The website color
Distance between letter distance
Images
11.07.2019

Мәжіліс депутаттары өңірлерде азаматтармен қабылдау өткізуде


 

Нұр-Сұлтан, 11 шілде, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобы және Халық Коммунистер фракциясының мүшелері аймақтардағы сайлаушылармен кездесуде.

Қостанай облысында Мәжіліс депутаттары Магеррам Магеррамов пен Наринэ Микаелян Қостанай облыстық сотының және полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп, облыс орталығындағы ҚХА-ның Достық үйінде болды.

Депутаттары азаматтарды қабылдау кезінде Қостанай қаласының тұрғындарына қойған көптеген сұрақтарға жауап беріп, бірқатар мәселелерді мемлекеттік органдарға жолдады.

Сондай-ақ, Ақмола облысының Көкшетау қаласында Мәжіліс депутаты Тұрғын Сыздықов жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жергілікті халықпен сөйлесіп, атаулы әлеуметтік көмек туралы әңгімеледі.

Мәжілісменге хабарлағандай, атаулы әлеуметтік көмек жарияланғаннан бері Көкшетаудағы өтініштер саны 3 есеге артқан. Сонымен қатар, Жұмыспен қамту орталығының мамандары құжаттарды қабылдауды және тексеруді жүзеге асыруға ерекше көңіл бөледі.

 

 (Мәжілістің Баспасөз қызметі).  


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan