ІЗМҰХАМБЕТОВ
Бақтықожа
Салахатдинұлы

VIII сайланған
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

1948 жылы 1 қыркүйекте Гурьев облысы Теңіз ауданында туған. Қазақ. Уфа мұнай институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының докторы.

1971-1972 жылдары «Ембімұнай» бірлестігінің Прорвынск бұрғылау конторында бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылаушы жұмыстарын атқарды.

1972-1973 жылдары - Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу мұнай институтында (ҚазГБҒМИ) бұрғылау технологиясы зертханасының аға инженері.

1973-1978 жылдары - «Қазмұнайгазбарлау» басқармасында аға инженер, техникалық нормалау және еңбекті ғылыми ұйымдастыру жасағының бастығы.

1978-1983 жылдары - ҚазГБҒМИ зертхана меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары.

1983-1987 жылдары Йеменде, Аден қаласында Кеңес мұнай барлау экспедициясының аға инженері қызметінде болды.

1987-1991 жылдары - ҚГБҒМИ зертхана меңгерушісі, Атырау тәжірибие-әдістеме экспедициясының бас технологі, бастығы.

1991-1993 жылдары - Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің бөлім бастығы, Мұнай және газ басқармасының бастығы.

1993-2003 жылдар аралығында - «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорнының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ БК үлестерді бақылау жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясының бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ БК үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.

2003-2007 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі, министрі.

2007-2012 жылдары - Батыс Қазақстан облысының әкімі.

2012 жылғы қаңтар-2012 жылғы тамыз аралығында - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.

2012 жылғы тамыз-2016 жылғы наурыз аралығында - Атырау облысының әкімі.

2016 жылғы 24 наурыз – 2016 жылғы 21 маусым аралығында VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.

2016 жылғы 21 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық қеңесінің төрағасы

2016 жылғы 22 маусымнан 2021 жылдың 21 маусымына дейін VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

2023 жылғы 28 наурызынан VIІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

«AMANAT» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

"Қазақстанның Еңбек Ері" атағы (2023 ж.) «Құрмет» (1999 ж.), II деңгейлі «Барыс» (2006 ж.), I деңгейлі «Ұлы Петр» (Ресей) (2006 ж.), «Еңбегі үшін» (Украина) (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (2013 ж.), "Отан" (2019 ж.) ордендерімен марапатталған. КСРО-ның Йемен ХДР-дағы елшілігінің Алтын кітабына есімі жазылған (1985 ж.).

Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

Үйленген, екі баласы бар.