МУРАДОВ
Ахмет
Сейдарахманович

Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

1951 жылдың 20 шілдесінде Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Ершовка селосында туған.

1974 ж. Грозный мұнай институтының мұнай өңдеу факультетін бітірген.

1974-1977 жж. – Грозный мұнай институтының БЛКЖО комитеті хатшысының орынбасары, хатшысы, Шешен-Ингуш Республикалық студенттік құрылыс отряды командирінің орынбасары.

1977-1993 жж. – «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінің Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасында бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шеберінің көмекшісі, бұрғылау шебері, инженер-технолог, бастықтың орынбасары, аудандық инженерлік-технологиялық қызметтің бастығы, Құмкөл терең бұрғылау экспедициясының бастығы, бастықтың орынбасары, Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасы парткомының хатшысы.

1992 жыл – «Халықтық Келісім» кеңесі төрағасының орынбасары.

1993-1995 жж. – Ақтау қаласындағы «Мекке» коммерциялық орталығы Маңғышлақ филиалының директоры.

1995-1997 жж. – Алматы қаласындағы «Роснефть» мұнай компаниясы өкілдігінің басшысы.

1997 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қазақстанның Шешен және Ингуштардың «Вайнах» қауымдастығының тең төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі.

2012 – 2016 жж. – V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған.

Мерекелік медальдармен, «Құрмет» орденімен және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен, Ресей Федерациясының «Достық» орденімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен, «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасы Жер қойнауының құрметті барлаушысы» төсбелгісімен, Ресей Федерациясы Үкіметінің дипломымен марапатталған, Ресей Федерациясының СІМ мен Шешен Республикасы Парламентінің «Достық ісіне қосқан үлесі үшін» құрмет белгілерімен атап өтілген.

Үйленген, ұлы мен қызы бар.