1982 жылы 9 наурызда Талдықорған қаласында дүниеге келген.
2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін бітірген.
Запастағы Лейтенант.
2005 - 2007 жылдары – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы.
2007 - 2009 жылдары – Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің оқытушысы.
2009 - 2011 жылдары – Орталық Азия университеті филиалының басшысы.
2012 - 2014 жылдары – "Азаматтық авиация академиясы" АҚ халықаралық орталығының басшысы.
2014 - 2017 жылдары – "Болашақ" бағдарламасы бойынша магистратурадағы оқу, Шеффилд қ., Ұлыбритания.
2017 - 2019 жылдары – "Qazaqstan" РТРК-да БАҚ-пен жұмыс бөлімінің басшысы.
2019 - 2021 жылдары – Еуразиялық интеграцияда БАҚ-пен жұмыс жөніндегі орталықтың басшысы.
2022 - 2023 жылдары – "Қоғамдық келісім" РММ директорының орынбасары.
2023 жылғы 27 наурыздан бастап VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
«Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.