ТИМОЩЕНКО
Юрий
Евгениевич

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Әскери қызметшілердін және әскерге шақырылушы контингентінің медициналық қамтамасыз ету мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің тақырыптық отырысы

2020 жылғы 25 ақпанында депутат Ю. Е. Тимощенко Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілердін және әскерге шақырылушы контингентінің медициналық қамтамасыз ету мәселесі бойынша тақырыптық отырысын ұйымдастырды.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің орынбасары               Б. Ж. Құрманбаев, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаева, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық гвардиясының, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің және әскери-медициналық мекемелердің өкілдері қатысты.

Депутаттар алдында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің орынбасары Б. Ж. Құрманбаев баяндама жасады, ол парламентшілерді әскери-медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу туралы хабарлады.

Депутаттар алдында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаева сөз сөйледі.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаты Ю. Е. Тимощенко өз сөзінде әскери қызметке іріктеу кезінде де, аурудың алдын алу және дер кезінде анықтау және емдеу кезінде де жүйелі проблемалар бар екенін атап өтті.

Депутат Ю. Е. Тимощенко әскерге шақырылушылардың денсаулығымен байланысты мәселелерді шешуді талап ететін негізгі мәселелерді атап өтті.

Отырыс барысында депутаттар әскери-медициналық мекемелерді жабдықтау, әскери-дәрігерлік комиссиялардың қызметі, 2020 жылғы көктем-күз кезеңіне әскерге шақырудың қазіргі мәселелері, әскерге шақырылушылардың электрондық денсаулық паспорттарына әскери-дәрігерлік комиссияға рұқсат беру үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау мәселелерін, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша әскери қызметшілер мен әскерге шақыру контингентін медициналық қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру үшін ұсынымдар қабылданды.