Толықбаев
Мақсат
Мәлікұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутатқа хат
03.05.2023 Турсынбаева Гулмира : Құрметті Мақсат Мәлікұлы, мен Алматы қаласы тұрғынымын. Білім саласында көп жылдар жұмыс істеймін. Зейнет жасына 3 жылдай қалды, әлі пәтерде тұрамын. 2009 жылы бюджеттік ширетте 300 інші тұрдым Алматы қаласы тұрғын үй департаментінде. 2012 эылы 300500 - інші номерге түстім. Себебі жалпы ширет жасалды деген уәж айтылды. 2019 ЖЫЛЫ МҮЛДЕМ алып тастады. Себебі маған қайны атам кемпірінен қалған м өзіне тиесілді мұрагерлікті қабылдап, маған договор дарениемен жазған мен сол үлесті рәсімдедім олар "Самал " ы.а. үйдің 50% соны цоннан өткізгенім сол еді, ширеттен шығарып тастады. Ширеттен қандай заңдарға сүйеніп шығардыңыздар маған құжат жүзінде жауап бер дегенімде ауызша Астанадан инфроструктура министрлігінен шығар деген пәрмен келді деген жалаң уәжбен шығарып отыр. Негізі 2009 жылы түнімен күзетіп жүріп тұрған аз адамдық ширет үш жылдан кейін мың есе өсті үш жүз жарым адам үш жылда әбден болар еді пәтер алуға... ол кез заңды белшксінен басып отырды... сол кезде екі баламда кәмелет жасқа толмаған екі тірі жетім, тірі жесір әйел қан қақсап қалдық. Зейнетақы қорынанда миллионға жуық ақшам көзбе көз жетпейді. Менің зейнетақықорым 2000 жылы ашылған. Жақында байқап қарасам, 2011 жылы пшылды деп тұр. Бұныңда шетіне жете алмай жүрмін. ,Мен зейнетақы қорын ашқанда 2000жы "Үлар Үміт болып ашылған. Қазіргі ЗЕЙНЕТАҚЫ қорында 6000000 жетер жетпес жинақ жиналыпты. Пәтерге құйып пәтер адайын десем, бермейді менің жасымда 9000000 теңге керек екен. Мынандай уәждерімен Үкіметтін пәрмені осы ма сон
VID-20230430-WA0006,

Ответ депутата:

Құрметті Гүлмира Тұрсынбаева, Сіздің менің атыма жолдаған хатыңызбен мұқият таныстым. Баспана, пәтер кезігіне қою, пәтер бөлу мәселелері жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде. Сондықтан бұл мәселер Парламент депутаттарының құзыретіне жатпайды, олар араласуға болмайды. Сіз өз хатыңызда жазғаныңыздай Сіздің қайын атаңыздан мұраға қабылдаған пәтер, сізді пәтер кезегінен шығарып тастауға негіз болған болуы мүмкін. Бұл норма Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасында көзделген. Егер Сіз Әкімдік сізді пәтер кезегінен заңсыз шығарып тастады деп есептейтін болсаңыз сотқа жүгінуге құқылысыз. Сіздің зейнетақы қорыңыздағы туындаған мәселелерді "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ мамандарына жүгіну арқылы анықтауға кеңес береміз.

Құрметпен, Мақсат Толықбаев


21.04.2023 Эмин Наджафли: Позвольте искренне поздравить Вас с избранием депутатом Мажилиса Парламента Республики Казахстан. Пусть оказанное доверие казахстанского народа и поддержка коллег-депутатов сопутствуют Вам в ежедневной работе и помогают в исполнении этой сложной и ответственной деятельности, во благо народа Казахстана. С уважением, Эмин Наджафли Почетный консул Республики Казахстан в г. Харьков Президент Харьковского дипломатического клуба. consul.kz@gmail.com +38 (067) 190-77-77

Ответ депутата:

От всей души благодарю вас за поздравления. Спасибо.

С уважением Максат Толыкбаев

  • * Обязательно для заполнения
  • ** Файл в формате PDF, DOC, JPG(JPEG) не более 15Мб