ОМАРБЕКОВА
Жанат
Әнуарбекқызы

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Сапалы инклюзивтік білімге қолжетімділікті қамтмасыз етуді жетілдіру шаралары туралы» мәселе қаралды

2017 жылғы 12 желтоқсанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Осы отырыста «Сапалы инклюзивтік білімге қолжетімділікті қамтмасыз етуді жетілдіру шаралары туралы» мәселесі қаралды. Отырысқа білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілдері, колледждердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшалары қатысты. Негізгі баяндаманы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры – Ш.Т. Каринова жасады. Отырыс барысында инклюзивті білім бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Талқыланған мәселе бойынша Комитет мүшелері – депутаттармен қатысушылар арасында белсенді пікірталас болды.