ОМАРБЕКОВА
Жанат
Әнуарбекқызы

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ БОЛДЫ

2018 жылғы 12 желтоқсанда К.Петровтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы болды.

Отырыста екі мәселе қаралды:

- Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдартуралы;

- жергілікті атқарушы органдардың 2018 жылғы 28 қазандағы мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын сайлау қорытындылары бойынша мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарын іске асыруы туралы.

Отырыс бейнеконференцбайланыс режимінде Парламент Мәжілісінің депутаты Ж.Омарбекованың, әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықөкілдерінің, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері орынбасарларының, кеңесшілерінің, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғауды үйлестіру басқармалары басшыларының, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарөкілдерінің қатысуымен өткізілді.


Толығырақ https://www.election.gov.kz/kaz/news/releases/index.php?ID=4528 сайтында.