КИМ
Роман
Ухенович

Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

1955 жылы 8 мамырда Алматы облысының Үштөбе қаласында туған. Ұлты кәріс. Алматы мал дәрігерлік институтын «Мал дәрігері» мамандығы бойынша, Экономика және құқық академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Ташкент метрология және стандарттау институтының, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының курстарын аяқтаған.

Еңбек қызметін 1979 жылы Қазақ КСР Дайындау министрлігінде Алматы аймақтық зертханасы бөлімінің бастығы болып бастаған.

1993-1995 жж. – басқарма бастығының орынбасары, одан кейін маркетинг басқармасының бастығы.

1995-1999 жж. – «Комбикорм» АҚ –ның бірінші вице-президенті.

1999-2002 жж. – Алматы облысы Қаратал ауданының әкімі.

2002-2007 жж. – «Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы» РҚБ-нің бірінші вице-президенті.

2007 жылдан бастап «Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы» РҚБ-нің президенті. Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі.

2005-2008 жж. – «Шағын және орта бизнесті дамыту федерациясы» СЮЛ директорлар кенесінің төрағасы.

2007-2010 жж. – «Caspian Group» АҚ директорлар кенесінің төрағасы.

2012-2016 жж. - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған. Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

2016 жж. 24 наурыздан бастап - VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған. Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

Корея Республикасы Президентінің жаныныдағы Кореяның бейбіт және демократиялы бірігуі жөніндегі Косультативтік комитеттің мүшесі.

Кәріс бизнесмендерінің Әлемдік форумы алқасының мүшесі.

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институтына - 80 жыл» мерекелік, «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бiрлiк»» алтын және «Қазақ хандығының 550 жылдығының құрметіне» естелік медальдарымен мараптталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

Корея Республикасы Президентінің белгісімен марапатталған.

Алматы облысы Қаратал ауданының «Құрметті азаматы».

Қазақстанның хапкидо федерациясының құрметті президенті.

Үйленген. Ұлы – Ким Евгений Романович.Қызы – Ким Алина Романовна.