Бұрханов
Қамал
Низамұлы

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

1954 жылы 31 наурызда Ташкент облысы Янгиүл ауданы Шуролисай ауылында туған.

Ташкент мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметік университетін бітірген. Саяси ғылымдарының докторы, профессор.

1977-1978 гг. - Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің ғылым қызметкері

1978-1979 гг. - Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтының аға лаборанты;

1979-1995 гг. – С.М. Киров атындағы ҚазМУ - аға лаборант, ассистент, аға оқытушы, доцент, декан орынбасары, профессор, оқу жұмысы жайындағы декан орынбасары, Тарих факультеті Саяси тарих кафедрасының меңгерушісі

1995-2000 гг. - әл-Фараби атындағы ҚазМУ - Тарих факультетінің деканы.

2000-2001 гг. - әл-Фараби атындағы ҚазМУ - философия және саясаттану факультетінің деканы.

2001-2002 гг. - әл-Фараби атындағы ҚазМУ - Саясаттану кафедрасының меңгерушісі.

2002-2004 гг. – Абай атындағы АМУ – Заң факультетінің деканы.

2004-2006 гг. – ҚР Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы.

2006 -2007 гг. - Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры

2007 - 2011г. ҚР төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

2012 жылғы 20 ақпаннан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Үйленген, екі баласы бар.