ТИМОЩЕНКО
Юрий
Евгениевич

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

1962 жылы Торғай облысында туған

1962 жылы Торғай облысында туған. Целиноград мемлекеттік медициналық институтын, Қостанай бизнес және басқару институтын бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Торғай облысының емханасында дәрігер-интерн болып бастаған.

1986-1987 жылдары - Торғай облысы наркологиялық диспансерінің дәрігер психиатр-наркологы.

1986-1987 жылдары - Торғай облысы наркологиялық диспансерінің № 2 емдеу бөлімінің меңгерушісі.

1988-1989 жылдары - Целиноград облысы Қима аудандық емханасының дәрігер психиатр-наркологы.

1989 жыл - Целиноград облысы наркологиялық диспансерінің № 3 бөлімінің дәрігер психиатр-наркологы.

1989-1992 жылдары - Целиноград облысы наркологиялық диспансерінің учаскелік дәрігері, жасөспірімдерге арналған қызметінің меңгерушісі.

1992-1993 жылдары - «МедТим» ғылыми-өндірістік кәсіпорынның дәрігер психиатр-наркологы.

1992-1998 жылдары - «МедТим» ғылыми-өндірістік кәсіпорынның бас дәрігері.

1998-2001 жылдары – «Жаңажол» ЖШС-ның бас директоры (ауылшаруашылық құрылымы) .

2001-2005 жылдары – «Украина-Қазақстан» сауда-өндірістік одағының» президенті.

2005-2012 жылдар аралығында – «Оберег» украин этномәдени орталығы» ЖШС-ның директоры.

2005 жылдан бастап – «Қазақстан украиндарының радасы» ЗТБ үйлестіру кеңесінің төрағасы, «Қазақстан украиндарының радасы» республикалық ЗТБ-нің төрағасы.

2010-2012 жылдары - Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының қоғамдық орынбасары болып тағайындалды.

Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған.

2016 жылғы наурыздан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған.

II дәрежелі «Достық» орденімен, «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалдарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалiмен марапатталған.

Үйленген, баласы бар.