иелері мен құрылтайшылары заң жобасындағы осы және басқа қағидаларды  орындауға міндеттеледі.

Бұл өте орынды заң нормалары екен. Балалардың компьютер арқылы виртуальды кісі өлімін, азаптау, қорлау, жәбірлеу әрекеттерін көруі халықты да алаңдатып отырған мәселенің бірі еді. Тағы да қандай жаңа талаптар енгізілді?

Мұнымен қатар балаларға арналған баспа өнімінде, дыбыс, кино және бейнеөнімдерде баланың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпарат болмауы тиіс. Білім беру мекемелерінде балаларды оқытуға арналған  ақпараттық өнімнің мазмұны осы Заңның талаптарына сәйкес келуі шарт. Шәкірттерге арналған дәптерлерді, күнделіктерді, кітап тыстарын, кітап белгілерін, мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде пайдаланылатын өзге де полиграфиялық өнімдерді безендіру жас сыныптамасы  категорияларына лайық болуы тиіс.

Бәрімізге белгілі, телекоммуникациялық желілердің трансшекаралық сипат алуы балаларды зиянды ақпараттардан қорғау шараларын халықаралық ауқымда ұйымдастыруды қажет етеді. Бұл мәселе жобаның «Баланы оның денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық» тарауында берілген. Онда ынтымақтастықтың негіздері, мемлекеттердің құзыретті органдары, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын үйлестірудің бағыттары айқындалған.

- Заң жобасы несімен ерекшеленеді?

- Біріншіден, балалардың дамуы мен денсаулығына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері айқындалуын айтар едім.

Сонымен қатар заң жүзінде зардапты ақпараттардың анықтамалары беріледі, зиянды ақпараттық өнімдердің айналымын тоқтатудың құқықтық жолдары көрсетіліп отыр. Телерадио, кино өнімдерін көрсетудің балаларға қолайлы уақыттары белгіленуі тиіс. Жаппай қолданыстағы интернет, ұялы телефон желілері арқылы балаларды рухани аздыратын ақпараттық өнімдердің таратылуына тосқауыл қоюдың жолдары ойластырылуымен ерекшеленеді.

Компьютерлік, электрондық ойындарға балалардың ақпараттық қауіпсіздігі мақсатымен сараптама жасаудың құқықтық мүмкіндігі туады. Ақпараттық өнімдерге сараптама жасаудың және жасалған сараптама қорытындыларын жүзеге асырудың заңды тетіктері айқындалмақ.

Мемлекеттік атқару органдарының балаларды зиянды ақпараттық өнімдерден қорғаудағы өкілеттіктері сараланады. Сондай-ақ заң жобасында сараланған міндеттерді қоғамдық қадағалаудың тетіктері белгіленеді.

Бұл заң жоба балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа бағдарламалардың туындауына ықпал етуі тиіс. Қазіргі кездің өзінде «Ұлағатты жанұя», «Қазақстан интернет ассоциациясы», «Әділ сөз» халықаралық қоры, Қазақстан мұсылмандары одағы секілді қоғамдық құрылымдар заң қабылданған жағдайда оны жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық жобалар ұсына алатындықтарын білдіруде.

Демократия деген құндылықты түрліше түсінген, оны қоғам мен халықтың игілігі тұрғысынан емес, өзінің жеке, кей ретте қылмысқа пара-пар әрекеттері үшін пайдаланушылар ақпарат әлемін жаулай бастағаны рас десек, зиянды ақпараттан балаларды заңмен қорғау - ұлттық парыз. Сондықтан да бұл мәселеге Әзірбайжан, Беларусь, Тәжікстан, Украина Парламенттері мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы айрықша мән беруде. Қазақстан Парламенті де балаларды заңмен қорғау ісінде тысқары қала алмайтыны анық. Егер осы Заң жобасын белгіленген мерзімде қабылдайтын болсақ, жас ұрпақтың толыққанды дамуына айрықша ықпал ететін боламыз.

- Рақмет әңгімеңізге.

 

Жыл қорытындылары Қазақстанның жаңғыртуға бекемдігін айғақтады - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми

 

/«ҚазАқпарат». 09.01.2013./ - Мерекелер маусымы аяқталып,  келіп жеткен Жаңа Жылмен жаңа еңбек жылы да басталды. Еліміздің Парламенті жаңа жылға қандай жетістіктермен қадам басты?  Жалпы Қазақстан үшін өткен жылдың нәтижесі қандай болды? Заң шығару билігі, соның ішінде Парламенттің жоғарғы Палатасының алдында қандай жаңа міндеттер тұр? «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің осы төңіректегі сауалдарына Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат МӘМИ жауап қайтарған болатын.

- Қайрат Әбдіразақұлы, өткен 2012 жыл еліміз үшін  көптеген маңызды оқиғалармен есте қалды. Сіз сондай оқиғалардың ең бастысы деп қайсысын айтар едіңіз?

- Өткен жылдың маңызды оқиғаларын саралағанда, олардың баршасын жасампаздық пен даму біріктіріп тұрғанын ерекше атап өтер едім. Экономиканың өркендеуі мен жаңғыруы, саяси тұрақтылық пен демократияның дамуы, азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы - осылардың барлығы тәуелсіз Қазақстанның басты үрдістеріне айналуы жыл қорытындыларынан айқын көрініс тапты. Қазақстан экономикасы он төрт жыл қатарынан үздіксіз өсіп келеді. Қазіргі таңда бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жаһандық рейтингте біз 51-орынға көтерілдік.

Елбасы Қазақстанды ауқымды құрылыс алаңына айналдыра алды. Өткен жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының көптеген жобалары іске қосылды. Бұл біздің еліміздің жаһандық дағдарысқа жауабы әрі мемлекетіміз бен оның аймақтарының ұзақ мерзімді дамуының берік іргетасы болып отыр. Сонымен қатар, әлеуметтік жаңғыртудың жаңа жобалары қолға алынып, олар заңнамалық тұрғыда тиісті қолдау тапты.

Ал енді өткен жылдың маңызды саяси оқиғаларына келетін болсақ, дәл бір жыл бұрын болған Парламент Мәжілісінің сайлауын айрықша атар едім. Олардың нәтижелері бойынша көппартиялы Парламенттің қалыптасқаны біздің еліміздің демократияны нығайтудағы дәйектілігін көрсетті. Сонымен қатар, Қазақстан дінаралық және мәдениетаралық үнқатысуды ілгерілетуге өз үлесін одан әрі қосып келеді. Өткен жылғы мамыр айында Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезіне қатысушылар төртінші рет бас қосты. «Адамзат таңдауы - бейбітшілік және келісім» ұранымен өткен діни форумға әлемнің 40 елінен 85 делегация келді. 2013 жылы біздің Мемлекет басшымыздың бастамасы бойынша шақырылатын діни форумның 10 жылдығы атап өтіледі. Бұдан бөлек, қазақстандық спортшылардың Лондондағы Олимпиада ойындарында қол жеткізген тамаша жетістіктері, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу құқығын жеңіп алудағы Астананың жеңісі қазақстандықтарды одан әрі топтастырып, біздің еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы беделін көтере түсті.

- Төраға мырза,  Мемлекет басшысының былтырғы жылдың желтоқсанында жариялаған «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын іске асыруда Парламенттің рөлі қандай?

- Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында біздің еліміздің алдына жаңа өршіл мақсат қойып отыр. Ол - әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіру. Бұл мемлекет өмірінің, қоғам мен экономиканың барлық тараптарын одан әрі жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы болып табылады. Оны іс жүзіне асыру заң шығарудағы қарбалас жұмыстарды талап ететіні даусыз. Осыған байланысты сенаторлар елімізге қажетті заңдарды сапалы және уақытында қабылдауға, сондай-ақ, олардың орындалуын тиісті бақылауға алуға әзір екенін айтқым келеді.

2013 жыл - Президенттің жаңа Стратегиясын өмірге енгізудің алғашқы жылы. Палатаның биылғы жылға жалпы Жоспарымен қатар біз Жолдауды іске асыру жөніндегі Сенаттың арнайы Жоспарын қабылдадық. Осындай құжат Мәжілісте де қабылданғаны белгілі. Жоспарда Жолдауды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етудің, оның негізгі ережелерін түсіндіру мен насихаттау, сондай-ақ құжатта белгіленген сыртқы саяси міндеттерді іске асыру жөніндегі тараулар бар. Шаралардың қатарында - Парламент өкілеттігін күшейту жөніндегі ұсыныстар енгізу де көзделген. Дәстүр бойынша, жыл бойы ірі парламенттік шаралар - үкіметтік сағаттар, тұрақты комитеттердің көшпелі отырыстары, дөңгелек үстелдер, конференциялар болады. Сондай-ақ, депутаттардың орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылығымен кездесулері де қарастырылып отыр.

Сенаттағы шараларда  жергілікті өзін-өзі басқару, кәсіпкерлікті, индустирялық-инновациялық қызметті, ауылдық аумақтарды дамыту, сондай-ақ, салық салудағы әкімшіліктендіру, сот тәжірибесі, интеграциялық байланыстарды жетілдіру және басқа да мәселелер қаралатын болады. Осы және басқа көптеген мәселелерді талқылау үшін біз салалық министрліктер мен мекемелердің басшыларын, бизнестің, сарапшылар қоғамдастықтарының, ғылыми орта мен азаматтық қоғам өкілдерін тартуды жоспарладық.

Аймақтарға дәстүрлі сапарлар барысында өнеркәсіп және әлеуметтік нысандарда болғанда, сайлаушылармен кездесулерінде депутаттар Жолдаудың маңызды мәселелерін қазақстандықтарға егжей-тегжейлі жеткізетін болады. Мұндағы міндет Президент стратегиясын жай ғана насихаттау емес, арнаулы топтар арасында түсіндіру және пікірсайыс сипатында халықпен жан-жақты талқылау.  Депутаттар еліміздің барлық аймақтарынан қазақстандықтардың заң шығару қызметіне сапалы үлесін қосатын ұсыныстар мен тілектерін Елордаға жеткізетін болады. Айтпақшы, депутаттардың жаңа жылдағы аймақтарға алғашқы сапары қаңтардың 10-ы мен 19-ы аралығында болады. Мен өзім Павлодар мен Алматыға баруды жоспарлап отырмын.

- Қайрат Әбдіразақұлы, Сіз ЕурАзЭҚ ПАА-ның төрағасысыз. Сіздің ойыңызша, бұл бірлестіктің ықпалдастық үдерістерін ілгерілетуде рөлі қандай?

- Мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының Парламентаралық Ассамблеясы еуразия кеңістігіндегі ықпалдастық үдерістеріне құқықтық қолдау көрсетуді толық көлемде қамтамасыз ететінін бірнеше рет атап өткен болатынмын. Бұл Кеден Одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке де тікелей қатысты. Осы құрылымның көпжылдық тәжірибесі интеграцияның парламенттік өлшеміне байланысты барлық мәселелерді тиімді шешіп отыруға толық мүмкіндік береді. ЕурАзЭҚ ПАА құрылғаннан бері көптеген маңызды үлгілік заңнамалық актілердің жобалары қабылданды. Бұл жобалардың ережелері интеграцияға қатысушы елдердің ұлттық заңнамаларын жақындастыруға қажетті алғышарттар қалыптастырды.

- Сіз атап өткендей, биыл Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съездерін шақыру туралы Қазақстан Президентінің бастамасына 10 жыл толады. Сіз Съезд Хатшылығының басшысы болып табыласыз. Бұл оқиға қалай аталып өтілмек?

- Өзіңіз біліп отырғандай, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алғашқы Съезі 2003 жылы қыркүйек айында Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша шақырылған болатын. Астана форумы діндер мен өркениеттер арасындағы жаһандық үнқатысуды ілгерілетудегі алғашқы қарлығаштардың бірі болды және әлемдегі өзара түсіністік пен сыйластық мәдениетін қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Өткен жылғы мамыр айында төртінші форум кезінде Мемлекет басшысы атап өткендей, әлемнің «өркениеттер қақтығысына» душар болмауына Съездің үлесі аз болған жоқ.

Съездің 10 жылдығында осы форумды одан әрі дамыту жөніндегі бірқатар шаралар жоспарланып отыр. Атап айтқанда, біз Өркениеттер альянсі, Дінаралық үнқатысу жөніндегі Папа кеңесі (Ватикан), Король Абдалла атындағы өркениеттер үнқатысуының орталығы (Сауд Арабиясы) және басқа да халықаралық үнқатысу құрылымдары мен  ұйымдармен өзара іс-қимылды ілгерілететін боламыз. Ал қыркүйек айында Астанада Съезд Хатшылығының мерейтойлық отырысы болады.

Одан басқа, өзіңіз білетіндей, Мемлекет басшысы төртінші Съезд кезінде осынау форумның 10 жылдығына орай Діни көшбасшылар кеңесінің арнайы үндеуін әзірлеп, қабылдауды ұсынған болатын. Онда үнқатысудың маңызды және көкейкесті екені, діни-рухани көшбасшылардың бітімгершілік рөлін арттыру жайында айтылуы тиіс. Сондықтан осы мәселе төңірегінде де жұмыс жасайтын боламыз.

- Әңгімеңізге рахмет.

 

 

Тірегін тапқан туған тіл

 

 /«Егемен Қазақстан». 10.01.2013. Алдан СМАЙЫЛ, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан»ХДП фракциясы мүшесі./ - «Қазақ тілі – біздің рухани негі­зіміз. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев стратегиялық дамуымыздың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын саралаған Жолдауында халыққа осындай үндеумен шықты. Ана тіліміздің саяси және рухани мән-мағынасы мен мемлекеттік мазмұнын тағы да анықтап берді. Әр азаматтың міндет-парызын нақтылады.

«Егер әрбір қазақ ана тілінде сөй­леуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орынын иеленер еді».

«Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз ке­ректігі ұмыт қалады».

«Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қам­шылауы тиіс».
«Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады».

«Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені дау­сыз. Сондықтан да оған бейжай қарамайық».

Бұл президенттік әрі перзенттік талап-тілек еді. Елбасының ата-жұр­тына талайдан айтып келе жатқан жүрекжарды өтініштерінің жалғасы болатын. Халықтың ақыл-ойына айналады деген іс басындағыларға, ат үстіндегі зиялыларға қойылған талап-ты.
Шындығын айтайық, олардың бәрі бірдей тіл десе тебіреніп жүрген жоқ. Талайы өзге тілде сөйлеген, сөй­леп келеді, сөйлей беретін түрі бар. Министр де болған, әкім де болған, бәрі де болған, тек қазақ бола алмаған бұлар ана тілінен іргесін аулақ салған қалпынан өзгерсе не дейсің?! Орыс қазақша хабар жүргізіп, украин домбырамен ән шырқап, неміс қазақша өлең жаза бастады, ал олар міз бағатын емес. Бұларға бәрібір, жүз қазақтың алдында тұр ма, мың қазақтың төрінде отыр ма, өзге тілде жүйтки жөнеледі. Ел ренжіп, халық налып жүрер деген сезік болсайшы. Керісінше, мұның қалай дегенді тарпа бас салуға дайын. Соларға қынжыла қарап отырғанда, шіркіндер өздерінің тегі туралы сірә да толғанып көрмеген шығар деген ой келеді.

Ел мұндай зиялылардың тіл біл­мейтіндігіне ренжуді қой­ған, өйт­кені, қайтып үйірін тап­пай­тын­дығына көзі әбден жеткен. Көпті күйіндіретіні – олардың беделді орындарда отырып алып, айналасын өздері секілді ұлттық қасиеттерден жұрдай ететіндігі.
Ашығын айтсақ, егер осындай «тілсіздер» болмаса, өзге ұлт өкіл­дерінің қазақ тіліне деген ынта-ықы­ласы қазіргіден әлдеқайда күшті болар еді.

Егер осындай «ұлтсыздар» болмаса, мемлекеттің қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту жөніндегі шаралары бүгінгіден әлдеқайда нәтижелі болар еді.
Бұл шындық, көзіміз әбден жеткен ақиқат. Сондықтан да, мұндайлар әлі бар кезде, лауазымды жерлерде отырып алып тіл жөніндегі орынды ой-ұсыныстардың жолын кесіп отырған кезде қоғамның үнсіз қалуы қиын. Тіл жайындағы әрлі-берлі әңгіменің толас­тамауына, ең алдымен, осылар кінәлі.

Тегінде тілге қандай да бір зардабын тигізетін құбылыс, әлде адам, әлде ұйым бола ма, қай-қайсы да назардан тыс қалмауы керек. Жағаласу мен жазғыру үшін емес, кері ықпалынан рухани күйзелістерсіз тез арылу үшін.

Тіл білмейтіндер жай жүрмейді, қоғамға өз көзқарастарын насихаттай жүреді. Барынша жақсы игерген тілдері жайлы бұлбұлша сайрайды. Оларға дем беретін, ауыздан шыққан лебізін жерге түсірмей қағып алып ту көтеретін телеарналар да, газеттер де бар. Қазіргі қоғам қазақ тілі төңірегіндегі кері пікірлерден ада емес. Ондай салқын ой, теріс әңгімелер жер асты сулары секілді сылдырын білдірмейді, ағысынан да жаңылмайды. Бұған республикадағы кейбір бұқаралық ақпарат құрал­дарының тіл мен ұлт туралы беріп жүрген ұшқары ақпараттары дәлел.

Осыдан кейін мынаған көзің жеткендей болады: идеологияға тікелей жауапты мәртебелі қызметтер Қа­зақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ана тілін кері ықпалдан қорғау мен оны пәр­менді насихаттаудың жолдарын айқындап берген нұсқаулары мен тұжырымдарын, әсіресе, барлық ұлт өкілдеріне өтімді ойларын осы күнге дейін нақты жүзеге асырудың тиімді шараларын тапқан жоқ. Тіл насихаты әлсіз. Телеарналарда, қалалардың барлық көрнекті жерлерін жаулап алған алып экрандарда тіл жайлы сөз жоқ, оның есесіне даңғаза жарнамалар мен мағынасы белгілі бір орталарға ғана түсінікті жарқ-жұрқ ақпараттан құлақ тұнады. Солардан азар да безер болған ел: «Бұлардың орнына арғы-бергі қоғам, ғылым және өнер қайраткерлерінің, Республика Президентінің ана тілін ардақтаған, елді, оның арлы азаматтарын туған тілді қастерлеуге шақырған пайымдарын неге ұдайы беріп тұрмаймыз, – дейді.  – Олар халық пен тіл алдындағы парызыңды еске салады ғой, жүректі қозғайды ғой».
«Ұлттық сана ұлттық тілмен қа­лыптасатынын» әуелден атап көр­­сеткен Президенттің сол тол­ға­ныс­та­рын қазіргі күндерде, ана тілін төр­ге оздырудың ұтымды жолдары айқындалған стратегиялық жаңа саяси бағыт зерделеніп жатқан кезеңде, қазақ тілі халықаралық беделді тілдермен бәсеке алаңына шыққан шақта тағы бір жаңғыртсақ орынды болар еді.

«Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені, ол ұлтымыздың анасы».

«Толыққанды тілсіз – толыққанды ұлт болуы мүмкін емес».

 «Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл».

«Ана тілін қадірлеу – әр азаматтың перзенттік парызы».

«Ана тіліміз – бізді ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден бір арымыз да, нарымыз да».

«Қиын кезеңдерде ұлтты қо­жы­ратпаудың қуатты қаруы болған қазақ тілі – бүгінгі өмірімізде де ұлтты тұ­тас­тырудың тегеурінді тетігі болуға тиіс».

«Қазақ тілі өзінің барша құдірет, қуатымен әлемдік тіл кеңістігінің құрамдас бөлігі болып табылады».

«Тарих пен тіл тамырлас».

«Бізге ана тілімізден асқан тарихи мұра жоқ. Ендеше, оны жан аямай қастерлеуден асқан биік парыз жоқ».

«Ана тілін армансыз бойға сіңі­ріңіздер, өйткені, бабаларымыздың ғұмыр тәжірибесі, дүниетанымы, мі­нез-құлқы, өзіндік болмыс-бітімі осы тілде қаттаулы жатыр».

«Тілді меңгеру үшін оған өзіңнің жүрегіңді ашуың керек».

«Мемлекеттік қызметке қабыл­данған қазақ қазақша сөйлеуі керек. Болмаса басқа ұлттың өкіліне қалайша мұндай талап қоя аламыз?».

Елбасының ана тілін ардақтаған толғаныстары осылай жалғаса береді. Оларды ой елегінен өткізіп, қазіргі рухани өміріміздің саяси-әлеуметтік талаптары және қазақ зиялыларының ана тіліне деген түрлі көзқарастарының тұрғысынан зерделеп, ұлттық мүд­де арқылы пайымдасақ, тілдің құді­реті мен тіл саясаты жайлы тұтас философиялық сарынға айналар еді.

Асылында туған халқының төл тілі туралы дәл осылай терең тебіреніп жүрген мемлекет басшыларын мына заманда, жиырмасыншы ғасырда таба қоюың екіталай. Президенттің тілге әлсін-әлі орала беруінің ешқандай ел­де жоқ, тек біздің жұртқа тән қазақ­стандық себептері бар.

Бірінші себеп – қазақ тілін мем­лекетті басқару тіліне айналдыруға қазақтардың өзінің дайын болмауы, анығырақ айтсақ, бұл орайда бірауызды болмауы.
Өткен ғасырдың 90-ыншы жылдарында баспасөзде қазақ елінің 40 пайызы ана тілінен қара үзген деп мәлімдеушілер табылды. Уақыт өте келе ол көрсеткіш 30 пайызға дейін азайтылды. Халық санына шақсаңыз, бұл да аз дерек емес. Егер сол тұста республикада 8 миллиондай қазақ болса, оның 2 миллион 400 мыңы туған тілінде сөйлемейді деген сөз. Міне, дәл осындай жағдайда, әлгі екі жарым миллионға жуық адамның арасында өзге ұлт өкілдеріне қосылып, төл тілін төрге оздыруға қарсы шығатындардың табылуы әбден мүмкін кезде ақырын жүріп, анық басудан басқа амалың жоқ-ты.
Екінші себеп – ана тілі ұзақ уақыт, өктем тіл болып келген ұлт өкілдерінің қазақ тілін білмеуі және білгісінің кел­меуі. Тұтастығын және әуелгі бол­мысы мен дәстүрін сақтаған, эко­­номикалық жағынан әлдемді, ір­ге­де­гі айбарлы атажұртынан қолдау та­батындығына сенімді 4 миллиондық қауыммен санаспай тұра алмас едің.

Үшінші себеп – тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тілден де өткір мәселелердің шаш-етектен болуы.

Төртінші себеп – қазақ тілін өзге ұлт өкілдерімен бірге қазақтың өзіне насихаттауға, оқыту мен үйретуді ұйымдастыруға, осы шараларды ғылыми негізде өрістетуге мемлекеттік атқару орындары мен білім беру ошақтарының әзір болмауы.
Осындай қиындықтарға, белгілі бір кезеңсіз еңсерілмейтін кедергілерге толы қоғамда тіл мәселесін саясаттандырып, күн сайын ту етіп көтеру қатерсіз емес еді. Президент сондықтан да төзім саясатын таңдап алды. Ол қазақтың тіліне тіл тигізгендерге де, ана тілім ардақталмай жатыр деп жа­ғадан алғандарға да төзді. Бір бө­лі­гі тіл десе атой салған, бір бөлігі сырт айналған қазақтың өзі үшін, не­ғұрлым қысқа мерзімде рухани тұтасуы үшін, соған ауадай қажет ты­ныштық үшін төзді. Тағатсызға «ұлт пен тіл мәселесіне келгенде ұлт­тық оқшаулану мен томаға-тұ­йықтықтан қашу керектігін» ескерте жүріп, зейіндіге «ана тілі ұлтымыздың анасы» екенін айта жүріп, парықсызға «тілсіз ұлт – жоқ ұлт» екенін түсіндіре жү­ріп, кейінгілерге «келешегіміздің кепілі туған тіл» екенін ұқтыра жүріп, қазақтың өзін қазақ тілін сүюге үгіттей жүріп төзді. Төзе жүріп ана тілін мемлекеттік қамқорлыққа алды. Айлар мен жылдар ұлт тіліне қызмет етті. Ту­ған тіл бірте-бірте балабақша мен мектептің, білім мен қызметтің тіліне айналды.

Нұрсұлтан Әбішұлының ұлт­жан­дылығы мен осынау қызметін халық жүрекпен ұғып, жоғары бағалады, тілге деген тарихи шөлін қандыруға асықты. 1989 жылы атамекеніндегі сан жағынан алғандағы үлес салмағы 39,7 пайыз ғана болған, сол тұстағы жас толқынның басым бөлігі ана тілінің уызын ембеген ел рухани тұғырына тез қонды. 2009 жылғы халық санағының деректері бойынша 10 миллион 96763 қазақтың 9 миллион 992276-сы туған тілін ана тілім деп мәлімдеген.

Егер рухани-мәдени әлемдегі, оның ішінде тіл әлеміндегі өзгерістер барынша баяу жүретінін ескерсек, бұл ұлттық болмыс-бітіміне ғасыр бо­йы сұрапыл шабуыл жасалған ха­лықтың тарихи жеңісі еді. Қазақ елінің дәстүрлі даму жолын неғұрлым тез табуына, қажет кезінде сабырға кезек берген, керек кезінде тулап шыға келген ұлттық намысының оянуына ұйтқы болған тұлғаның, Елбасының аса маңызды жеңісі болатын.
Осылайша сабыр түбі сары ал­тынға айналып келе жатты. Қазақтың да, қазақтан басқаның да тілді үй­ренуіне қажетті мүмкіндіктер жасалды. Пре­зидент Жарлығымен бе­кі­­тілген «Тілдерді қолдану мен да­мы­тудың 2001-2010 жылдарға ар­нал­ған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес қазақ тілін жеделдетіп оқыту тұжырымдамасы, стандарты мен үлгісі әзірленді. «Қа­зақ­стан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» дайындалды. Мемлекеттік тілдің интернет- порталы іске қосылды.
Қаржыландыру көлемі де жыл сайын ұлғайып келе жатты. Тіл мұқтажына 2005 жылы республикалық бюджеттен 327,9 миллион теңге бөлінсе, 2008 жылы ғана 2 миллиард 390 миллион теңге қарастырылды. 2005-2010 жылдардағы қаржыны қосып есептесек, 8 миллиард 282 миллион теңгені құрайды.

Мемлекет пен елдің қазақ тіліне осылай зор құрмет көрсетуі оған басқа ұлт өкілдерінің де ықыласын оятты. 2009 жылғы санақ деректері бойынша орыстардың 808169-ы қазақ тілін ауызша түсінеді, 200017-сі әрі оқиды, әрі жазады. 85725 украин мен 47820 неміс, 14283 белорус мемлекеттік тілде сөйлесе, түркі тектестердің бә­ріне жуығы қазақшаға қара жаяу емес.

Қарап отырсақ, бір миллионнан астам орыс азаматы қазақ тіліне ден қойыпты. Бұрын-соңды болмаған жағдай. Осы үрдісті сәтті жалғастыру, Президент «Қазақстан-2050» Стра­те­гиясында атап көрсеткеніндей, мем­лекет пен қазақ ұлтының рухани өмірдегі маңызды міндеті. Ол үшін тіл саясатын ұлттық деңгейде ойластырып, ұлттық сабырмен екшеп, ұлттық даналықпен жүргізу керек. Елбасы ерекше ескерткеніндей: «Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс». Бізге, дәстүрі мен мәдениетін, тілі мен дінін, тарихы мен тағылымын қайта қалыптастырып, басқаларға дәріптеуді қолға алған елге барлық салада пайым мен ұлағат жарасады. Сол ұлағат халықта бар, ал зиялы қауым мен оның қаймағы секілденген ат төбеліндей лауазым иелерінде бар ма? Өткір сауал, жиі қойылатын тегеурінді сауал осы.

Жиырма жылда жиырма сөз үйренбеген лауазымдылар бар. Олар халықтың көзіне көп болып көрінеді, өйткені қызметіне сәйкес ұдайы назарда. Тілді тұсап отырған да солар секілденеді, себебі белгілі бір саланың мемлекеттік тілге толық көшпей жатуы осындайлардың кінәсі деп біледі.

«Президент: «Ұлттық сана – ұлттық тілмен қалыптасады» десе, Үкіметтің кейбір лауазымды қызметкерлері бұл орайда мың ойланып, жүз толғанып жүр ме? Олардың мемлекеттік тілді білу деңгейі осы заманғы ұлттық сананы қалыптастыруға жеткілікті ме?» – деп алаңдайды.

«Беделді қызметтегілер, сіз­дер ұлттың өзін өзі қалай құрмет­тей­тіндігінің көрсеткішісіздер ғой. Ар-ұятымыз емессіздер ме?» – деп ақтарылады. Олар туған тілдің ел алдында берекесін қашырса, жұрт алдында жігерін жасытса, өкініш болып өртенеді, намыс болып жарылады. Бірақ өз қолын өзі кесе алмайды, бір түңіліп, бір үміттеніп жүріп күте тұруға, төзе тұруға бекінеді.

Ашығын айтайық, кейбір әкім­діктер мен министрліктерде жиындар жаппай өзге тілде өтіп, іс-қа­­ғазы мемлекеттік мәртебесі бар тіл­ге көшпей жатса, бұл сол жер­дегі басқару тізгіні қолына тиген қа­зақ азаматының ана тіліне деген ілтипатының төмендігінен. Оған елдің көзі әлдеқашан жеткен.

Шындығында әкім немесе министр жан-жақты тұлға болуға тиіс. Қазақстан секілді көп этносты елде олардың өзге ұлт өкілдерін қазақтың рухани әлеміне бейімдей білу қабілеті ерекше маңызға ие. Әкім айтқан әңгіме мен өзге айтқан сөздің әсері бірдей емес. Басшы, онда да жүз мыңдаған халқы бар тұтас өңірдің басшысы, қазақтың бай әдебиетін, мәдениеті мен өнерін, тілін жақсы біліп, елмен кездесулер кезінде насихаттай жүрсе, көптің жүрегіне жеткізе алса, ана тіліміздің рес­публика көлеміндегі ахуалы қазіргіден әлдеқайда ажарлы болар еді.

Бірқатар лауазымдылардың қо­лынан келмей жүрген бұл шаруаны Президент атқарып келеді. Қазақтың тілін Нұрсұлтан Әбішұлындай наси­хаттаған адам жоқ шығар. Елбасы осындай рухани қайраткерлікті биліктегілерден ұдайы талап етуде. «Ана тілін қадірлеу әр азаматтың пер­зенттік парызы екенін» ескертіп келеді. «Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл» екенін айтумен келеді. «Толыққанды тілсіз толыққанды ұлт болуы мүмкін еместігін» түсіндірумен келеді. «Қазақ тілі мен мәдениетін дамыту міндетін шешпейінше, ұлт­тық саясат мүмкін болмайтынын» мәлімдеумен келеді.

Тегінде Нұрсұлтан Әбішұлының тіл саясаты, сол саясатты жүзеге асы­­­­­рудағы іс-қызметі мен «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясындағы тіл жай­­лы ой-байламдары бойынша мем­­лекеттік қызметшілерге арналған лекциялар әзірленіп, Президент ең­бегінің осы бағыттағы мазмұны ғы­лы­ми сараланған курс сабақтарын Мем­лекеттік басқару академиясының оқу бағдарламасына енгізуді қарастыру қажет. Өйткені, тіл біздің бүкіл рухани өміріміздің негізі ретінде мемлекеттік идеологияға баяғыда айналған.
Елбасы қазақтың білімді, оқыған-тоқыған азаматтарын мемлекеттік лауазымды қызметке тағайындап отырып, ана тілін білуді тапсырғанын сан рет естідік. Президенттің тарапынан жасалған мұндай талап – төл тілін білмегендердің туған елінің биігінде болуға рухани құқы жоқтығын, халық ана тілінде сөйлемегенді ұлтты ұмытқан туажат деп есептейтінін, оған сенбейтінін ескерту, өз жұртыңның жатсынғанынан қиыны жоқ екенін аңғарту. Өкінішке орай, іс басындағы жекелеген азаматтар маман ретінде қабілетті болғанымен, ұлт мүддесіне келгенде қайраткерлігімен көріне алмай жүр. Халықтың бай ауыз әдебиеті мен таңғажайып өнерінен бейхабар екендігіне қынжылмайды. Тілді Ақ­тамберді мен Абайды, Мағжан мен Мұқағалиды оқу үшін үйреніп жүрмін деген қызметкерді кездестірген емеспіз. Ана тілімді «Қыз Жібек» пен «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» жырына сусындау үшін игеріп жатырмын деген лауазымдыны да көрген жоқпыз. Ал ғасырлар бойы жасалған рухани мұраларда өрілген ұлттық ұлағат пен аса құнды эстетикалық-көркемдік тәлімнен жұрдай адам туған халқының жүрегіне бойлай алмайды.
2009 жылғы халық санағында 114 мың 487 қазақ өзге ұлттың тілін ана тілі ретінде көрсетіпті. Олардың 78546-сы қалада, 35941-і ауылда.

Айтарлықтай көп емес, алайда мүлде ескермей өте шығатындай аз да емес. Себебі, олардың арасында өзге тілдердің артықшылығын насихаттап жүрген қаламгер де, балаларын қазақ мектебіне бермеген ата-ана да, билік мемлекеттік тілде сөйлесе қызметімнен айырылып қаламын деп шошитын лауазымды да, мәртебелі мінбеде тұрып антты орыс тілінде беруге арланбаған ағайын да, қазақ тілі туралы түтігіп сөйлейтіндер де бар.

Қазіргі қазақ қоғамының бір кемшін тұсы осы, қынжылтатын шын­дық. Алайда бұл, кейбіреулер айтып жүргендей, рухани апат емес, ұзақ уақыт тәуелсіздікте болған халықтың болмай қоймайтын жан жарасы. Оның емі – ана тілін мемлекет болып, қоғам болып, ел болып айрықша ардақтау, құрметтеу, қолдану аясын кеңейтудің ұтымды жолдарын үздіксіз іздеу, белгілі шаралармен шектелмеу. Әсіресе, мемлекеттік тілге қажеттілікті туғызатын шараларды ретімен орынды жүзеге асыру, министрліктер, облыстар мен қалалар басшыларына тілді білуді міндеттеу, бұл талапты Президенттің 2025 жылы қазақ тілін қазақстандықтардың 95 пайызы игеруге тиіс деген нақты талабымен сәйкестендіру. Қазақ тілін қазіргіден де қасиеттендіру.

Осы жерде бөле-жара айта кетелік, тек қана қазақ тілінде айтылып, жазылатын ұлттық киелі құндылық Әнұран десек, оның қатарына Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Халқына беретін Антты да қосу керек. Сол арқылы Анттың қай елге, қандай елдің басшысына берілетінін айқындай түсеміз, қазақ тіліне деген ықыласты оятудың, оның мемлекеттің қастерлі символы екенін ұғынудың тағы бір тетігі іске қосылады.

Ана тілін қазақ азаматтарының өзі қадірлеп, мемлекеттік жоғары қыз­меттегі ағайын жаппай қолдаса, айы оңынан туатынына біз кепіл. Ресей зиялылары бұл орайда алдына жан салмайды. Тарихқа үңілсек, ХVІІІ ғасырдың орта тұсында осы елдің жоғары оқу орындарында орыс тілінде білім берілмеген. Дәріс неміс және француз тілдерінде оқытылды. Михайл Ломоносовтың табандылығымен отыз жылдың көлемінде орыс тілі білімнің де, ғылымның да тіліне айналды.

Қазақ тіліне осындай патриоттар қажет-ақ. Ана тілін құрметпен, күнделікті сан-салалы қызметімен кемелдендіретін патриот. Елбасының, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы тіл саясатын дәйекті жүзеге асыра алатын патриот. Туған тілді заулаған заманның барынша оралымды тіліне айналдыруға қабілетті патриот. ХХІ ғасырдағы ұлттық сәйкестік дегеніміз туған тілді әлемдік ақпарат ағымына бейімдеу екенін ұққан патриот.

Президент алға қойып отырған күрделі талаптардың бір парасы осындай. Оларды түйіндей келіп, әрі қарай таратсақ, Елбасы ерекше атап көрсеткеніндей: «Қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Басты міндеттердің бірі – тілді заманға сай үйлестіру».
«Біз 2025 жылдан бастап әліп­биімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек, – деді Президент. – Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге.., ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады».

Мәдени-рухани қайта түлеу де­ге­німіз осы. Аталған қадам арқылы ғылым мен білімде, көркемөнердің барлық саласында жаһанмен тікелей байланысқа шығамыз. Ғаламдық өркениетке Ресейдің көзімен қараған, кирилицаны мәдени көпір еткен кезең артта қалады. Рухани дербестік дегеніміз де сол.

Ендігі мәселе  –  бұл күрделі шараға жан-жақты дайындық жасау. Тіл ғалымдары латын әліпбиін қазақ тіліне барынша ұтымды сәйкестендірген үлгіні тезірек әзірлесе, құба-құп болар еді.

Ақиқатын айтсақ, әрбір қазақ азаматы, ең алдымен, туған тіліне шөлдемеуі керек. Баланы ұлттық бақша мен ұлттық мектепке беру – Отан алдындағы ұлы парыз. Пре­­­зи­дент қойып отырған тағдырлы талап осы. Мұны түсінбеген, соған ұйымаған адамға ұлт та, Отан да ардақты емес. Оқытайын десе ана тіліндегі мектебін, берейін десе төл бақшасын таба алмаған кешегі кеңес қазағына өкпе жоқ. Соның бәрі бар бүгінгі қазақ кері кетсе, оған кешірім жоқ. Қазіргі халықтың ұйғарымы осы. Сол халық, рухани сергіген ел тұңғыш Президентпен бірге туған тілін мәңгілік тұғырына қондыруға асығуда. Елбасының мұраты айқын: «Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстырған ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ мем­лекеті деп атайтын боламыз».

 

 

 

 

Бізде жақсы өмір сүруге бейімдерді мансұқтау басым»

 

/«Заң газеті. 11.01.2013. А. Тұрмағамбетова./ - Серікбай НҰРҒИСАЕВ, Парламент Мәжілісінің депутаты:«Бізде  жақсы өмір сүруге бейімдерді мансұқтау басым»

 – Серікбай Өрікбайұлы, «Қазақ­стан – 2030» стратегиясын толық­тай орындап тастадық» деп, сонау 2050 жылға дейін  жоспар жасап қой­дық. Межеге жету қиындық тудыр­май ма?

– Бұл сұраққа таңғалып отыр­мын. Айналадағы өзгерістерді, жетіс­тіктерді байқамау мүмкін бе? Меніңше, сіздің жақсылыққа бойыңыз үйреніп, сіз үшін ол қалыпты жағдайға айналды. Күн өткен сайын жаңару, жетістіктердің  болып жатуы әдеттегі тіршілігіңіздің салтына сіңді. Шыны керек, бүгінде өзге өркендеген елдермен терезесі тең болған Қазақстанда тұрып жатып, өзімізді Еуропада, Америкада тұрып жатқандармен бірдей сезінгіміз кел­мейді. Ал, негізінде олардың пай­даланып жатқан дүниесінің бәрі біздің игілігіміз болып отыр. Олардан еш кем өмір сүріп жатқан жоқпыз. Ендеше, бұрынғы жоспарларды игерген елімізге келесі межеге жету де қиын бола қоймас.
 – Бәлкім, Астанадағы ат төбелін­дей игі жақсы үшін барлығы осындай керемет шығар. Алайда,  осы әсем шаһардан шыққаннан кейін біздегі өркениет жетістіктері жоғалады ғой. Ауылдағы қауымның жағдайы тіптен мүшкіл. Әлі күнге дейін ауызсуға зар елді мекендер бар. Олардағы жол қатынасы жайлы айта-айта ауыз талды. Көбінде ауыра қалса, баратын емхана жоқ. Балалары мектепке бара алмай отырған ата-аналар да аз емес көрінеді, естуімізше...

– Меніңше, жалпы ауыл мәсе­лесіне жан-жақты ойланып келу керек. Өйткені, облыс орталығынан жүздеген, одан қалды, аудан орта­лығынан тағы сонша шақырым қашықтықта жатқан ауыл өркениеттен қашан да алыс болады. Мұндай ауылдардың  елдің жетістіктерінен алатын да, оған қосатын үлесі де жоққа тән. Айтыңызшы, оларға қандай маман барады? Сіз, мәселен, жоғары білім алған балаңызды сонда жіберер ме едіңіз? Маман бармағаннан кейін ол жерде мектеп, емхана ашудан қандай пайда? Сондықтан, олардағы бес-алты ірі қарасы мен ондаған ұсақ малын күнкөріс көзі етіп отырған жандар экономикасы әлеуетті елді мекендерге шоғырлануы керек. Бұл тұрғыда бізде жасалып жатқан жұмыс аз емес. Бұл – бір. Екіншіден, біздің адамдардың психологиясы өзгеруі керек. Олар өз жағдайының төмендігіне өзгені айыптамай, өз беттерінше тірлік жасап, жақсы өмірге ұмтылуы керек. Өкінішке қарай, біздің көптеген замандастармызда өз қабілет-қарымы, ізденісімен жағдайын жасап, тұрмысын түзеп жатқан жандардан үлгі алудың орнына, оларды қаралап, мансұқтау басым. Тіпті, сондай азаматтарды көзімен көріп, қолымен ұстаған дәлелі болмаса да «біреуді алдап, ұрлық жасап, жақсы өмірге қол жеткізді» деп сөгеді. Бұл олардың дәрменсіздігі. Өзінің дұрыс өмір сүруге икемсіздігін бала-шағасының алдында ақтап алуы. Шын мәнінде, бүгінде өз бетінше дұрыс жолмен әрекет жасап, жағдайын көтеруге ұмтылған жанға еш тосқауыл жоқ. Тірлігіңді түзеу үшін еш қиындықтан қорықпай, еңбек ету керек. Тұрған жеріңде оған мүмкіндік болмаса, қонысыңды ауыстырып, табыс табуға, тұрмысты түзеуге қолай­лы ортаға жақындап, қабылетіңді пайдалана біл. Астанадан, Алматыдан жер берілмеді деп тулаудың қажеті жоқ, еліміздің кез келген өңірінен өзіңе жайлы үй салып алуға болады. Құдайға шүкір, жерімізде тыныштық, еліміз тәуелсіз. Ойға алған кез келген игі іске өріс ашық.  Тарихта, қарап отырсақ, небір жаугершілік замандарда керемет қалалар, бекіністер салынып, кейінгі ұрпаққа мұраға қалған. Жалпы, әр заманның тарихынан сол  кездегі азаматтарының деңгейі, ақыл өрісі, іскерлігі көрініп тұру керек. Мысалы, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жиырма жылында Қазақстан не істеді дейтін болса, міне – Астанамыз жарқырап тұр. Олай болса, әрбір азамат осы бастан болшақта ұрпағыма не қалдырам деген оймен өмір сүргені жөн.

 – Десек те, бізде жоспарлардың бәрі ұзақ жылға жасалады. Бұл біздің кейбір оппозициялық партия өкілдері айтып жүргендей, атқарылар істі кейінге ысырып,  жауапкершіліктен қашу емес пе? Жалпы, біз қолға ал­ған істі ақырына жеткізбей жатып, неге осындай  ұзақ мерзімге жоспар белгілеуге құмармыз?

– Жоқ, ұзақ уақытқа бағдар белгілеу бұл жауапкершіліктен қашқандық емес. Мұндай үрдіс бүгінде  әлемдегі барлық елдің тәжірибесінде бар. «Ол неге қажет» деген сұрақтың жауабына келетін болсақ, біріншіден, мемлекеттердің өзара саяси-эконо­микалық әріптестікте болуы үшін, бірі бірінің болашағына көз жеткізуі үшін. Мәселен, өзгелер стратегиялық бағдарлары арқылы Қазақстанның дұрыс жолға түскенін, ондағы дамудың кепілдігін, мүмкіндігін  көруі керек. Екіншіден, жалпы, қысқа мерзімге жоспар белгілеп, онда барлығын нақпа нақ көрсету дұрыс емес. Тіпті, әрбір отбасы өзінің жеке мақсатын туыстарына да ашып айтпайды ғой. Сол секілді, әрбір мемлекет те өзінің ішкі шаруасын өзгеге жайып салмауы керек. Кезінде Кеңестік өкіметтің басты қателігі осы болған. Онда әрбір бес жылға жасалған жоспардың нақтылығы сонша, оның барлық шаралары сырт көзге қолмен ұстап, көзбен көргендей болған. Мәселен, өзге жұрт оның әскери саладағы бүкіл жоспарын, мақсатын біліп отырды. Мұның ақыры оның күйреуіне алып келді.

Жалпы, ұзақ жылға белгіленген бағдар алдыңда жанып тұрған жарық сияқты. Ол барлық атқарылмақ жұмысқа сәулесін төгіп, болашаққа бағыт сілтеп тұрады. Елбасы 2050 жылға жоспар белгілеп, алдымызға шам жағып қойды. Бүгінде сол арқылы қайда баратынымыз, болашақта қандай таңдау жасаймыз, бәрі белгілі болып отыр. Негізінде, жыл сайын еліміздің халқына Елбасының жасап отыратын жолдауы ол мемлекеттің тәуелсіздігін нығайту бағытындағы кең көлемді, сараптамалық құжат, әлемдік деңгейдегі ізденіс, эконо­микалық дағдарыстарды зерделеген талдау. Жолдаудың әрбір сөзінің астында кем дегенде бір министрлік жұмыс істеп жатыр. Белгіленген әрбір көрсеткіштің  астында том-том дәлел бар.

 – Олай болса, осы Жолдауда көрініс тапқан бағыттардың ішінде қайсысы қазақ үшін ерекше маңызға ие деп білесіз?

 – Белгіленген бағыттардың қай-қайсысын да бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Олар өзара тұтастықта жүзеге асып, тонның ішкі бауындай байланыста, үндестікте еліміздің даму көкжиегін кеңітетіні сөзсіз. Мәселен, стратегиялық осы құжаттағы латын қарпіне көшудің  алғаш рет белгіленген нақты межесін  еліміз ұмтылған ұлы мұраттан бөліп қарау мүмкін бе?! Өйткені, осы қаріпке көшу арқылы біздің тіліміз дамып қана қоймай, оның өзіне тән дыбыстары әлемдік деңгейдегі өзінің айшықталу үлгісін тауып, қолданысқа енбек. Ел дамуының қайнар көзі оның мәдениеті болса, тіл оның өзегі. Латын қарпіне көшу арқылы біздің ел әлемдік өркениетпен дер кезінде үн қатысып, одан өз қажетін алып, оның замануи талабына жауап бере алатын болады. Өйткені, бұл қаріп бүгінгі өркениеттің қозғаушы күші болып отырған ақпараттық технологияның басты құралы. Жолдау, міне, осындай үлкен мақсаттарды қойып отыр. Ол сонысымен құнды, сонысымен өміршең.

 

Әке аманаты

 

/«Егемен Қазақстан». 12.01.2013.Бақытбек СМАҒҰЛ, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері»  қауым­­­дас­­тығының төрағасы./ -

 

Әрбір ісі үлгісіндей рухтың,
Батыр Баукең ақтық
сапар алдында,
Бақытжанды шақыртыпты алдына:
«Балам, мені білесің,
Жалғандықпен өтті бүкіл     күресім.
Ең ақырғы аманаты еді деп,
Есіңе алып жүрерсің.
Қол жаюмен ешқашанда келмейді
Тағдырыңнан алатұғын үлесің.
Пайдаланба әке даңқын ешқашан,
Қош бол, балам, бәріңменен     қоштасам.
Менің арым – ары еді ғой     Алаштың
Арым үшін ажалменен таластым.
Өзімдей бол, бола алмасаң,     құлыным,
Деп мақтанба Бауыржанның     ұлымын.
Үмітімді алға қарай тарт, күнім!
Тым болмаса, тартсын маған     мәрттігің.
Кірлемесін десең менің ар-үнім,
Еш адамнан ешбір нәрсе дәметпе,
Бауыржанның ұлы едім деп,     жарығым.
Жоқ болса да, жоқ деп айтпа,     жылама,
Төбеңде тұр бір Алла.
Қажет десең Алладан да сұрама,
Кімнің қабыл, кімнің теріс тілегі
Кімнің қара, кімнің таза жүрегі,
Кімге беред, кімге бермейд,
Алла өзі біледі», –
деп Бауыржан сәл жымиып,     күледі.
Ресейге қосылғанын «мәңгіге»
Бодан елі тойлап жатқан күн еді.
Қосылғандар берсін деді қосыла,
Мен кеттім деп о дүниеге жөнеді.
Баукең құсап артық туған асыл ұл,
Бір ғасырда өмірге бір келеді.
Баукең құсап тектілікті ту етіп,
Баукең құсап өледі.

Тоқыма кластері

 

/«Егемен Қазақстан». 12.01.2013. Розақұл ХАЛМҰРАДОВ, Мәжіліс депутаты./ - Оны қалыптастыру үшін қосымша шаралар қабылдау қажет. Қазақстанда жылына 120-150 мың тонна мақта талшығы өндіріледі. Еліміздегі жеңіл өнеркәсіптің құлдырауының салдарынан өнімнің 90 пайызы шетелдерге шикізат ретінде экспортталады. Егер 1 тонна мақта талшығы Ливерпуль биржасында 1800 АҚШ доллары болса, оны иірілген жіп (пряжа) етіп сатса, бағасы екі есе артады, мата тоқып экспорттаса 4-5 есе, дайын киім ретінде сатса табыс 8-10 есеге дейін көбейеді.

Мақтаны өңдегенде алынатын жанама өнім – линттің 1 тоннасы 90 мың теңге тұрса, одан алынатын мақта целлюлозасының тоннасы 180 мың теңге, медицинада қолданылатын гигроскопиялық мақтаның тоннасы 327 мың теңге болады. Ал бір тонна мақта целлюлозасын қайта өңдеуден алынатын карбоксиметилцеллюлозаның тоннасы 528 мың теңгені құрайды, яғни мақтаның жанама өнімі саналатын линттің өзін қайта өңдеп, карбоксиметилцеллюлоза етіп сатса, табыс 6 есе артады. Бұл өз кезегінде бюджетке түсетін қосымша құн салығының еселеп артуына әкеледі.

Бүгінгі таңда, өкінішке қарай, осындай «қосымша құнды» шетелдіктерге «сыйлап» жатырмыз. Осы кемшіліктерді жою және елімізде тоқыма кластерін дамыту мақсатында республика Пре­зи­дентінің Жарлығымен 2005 жылы Шымкент қаласында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Оған 200 га жер бөлініп, ин­фрақұрылымдарды дамытуға рес­пуб­ликалық бюджеттен 8,2 млрд. теңге қаржы қарастырылды. Арнайы экономикалық аймақта қажетті барлық инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылып, жұмысқа қосылды.

Өткен жылдардың ішінде аймақта Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы құны 10,3 млрд. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба іске асырылған болатын. Қазіргі күнде сол 3 кәсіпорынның тек қана біреуі – мақтаның жанама өнімі – линтті қайта өңдейтін «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС жұмыс істеп тұр. Ал 2010 жылы іске қосылған кешенді автоматтандырылған жіп иіру фабрикасы «Oxi Textile» және 2011 жылы пайдалануға берілген жүннен тоқыма бұйымдарын шығаратын «Шымкент-Кашемир» ЖШС-лері әртүрлі себептермен жұмыстарын тоқтатқан.

Жалпы айтқанда, арнайы эконо­микалық аймақта барлығы 23 қатысушы тіркелгенімен, мақта талшығын өңдеп, одан дайын өнім шығару, еліміздің то­қы­ма кластерін қалыптастыру туралы Ел­ба­сының берген тапсырмасы бүгінгі таңда орындалмай отыр.

Біздің пайымдауымызша, Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағ­дарламасы үшін жауапты және арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын үйлестіру мен бақылайтын министрліктер көбінесе жобаларды бағдарлама тізіміне енгізіп, оларға бөлінген қаржыға әкімшілік жасау, кәсіпорын іске қосылды деп рапорт беруге көбірек мән беріп, ал бұл кә­сіпорындар инновацияға жата ма, олар­дың өнімдері бәсекеге қабілетті ме, оған сұраныс бола ма, жоқ па, бұл жағын зерттеп, зерделемейді. Аталған бағдарлама ая­сында елімізде құрылған бірқатар кәсіпорындардың тоқтап тұруы осының айғағы.
Арнайы экономикалық аймақтың жұмысымен танысу барысында облыс және қала әкімдіктері аймаққа отандық және шетелдік инвесторларды тартуға барынша әрекет жасап жатқандарының куәсі болдық. Дегенмен, аймақта жергілікті атқарушы органдар шеше алмайтын проблемалар да баршылық.

Мәселен, елімізде өндірілетін мақта талшығынан техникалық сапасына сәйкес Германия, Италия, Қытай, Үндістандағы сияқты сапалы көйлектер шықпайды. Бірақ та, біздің мақтадан қонақ үйлерде, ауруханаларда, профилакторий-санаторийлерде, үй ішінде пайдаланылатын халаттар, үлкенді-кішілі сүлгілер, әрбір адамға қажетті әдемі тоқыма киімдер тігуге болады. Қазақстанда шетелдік инвесторлармен жұмыс істейтін немесе шетелге барып олармен жиі кездесетін еліміздің лауазымды адамдары осы салалармен айналысатын инвесторларды аймаққа тартуға көмектессе.

Екіншіден, арнайы экономикалық аймақта тоқыма өнеркәсібін дамытуға арналған жобаларды қаржылай қолдаудың ең тиімді тетіктерінің бірі саналатын өндіріске қажетті машина және құрал-жабдықтарды лизинг әдісімен беру қолға алынса. Сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін басқарушы компания құру қажеттілігі қарастырылса.

Осы орайда, қолданыстағы Салық кодексі бойынша «Оңтүстік» АЭА-тағы негізгі қызметтің 9 түрі, респуб­лика Президентінің «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақты құру туралы» Жарлығында – 16, ал Үкіметтің 2009 жылдың 13 мамырындағы №703 қаулысымен аймақтағы негізгі қызметтің 21 түрі белгіленген. Осы заңнамалық актілерді бір-біріне сәйкестендіру қажет.

Сонымен қатар, арнайы экономикалық аймақтар институтын дамыту үшін «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет деп санаймын.

Ең соңында айтарым, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта қалыптасқан жағдайды Үкіметте арнайы қарап, еліміздің тоқыма кластерін қалыптастыру үшін қосымша шаралар қабылдау қажет. Осы жұмыстар атқарылмаса, аталған сала мешеу күйінде қала бермек және сыртқа шикізат сатып қана еңсе тіктей алмасымыз анық.

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan