Назарбаева Дариға
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары
Өмірбаяны

 

         НАЗАРБАЕВА ДАРИҒА НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ

         Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

 

         1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған.

 

        1980-1983 жж. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыған.

 

         1983-1985 жж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінің студенті.

               

1985-1987 жж. – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті тарих факультетінің тағылымдамадан өтуші-зерттеушісі.  

         

1987-1990 жж. – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспиранты.

 

           Саяси ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты.

 

         1992-1994 жж. – «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице- президенті.

 

        1994-1995 жж. – «Қазақстанның телевидение және радио» республикалық корпорациясының вице-президенті, «Хабар» Ұлттық телевизия ақпараттық агенттігінің директоры.

 

        1995-1998 жж. – Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Хабар» Агенттігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.

 

        1998-2001 жж. – «Хабар» агенттігі» ЖАҚ-ның президенті.

 

        2001-2004 жж. – «Хабар» агенттігі» ЖАҚ-ның директорлар кеңесінің төрайымы.

 

        2004-2007 жж. – ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Республикалық «Асар» партиясының тізімі бойынша сайланған депутаты, «Аймақ» депутаттық тобының жетекшісі.

 

        2007-2012 жж. – «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» Қоғамдық қорының директоры.

 

        2012 жылғы 20 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы.

 

        «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі.

 

        2001 жылдан бастап Еуразиялық Медиафорумының ұйымдастырушысы және ұйымдастыру комитетінің төрайымы.

 

        «Парасат» орденімен және Француз Республикасының Әдебиет және өнер орденімен марапатталған.

 

          Ағылшын, итальян, неміс тілдерін меңгерген.

 

          Үш баласы, екі немересі бар.

 

Іздеу



www.akorda.kz
www.government.kz
www.religions-congress.org
http://adilet.minjust.kz/