Дайрабаев
Жигули
Молдақалықұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы құқықтық көмек туралы шартты ратификациялады

Қазақстан мен Қырғызстан азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетумен айналысатын құзыретті мекемелерді анықтады. Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста тиісті келісімге өзгерістер енгізілген хаттаманы ратификациялады.

Палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Данабек Исабеков өзінің қосымша баяндамасында атап өткендей, ратификациялық заң екі ел арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету тәртібі мен талаптарын айқындайды.

«Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік соттардың шешімдері мен өтінішхаттарын орындау саласында құқықтық көмек көрсету бойынша сот органдарының функцияларын нақтылау, сондай-ақ екі тараптың құзыретті мекемелерін өзгерту мақсатында екі ел арасындағы Шартқа өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін тиісті Хаттамаға қол қойылды», – деді депутат Данабек Исабеков қосымша баяндамасында.

Сонымен қатар сегізінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың бірінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын қабылдап, Мәжіліс жанынан Қоғамдық палатаны құру мәселесін қарады.

Бұдан соң депутаттар Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қорытынды әзірлеу жөніндегі Мәжіліс Қаулысының күшін жойды. Сондай-ақ Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша түзетулерді жұмысқа қабылдады.

Мәжілістің жалпы отырысы туралы толық ақпарат parlam.kz сайтынан оқи аласыздар.