ОМАРБЕКОВА
Жанат
Әнуарбекқызы

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Жан шуақ» қоғамдық сыйлығымен марапатаудың Х мерейтойлық рәсімі

«Жан шуақ» қоғамдық сыйлығын республикалық «Қазақстанның мүгедектер конфедерациясы» қоғамдық бірлестігі белгілеген. Акцияның құрылтайшысы және идеялық шабыттандырушысы бірлестіктің негізін қалаушы Иран Омарбеков болған. «Жан Шуақ» сыйлығы мәдениет, спорт, вокалдық-инструменталдық орындау, қолданбалы өнер, қоғамдық қызмет, арбамен би билеу, сондай ақ мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға үлес қосқан адамдарға беріледі.

10 жыл ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сонымен бірге Германия, Болгария, Польша, Ресей сияқты алыс және таяу шетелдерден 60- тан астам адам сыйлық иегері атанды. Олардың барлығы талантты және талапкер адамдар.  Акция адамның жеке әлеуметтік-қоғамдық маңызы бар жолын ашуға, көрерменге және бүкіл әлемге бет бұруға бірегей мүмкіндік беретінін, денсаулығына қарамастан, өмір бақытты ғұмыр кешу үшін берілгенін өздерінің үлгілерімен дәлелдейді. Олардың әрқайсысы қазіргі заманғы өмір сүрудің белгісіз, қиын жағдайларына бейімделудің ең қиын жолдарын еңсерген. Осындай іс-шаралардың арқасында мүмкіндіктері шектеулі адамдар бірте-бірте табысты әрі қаржылай тәуелсіз, бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік өзгерістердің толыққанды қатысушылары болады.

Іс-шараға «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Ф.Ш. Қуанғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, БҰҰДБ, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам, Ақпарат және коммуникациялар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері, елдің барлық аймақтарынан келген ерекше қажеттіліктері бар азаматтар қатысты.