The website color
Distance between letter distance
Images
16.02.2024

Мәжілісте әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасы қаралады


Астана, 16 ақпан, Мәжіліс үйі.  Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттарға әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда талқылау ұсынылады. Құжат Мәжіліс депутаттарының бастамасымен Мемлекет басшысының отбасылық және тұрмыстық салалардағы зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тарту және кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдату туралы тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленді.

Сонымен қатар ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша заң жобасы да бірінші оқылымда қаралады. Бұл мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету тетіктері мен құралдарын бекітеді және ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтеді.

Сондай-ақ Мәжіліс комитеттері кейбір заңнамалық актілерге оларды Конституция нормаларына сәйкес келтіру туралы және құқық қорғау қызметі туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдайды.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan