АБДРАХМАНОВ
Сауытбек
Абдрахманұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Парламентаралық ынтымақтастық

2020 жылғы 22 ақпан                                                                                  Вена қ.

Мәжіліс депутаттары С. Абдрахманов, Ж. Ахметбеков 20-21 ақпанда Австрия астанасы Вена қаласында өткен ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының  ХІХ қысқы отырысына қатысты.

          Бағдарламада Тұрақты комиттеттің отырысы, үш Жалпы комитеттің (Демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер жөніндегі жалпы комитет,  Экономикалық мәселелер, ғылым, технологиялар және қоршаған орта жөніндегі жалпы комитет, Саяси мәселелер және қауіпсіздік жөніндегі жалпы комитет) отырысы көзделген. Отырыстардың мәселерін талқылаудан және қорытынды жасалғаннан кейін меймандар Австрияның Ұлттық кеңесінің төрағасы Вольфганг Соботки мырзаның атынан «Niederösterreich» сарайында қабылдауға қатысты.

          ЕҚЫҰ біздің еліміз үшін ең басым орындардың бірін алады. Қазақстан және ЕҚЫҰ ынтымақтастығының тарихы бай, ол біздің елдің осы ұйымда төрағалық етуін, ХХІ ғасырда ЕҚЫҰ-ның Астана қаласында өткен соңғы Саммитін және Астана декларациясының қабылдануын қамтиды. ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының сессиялары парламенттік дипломатияны ілгерілетудің маңызды құралы болып табылады, парламентарийлер арасындағы диалогты нығайтуға ықпал етеді, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылаудың тиімді алаңы болуда.