The website color
Distance between letter distance
Images
18.09.2019

Мәжілістің кезекті жалпы отырысы өтті


 

Нұр-Сұлтан, 18 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның кезекті жалпы отырысы өтті.

Палата депутаттары Украинамен экстрадициялау туралы шартты ратификациялауға қатысты Заң жобасын мақұлдады. Аталған мәселеге қатысты баяндама жасаған Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов  бұл шарт қылмыстық жауапқа тарту және сот үкімін орындау үшін адамдарды ұстап беру мәселесін шешетіндігін атап өтті. Шарт бойынша жасалған қылмыс үшін екі елде де кемінде бір жылға бас бостандығынан айыру көзделген болса, немесе сотталған адамның өтелмеген мерзімі алты айдан көп болса, адам ұстап беріледі. Дегенмен, Шартта бір тарапта қылмыс деп саналатын әрекет екінші жақта олай болмаса немесе қудалау мерзімі өтіп кетсе, сұралып отырған әрекет әскери қылмысқа жатса, ұстап беру егемендікке, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін болса, Қазақстанның заңнамасына немесе халықаралық міндеттемелеріне қайшы келсе ұстап беруден бас тарту негіздері де көзделген.

Ақпарат ретінде айтсақ, соңғы үш жылда Украина біздің елімізге алты қылмыскерді ұстап берген. Қазір Украинада жасырынып жүрген алты адам бар. Оларды қайтару қаралып жатыр.

Бүгінгі таңда екі ел арасында бұл мәселе Минск конвенциясымен реттелуде.

Сондай-ақ, жалпы отырыста депутаттар дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қарап, газ және газбен жабдықтауға қатысты заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындады.

 

                                

 

 (Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan