Сатыбалдин
Ерболат
Жалғасбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Алжир Халық Демократиялық Республикасының елшісі Камал Фенишпен кездесу

Image title

Бүгін Мәжілісте Алжир Халық Демократиялық Республикасының елшісі Камал Фенишпен кездесу өтті. Алжирдің Қазақстандағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін Алжир Конституциялық кеңесінің төрағасы болған әріптесімізбен заң шығару жұмысы бойынша ой бөлістік.

Алжир елі ғасырдан астам Францияның отарында болған ел.

1954 жылдан басталған 8 жылдық соғыста 1,5 млн. адам қаза тауып, 2 млн. адам абақтыға қамалған, 1962 жылы 5 шілдеде Алжирдің тәуелсіздігі 3,5 миллион адамның қаны мен жанының құрбандығымен келген.

Алжирдің біздің елімізбен ұқсас тұстары баршылық. Парламенті де қос палаталы. Жерінің аумағы бойынша біз 9 орында болсақ, Алжир 10 орында. Халқының саны екі есеге көп, 40 400 000 адам. Экономикасы аграрлық салаға негізделсе де, жетекші саласы — мұнай және табиғи газ өндіру.

Елшіге Алжирдегі мемлекеттік тіл туралы сұрақ қойдым, мемлекетте бір ғана тіл – араб тілі бар екен. Заңдары да сол тілде жазылады. Араб тілімен бірге халықаралық тіл - ағылшын тілі терең оқытылады екен.

Демократияға бет бұрған парламенттік Мағриб елінің жолы осындай...

Image title


Елші Камал Фениш Алжир мен Қазақстанның ұстанымдары, жер көлемі, қазба байлықтары сынды ұқсас, ортақ тұстары көп екенін және Қазақстан тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып танығанын айтты.   – Қазақстан Президентінің жүргізіп жатқан саяси реформаларына алғыс білдіремін. Соның ішіндегі ең негізгісі – Конституциялық Кеңесті Конституциялық Сотқа айналдырғаны. Бұл әділеттілікті орнатуда үлкен рөл ойнайды. Біздің елімізде де осындай реформа іске асты. Себебі Конституциялық Соттың құзіреті ауқымдырақ, саяси шешімдерге де араласа алады.  Қазақстанның Конституциясымен танысып шықтым, маған үлкен әсер берді. Айта кетейін, Еуропадағы заңдар мұндай деңгейде емес, – деді К.Фениш. Жиында депутаттар Алжирдің заңнамалық, құқықтық саладағы жүйесіне, ондағы әріптестерінің қызметіне қатысты сұрақтарына жауап алды. Мәжілісмендер алжирлік әріптестерімен елдердің игілігі жолында бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екендерін жеткізді. Айгүл Құспан Алжир Елшісіне арнайы уақыт бөліп, келгені үшін алғыс білдірді.  
Image title