The website color
Distance between letter distance
Images
20.05.2020

Н.Нығматулин: Мәжіліс депутаттары өздері әзірлеген заң жобаларының саны артты


Нұр-Сұлтан, 20 мамыр. Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өтіп жатқан жалпы отырыста депутаттардың заң шығарушылылық жұмысына баса назар аударылды.

Бұл туралы Нұрлан Нығматулин халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелеріне қатысты заң жобасын талқылау барысында айтты.

«Біз депутаттарымыздың бастамасымен әзірленген тағы бір заң жобасын мақұлдадық. Ерекше айту керек, біздің депутаттардың заң шығару бастамашылығы осы сессияда өте жоғары. Мысалы, 41 Заң жобасына депутаттар өздері бастамашы болды. Алдымызда тағы да оншақты заң жобасы бар,» - деді Мәжіліс Төрағасы.

Мақұлданған құжатта Үкіметке халықаралық тасымалдарды қадағалап отыру жүйесінің ұлттық операторын айқындау бойынша құзыреттілік беру ұсынылады. Сонымен қатар, халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану бөлігінде тасымалдаушыларға қойылатын талаптарды белгілеу қарастырылған.

Осылардың қатарында электрондық сәйкестендіргіштерді қасақана бүлдіргені немесе жойғаны үшін әкімшілік жауаптылықты енгізу және электрондық сәйкестендіргіштерді пайдалану тәртібін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның бекітуі көзделеді.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01, суретті түсірген Ж.Құспанов)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan