ОМАРБЕКОВА
Жанат
Әнуарбекқызы

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жамбыл облыстық «Ана мен баланы аялау» орталығы

2018 жылдың 29 наурыз күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты Омарбекова Жанат Ануарбекқызымен Жамбыл облыстық «Ана мен баланы аялау» орталығында ұжымымен және демалушылар: жүкті әйелдер, бала күтіміндегі аналармен кездесу өткізді. Қатысушылар саны 70 адам. Орталықтың бас дәргері Д.Ж.Карибаева ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Омарбекова Жанат Ануарбекқызының өмірбаянымен таныстырды. Ж.А.Омарбекова Тараз қаласына келген сапарының мақсатымен таныстырды: Елбасының халыққа жолдауындағы 5 әлеуметтік бастаудың жоспарын, жол картасын оның орындалуын қадағалау және орындалған жұмыстар жайлы, заңға халық тұсынан ұсыныстарды тыңдай отырып өзгерістер енгізу жайлы сұхбат әңгіме жүргізілді. Алдағы уақытта білім саласында жасөспірімдерге биыл мемлекеттік гранттар бөлінетінін, оларға арнайы жатақханалар салынатынын, тұрғын үй мәселесі 7-20-25 бағдарламасының орындалуын, халыққа шағын кредиттеу, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға моральдік және материалдық көмек, дәрілермен қаматамасыз ету мәселелері туралы айтылды. Осы орталықтағы қызметкерлердің жалақысы, оның ішінде 60 мың теңгеден төмен алатындардан жарналар ұсталмайтыны жайлы айтылды. Жиналыс соңында осы орталықтың көркеюін, Омарбекова ханым демалушылардың осы орталықта демалу сұранысының көбеюін, қызметкерлерге денсаулық, жоғарыда айтылған мәселелер бойынша шешім оң нәтижелі болуын тіледі.

УПРАВЛЕНИЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ АКИМАТА ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

%3Ciframe%20src=%22https%3A//www.facebook.com/plugins/post.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fzhambyluzo%2Fposts%2F185265068866728&width=500%22%20width=%22500%22%20height=%22791%22%20style=%22border%3Anone;overflow%3Ahidden%22%20scrolling=%22no%22%20frameborder=%220%22%20allowTransparency=%22true%22%3E%3C/iframe%3E