The website color
Distance between letter distance
Images
23.09.2019

Н. Нығматулин Қазақстанға алғаш рет келген Камбоджа Парламентінің төрағасымен кездесті


 

Нұр-Сұлтан, 23  қыркүйек, Мәжіліс үйі.  Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин екіжақты қарым-қатынас тарихында Қазақстанға алғаш рет келген Камбоджа Парламентінің Төрағасы Хенг Самринмен кездесті.

Мәртебелі мейман біздің елімізге «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» деп аталатын Еуразия елдері Парламенттері Спикерлерінің 4-кеңесіне қатысу үшін арнайы делегацияны бастап келді.

Нұрлан Нығматулин Қазақстан мен Камбоджа арасында парламентаралық байланыстың жаңа кезеңі басталғанын айтты.

Хенг Самрин Қазақстан Камбоджа үшін тұрақты әрі экономикалық дамыған ел ретінде маңызды екенін алға тарта келіп, қос мемлекеттің халықаралық мәселелерде ұстанымдары ұқсас екенін атап өтті.

Сондай-ақ, 4-Кеңес жұмысына сәттілік тілей отырып, парламентаралық диалогты нығайтуға дайын екенін жеткізді.

                65 елден парламенттік өкіл, 14 халықаралық ұйым мүшелері жиналған форум Еуропа мен Азия парламенттерінің беделді пікір алаңына айналмақ.

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan