ОМАРБЕКОВА
Жанат
Әнуарбекқызы

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжілісмендер Елбасы Жолдауын Павлодар облысындағы шаруа қожалығында талқылады

Кездесудің басты мақсаты - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдаудың негізгі қағидаларын түсіндіру.

Қазіргі уақытта «Андас» шаруа қожалығында жалпы 19 мың тонна өнім сақтайтын екі көкөніс қоймасының құрылысы бойынша жоба жүзеге асырылуда.

Инвестиция көлемі 550 млн.теңгені құрайды. Құрылыс 85 пайызға аяқталған.

Шаруа қожалығында, негізінен, жақсы дәмімен ерекшеленетін «Гала» сортындағы картоп өндіріледі, сондай-ақ егіс учаскелерінде бірінші репродукциялы «Белорус манифесі» атты сортты картоп егіледі.

Көкөніс қоймасы шаруа қожалықтың жеке есебінен салынып, Павлодар облысының ең ірі сақтау қоймасына айналған. Ол 19 мың тонна көкөніс сақтауға арналған, қазір шаруа қожалықтың ең үлкен базасы 15,5 мың тоннаны құрап отыр.

Павлодар ауданында жылдың басында 60 көкөніс қоймасы болса, Павлодар облысының көкөністері суық мезгілде жақсы сақталуымен ерекшеленеді. Сондықтан қыс мезгіліне картоп, сәбіз және қызылша сақтау әдісі өңірдің нарығында бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз етеді.

Депутаттар сайлаушылардың сұрақтарына жауап беріп, олардың ой-пікірлерін тыңдады.

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалынық ақпараты бойынша).