ЖҰМАДІЛДАЕВА
Наталья
Васильевна

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

Жұмаділдаева Наталья Васильевна

Жұмаділдаева Наталья Васильевна

1965 жылғы 29 наурызда Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келді.

Н.П. Огарев атындағы Мордва мемлекеттік университетін бітірген, филолог.

1987-2013 жылдары – Қызылорда және Алматы қалаларының орта мектептерінде бастауыш сынып мұғалімі, сондай-ақ Қызылорда қаласының орта мектептерінде директордың орынбасары, директор қызметтерін атқарған.

2013-2015 жылдары – әдіскер, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары.

2015-2016 жылдары – Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған.

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қызылорда облысына – 70 жыл» медальдарымен және «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.

Тұрмыс құрған, бір ұлы бар.