НУРУМОВ
Шаймардан
Үсеинұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

ӨМІРБАЯН

Нурумов Шаймардан Үсеинұлы 1950 жылы 15 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен-Декхан ауылында дүниеге келген. Ұлты- ұйғыр.

1967 жылы туған ауылындағы Октябрь орта мектебін алтын медальмен аяқтады. Аталған мектепте бір жыл драмүйірменің жетекшісі болып істеді.

1968 жылы В.И.Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетінің шығыс факультетіне түсіп, 1974 жылы аяқтады. Мамандығы - шығыстанушы, қытай тілінің мұғалімі.

1974-1975 жылдары Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының СПТУ-22 комсомолдық ұйымының хатшысы болып істеді.

1975-1979 жылдары Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы Октябрь орта мектебінде мұғалім, әскери жетекші, оқу бөлімі бойынша директордың орынбасары болып істеді.

1979 -2008 жылдары Қазақ ССР МҚК – ҚР ҰҚК қатарында қызмет етті. Полковник.

2010 жылдың 1 қазанынан 2012 жылдың 29 желтоқсанына дейін «ГРАДО» жобалық фирмасының МҚҚБ (Мемлекеттік құпияны қорғау бөлімі) бастығы болып істеді.

2012 жылдың 26 мамырынан «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдениет орталығы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Үйленген, зайыбы - Ильясова Гульзярам, балалары Гүлназ, Мұрат және Әзиз.

«Құрмет» орденінің кавалері.