ЕРЖАН
Құдайберген
Төлепұлы

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚР ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша депутаттық сауал

2017 жылғы 4 қазанда                                                                                            Қазақстан Республикасы

жарияланды                                                                                                            Премьер-Министрінің

                                                                                                                                 орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл                                                                                                                                  шаруашылығы министрі А.И. Мырзахметовке


Депутаттық сауал

Құрметті Асқар Исабекұлы!

        Өңірлерге барып, сайлаушылармен кездесу барысында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевқа және үкіметке ауыл шаруашылығы дақылдарын химиялық қорғауға мемлекет қазынасынан айтарлықтай қаражат бөле отырып, ауыл еңбеккерлеріне қамқорлық танытқаны үшін алғыс білдірді.

        Алайда, салық төлеушілердің айтуынша, бөлінген қаражат тиімді пайдаланылмайды. Атқарушы органның жауапкершілігі тендерлерді өткізу мерзімдерімен және қаражатты игеру үшін игерумен шектеледі деген әсер қалыптасады. Сонымен қатар, өсімдіктерді қорғау институтының жұмысына қатысты наразылық туындап отыр.

        Ел экономикасына және азаматтарымыздың денсаулығына орасан зор зиян келтіретін зиянкестер шабуылының жылдан жылға қайталанатын проблемалары қабылданып жатқан шаралар тиімділігінің аз екенін тағы да бір рет растай түседі.

        Мемлекеттік бағдарлама бойынша ұсынылған химикаттар күтілген нәтиже бермеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданындағы 1000 гектардан астам мақта егістігі жойылды, онда шаруаларға келтірілген залал әр гектардан орташа есеппен 100 мың теңгеге дейін құрады. Түскен кіріс жұмсалған шығыстарды да жаппайды.

        Мақташылар нарықтан химикаттарды қосымша сатып алуға және егістіктерді өңдеуге мәжбүр болды.

        Бақша егістіктеріндегі жағдай да осыған ұқсас.

        Шаруалар өздерінің сылбырлығын мойындап отыр, бірақ химикаттар сапасының төмен екенін және мердігерлердің қанағаттанарлықсыз жұмысын да атап өтеді. Олардың техникалық жарақтандырылуы нашар әрі жергілікті жерлерде материалдық-техникалық базасы жоқ.

        Әкімдік өз есептерінде өнімді жинау бойынша орташа көрсеткіштер 22-25 центнерді құрайды деп беретін болар. Ал мемлекеттік бағдарлама бойынша ғана химикаттарды пайдаланған шығынды шаруашылықтардың жағдайы қандай болмақ?

        Сонымен бірге, қазіргі уақытта көптеген шаруа қожалықтары  өз қызметін бақ және жүзім шаруашылықтарында бастап жатқанын атап өткіміз келіп отыр. Осы бағытта ең маңызды кезеңдердің бірі көшеттердің сорттарын таңдау болып табылады. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде кейбір олқылықтар бар.  Мәселен, сорттардың атауында бір ғана атау көрсетілген, бірақ олардың бірнеше синонимі бар. Осыған орай, шетелдік өндірушілерден сатып алынған көшеттерді ресімдеген уақытта және субсидиялар алуды ресімдеу кезінде бірқатар мәселелер туындайды, өйткені, бір сорт әр елде әртүрлі аталады.

        Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің болашағы зор, онда Қазақстан көптеген позициялар бойынша әлемдегі ең ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола алады.

        Жоғары айтылғандарды ескере отырып, Сізден:

        - ауыл шаруашылығы дақылдарын химиялық қорғауға арналған бюджет қаражатын әртүрлі нысандағы кәсіпорындар арқылы емес, тікелей шаруа қожалықтары арқылы, гербицидтерге сияқты субсидия алу түрінде бөлу; 

        - көшеттер сорттарының атауларында синонимдерді көрсету жолымен Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізу;

        - ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрес бойынша жұмысқа жергілікті ОҚО Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын тарту мүмкіндігін қарауды сұраймыз.

        Депутаттық сауалға жауапты заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша түрде беруіңізді сұраймыз.

        Құрметпен,

        Қазақстан Республикасы Парламенті

        Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан»

        партиясы Фракциясының мүшелері

                                                                                                                                                                Қ. Ержан

                                                                                                                                                                Б.Ертаев

                                                                                                                                                                Қ. Жақыпов