ОМАРБЕКОВА
Жанат
Әнуарбекқызы

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Кедергісіз келешек» жобасы бойынша жұмыс тобының отырысында

Жиын барысында бірінші болып Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында мүгедектігі бар және ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз орта құруға бағытталған Жол картасы талқыланды.

Жиында Фархад Қуанғанов партия тарапынан Жол картаға енген ұсыныстарды жүзеге асыру өте маңызды екенін атап өтті.

- Ең бірінші мәселе ол ескі ғимараттардың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімдеуді заң жүзінде енгізу. Жаңадан бой көтерген нысандар міндетті түрде мүгедектерге қолайлы болуы қарастырылған. Бұрын бой көтерген нысандар, оның ішінде жекеменшік нысандар кембағал жандарға арналған пандустарды және өзге де техникалық құрылғыларды бірден орналастыра бермейді. ҚР Инвестициялар және даму министрлігіосы мәселеге көңіл аударса, - деді партия Хатшысы.

Сондай-ақ, отырыс барысында жұмыс тобының мүшелері 2019-2021 жылдарға арналған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының Тұжырымдамасын және оны іске асыру жол картасын бекітті.

Жұмыс тобының мүшелері мүмкіндігі шектеулі жандарға көбіне мектептер бейімделмегінін тілге тиік етті. Оның ішінде жақында бой көтерген білім ордалары да бары айтылды. Белгілі болғандай мектептердің жобалық құжатында мүгедектерге қолайлы орта қалыптастыру, яғни пандустар салу, арнайы құрал-жабдықтармен қамту мүлде қарастырылмаған.

Осы олқылықтарды жою үшін жиналғандар архитекторлардан бастап, осы салаға жауапты адамдарды арнайы оқыту курстарынан өткізу қажет екенін айтты.

- Осы мақсатта «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында пилоттық режимде Астана қаласында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Jalpiga ortaq dizain» оқу-әдістемелік орталығы ашылды. Жауапты мемлекеттік органдар қолдаса, біз мамандарды оқытуға жәрдемдесуге дайынбыз, - деді Фархад Қуанғанов.


www.nurotan.kz сілтеме:

http://nurotan.kz/single-news?id=cAJdhTZzAnXN6GncK&lang=kz