ТИМОЩЕНКО
Юрий
Евгениевич

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Тимощенко Ю. Е. 2020 жылғы 18 қаңтарда Тәжікістан Республикасының елшілігімен ұйымдастырылған "Тәжікстан-Қазақстан: дипломатиялық қатынастардың орнағанына 27 жыл" атты дөнгелек үстелге қатысты

Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Тимощенко Юрий Евгеньевич 2020 жылғы 18 қаңтарда Тәжікістан Республикасының елшілігімен ұйымдастырылған «Тәжікстан-Қазақстан: дипломатиялық қатынастардың орнағанына 27 жыл. Екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі» атты дөнгелек үстеліне қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР СІМ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаментінің директоры У.А. Туреханов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы А. Қожахметова, Ақмола облысының тәжік этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары С. Мирзорахметов, Елшілік қызметкерлері, сондай-ақ біздің елде тұратын Тәжікстан Республикасының азаматтары қатысты.

Юрий Евгеньевич өз сөзінде біздің мемлекеттер арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтудың, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдың, мәдени - гуманитарлық және сауда-экономикалық салалардағы даму перспективасының маңыздылығын атап өтті.