ОМАРБЕКОВА
Жанат
Әнуарбекқызы

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мүгедектер спорты туралы депутаттық сауал

2016 жылғы 27 сәуірде

жарияланды                    

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К.Қ. Мәсімовке

Депутаттық сауал

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

                Дене шыңықтыру мен спорт – мүгедектерді әлеуметтік бейімдеу мен оңалтудын қуатты құралы. Соңғы жылдары спортпен айналысатын мүгедектердің саны анағұрлым артты, паралимпиадалық спортшылардың жеңістері мен медальдарының саны өсуде, бюджеттік қаржыландыру да ұлғаюда. Бірақ, мүмкіндіктері шектеулі қазақстандық спортшылардың көптеген мәселелері әлі де шешілмей отыр.

         Мемлекеттің қолдауымен және көпетген ынтагерлердің тырысуының арқасында Қазақстанның паралимпиадалық спорты біршама алға ілгерілді. Біз өзіміздің паралимпиадашылармен және олардын үздік жеңістерін мақтан тұтамыз. Лондонда өткен Паралимпиада ойындарында Қазақстанның спортшылары жүлделі орындардың бірінші ондығына енді. Сочиде да өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Үстіміздегі жылы да, әлемнің 179 елінен 4 мыңнаң астам спортшылар қатысқалы отырған Рио-де-Жанейрода өтетің XV-ші жазғы Паралимпиадалық ойындарында спортшылармызды жаңа сынақтар мен жауапты мәрелер күтіп тұр.

         Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектер құқытарын қорғау Конвенциясын ратификациялады. Конвенцияның ережелеріне сәйкес, қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияда танылған құқытарды жүзеге асыру үшін барлық заңнамалық, әкімшілік және өзге де тиісті шараларды  қабылдау арқылы барша мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын мүгедектік белгісі бойынша ешқандай да кемсітусіз қамтамасыз етуге әрі көтермелеуге міндеттемелер алған. Мүмкіндіктер теңдігі – Конвенцияның негізгі қағидаларының бірі болып табылады.

         Қазақстанда 627 мың мүмкіндігі шектеулі адам бар және олардың шамамен 260 мыңға жуығы немесе 45 пайызы спортпен және дене шынықтырумен айналасуға рұқсаты бар адамдар. Бүгінгі күні Республикамызда мүгедектерге арналған небары 11 спорттық клубтар (Астана және Алматы қалаларында, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Манғыстау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан) және  мүгедектер арасындағы спорт бойынша 2 мамандырылған мектеп (Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында), Павлодар облысында мүгедектер спорты бойынша 1 балалармен жасөспірімдер спорт мектебі, Қызылорда қаласында 1 мүгідек спортының бөлімшесі орналасқан. Яғни спортпен айналысуға ниеті бар және айналыса алатындардың ішінен 9 пайызы ғана осындай мүмкіндікке ие болып отыр.

         Осылайша, мүгедектер спортын қолдау үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі айдан анық болып отыр. Біздің пікірімізше, бұл үшін бірқатар басты мәселерді шешуіміз қажет. Біріншісі – мүгедектердің спортқа тартылу деңгейінің төмендігі. Жергілікті атқырушы органдар мүгедектердің тұрғылықты жерлеріндегі спорттық секциялардың санын көбейтуін және спорттық ғиматтардың қол жетілділгін қамтамысыз етуі тиіс. Екінші бір өте маңызды мәселе – білім беру мекемелерінде емдік дене шынықтыруды қолдану. Оған денсаулықты қалпына келтіруге арналған арнайы бағдарламалар мен әдістемелер, мамандар жоқтың қасы. Үшінші мәселе – бейімделген дене шынықтыруды дамытуға қажетті жағдайдың жоқтығы. Ол үшін жүйелі түрде бейімделген дене шынықтырумен айналысатын мүгедектердің санын 20 пайызға дейін ұлғайту қажет.          

         Сонымен қатар, олимпиада спортшыларымен салыстырғанда  паралимпиада спортшыларының спорттық жетістіктер үшін сыйақы төлеу шарттарының тең еместігін атап өткіміз келеді.

         Осыған байланысты аталған мәселелерді шешу үшін Үкімет қандай шаралар қолдану жоспарлағаны жөнінде хабарлауыңызды сұраймыз.

Осы депутаттық сауалға «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 27-ші бабының 4-ші тармағына сәйкес жауап беруді сұраймыз.

       

Құрметпен,

депутаттар, «Нұр Отан» партиясы

фракциясының мүшелері                                                     

Ж. Омарбекова

Г. Иксанова

М. Айсина

З. Аманжолова

П. Казанцев

А. Нұркина

Ж. Нұрманбетова