ТИМОЩЕНКО
Юрий
Евгениевич

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ағымдағы жылғы 15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді.

Ағымдағы жылғы 15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдерімен этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттары, ҚР Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы өкілдері, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М. Әзілханов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің басшылығы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қатысты.

Депутат Ю.Е. Тимощенко этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру проблемалық мәселелер бойынша баяндама жасады, ҚХА қызметін жетілдіру және этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.