Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Комитеттер отырысы

26.12.2023

2023 жылғы 26 желтоқсанда ағымдағы жылдың сәуір айында өткізілген «Ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялау жүйесінің проблемалық мәселелері» (оның ішінде СБМАЖ жұмыс істеу мәселелері) және «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау тетіктері» (лизинг, жеңілдікпен кредиттеу, оның ішінде көктемгі егіс жұмыстары) Комитеттің тақырыптық отырыстарының ұсынымдарын орындауды іске асыру мәселелері жөніндегі Комитеттің отырысы өтті.

Іс-шараға ауыл шаруашылығы және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің өкілдері, облыстар әкімдіктерінің Ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары, «Бәйтерек» Холдингі мен салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Отырыс барысында ұсынымдарды орындалу барысы қорытындыланып, олардың кейбіріне берілген жауаптар жан-жақты талқыланды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.С. Сұлтанов баяндама жасады. Депутаттар Ауыл шаруашылығы министрлігіне агробизнес және қоғам өкілдерімен АӨК проблемаларының сындарлы шешімдерін талқылау үшін тұрақты кездесулер өткізуді қайта ұсынды. Сондай-ақ, бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесінің (СБМАЖ) жұмыс істеуінің проблемалық мәселелеріне қатысты жекелеген ұсынымдар талқыланды, атап айтқанда: анықтамалық деректерді автоматты түрде толтырудың болмауы, өтінім бергеннен кейін ауыспалы егістер туралы бастапқы деректерді өзгерту мүмкіндігі, енгізілген параметрлердің дұрыстығын бақылаудың болмауы және т.б. Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2024 жылдың 1 ақпанына дейін ақпараттық жүйеде орын алған барлық техникалық ақауларды жою бойынша жұмыс жүргізу ұсынылады.
08.12.2023

2023 жылғы 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында сүтті мал шаруашылығын дамыту мәселесі бойынша Комитеттің көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция, су ресурстары және ирригация, ғылым және жоғарғы білім министрліктерінің, Шығыс Қазақстан әкімдігінің және басқа да облыстық әкімдіктердің, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің, салалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және халықаралық сарапшылар қатысты. Іссапар басырында депутаттар бірқатар ауыл шаруашылық нысандарында - «Восток-Молоко» корпорациясы» ЖШС, «Бобровка+» ЖШС және «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС болып, сүт-тауар фермаларының және сыр өндіретін жаңартылған цехтың жұмысымен танысты. Отырыс барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Қ.Тасжүреков, халықаралық эксперт А.Л.Валебный, республикалық сүт палатасының атқарушы директоры А.Қ.Сағынбаев, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Ф.Қ.Әбітаев және А.С.Уатаев сүт өндіру саласының дамуына қатысты өз көзқарастарын білдірді. Сүтті мал шаруашылығындағы өндіру және өңдеу, шикізаттың сапасы, мемлекеттік қолдау, жемшөп өндіру, ветеринария, селекциялық-асыл тұқымдандыру жұмыстары, кадрлар даярлау және т.б. өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, отырысқа қатысушылар сүт өнімдерін өңдеу сегментінің дамымағанын және оның импортқа тәуелділігін; жаңа технологияларды меңгерген және олармен жұмыс істеу дағдысы бар мамандардың тапшылығын және малдардың асыл тұқымдық сапасын бағалаудың халықаралық жүйелерімен интеграциялану деңгейінің төмендігін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке тиісті ұсынымдар жіберілетін болады, онда сүт өндіру саласының проблемаларын шешу жолдары көрсетілетін болады.
29.11.2023

2023 жылғы 29 қарашада Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитеті «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қызметі және еліміздің ағымдағы астық балансы бойынша тақырыптық отырыс өткізді.

Отырысқа ауыл шаруашылығы, қаржы, ұлттық экономика, сауда және интеграция, көлік министрліктерінің, «Азық-түлік несие корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының, сондай-ақ салалық одақтар мен қауымдастықтардың өкілдері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ресурс жеткізушілер мен фермерлер қатысты. Отырыс барысында мынадай мәселелер: 1) Класқа жатпайтын бидайды сату жөніндегі шаралар, отандық диқандардың 2024 жылғы егіс жұмыстарына дайындығы, әсіресе тұқым қорының мәселелері; 2) Президенттің «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының құзыретін кеңейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысы талқыланды. Депутаттар мен отырысқа қатысушылар жоғарыда аталған түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар шаралар ұсынды, осы ретте Үкіметке тиісті ұсынымдар жіберілетін болады.
16.11.2023

2023 жылғы 16 қарашада Комитеттің «Қант қызылшасы өндірісін ұлғайту мәселелерін қоса алғанда, жеміс-көкөніс өнімдері импортын алмастыру, оларды өңдеу және сақтау мәселелері» тақырыбындағы Үкімет сағатының ұсынымдарын іске асыру барысы туралы тақырыптық отырысы өтті. Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, Астана қ., Түркістан, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдар мен салалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Отырыс барысында ұсынымдардың жылыжай шаруашылықтарын шұбаркөл көмірімен қамтамасыз етуге, мамандандырылған ұсақ габаритті ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін дамытуға және тауар өткізу жүйесін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруге қатысты бірқатар тармақтары талқыланды. Олар бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту және сауда-тарату жүйесін құру кезінде салалық қауымдастықтардың өкілдерін кеңінен тарту ұсынылды. Сонымен қатар субсидиялар бойынша шаруалар алдындағы берешекті өтеу жөніндегі мәселе қаралды. Отырысқа қатысушылар Үкіметтің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің берген уәделеріне қарамастан, тауар өндірушілер әлі күнге дейін қаражатты алмағанын атап өтті. Осы орайда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін бөлінген қаражаттың түсуіне, бөлінуіне және игерілуіне күнделікті мониторинг жасау ұсынылды.
06.11.2023

6 қарашада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің базасында ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша Комитеттің көшпелі отырысы өткізілді.

Жиынға ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ғылым және жоғары білім, сауда және интеграция министрліктері, облыстардың әкімдіктері, ветеринария, өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдары, аграрлық университеттер, Орта Азия бойынша Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының өкілдері, сарапшылар мен ауылшаруашылығы тауар өндірушілер қатысты. Жиынды бастамас бұрын депутаттар қазақстан-қытай биогиялық қауіпсіздік жөніндегі зертханасының жұмысымен танысты, бұл зертхана екі елдің қызығушылығын тудыратын жануарлардың жұқпалы ауруларын зерттеу және диагностикалау мақсатында құрылған. Қауіпсіздікті сақтау бойынша қытайдың стандарттары әлемдегі жоғары стандарттардың бірі болып табылады. Мәселен, тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзалардың барын анықтау жүзден аса көрсеткіш бойынша жүзеге асырылады, ал біздегі тексеру небары 15 көрсеткіш бойынша жүргізіледі (Ресейде 2019 жылы 18 көрсеткіш болған). Осындай деңгейдегі зертханалар фермерлердің уақытын және қаржылық шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді және отандық тауарлар экспортын ұлғайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, іс-шараны өткізудегі жаңашылдықтың бірі –жасанды интеллект технологиясын қолдану болды, оның көмегімен депутат А.А. Қожаназаров бір баяндамаға алдын ала жария етуге мәлімделген баяндамаларды жинақтады. Нәтижесінде, 7 баяндаманы тыңдауға бөлінген 1,5 сағат уақыт сұрақ-жауап пен жарыссөзде сөйлеу үшін тиімді пайдаланды. Отырыс барысында ветеринариялық және фитосанитариялық қызметтерді реформалау, жүйелерді цифрландыру және мамандар үшін мобильдік қосымшаларды енгізу, отандық вакциналар мен дәрілік препараттарды әзірлеу және пайдалану, материалдық-техникалық жарақтандыру, жеке ветеринариялық практиканы, ғылымды дамыту және сала үшін маман дайындау, тамақ өнімдері, соның ішінде импортталатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау мәселелері талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша Үкіметке тиісті ұсынымдар жіберілетін болады.
10.10.2023

2023 жылғы 10 қазанда қолайсыз ауа-райының салдарынан зардап шеккен фермерлерді қолдауға байланысты Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шара белгіленген тақырып бойынша бұрын өткізілген отырыстың жалғасы болып табылады. Отырысқа Премьер-Министрдің орынбасары С.М. Жұманғарин, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші басшылары, квазимемлекеттік сектор өкілдері қатысты. Депутаттарды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау және аграрлық саладағы ахуалды тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар, 2024 жылғы көктемгі дала жұмыстары үшін ауыл шаруашылығы дақылдары мен тұқым қорының балансын қалыптастыру; ағымдағы жылғы астықты сатып алу; субсидиялар бойынша берешекті төлеу; фермерлердің қаржылық міндеттемелерінің мерзімін ұзарту мәселелері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар айтылған шешімдердің іске асырылуын тұрақты бақылауда ұстауға және алдағы егіс жұмыстарына ерекше назар аударуға кеңес берді.
28.09.2023

2023 жылғы 28 қыркүйекте Аграрлық мәселелер комитетінің ауыл шаруашылығындағы машина-трактор паркін жаңғырту және жаңарту туралы тақырыптық отырысы өткізілді.

Бұл іс-шара Мемлекет басшысының отандық техника өндірушілер мен шаруалардың мүдделерін ескере отырып, машина-трактор паркін жылына 8-10 пайызға жаңарту туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында өтті. Осыған орай, Палата Комитеттерінің депутаттары, ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, «ҚазАгроҚаржы» мен «Жасыл Даму» акционерлік қоғамдарының, «Атамекен» ҰКП-ның, салалық бірлестіктердің, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің өкілдері шақырылды. Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы техникасы паркінің ағымдағы жай-күйі, оны жаңарту қарқыны, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің ауыл шаруашылығы техникасын алуға қолжетімділігі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуды жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары бойынша қаржыландыру көлемін ұлғайту қажеттілігі талқыланды. Отырыстың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы техникасының барлық түрлерінің, құралдар мен жабдықтардың жаңартылу және істен шығу қарқынына жыл сайын нақты талдау жасау үшін оларды электрондық тіркеу мен есепке алуды көздейтін тиісті ұсынымдар әзірленіп, уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады. Жалпы алғанда, машина-трактор паркін жаңғырту және жаңарту мәселелері Аграрлық мәселелер комитетінің тұрақты бақылауында болады.
26.09.2023

2023 жылғы 26 қыркүйекте комитеттің «Ауыл халқының тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша «Отбасы банк» қызметі туралы» Комитеттің тақырыптық отырысы өтті. Іс-шараны өткізудің мақсаты «Отбасы банкі» қызметін қайта қарау, оның бағытын облыс орталықтарынан аудандарға, моноқалаларға, ауылдарға қайта бағдарлау қажеттілігі туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар мен ұйымдардың жоспарларын талқылау болып табылады. Осыған байланысты отырысқа өнеркәсіп және құрылыс, қаржы, ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрліктерінің, сондай-ақ «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ-нің, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-нің, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, Президент жанындағы Әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының өкілдері, салалық қауымдастықтар мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шақырылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің және «Отбасы банк» АҚ-ның басшылары моноқалаларда, аудандарда және ауылдық жерлерде үйлер мен шағын пәтерлі тұрғын үйлер құрылысын несиелеу жөніндегі бағдарламаның тұжырымдамасын ұсынды. Сонымен қатар, «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы талқыланды, оны ағымдағы жылдан бастап «Отбасы банк» АҚ жүзеге асырумен айналысады. Қатысушылар ауылдық жерлерде тұрғын үйді жаңғырту және салу мәселелерін жүйелі түрде шешу үшін өз ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары отырысқа қатысушыларды кәсіпорын қызметкерлері мен әлеуметтік қызметкерлер үшін ауылда тұрғын үй салу жөніндегі жобаларды іске асыру тәжірибесімен таныстырды. Отырыс қорытындысы бойынша Комитет уәкілетті органдардың атына ауылдық жерлерде тұрғын үй құрылысына кредит беру бағдарламасын жетілдіру жөнінде тиісті ұсынымдар жіберетін болады.
19.09.2023

2023 жылғы 19 қыркүйекте ауыл шаруашылығында қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар салдарынан қалыптасқан ағымдағы жағдайды талқылау бойынша Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдар мен салалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Депутаттар тарапынан уәкілетті органдардың өкілдеріне : - азық-түлік корпорациясының астықты сатып алу бағасы мен көлемін анықтау; - субсидиялар бойынша шаруалар алдындағы берешекті өтеу; - қосымша айыппұл санкцияларын қолданбай фермерлердің кредит міндеттемелерін ұзарту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша міндеттемелерді өтеуді кейінге қалдыру мен каникул беру; - негізгі астық егетін өңірлерде төтенше жағдай режимін жариялау қажеттілігі; - алдағы егіс науқаны үшін тұқым қорын қалыптастыру; - астықты тасымалдау үшін астық тасымалдауға аналған көліктерді уақтылы жеткізу туралы және т. б. нақты сұрақтар қойылды. Жалпы алғанда, отырыстың барлық қатысушылары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау бойынша жедел және жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға аталған барлық мәселелерді ерекше бақылауға алу жөнінде ұсыныс берді. Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке тиісті ұсынымдар жіберілетін болады.
29.06.2023

2023 жылғы 29 маусымда Аграрлық мәселелер комитеті агроөнеркәсіптік кешенді елімізде құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасымен жарақтандыру мәселелері бойынша тақырыптық отырыс өткізді.

Іс-шараға ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ұлттық экономика министрліктерінің, «Атамекен» ҰКП, «Бәйтерек» холдингінің, салалық қауымдастықтардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің өкілдері қатысты. «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Рзалиев Асқар Сапашұлы, «AZAM-KC» ЖШС-нің директоры Мусин Аязбек Сейілбекұлы, «AVAGRO» ЖШС директорының орынбасары Губченко Елена Валерьевна, сондай-ақ Қазақстанның фермерлері қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Әбуов Ермек Ерғазыұлы баяндамалар жасады. Отырысқа қатысушылар іс-шараның тақырыбы бойынша әртүрлі көзқарастарын білдірді, атап айтқанда: ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуды жеңілдікпен кредиттеу бағдарламаларын қаржыландыру көлемін ұлғайту қажеттілігі туралы; әрбір өңірдің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы техникасын жасаудың отандық жүйесін дамыту саясатын әзірлеу туралы; отандық және импорттық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған шығыстарды субсидиялау кезінде фермерлерге тең жағдайлар жасау туралы; өндіріске арналған шикізатты, материалдар мен жабдықтарды сатып алу кезінде ҚҚС-ын қайтару немесе одан босату туралы; Қазақстанда аналогтары өндірілетін импорттық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған шығыстарды субсидиялаудың күшін жою туралы және т.б. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын жасау бойынша білікті кадрлардың жетіспеушілігі мәселелері талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет атына тиісті ұсынымдар әзірленіп, жолданатын болады. Жалпы, АӨК-ді техникалық жарақтандыру мәселелері Аграрлық мәселелер комитетінің тұрақты бақылауында болады.
22.06.2023

2023 жылғы 22 маусымда Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» тақырыптық отырыс өткізді.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Б.Б.Омарбеков және министрліктің басқа жауапты қызметкерлері, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері қатысты. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Б.Б.Омарбеков Тұжырымдаманың таныстырылымы барысында ауылдық елді-мекендердің қазіргі жай-күйіне, өңірлер арасындағы базалық игіліктер мен қызметтерге қол жеткізудегі алшақтыққа, шешімін таппай отырған проблемаларға және өңірлердің даму перспективаларына тоқталды. Тұжырымдаманы талқылау барысында депутаттар оны іске асырудың ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсартудағы өзектілігін атап өтті, сондай-ақ ауыл және қала халқы үшін базалық қызметтердің қолжетімдігі бойынша бірыңғай стандарттарды белгілеу, квазимемлекеттік сектор субъектілерін республиканың шекара маңындағы елді-мекендерді қоса алғанда, даму әлеуеті төмен ауылдық елді-мекендерді қалпына келтіруге тарту, әрбір аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып өңірлік стандарттар әзірлеу, ӘКК әлеуетін пайдалану арқылы мал соятын цехтар және сүтті салқындату орталықтарын салу арқылы кооперация құру бойынша ұсыныстар айтты. Депутаттардың барлық ұсыныстары уәкілетті органдарға жіберілетін болады.
03.06.2023

Аграрлық мәселелер комитеті ағымдағы жылдың 2-3 маусымында Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасы: алғашқы нәтижелері мен іске асыру тәжірибесі» тақырыбында көшпелі отырыс өткізді.

Отырыстың мақсаты Ақтөбе облысы ауыл тұрғындарының осы бағдарлама аясындағы жұмыс тәжірибесін зерделеу болды. Іс-шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Р.Ж. Құрманов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі О. Т. Ордабаев, Аграрлық несие корпорациясы мен Қазагроқаржы өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, ауыл шаруашылығы және агроқұрылымдар басқармаларының басшылары қатысты. Ақтөбе облысының әкімі Е.Л. Тоғжанов отырысқа қатысушыларды «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру нәтижелерімен, ауыл тұрғындарын ауыл шаруашылығы өндірісіне тарту, олардың әл-ауқатын арттыру және жалпы ауылды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Ақтөбе облысындағы жобаның ерекшелігі бюджет қаражатын тартпай мал шаруашылығын дамыту мақсатында ірі шаруа қожалықтары есебінен тауарлық несиелер беру болып табылады. Іс-сапар барысында депутаттар Ақтөбе облысының фермерлерімен кездесіп, Мәртөк және Қарғалы аудандарында болып, құс шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және азық-түлік өнімдерін өндіру саласындағы жобаға қатысушылармен танысты. Комитет отырысында қайта қарыз алу кезінде кредит сомасын ұлғайту; ҚазАгроҚаржы іске асыратын қолданыстағы несиелеу бағдарламаларын кеңейту; сервистік, дайындау және өткізу кооперативтерін құру арқылы кооперацияны дамыту; құс шаруашылығының қажеттіліктері үшін жемшөп өндіру: көкөніс қоймаларының құрылысын жеңілдікпен қаржыландыру және т. б. мәселелер талқыланды. Отырыстың қорытындысы бойынша Үкіметке «Ауыл аманаты» жобасын тиімді іске асыру бойынша ұсынымдар жіберілетін болады.
12.05.2023

2023 жылғы 11-12 мамыр аралығында Түркістан облысында жеміс-көкөніс және суармалы егіншілік мәселелері жөніндегі Комитеттің көшпелі отырысы өтті.

Көшпелі отырыстың мақсаты үкіметтік сағатқа дайындық шеңберінде жеміс-көкөніс саласының ағымдағы жай-күйін, дамуын және проблемалық мәселелерін талқылау болды. Іс-шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Ә.Ғ. Тамабек, сауда және интеграция, экология және табиғат, табиғи монополияларды реттеу саласындағы уәкілетті органдардың жауапты қызметкерлері, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е. Кенжеханұлы, облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ салалық қоғамдық қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Сапар барысында депутаттар бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарына барды, соның ішінде көкөніс өсіру бойынша «Аделя» жылыжай кешені; алма және басқа да жемістерді өсіру, сақтау және өңдеу бойынша «Dala Fruit» компаниясы; сүт өнімдерін өндіру бойынша «Бөрте Милка» кешені; ірі қара малды өсіру бойынша «Nurym Group» кәсіпорны, жемшөп дақылдарын өсіру бойынша «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС, сондай-ақ Түркістан магистральдық каналының жұмысымен танысты. Отырыс тақырыбын талқылау барысында жеміс-көкөніс саласын дамытудағы проблемалар мен тежеуші факторлар атап өтілді. Мысалы, көкөніс қоймалары көлемінің жеткіліксіздігі және болмауы, өндірісті дамытуға және кеңейтуге субсидиялар алу, саланы жеткіліксіз қаржыландыру, сумен қамтамасыз ету, қайта өңдеудің төмен үлесі, өндірістің жоғары шығындары және баға мен сапа бойынша жеміс-көкөніс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі мәселелері талқыланды. Сондай-ақ маусымаралық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің қымбаттауы инфляцияға кері әсер етіп, көкөністер мен жемістердің жекелеген санаттары бойынша импорт үлесінің артуына әкеліп соғатыны айтылды. Нәтижесінде, отырысқа қатысушылардың барлық сындарлы ұсыныстары мен тілектері алдағы үкімет сағатының ұсынымдар жобасына енгізілетін болады.
05.05.2023

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетіне Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасымен әзірлеген ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алудың және эпизоотиялық мониторингтің цифрлық жүйесі таныстырылды. Жүйе «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Анас Баққожаевтың басшылығымен Қазақ ғылыми - зерттеу ветеринариялық институтында әзірленген.

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетіне Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасымен әзірлеген ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алудың және эпизоотиялық мониторингтің цифрлық жүйесі таныстырылды. Жүйе «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Анас Баққожаевтың басшылығымен Қазақ ғылыми - зерттеу ветеринариялық институтында әзірленген. Таныстырылым барысында А.Бакқожаев осы бағдарламалық өнімді әзірлеу тарихы 2018 жылдан орын алатыны және 2019 жылы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевқа С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қабырғасында таныстырылғанын баяндады. Автор осы бағдарламалық өнімнің барлық функционалдығын көрсете отырып, оның негізгі мәні ветеринарлық дәрігерлерді қағазбастылықтан арылтып олардың қызметін цифрландыру болып табылатынын айтты. Ауыл шаруашылығы жануары туралы барлық нақты ақпарат, атап айтсақ: онымен жүргізілген ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар, ауру және өлім тарихы, қан мен патматериалдардың зертханалық зерттеу нәтижелері мобильді қосымша арқылы оның электрондық ветеринариялық паспортында автоматты түрде көрсетілетін болады. Сонымен қатар зертханалық зерттеулердің оң нәтижелері анықталған жағдайда жүйе автоматты түрде ветеринариялық инспекторға хабарлама жібереді. Бағдарламаның функционалы ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнамаға толық сәйкес келеді және ветеринардың заңнамаға қайшы келетін әрекеттері болған жағдайда, оларды бұғаттайды. Мал базарларында аула сою өнімдерін сатуға тосқауыл қоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл жүйенің маңызды функцияларының бірі-жануарларды есепке алу, жоғалған жануарларды іздеу процесіне жұртшылықтың қатысуы және ветеринардан малдың жай-күйі туралы автоматты түрде хабарлама алу болып табылады. Жүйе нақты уақыт режимінде жануарлардың саны, ветеринарлық шаралар, істің себептері туралы өзекті статистикалық есептілікті автоматты түрде шығарады, бұл эпизоотиялық мониторинг жүргізу үшін өте маңызды. Сондай-ақ бұл жүйе «офф-лайн» режимінде, яғни интернет жоқ аймақта жұмыс істеуге бейімделген. Бұл дегеніміз интернеттің тұрақты жұмыс аймағына кірген кезде барлық жинақталған ақпарат автоматты түрде жүйеге жүктелетін болады. Автордың пікірінше, бұл бағдарламалық өнім негізгі жүйе болып табылады. Болашақта оның кіші жүйесі ретінде мал шаруашылығында селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу жөніндегі бағдарламалық өнімдер, сондай-ақ ара шаруашылығы саласындағы есепке алу жүйесі әзірленетін болады, бұл еліміздің мал шаруашылығының бірыңғай кешенді цифрлық жүйесін құруға мүмкіндік береді. Депутаттар осы цифрлық жүйенің жұмысына оң баға беріп, назарға алды.
04.05.2023

2023 жылғы 4 мамырда «Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Комитеттің тақырыптық отырысы өтті.

2023 жылғы 4 мамырда «Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Комитеттің тақырыптық отырысы өтті. Іс-шараға ауыл шаруашылығы, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің лауазымды тұлғалары қатысты. Отырыс шеңберінде ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасының іске асырылу барысы, нысаналы индикаторлары, жекелеген салаларды дамытуда күтілетін нәтижелері туралы ақпарат ұсынды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту жөніндегі міндеттер, қайта өңдеу өнеркәсібі мен аграрлық ғылымды дамыту жөніндегі шаралар және т. б. айтылды. Депутаттар нысаналы индикаторларға қол жеткізу қажеттігін және тұжырымдаманы іске асыруға қабылданған іс-шаралардың орындалу мерзімдерінің бұзылуына жол бермей оны орындауға жауапты қарау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, бірқатар тұжырымдамалық ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, еңбек өнімділігі жыл сайынғы инфляцияны ескеруі тиісті, экспортты дамыту жөніндегі жоспарлар - сауда нарығын реттеу жөніндегі шаралармен өзара байланысты болуы қажет, статистикалық деректер – саланың нақты өндірістік көрсеткіштерін көрсетуі тиісті, мемлекеттік қолдау – барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолжетімді болу керек, микрокредиттеу – жүйелік тәсілді болу және онымен қоса жер беру және өзге де инфрақұрылымдар жөнінде ұсыныстар айтылды. Осы және басқа да ұсыныстар тұжырымдаманы практика жүзінде іске асыру барысында одан әрі ескеру мақсатында уәкілетті органға жіберілді.
03.05.2023

2023 жылғы 3 мамырда Аграрлық мәселелер комитеті «Агробанк туралы» және «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын әзірлеу мәселесі бойынша Парламентаризм институты басшылығының қатысуымен жұмыс отырысын өткізді.

Іс-шараға Парламент Сенатының депутаттары, ауыл шаруашылығы вице – министрі - Р.Ж. Құрманов, «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ-ның Басқарушы директоры - Н. Ж. Көшкімбаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ–ның Басқарма төрағасы - А. Б. Әшірбеков, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Басқарма төрағасы-А. Г. Прашев, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-ның өкілі қатысты. Талқылау барысында барлық қатысушылар қолданыстағы квазимемлекеттік қаржы институттарының негізінде 100% мемлекеттің қатысуымен мамандандырылған ауыл шаруашылығы банкін құру бастамасын қолдады, оның негізгі міндеті агроөнеркәсіп субъектілеріне «бір терезе» қағидаты бойынша несиелеу мен лизингті қоса алғанда, банктік қызметтердің толық спектрін ұсыну болуға тиіс. Сонымен қатар, қатысушылар ұлттық қауіпсіздік құрылымының маңызды элементтерінің бірі ретінде «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» жеке заң жобасын әзірлеу қажеттілігін талқылады. Депутаттардың айтуынша, осындай заңдар біздің жақын көршілерімізде: Ресейде, Қырғызстанда, Беларуссияда, Тәжікстанда, Түрікменстанда және Арменияда бар және сәтті қолдануда. Нәтижесінде Парламентаризм институты депутаттардың бастамаларын қолдап, талқылау барысында айтылған ұсыныстарды ескере отырып, аталған заң жобаларын әзірлеуге дайын екендіктерін білдірді.
21.04.2023

2023 жылғы 21 сәуірде Аграрлық мәселелер комитеті «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау тетіктері» (лизинг, жеңілдікпен, оның ішінде көктемгі егіс науқаны үшін несие беру)» атты тақырыптық отырыс өткізді.

Отырысқа мемлекеттік органдары мен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ, сонымен қатар Үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты. Отырысты өткізу барысында ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-ді мемлекеттік қолдаудың өзгертілген тәсілдерін ұсынды, Аграрлық кредиттік корпорациясы мен Қазагроқаржы өкілдері қатысушыларды өз қызметінің негізгі бағыттарын атап, қаржылық көрсеткіштерін, қаржыландыру бағдарламаларын және ұсынылатын кредиттік өнімдер желістерін таныстырып өтті. Өз кезегінде депутаттар несие ресурстарына, оның ішінде лизингке қолжетімділіктің төмен деңгейіне, оларды алуға қойылатын жоғары талаптарға алаңдаушылық білдірді. Сонымен қатар, ақшалай қаражаттың уақтылы және толық көлемде бөлінбеуі де алаңдаушылық туғызады, нәтижесінде фермерлер нарықтық банктік пайыздар бойынша міндеттемелері бойынша төлеуге және қосымша қаржылық шығындарды көтеруге мәжбүр. Сонымен қатар, депутаттар кепілмен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері мен лизингі бойынша қарыздарды қайта құрылымдау, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту және т.б. мәселелері шешілмейтінін атап өтті. Осыған байланысты депутаттар аталған мәселелерді шешу үшін жеңіл несиелеу талаптарын жеңілдетуді, фермердің несие бойынша жеңілдікті мөлшерлемені ғана төлеу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді тікелей несиелеуден екінші деңгейдегі банктер немесе микроқаржы ұйымдары беретін қарыздарға кепілдік беруге көшу мүмкіндігін қарауды және т. б. ұсынды. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласын субсидиялаудың қазіргі проблемаларын жан-жақты талқылауы өтті. Қатысушылардың барлық ұсыныстары ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынымдар түрінде жіберілетін болады.
13.04.2023

2023 жылғы 13 сәуірде Комитеттің тақырыптық отырысы өтті, онда Ауыл шаруашылығы министрлігінің ағымдағы жылға арналған бюджеті талқыланды.

Іс-шараға Палатаның басқа Комитеттерінің депутаттары: Б. Нажметдинұлы, Б. Ж. Базарбек, А. А. Баққожаев, Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы М. Ә. Оразаев қатысты. Отырыс барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау, несиелеу, фитосанитариялық қауіпсіздік, ветеринариялық іс-шаралар, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы, аграрлық ғылым, мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру мәселелерін қоса алғанда, саланы қаржыландырудың негізгі бағыттары бойынша министрліктің жауапты қызметкерлері тыңдалды. Депутаттарға агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауды жүзеге асыратын облыстық бюджеттерге берілетін жалпы сипаттағы трансферттер туралы ақпарат берілді. Депутаттар көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге, топырақ-мелиоративтік және геоботаникалық зерттеулер жүргізуге, ветеринариялық қызметті материалдық-техникалық жарақтандыруға, аусылға қарсы отандық вакцина өндіруге бөлінген бюджет қаражатын игерудің тиімділігіне алаңдаушылық білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді, сондай-ақ Комитет отырыстарында Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік бағдарламаларын орындау және тиімді іске асыру мәселелерін жүйелі түрде қарау туралы шешім қабылданды.
12.04.2023

2023 жылғы 12 сәуірде Бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесінің жұмыс істеуінің проблемалық мәселелеріне арналған Комитеттің тақырыптық отырысы өтті.

Іс – шараға басқа палата комитеттерінің өкілдері – депутаттар: А.Т. Зейнуллин, Б. Нәжметдинұлы, Д.А. Шүкіжанова, Б.Ж. Базарбек, Е.Ж. Сатыбалдин, А.А. Бакқожаев, ауыл шаруашылығы вице-министрі Б.Ә. Бекбауов, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Төрағасының орынбасары Е.Е. Есенеев, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері және салалық қауымдастықтар өкілдері қатысты. Іс-шараны өткізу барысында фермерлерді мемлекеттік қолдау саласында қалыптасқан қиын жағдай талқыланды, өз кезегінде бұл мемлекеттік қолдауды әкімдіктер тарапынан оны бере алмауы және фермерлердің алуы мүмкін еместігіне әкелді. Мұндай қиындықтарды процеске қатысқан барлық тараптар атап өтті. Сонымен қатар, жүйе жұмысының көптеген техникалық қателіктері анықталды, соның ішінде өтінімдерді беру, оларды қайтарып алу, түзету, мақұлдау, мемлекеттік дерекқордан алынған мәліметтердің толық болмауы және т.б. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы министрлігі туындаған мәселелерді уақтылы шешпейді, ақпараттық және техникалық қолдау да негізделген сын тудыруда. Нәтижесінде қосымша қаржылық шығындарды көтеруге мәжбүр болған фермерлер зардап шегуде. Осыған байланысты, депутаттық корпус уәкілетті органның атына жолданған ұсынымда қысқа мерзімде ақпараттық жүйенің жұмысындағы кемшіліктерді жою жөніндегі нақты іс-қимыл жоспарын қабылдауды ұсынды. Бұл ретте Жоспарда белгіленген іс-шаралар орындалмаған жағдайда депутаттар ауыл шаруашылығы министрлігінің саяси басшыларының жауапкершілігі туралы мәселені көтеруге бастамашылық жасайтын болады.
17.11.2022

2022 жылғы 17 қарашада депутаттардың, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет мүшелерінің, сүт шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесуі өтті.

Әңгімелесу барысында бірқатар кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ салалық бірлестіктердің өкілдері Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау тетіктері мен көлемін өзгерту жөніндегі ұсынып отырған тәсілдеріне қатты алаңдаушылық білдірді. Осылайша, уәкілетті орган сүт өндірісінің барлық субъектілері үшін бірыңғай норматив жасай отырып, сүт-тауар фермаларына бөлінетін субсидиялар көлемін едәуір қысқартуды ұсынады. Сонымен қатар, қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында соңғы жеті жылда ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында сүт өндірісі 94% – ға, ал шаруа (фермер) қожалықтарында 66% - ға ұлғайғанын атап өткен жөн. Осыған байланысты, қолданыстағы нормативтер өзгерген жағдайда, сала орасан зор шығынға ұшырайды, көптеген өндірістер жабылуға мәжбүр болады, ал импорт тек өседі (қазір ол шамамен 40% құрайды). Сонымен қатар, жаңа бастаған фермерлерді қолдау қажет, бірақ өндірістің алдыңғы қатарында ірі ұйымдасқан және фермерлік шаруашылықтар болуы керек. Аталған пікірлерді ескере отырып, депутаттар сала өкілдерін қолдап, алдағы дөңгелек үстелде АӨК-ді мемлекеттік қолдау мәселелерін егжей-тегжейлі талқылауды ұсынды.
27.10.2022

2022 жылғы 27 қазанда Аграрлық мәселелер комитеті АӨК субсидиялау тетіктерін жетілдірудің проблемалық мәселелері бойынша отырыс өткізді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші басшылары: министр Е.Қарашөкеев, бірінші вице-министр А. Сапаров, вице-министр Р. Құрманов және осы уәкілетті органның басқа да жауапты қызметкерлері қатысты. Іс-шараны өткізу барысында министрлік ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағыттарын ұсынды, оларды қазіргі уақытта мемлекеттік орган арнайы құрған жұмыс тобының қызметі шеңберінде сарапшылар қауымдастығы талқылауда. Депутаттар сүтті, асыл тұқымды мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, жасанды су құрылыстарын құруды субсидиялауға қатысты және басқа да бірқатар ескертулер мен ұсыныстар айтты. Бұл ұсыныстар агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөніндегі жоғарыда аталған жұмыс тобына қосымша қарауға жіберілді.
21.10.2022

2022 жылғы 21 қазанда Аграрлық мәселелер комитеті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары П. Казанцевтің қатысуымен ағымдағы жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің атына жарияланған астық экспорттаудың проблемалық мәселелеріне қатысты Комитет мүшелерінің депутаттық сауалын қарастыру бойынша отырыс өткізді.

Іс-шараны өткізу барысында астық саласының проблемалық мәселелері, атап айтқанда астық пен ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға арналған вагондардың жетіспеушілігі, олардың тоқтап тұруы, астық жеткізудің бұзылуы, агробизнес субъектілерінің шарттық міндеттемелерінің орындалмауы, элеваторлардың толуы және басқа да Қазақстанның астық одағының төрағасы Н. Оспановтың және Қазақстанның астық өңдеушілер одағының Байқау кеңесінің төрағасы М.Әбдиевтің айтқан мәселелері талқыланды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директоры Б.Орынбасаров және «Астық Транс» АҚ басқарма төрағасы С. Елубаев вагондар паркімен қамтамасыз ету, астықты және оны өңдеу өнімдерін тиеу, теміржол инфрақұрылымының жүктемесі, тарифтік тасымалдау шарттары бойынша ағымдағы ахуал туралы баяндады. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдерінің ақпараты бойынша қазіргі уақытта астықты тасымалдау проблемаларын шешу және вагон операторларының қызметін реттеу бойынша барлық мүдделі тараптардың қатысуымен жедел штаб құрылды, бұл шаралар мәселенің өткірлігін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, депутаттық корпус теміржол тасымалында туындайтын проблемаларға жедел ден қоюды ғана емес, сонымен қатар саладағы жолдардың өткізу қабілеттілігін және маршруттарын дамыту, вагондар мен локомотивтер паркін жаңарту, сондай-ақ астықты және оны өңдеу өнімдерін жеткізудің баламалы теміржол жолдарын дамыту жөнінде жүйелі шаралар әзірлеуді ұсынды. Аталған мәселелер депутаттардың тұрақты бақылауында тұратын болады.
19.04.2022

2022 жылғы 19 сәуірде Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредит беру және ағымдағы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мәселелері бойынша Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы өтті.

Іс-шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Р.Ж. Құрманов, «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Н.С. Айдапкелов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы А.Б. Әшірбеков, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы А.Г. Прашев, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қарауылов Қ.С. Іс-шараны өткізу барысында депутаттарға фермерлерді көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне (шарттары, мерзімдері, қатысушылары) жеңілдікпен несие беру туралы айтылды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілі көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша деректерді ұсынды. Сондай-ақ, ағымдағы қаржы жылғы өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және қаржы құралдарын қамтитын АӨК субъектілерін субсидиялау көлемі мен бағыттарына қатысты ақпарат ұсынылды. Жалпы, уәкілетті органның өкілі көктемгі дала жұмыстарын жүргізу мәселелері Министрліктің тұрақты бақылауында екенін айтты. Өз кезегінде депутаттар фермерлердің 1 гектарға жұмсалатын шығындарының нормативтерін қайта қарау, АӨК субъектілерін несиелендіру рәсімдері мен шарттарын оңтайландыру, несиелендіру үшін ұсынылатын құжаттар санын қысқарту, көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бюджеттік несие беру сомасы мен мерзімін ұлғайту туралы ұсыныстар айтты. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тікелей несиелендіруге көшу мәселесін қарастыру ұсынылды, бұл қарыздың түпкілікті пайыздық мөлшерлемесін едәуір төмендетуге, сондай-ақ отандық пен импорттық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шарттарын бірыңғай етуге мүмкіндік береді. Тағы да 200 АҚШ долларына баламалы сомадан аспайтын импорттық ауыл шаруашылығы техникасы үшін кәдеге жарату алымының мөлшерлемесін белгілеу қажеттігі туралы ұсыныс айтылды. Сонымен қатар, «Бәйтерек «ҰБХ» еншілес ұйымдарының бірінші басшыларының назары тиісті ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану, «тамыр-таныстық және жерлестік» фактілеріне және тіпті сыбайлас жемқорлық теріс қылықтарға аударылды, бұны депутаттардың атына жолданған көптеген өтініштер растайды. Нәтижесінде, Ауыл шаруашылығы министрлігіне және қаржы институттарына келіп түскен барлық ұсыныстарды талдап, депутаттарға қойылған сұрақтарға қосымша жауаптар беру тапсырылды.
12.04.2022

2022 жылғы 12 сәуірде Аграрлық мәселелер комитеті Қазақстанның астық нарығындағы қазіргі жағдай бойынша отырыс өткізді.

Іс-шараға ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктерінің, сондай-ақ «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясының, Астық өңдеушілер одағының және Астық одағының өкілдері қатысты. Отырыста астықтың ішкі қажеттілігін қамтамасыз етудің, оның ішінде ішкі нарықты қорғаудың, отандық өндірушілер мен қайта өңдеушілерді (ұн тартушыларды) қолдаудың, сондай-ақ қосылған құны бар өнім экспортын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы министрлігі бүгінгі күні жаңа өнім алынғанға дейін елдегі ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін астықтың жеткілікті екенінін айтты. Сонымен қатар уәкілетті органдар тарапынан астық пен ұн экспортына квота енгізуді қоса алғанда, бағаның өсуін тежеу үшін барлық қажетті шараларды қабылданып жатқанын жеткізді. Сонымен бірге, астықты белгіленген арзандатылған бағамен сату арқылы, Азық-түлік корпорациясы да ішкі нарықты шикізатпен қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда. Алайда, депутаттар уәкілетті органға сенімділік танытпады және бірінші кезекте елде астықтың бар-жоғы туралы бастапқы деректерді, сондай-ақ ішкі тұтыну бойынша мәліметтерді өзектендіру қажет екенін атап өтті. Тұтастай алғанда, депутаттар астық нарығын, қайта өңделген өнімге тыйым салулар мен квоталар енгізусіз, тек қана нарықтық әдістермен реттеудің орындылығы туралы пікір білдірді. ҚҚС қайтару, көлік шығыстарын, энергия құнын субсидиялау және басқа да шараларды қоса алғанда, отандық қайта өңдеушілерді қолдау жөнінде жүйелі шаралар әзірлеу қажет. Бұл ретте, терең қайта өңдеу өнімдерінің экспортын ынталандыру үшін кедендік баждарды шикізатқа (астық, майлы дақылдардың тұқымдары және т.б.) ғана енгізіп, одан түскен қаражатты тікелей отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағыттау керек. Нәтижесінде, уәкілетті органдарға отандық астық нарығын дамыту бойынша нарықтың барлық қатысушыларымен келісілген жүйелі шаралар әзірлеу тапсырылды. Аталған мәселелер тұрақты депутаттық бақылауда болады.
08.02.2022

2022 жылғы 8 ақпанда Аграрлық мәселелер комитеті агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша тақырыптық отырыс өткізді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы Мұрат Ахтанұлы Төлеубаев, сондай-ақ осы мемлекеттік органдардың басқа да жауапты қызметкерлері қатысты. Отырыс барысында, ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру бойынша негізгі тәсілдерді таныстырды. Осылайша, субсидиялаудың жаңартылған жүйесі шаруашылық жүргізудің көлемі мен басқару нысанына қарамастан, барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарына ыңғайлы және қолжетімді болады деп болжануда. Бұл ретте, субсидиялар түпкілікті нәтижеге бағытталатын болады, субсидия алушылардың кері міндеттемелері енгізіліп, есепке алу басқа да мемлекеттік мәліметтер базаларымен интеграциялауды көздейтін субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бюджет қаражатын пайдалануды бақылауды қамтамасыз ету, субсидияларды тиімсіз және мақсатсыз пайдаланғаны үшін лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігін бекіту мәселелері талқыланды. Отырыста, қатысушылар, ауыл шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тәсілдерін Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жобасының ережелерімен және Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасымен үйлестіру қажеттілігі туралы пікір білдірді. Өз кезегінде депутаттар субсидиялау тетіктерін жетілдіру мәселелерін сайлаушылармен талқылап, өңірлерден оралғаннан кейін, мемлекеттік органдар ұсынып отырған өзгерістерді қайта қарастыруды ұсынды. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласын субсидиялаудың қазіргі проблемалары жан-жақты және сындарлы талқыланды.
02.11.2021

Аграрлық мәселелер комитеті агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігіне байланысты проблемалық мәселелерді талқылау бойынша тақырыптық отырыс өткізді.

Іс - шараға «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарының бірінші басшылары – «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы А. Ж. Әбенов, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары А. Б. Джувашев, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы А. Г. Прашев және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының міндетін атқарушы М. К. Ысқақов қатысты. АӨК-нін дамыту қаржы институтының өкілдері депутаттық корпусты өз қызметінің негізгі бағыттарымен, қаржылық көрсеткіштерімен, қаржыландыру бағдарламаларымен және ұсынылатын кредиттік өнімдер желісімен таныстырды. Іс-шараны өткізу барысында қаржыландырылатын бағыттар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, оның ішінде өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы сақтандыру, ауылдық жерлерде жұмыс жасағысы келетін келетін мамандарға қарыз беру мәселелері талқыланды. Бұдан басқа, депутаттар қаржыландыру көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері мен лизингі бойынша қарыздарды кейінге қалдыру және қайта құрылымдау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру жүйесіндегі өзекті мәселелер жан-жақты және сындарлы талқыланды.
07.10.2021

"Көтерме-тарату орталықтары желісін құрудың және дамытудың өзекті мәселелері " тақырыбында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер Комитетінің Қарағанды облысындағы көшпелі отырысының қорытындысы бойынша

2021 жылғы 7-8 қазан аралығында Қарағанды облысында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауын іске асыру аясында "Көтерме – тарату орталықтарының желісін құрудың және дамытудың өзекті мәселелері" тақырыбында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Ж.М. Қасымбек, ауыл шаруашылығы вице-министрі Ж. А. Өсербай, сауда және интеграция вице-министрі Е. Қ. Қазанбаев, сондай-ақ министрліктер мен Қарағанды облысы әкімдігінің жауапты қызметкерлері, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты. Көшпелі отырыс барысында депутаттар "Global City" көтерме-тарату орталығында, "Астра-Агро LTD" ЖШС-де, "Шанс" шаруа қожалығында болып, олардың АӨК саласындағы озық қызметімен танысты. Комитет отырысында көтерме-тарату орталықтарын құру және дамыту, сауда-логистикалық инфрақұрылымның артықшылықтары және оның әлеуетін агроазық-түлік нарығының барлық қатысушыларымен пайдалану мүмкіндігі мәселелері талқыланды. Жалпы, отырысқа қатысушылар фермерлердің көтерме-тарату орталықтарымен өзара іс-қимыл тетігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға жағдай жасайтынын, делдалдық тізбектің байланыстарын азайтатынын, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін перспективалар ұсынатынын, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететінін және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыруға байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша, отырысқа қатысушылар уәкілетті органдарға көтерме-тарату орталықтарының желісін одан әрі құру және дамыту мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берді.
20.09.2021

2021 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары О.П. Казанцев, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы А. С. Құспан, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Е. Х. Барлыбаев, Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің төрағасы А. П. Рау, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы М. А. Құсайыновтың Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесуі өтті.

Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскурякова және Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен кездесу барысында COVID-19 пандемиясынан кейін экономиканы қалпына келтіруге қатысты мәселелер, сондай-ақ ағымдағы жылғы 14 мамырда қол қойылған Мал шаруашылығын тұрақты дамыту бағдарламасы бойынша қарыз туралы келісім талқыланды, оған сәйкес Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі Қазақстанға 460 миллион еуро бөлуді жоспарлап отыр. Осы жобаны іске асыру есебінен ветеринария жүйесін жетілдіру, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру, экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту, жайылымдық әлеуетті пайдалануды жандандыру және т. б. жоспарлануда. Тараптар Дүниежүзілік банк ұсынған жоғарыда аталған іс-шараларға, сондай-ақ осы салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты пікір алмасты.
18.03.2021

2021 жылғы 18 наурызда Аграрлық мәселелер комитеті бейнеконференц байланыс режимінде «Түркістан облысын мысалға ала отырып көктемгі егіс жұмыстарын ұйымдастыру, өткізу және мал шаруашылығын дамыту мәселелері» тақырыбында кеңейтілген Тақырыптық отырыс өткізді.

Іс-шарада Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.Сапаров, Түркістан облысы әкімінің орынбасары С. Қалқаманов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б. Жаханов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Б. Нығмашев сөз сөйледі. Сонымен қатар, талқылауға «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, квазимемлекеттік сектордың және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өкілдері қатысты. Іс-шараны өткізу барысында еліміздің оңтүстік өңірлері үлгісінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы, оны өткізу және мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, агробизнес өкілдері егіс науқанын өткізуге уақытылы дайындалу және қажетті агротехникалық іс-шараларды толық көлемде жүзеге асыру үшін жыл сайынғы қаржы ресурстарының тапшылығын атап өтті. Бұл ретте, орын алған проблемаларды жою бойынша нақты шаралар ұсынылды. Өз кезегінде депутаттар көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, уәкілетті органдарға оларды шешу алгоритмін әзірлеуді ұсынды. Нәтижесінде орын алған проблемалар жан-жақты және сындарлы талқыланды, барлық енгізілген ұсыныстар мен сараптамалық пікірлерді уәкілетті орган назарға алды.
29.10.2020

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету, ауыл тұрғындарының табысын арттыру, еңбек өнімділігін арттыру және АӨК өнімдерінің экспортын ұлғайту бойынша міндеттерді шешу тұрғысынан ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту мәселелері» атты кеңейтілген тақырыптық отырыс өткізді

2020 жылғы 29 қазанда Аграрлық мәселелер комитеті бейне-конференц-байланыс режимінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету, ауыл тұрғындарының табысын арттыру, еңбек өнімділігін арттыру және АӨК өнімдерінің экспортын ұлғайту бойынша міндеттерді шешу тұрғысынан ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту мәселелері» атты Жолдауын іске асыру шеңберінде кеңейтілген тақырыптық отырыс өткізді. Іс-шараға Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты қызметкерлері, Жамбыл және Алматы облыстарының, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың өкілдері және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты. Іс-шараны өткізу барысында шағын тауар өндірушілерді екі өңір мысалында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге тарту мәселелері талқыланды. Мұндай шаруашылықтардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және ауыл тұрғындарының табысын арттырудағы рөлі атап өтілді. Уәкілетті орган Министрліктің ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жөніндегі жоспарларын, оның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді біріктіруді ынталандыру бойынша қолданыстағы және ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларын таныстырды. Ұсынылып отырған жаңалықтар жақын арада қабылдануы жоспарланып отырған алдағы бесжылдыққа АӨК дамыту жөніндегі жаңадан әзірленіп жатқан Ұлттық жобаның негізгі ережелерімен өзара байланысты. Сонымен қатар, агробизнес өкілдері тыңдалды, олар кооперативтердің өз қызметінде кездесетін қиындықтары туралы айтты. Депутаттық корпус өз кезегінде Уәкілетті органдардың ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмысының маңыздылығын атап өтіп, ауыл шаруашылығы салалары бойынша тиісті даму бағдарламаларын әзірлеу мен қабылдау кезінде жан-жақты қарау және шектеулі қаржы ресурстарына ұқыпты қарау қажеттігін атап өтті. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту саласындағы қазіргі проблемалар жан-жақты және сындарлы талқыланды, ал енгізілген барлық ұсыныстар мен сараптамалық пікірлерді уәкілетті орган қосымша қарауға алды.
18.02.2020

Бүгін Аграрлық мәселелр комитетінің Төрағасы Берік Серікұлы Оспановтың басшылығымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Карпович Божконың қатысуымен Аграрлық мәселелер комитетінің аграрлық ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау мәселелері бойынша тақырыптық отырыс өтті.

Бүгін Аграрлық мәселелр комитетінің Төрағасы Берік Серікұлы Оспановтың басшылығымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Карпович Божконың қатысуымен Аграрлық мәселелер комитетінің аграрлық ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау мәселелері бойынша тақырыптық отырыс өтті. Отырысқа ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, қаржы, ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің жауапты қызметкерлері, сондай-ақ «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының, Ұлттық биотехнология орталығы және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Аграрлық ғылым мен білімінің ағымдағы жай-күйі, өзекті мәселелері, ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялаудағы қазіргі проблемалар туралы, сондай-ақ отырысқа қатысушыларды осы мәселелерді шешуге қатысты өз көзқарасымен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы таныстырды. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ректоры және Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті проректоры отандық аграрлық білімнің, ғылымның қазіргі жай-күйін талдаудың нәтижелерімен және кадрларды даярлаудың жаңа үлгісімен таныстырды. Ғылыми-зерттеу институттарының, тәжірибе станциясы, республикалық мал асылдандыру орталығы өкілдері білім беру, технологиялар трансферті және коммерцияландыру жөніндегі мәселелерді шешу туралы сөз сөйледі. Өз кезегінде депутаттар ауылдық жерлерде білімді тарату, ауылшаруашылық өндірісі үшін кадрларды көп сатылы оқытумен қамтамасыз ету, ауылшаруашылық өндірісінің әлеуетін ашу және басқа да өзекті мәселелерді шешу қажеттігін атап өтті. Өткен тақырыптық отырыс нәтижесі бойынша уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстар жіберілетін болды.
24.10.2019

«Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігін дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің Алматы облысындағы көшпелі отырысы бойынша қорытынды ПРЕСС-РЕЛИЗ

2019 жылғы 24-25 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің Алматы обылысында «Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігін дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға үш өңірдің – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының өкілдері қатысты, атап айтқанда, Алматы облысы әкімінің орынбасары – Бескемпіров Серікжан Іслямұлы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары – Шүкеев Мұратхан Жүнісәліұлы, уәкілетті орган өкілдері: Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы – Оразаев Марат Әбілахатұлы, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» ақционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Қарашөкеев Ербол Шырақбайұлы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымы Бурибаева Гаухар Асылбекқызы, облыстар мен аудандардың ауыл шүаруашылық басқармасы басшылары, сондай-ақ басқа да ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрліктерінің, әкімдіктердің жауапты қызметкерлері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Көшпелі отырыс барысында депутаттар «Агро Импэкс Алатау» жылыжай кешеніне, «Атек Агро» ЖШС-не, «Степной Холм» ЖШС-не, «Адал» тауарлы-сүт фермасына барып, олардың қызметімен, ауыл шаруашылығында қолданылатын технологиялармен танысты. Комитеттің қорытынды отырысында кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және ауылдық жерлерде жұмыспен қамтуды ұлғайту өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру қолжетімділігі мәселелері, АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» және басқа мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аралық қорытындыларын, сондай-ақ бюджет қаражатын берген кездегі мемлекеттік билік, жергілікті басқару органдарының және шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі ұйымдардың өзара әрекеті мәселелері қаралды. Іс-шара қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар ауылдағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөнінде шешім қабылдады.
24.04.2019

Көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша пресс-релиз

ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2019 жылғы 24-26 сәуір аралығында Түркістан облысында «Суармалы жерлерді тиімді пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында көшпелі отырыс өткізді. Көшпелі отырыстың негізгі мақсаты - өңірлерде суармалы жерлерді пайдалану саласындағы ахуалмен, проблемалармен және өзекті мәселелермен практикалық танысу. 25 сәуірде көшпелі отырыс барысында депутаттар Түркістан облысының суармалы жерлеріндегі Көксарай су реттегішінің қоректендіргіш каналы есебінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шаруашылық субъектілерінің мысалы ретінде суармалы суды беру инфрақұрылымымен танысты. Сондай-ақ, депутаттар Қызылқұм магистральды каналын, Сырдария өзенінің оң жағалауын, Келес және Қожатоғай алқаптарын қалпына келтіру жобаларын аралады. Бұдан әрі көшпелі отырысқа қатысушылар Бөген су қоймасында болып, Кентау қаласы мен Ордабасы ауданындағы су шаруашылығы құрылыстарының жобаларымен танысты. 26 сәуірде Түркістан қаласының Жастар орталығының ғимаратында Комитеттің қорытынды отырысы өтті. Отырыс жұмысына ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев, министрліктің су ресурстары және жер ресурстарын басқару комитетінің, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, сондай-ақ қызметі суармалы жерлерді пайдаланумен байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өкілдері қатысты. Суармалы жерлерді тиімді пайдалану мәселелерін өңірлерді кеңінен қамту үшін отырыс жұмысына Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының өкілдері тартылып, олар өңірлерде жүргізіліп жатқан іс-шараларды жария етті және өңірлік деңгейде тұрған өзекті мәселелер мен мәселелерді айтты.
01.11.2018

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің Қостанай облысындағы көшпелі отырыс қорытындысы бойынша ПРЕСС-РЕЛИЗ

2018 жылғы 1-3 қараша аралығында Қостанай облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау бойынша көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға үш аймақтың – Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарының өкілдері, атап айтқанда, Қостанай облысының әкімі – Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов, Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары – Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқарбек Съезбекұлы Үйсiмбаев, уәкілетті орган өкілдері – Ауыл шаруашылығы вице-министрі – Берік Тұрсынбекұлы Бейсенғалиев, ауыл шаруашылығы басқармасы басшылары, сондай-ақ әкімдіктердің басқа да жауапты қызметкерлері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, үкіметтік емес секторы және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Комитеттің отырысында қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары талқыланды. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру қолжетімділігі, орман, балық шаруашылығы және жануарлар дүниесін ұтымды пайдалану, фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ветеринариялық қызметті жүзеге асыру бойынша бақылау-қадағалау функцияларының біртұтас вертикалін құру жөніндегі өзекті мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды. Отырысқа қатысушылар іс-шара қорытындысы бойынша аталған заң жобасымен, келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылдады. Көшпелі отырыс барысында депутаттар «АгромашХолдинг» АҚ, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «Баян Сұлу» АҚ, «Милх» ЖШС және «Терра» ЖШС аралап, олардың қызметі мен өндірісте қолданылатын технологияларымен танысты.
02.10.2018

Бүгін Аграрлық мәселелер комитеті төрағасы Сапархан Кесікбайұлы Омаровтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Карпович Божконың қатысуымен «Электрондық астық қолхаттары жүйесінің жұмыс істеуі және агроөнеркәсіптік кешендегі процестерді автоматтандыру» тақырыбында Комитеттің тақырыптық отырысы өтті.

Бүгін Аграрлық мәселелер комитеті төрағасы Сапархан Кесікбайұлы Омаровтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Карпович Божконың қатысуымен «Электрондық астық қолхаттары жүйесінің жұмыс істеуі және агроөнеркәсіптік кешендегі процестерді автоматтандыру» тақырыбында Комитеттің тақырыптық отырысы өтті.
11.06.2018

2018 жылғы 11 маусымда ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитеті Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «АӨК саласында кадрлар даярлаудың және ауыл шаруашылығы өндірісінде IT-технологияларды енгізудің мәселелері» тақырыбында көшпелі отырысын өткізді.

Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда ғылымның мәні туралы мәселелерді қарау отырыстың негізгі мақсаты болып табылады. Отырысқа Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Н. Нысанбаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары С.И. Бескемпіров, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КАҚ Басқармасының төрағасы Ұ.Қ. Тәжібаев, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры – Басқарма төрағасы Т.И. Есполов, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің проректоры Қ.Қ. Айтуғанов, Ж?ңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры А.М. Наметов, Қазақстанның аграрлық ЖОО өкілдері, ҒЗИ, ҚР АШМ-нің АШТС және ТӨШ директорлары, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, профессорлық-оқытушылар құрамы, университеттің докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты. Отырысқа қатысушылар университеттің оқыту-ғылыми инфрақұрылымымен танысты, Агротехнологиялық Хабтың Қазақстан-Жапония, Қазақстан-Белорусь Республикасы, Агроинженерлік, Су, Қазақстан-Корея, Тұрақты егін шаруашылығы сияқты инновациялық орталықтары мен ғылыми зертханаларында, сондай-ақ ИИДМБ шеңберінде мамандар даярлауға арналған Ғылыми-зерттеу зертханаларында, АӨК-ті цифрландыру жөніндегі орталықта, коллекциялық бақта, инновациялық жылыжайда, Н. Назарбаев атындағы Білім беру және ғылым орталығында, «Аграрлық ғылымның, білім беру мен өндірістің интеграциясы» атты көрмеде болды. ЖОО ғалымдары ғылыми білімдерімен, озық тәжірибесімен және ғылыми-зерттеу жұмыстарын өндіріске енгізудің нәтижелерімен бөлісті. Көрмеде аграрлық білім беру мен ғылымның интеграциясы шеңберінде ғылыми зерттеулердің нәтижелері ұсынылды. Студенттер өздерінің стартап-жобаларын көрсетті. Осы күннің екінші жартысында көшпелі отырысқа қатысушылар Алматы облысына барып, Қарасай ауданының Алмалыбақ ауылындағы «Егін шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы Қазақ ҒЗИ» ЖШС-де болды, онда ЖШС басшылығымен және ұжымымен кездесті. Депутаттар Қазақстандағы қызылша шаруашылығының жай-күйімен және оны дамытудың перспективаларымен танысты, осы саланың проблемалы мәселелерін талқылады. Аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері Қарасай ауданының Қайнар ауылындағы Картоп өсіру шаруашылығы және көкөніс шаруашылығы Қазақ ҒЗИ-да болды. Институт қызметкерлері тамшылатып суару мен фертигация жүйелерін пайдалана отырып, көкөніс-бақша дақылдарын және картопты өсірудің инновациялық технологиялары туралы айтып берді. Көшпелі отырыс барысында отырысқа қатысушылар көпсалалы агрохолдинг «Байсерке-Агро» ЖШС-де және сүт пен балалар тағамының ірі өндірушісі болып саналатын «Амиран» Қазақ тамақтану академиясы» ЖШС зауытының «Амиран-Агро» сүт-тауар фермасында болуды жоспарлап отыр.
25.04.2018

Бүгін, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тәжірибеде жүзеге асырылуы» атты Аграрлық мәселелер Комитетінің тақырыптық отырысы өтті.

Отырысқа Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты қызметкерлері қатысты. Қазіргі жағдай туралы, сондай-ақ «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру барысында туындаған проблемаларды шешуге бағытталған жоспарланып отырған іс-шаралар туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Ахметов Еркебұлан Қартайұлы баяндап берді. Өз кезегінде депутаттар, мал шаруашылығы, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын және экологиялық таза өндіріс саласының ғаламдық қатысушысы атағына ие бола алатын маңызы бар стратегиялық бағыттардың бірі екеніне баса назар аударып, жүзеге асырылып отырған іс-шаралардың практикалық қажеттілігін және өзектілігін атап өтті. Атап айтқанда, түсіндірме жұмыстарын әлсіз жүргізуіне, заң нормаларының іске асыру құзырлы органның үстірт қарауына көрсетілді. Осыған байланысты заңның орталық және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде іске асыруы бойынша тәжірибелік жұмыстарды күшейту ұсынылды.
17.04.2018

Бүгін, «Қазақстан Республикасында қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсіру саласының нақты жағдайы, даму перспективалары және проблемалары» атты Аграрлық мәселелер Комитетінің тақырыптық отырысы өтті.

Отырысқа Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты қызметкерлері, Қазақстанның Ет Одағының өкілдері, мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институтының өкілдері, Қазақтың ақбас тұқымының республикалық палатасы және оның Батыс-Қазақстан, Ақтөбе облыстары бойынша өкілдіктері, Батыс-Қазақстан облысының әкімдігі және аграрлық бизнес өкілдері қатысты. Қазіргі жағдай туралы және қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсіру саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған жоспарланып отырған іс-шаралар жайлы ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Евниев Арман Қайратұлы баяндап берді. Саладағы өзекті мәселелер және осы мәселелерді шешу бойынша өз көзқарасын Қазақтың ақбас тұқымының республикалық Палатасының Атқарушы директоры Исабеков Қабыл Исабекұлы қосымша баяндамасында сөз етті. Сондай-ақ, Қазақтың ақбас тұқымының Республикалық Палатасының Батыс–Қазақстан және Ақтөбе облыстары бойынша Аймақтық өкілі Балқыбаев Мақсұт Кенжеұлы қосымша баяндамасымен сөз сөйледі. Өз кезегінде, депутаттар, аталған мәселенің өзектілігін атап өтіп, республикадағы қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсіру мәселелерін шешу үшін жүйелік көзқарасты жасап шығаруды, сонымен қатар келесі мәселелерді қарастыруды ұсынды: реттелген селекциялық -тұқымдық жұмыстарды ұйымдастыру; асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыру; «Республикалық мал шаруашылығы» және «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету; отандық асыл тұқымды мал өнімдерінің импортын дамыту; ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер үшін жемшөп базасының қолжетімділігін арттыру; аграрлық ғылымды және отандық кадрлар әлеуетін дамыту.
22.02.2018

Бүгін, 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің бастамасымен оның мүшелерінің және Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы жөніндегі сарапшыларының бір тобымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К. Божконың және Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Дүниежүзілік банк ауыл шаруашылығы секторындағы экономикалық зерттеулердің Бірлескен бағдарламасы шеңберінде экономиканың отандық аграрлық секторының мемлекеттік саясатына талдау жүргізді. Осыған орай, кездесу барысында Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы реформалары жөніндегі жетекші консультанты, ауыл шаруашылығы және ауылдық жерлерді дамыту жөніндегі экс-Еуропа комиссары Дачиан Чолошпен Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру мәселелерін, оның ішінде осы саладағы халықаралық тәжірибені, инновациялық қаржы құралдарын (аграрлық қолхаттар) енгізу, ауыл шаруашылығын цифрландыру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ілгерілетуді қоса алғанда, агробизнесті дамыту мәселелерін талқылады. Нәтижесінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының өзекті проблемалары бойынша қызықты әңгімелесу өтті, тараптар пікір алмасып, Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы жөніндегі сарапшыларымен белсенді ынтымақтасуды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
08.02.2018

Астана, 8 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Вице-спикер Владимир Божконың қатысуымен Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы шеңберінде табиғи монополиялар туралы Заң жобасының таныстырылымы өтті.

8 ақпан 2018 жылы А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының базасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысы өтті. Көшпелі отырысқа Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Карпович Божко, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанындағы Әлеуметтік кеңестің және Өңірлік саясат пен мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңестің мүшелері, Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А.К.Евниев, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрліктерінің, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің, қоғамдық бірлестіктер мен бизнес ортаның өкілдері қатысты. Комитеттің отырысында аграрлық ғылымды дамытудың өзекті мәселелері, коммерцияландыру және ғылым нәтижелерін өндіріске енгізу, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніне кадрлар даярлау проблемалары талқыланды. Ауыл шаруашылығы саласының инновациялық дамуы аграрлық ғылымның, аграрлық жоғары оқу орындары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тығыз ынтымақтасуына байланысты екені, ал бұл, өкінішке орай, әлі жеткіліксіз дамыған деп атап көрсетілді. Бұған аграрлық ғылымның АӨК субъектілерімен әлсіз өзара іс-қимылы, кадрлық ресурстардың жетіспеушілігі, бюджеттен бөлінетін қаржы қаражатының тиімсіз бөлініп игерілуі, ғылым қызметінің нәтижелерін өндіріске коммерцияландыру жүзеге асырылмайтыны әсер етеді. Өз кезегінде депутаттар талқыланған мәселелердің өзектілігіне назар аудара отырып, Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін шешуге көмектесетін ғылымның, білім берудің және ауыл шаруашылығы өндірісінің одан әрі интеграциясының қажеттілігін атап өтті. Отырыста айтылған ұсыныстарды ескере отырып, Комитет уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстарды әзірлейтін болады.
12.12.2017

Астана, 12 желтоқсан, Мәжіліс үйі. Бүгін, Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті төрағасы Омаров Сапархан Кесікбайұлының жетекшілігімен және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Божко Владимир Карповичтің қатысуымен ішкі және сыртқы нарықтарда 2017 жылғы астық өнімін өткізу мәселелері бойынша Комитеттің тақырыптық отырысы өтті.

Отырысқа ауыл шаруашылығы министрлігінің, ұлттық экономика министрлігінің, инвестициялар және даму министрлігінің жауапты қызметкерлері, «Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы», «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» Акционерлік қоғамдарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және аграрлық сектордың бизнес қауымдастығы шақырылды. Қазіргі жағдай туралы, сондай-ақ ішкі және сыртқы нарықтарда 2017 жылғы астық өнімін өткізудің мәселелерін шешуге бағытталған, жоспарланып отырған іс-шаралар туралы, отырысқа қатысушыларға ауыл шаруашылығы вице-министрі Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы баяндады. Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін астықтасығыш вагондармен қамтамасыз етудің мәселелері туралы атқарушы директор – Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы «Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының президенті Құлақов Оралхан Райханұлы сөйледі. Өз кезегінде, депутаттар, аталған мәселелердің шаруалар үшін көкейкестігіне тоқталып, мемлекеттік органдарға астықтасығыш вагондармен қамтамасыз етуді, ауыл шаруашылығы өнімдерінің темір жолмен тасымалдау тарифтерін төмендетуді, астық өнімін өткізу үшін шаруаларға көмек көрсету сынды мәселелерді жедел түрде шешу керек екендігін атап өтті. Аталған мәселелерді шешу аграрлық сектордың тұрақты жұмыс істеуі және еліміздің азық–түлік қауіпсіздігін айқындайтын, еліміз үшін стратегиялық маңызы бар астық нарығының дамуы тәуелді болып келеді.
10.11.2017

2017 жылғы 8 мен 10 қараша аралығында Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысының Ауылшаруашылығы және ауыл істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Го Гэнмаоның бастамасымен Қытай делегациясы жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында қытай делегациясы «Родина» Агрофирма ЖШС, «Астана» көліктік-логистикалық орталығында, «Continental Logistics» ЖШС болды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Праламенті Мәжілісінің орынбасары В:К: Божкомен, Аграрлық мәселелер комиетінің төрағасы С.К. Омаровпен және мүшелері А.О. Қоңыровпен, Ж.Қ. Дүйсубевпен, Б:Ж: Жылқышиевпен, С:Ә: Қаныбековпен, сонымен қатар ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен кездесу болды. Өткізілген іс-шараларда қазақстан-қытай қарым қатынастарындағы парламентаралық өзара іс-қимылдар мәселесі, қытай және қазақастан ауылшаруашылығы тауар өндірушілер арасындағы ынтымақтастықтың преспективалары талқыланды. Басты назарда Қазақстанның аграрлық секторына жаңа инвесторларды тарту, өсімдік және мал шаруашылығы саласында, сондай-ақ қайта өңдеу өнеркәсібіне озық технологияларды зерттеу болды Тараптар Қытай Халық Республикасы және Қазақстан Республикасы Парламенттерінің салалық комитеттері өкілдері арасындағы екі жақты тұрақты байланыстарды дамытуына ықылас білдірді.
19.10.2017

Бүгін Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Омаров Сапархан Кесікбайұлының төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төраға орынбасары Владимир Карпович Божконың қатысуымен «АӨК Цифрафизация ағымдағы жағдайы, кедергілер және перспективалар» атты комитететтің көшпелі отырысы өтті.

С. Сейфуллина атындағы Қазақ агротехникалық университеттің негізінде өткен іс шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мүдделі министрліктер мен ведомствалардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, отандық ғалымдар мен практиктер, Дүниежүзілік банктің өкілдері қатысты. Көшпелі отырыс барысында депутаттар робототехника зертханасы, ГИС-технологиялар орталығының жұмысымен танысып, нақты егіншілік аудиториясы мен университеттің ауыл шаруашылығы биотехнологиялар ғылыми зерттеу институтының көрмесін аралады. Отырыста агроөнеркәсіптік кешен саласы алдында тұрған сұрақтар мен мәселелер, цифрландыру және оны шешу жолдары талқыланды. Бұл ретте, депуттар АӨК-ді цифрландырудың маңыздылығын, оының бәсекеге қабілеттілігін арттыруын атап өтті.
21.09.2017

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысына көшпелі отырысының қорытындылары бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

2017 жылғы 21 – 22 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитеті «Жер заңнамасының өзекті мәселелері» атты тақырыпта Солтүстік Қазақстан облысында көшпелі отырыс өткізді. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ақсақалов Құмар Іргебайұлы, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев, Ауыл шаруашылығы министірлігінің жауапты қызметкерлері, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының жер қатынастары салсында әртүрлі деңгейдегі маман өкілдері, сонымен қатар агробизнес және азаматтық қоғам субъектілері қатысты. Комитінің көшпелі отырысында Жер реформасы жөнінде Комиссия қызметінің қорытыныдысы бойынша әзірленген және қазіргі уақытта Парламенттің қарауындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізі туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының нормалары талқыланды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қорғауға және тиімді пайдалануға бақылауды күшейту, жалға алушылардың жауапкершілігін арттыру, жер берудің, конкурс өткізудің өзекті мәселелері жан-жакты талқыланды. Бұдан басқа, пайдаланылмайтын, ұтымды пайдаланылмайтын немесе нысаналы емес мақсатта пайдаланылатын жерді түгендеу бойынша, жердің тозуына қарсы іс шараларды жандандыру, ауыл тұрғындарын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселелері ерекше назарға алында. Көшпелі отырыс барысында депутаттар «Базис Қызылжар» ЖШС, «Петерфельд Агро» ЖШС және «Фирма Алекри» ЖШС сиякты ауыл шаруашылық құрылымдарын аралап, олардың қызметі мен өндірісте қолданылатын технологияларымен танысты. Іс-шараның қорытындылары бойынша отырысқа қатысушылар аталған заң жобасымен жұмысты ұсыныс пен ескертпелерді ескере отырып жалғастыру туралы шешім қабылдады.
23.05.2017

Астана, 23 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасының басшылығымен Комитеттің агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау процестерін автоматтандыру мәселелері бойынша тақырыптық отырысы өтті.

Отырысқа Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Ақпараттық есептеу орталығы» Акционерлік қоғамы мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында жарияланған агроөнеркәсіп кешені саласындағы сандық технологияларды дамыту міндеттерін шешуге бағытталған ағымдағы жағдайы мен жоспарланған шаралары туралы ауыл шаруашылығы вице-министр Гульмира Сұлтанбайқызы Исаева депутаттық корпусты таныстырды. Заманауи сандық технологияларды АӨК-не енгізу мәселесі бойынша, субсидиялау процесін автоматтандыру форматына көшіру жөнінде «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Жанасыл Беғалыұлы Оспанов баяндап берді. Өз кезегінде, депутаттар аталған мәселенің өзектілігін атай келе, саладағы сандық технологияларды одан әрі енгізудегі түйіткілді мәселелерді талқылады.
24.04.2017

Бүгін Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы Сапархан Кесікбайұлы Омаровтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Карпович Божконың қатысуымен «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында ауыл шаруашылығы өндірісі тиімділігін арттыру үшін агробиотехнологияны қолданысқа енгізу» атты тақырыптағы көшпелі отырысы өттті.

ҚР БҒМ ҒК «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК (ҰБО) базасында өткізілген шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ЖОО өкілдері, ғалымдар мен практиктер қатысты. Көшпелі отырыс барысында депутаттар Ұлттық биотехнология орталығы зертханаларының және Ұлттық ұжымдық пайдаланымдағы биотехнология зертханасының ғылыми іс-әрекетімен танысты. Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Мірхайдарұлы Раманқұлов ауыл шаруашылығы биотехнологиясы саласындағы ҰБО-ның болашағы зор әзірлемелерімен және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру үшін оларды пайдалану мүмкіндіктерімен таныстырды. Бұл ретте, депутаттар аграрлық ғылым мен агробиотехнологияның АӨК-нің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маңызы зор екендігін, ғылым мен ауыл шаруашылығы өндірісінің тығыз интеграциясы, саланы сапалы кадрлармен қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.
20.04.2017

Бүгін Мәжілісте Аграрлық мәселелер комитеті төрағасы Сапархан Кесікбайұлы Омаровтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Карпович Божконың қатысуымен Қазақстан Республикасының «Астық туралы» Заңындағы электрондық астық қолхаттарының айналымын және олардың айналысын енгізу бөлігін жүзеге асыру, сондай-ақ бидай мен арпаны биржалық сату мәселелері туралы Аграрлық мәселелр комитетінің тақырыптық отырысы өтті.

министрліктерінің, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ақпараттық-есептеу орталығының, Биржалық ассациациясының, Астық одағының және Қазақстан Фермерлер одағының жауапты қызметкерлері қатысты. Электрондық астық қолхаттарын айналымға енгізу мәселесінің ағымдағы жағдайы жөнінде депутаттық корпусқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қ.Қ. Айтуғанов баяндады, ол осы бағытта министрлік жүргізіп жатқан жұмыс жайлы егжей-тегжейлі айтып берді. «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Жанасыл Бегәліұлы Оспанов өзінің қосымша баяндамасында электронды сауда-саттық алаңдарында астықты сату артықшылығын және астық нарығына қатысушылар үшін астық қолхаттарының ақпараттық жүйесі мүмкіндіктерін сипаттап айтты. Қорытындысында, астық нарығының дамуына, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің шығындарының қысқартылуына астық қолхаттың құжатсыз нысанының енгізілунің маңызды рөлін отырысқа қатысушылар атап өтті, бұл тұтастай алғанда астық қолхаттарының айналымының, осындай төлем құжаттарымен айла-әрекеттерді жасауға тәуекелдерді азайтуға, сондай-ақ астық қабылдау кәсіпорындарында астықтың болуы және қозғалысы мониторингін жүргізу ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
16.03.2017

Бүгін Аграрлық мәселелер комитеті төрағасы Сапархан Омаровтың басшылығымен Мәжілісте «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» 100 қадамның - Ұлт жоспарының 34-қадамын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелерін талқылау жөнінде тақырыптық отырыс өтті.

Отырыста Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ұлттық экономика министрлігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, өңірлер өкілдері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы эксперттер мен практиктер қатысты. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ағымдағы жағдайды депутат корпусына Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов таныстырды, ол экономиканың әртүрлі саласына инвестиция тарту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік әлеуетін пайдалану жөнінде министрліктің жүргізіп отырған жұмысы туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Ким Роман Ухенович өзінің қосымша баяндамасында «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының проблемалық мәселелері мен іске асырудағы перспективалары жөнінде сөз қозғады. Одан басқа, Ақмола облысындағы мектепке дейінгі білім беру және Ақтөбе облысындағы денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асырудығы практикалық тәжірибелерді өңірлік өкілдер депутаттарға ұсынды. Нәтижесінде, отырысқа қатысушылар ел экономикасына кең ауқымды инвесторлар тарту саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің маңызды рөлін атап өтті және тиісті уәкілетті органдарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік заңнамасын іс-жүзінде қолдану бойынша жұмысты жандандыру тапсырылды.
02.03.2017

Астана, 2 наурыз. Бүгін Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы Сапархан Кесікбайұлы Омаровтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Карпович Божконың қатысуымен «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында ауыл шаруашылығы өндірісіне инновациялық технологияларды, өсімдік сұрыптарын және ауыл шаруашылығы малдарының тұқымдарын енгізу» атты тақырыптағы көшпелі отырысы өтті.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті базасында өткізілген шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, коммерциялық емес білім беру орталықтарының өкілдері, ғалымдар мен практиктер қатысты. Көшпелі отырыс барысында депутаттар зертханаларды, тәжірибелік-эксперименттік платформаларды және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ауыл шаруашылығы биотехнологиясы ғылыми-зерттеу институтын аралады. Талқылау барысында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес АҚ Басқарма Төрағасы Наметов Асқар Мырзахметұлы Қазақстанның АӨК-нің инновациялық дамуына жәрдемдесуі жөніндегі ұйымның қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Өз кезегінде, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқарма Төрағасы Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы депутаттық корпусты Университеттің сала мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламасымен, сондай-ақ оны аграрлық Зерттеу университетіне реформалаумен таныстырды. Бұл ретте, депутаттар аграрлық ғылым мен жаңа технологиялардың АӨК-нің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы өте маңызды рөлін, ғылым мен ауыл шаруашылығы өндірісінің тығыз интеграциясының, саланы сапалы кадрлармен қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.
31.01.2017

Бүгін «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» 100 қадам – Ұлт жоспарының өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспортын қамтамасыз ету жөніндегі 55-қадамын іске асыру бөлігінде фитосанитариялық қауіпсіздік және өсімдіктер карантині мәселелері жөніндегі Аграралық мәселелер комитетінің тақырыптық отырысы болды.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты қызметкерлері қатысты. Елдегі фитосанитариялық жағдай туралы, өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы іс-шаралар туралы негізгі баяндамамен министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Ержан Айнабеков сөз сөйледі. Қосымша баяндамамен Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаментінің директоры Азамат Хамиев сөйледі. Өз кезегінде фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы проблемалық мәселелерге Мәжіліс депутаты, Комитет мүшесі Мұрат Теміржанов тоқталып өтті. Аталған іс-шараны өткізу барысында фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру, карантиндік объектілердің және аса қауіпті зиянды организмдердің республика аумағында таралуының алдын алу, карантиндік фитосанитариялық қызметтерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, саланы кадрлармен қамтамасыз ету, өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі өзекті мәселелер қаралды. Сонымен қатар, карантинге жатқызылған өнімдерді экспорттау мәселелрі талқыланды.
10.11.2016

Астана, 11 қараша, Парламенті үйі. Бүгін Мәжілісте Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаровтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама тұжырымдамасы жобасын және «Агробизнес-2020» бағдарламасының іске асырылу есебін талқылау бойынша Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Божко Владимир Карпович, экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының профильдік Комитеті мүшелері, сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші вице-министрі Айтуғанов Қайрат Қапарұлы, «ҚазАгро» Ұлттық Басқару Холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Мұхамедиева Айгүл Стаханқызы және министрліктің, Холдингтің басқа да жауапты қызметкерлері, үкіметтік емес секторлар өкілдері және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Агробизнес-2020» бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру есебі бойынша, сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама тұжырымдамасы жобасы бойынша депутаттық корпусты Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші вице-министрі Қ.К. Айтуғанов таныстырса, «ҚазАгро» Ұлттық Басқару Холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары А.С.Мұхамедиева «Агробизнес-2020» бағдарламасының жекеленген бағыттары бойынша қаржыландыру есебі бойынша ақпарат берді. Өз кезегінде, депутаттық корпус әзірленген мемлекеттік бағдарлама саланы дамытуда елеулі орын алатынын және оның мақсаты еліміздің экономикасын дамыту екенін атап өтті. Отырыс қорытындысымен, ұсынылған тұжырымдама ережесіне қатысты, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қосымша анықтауға болатын бірқатар ескертпелер мен ұсыныстар жолданды.
14.10.2016

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің Ақмола облысындағы көшпелі отырысының қорытындылары бойынша БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асыру бойынша екінші сессияға арналған Негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылғы 13-14 қазанда Ақмола облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау шеңберінде көшпелі отырыс өткізді. «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында болған іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті аумақтық инспекцияларының, облыстар әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ ғылыми орта, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, орман пайдаланушылар мен жануарлар дүниесін пайдаланушылар қатысты. Отырысқа қатысушылар жоғарыда көрсетілген заң жобасының нормаларын практикалық тұрғыдан жақсарту бойынша өз ұсыныстарын айтты. Сонымен бірге көшпелі отырыс барысында депутаттар Астана қаласы жасыл аймағының объектілері мен «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болды, «Республикалық орман селекциялық орталығы» РМҚК ағаш өсімдіктерін микроклонды әдіспен көбейту зертханасының қызметімен танысты. Іс-шараның қорытындылары бойынша отырысқа қатысушылар айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, аталған заң жобасымен жұмысты одан әрі жалғастыруға шешім қабылдады.
06.10.2016

Астана, 6 қазан, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісте Аграрлық мәселелер комитеті мен Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің «Министрліктер мен бағынысты ұйымдардың жұмысында ақпараттық технологияларды (IT-технология) пайдалану үшін қабылдайтын шешімдерді және ақпараттық технологиялардың әлемдік көшбасшыларының жұмысындағы тәжірибелердің өндірістік үдерістерін жылдамдату» тақырыбында бірлескен кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа депутаттар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты қызметкерлері және «Softline» компаниясының өкілдері қатысты. Ақпараттық технологиялардың әлемдік көшбасшыларының жұмысындағы тәжірибелердің өндірістік үдерісі жайында «Softline Kazakhstan» компаниясының директоры А.Дю және Бизнес-консалтинг департаменті директорының орынбасары М.Мельситов (Мәскеу қаласы) таныстырды. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Б.Аймбетовпен ауыл шаруашылығы саласында ақпараттық технологияларды (IT-технология) пайдалану мүмкіндігін баяндалды. Өз кезегінде, депутаттар аграрлық саланы дамыту үшін инновациялық технологияларды қолдану қажеттігін атап өтіп, алдағы уақытта бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін дамытудың нақты шараларын айтты.
06.10.2016

Бүгін Мәжілісте Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаровтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасындағы балық шаруашылығының жағдайы және дамыту мәселелері» тақырыбында Комитеттің тақырыптық отырысы өтті.

Отырысқа Парламент депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты қызметкерлері және басқа да уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерлер, үкіметтік емес секторлар өкілдері, оның ішінде ассоциациялар, отандық ғалымдар мен практиктер, қоғам қайраткерлері және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Балық шаруашылығы саласының ағымдағы жағдайымен депутаттық корпусты Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Нысанбаев Ерлан Нұралыұлы таныстырып, саладағы уәкілетті органның құзіретін, балық өнімдері нарығын толыққанды айтты. Сонымен қатар, балық шаруашылығын тоғандарымен бекітудегі сұрақтар мен өзекті мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын ұсынды. Өз кезегінде, депутаттар отандық балық шаруашылығы саласын дамытудың өте үлкен әлеуеті бар екендігін атап өтіп, алдағы уақытта балық шаруашылығы саласын дамытудың нақты шараларын айтты. Бұдан басқа, саладағы отандық мамандардың терең ойлары тыңдалып, сонымен қатар, шаруашылықтың осы қызметін дамытуды тежейтін өзекті мәселелерді назарға салды. Отырыс қорытындысымен, іс-шараның өту барысында айтылған әртүрлі көзқарастар негізінде Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиісті ұсыным жіберілді.
22.09.2016

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің Жамбыл облысына көшпелі отырысының қорытындылары бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

2016 жылғы 21 – 22 қыркүйек аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитеті Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашы болған «Жайылымдар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын талқылау мақсатында Жамбыл облысына көшпелі отырыс өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Жамбыл облысының әкімінің орынбасары А.Т. Нұралиев, Ауыл шаруашылығы министірлігінің жауапты қызметшілері, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері, атап айтқанда - аудандар мен ауылдық округтердің әкімдері, әртүрлі деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, сондай-ақ ғылыми ортаның, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері, әкімдіктердің мамандары мен мен агробизнес субъектілері атсалысты. Комитеттің отырысында жайылымдық жерлерді жоспарлауға, реттеуге және пайдалануға қатысты көрсетілген заң жобаларының нормалары талқыланды, оның ішінде республиканың оңтүстік өңірінде жайылым ресурстарының ағымдағы жай-күйі мен пайдаланылуы мұқият қаралды. Отырысқа қатысушылардың көптеген сұрақтарына Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы – С.К. Омаров және жұмыс тобының жетекшісі әрі заң жобаларының бастамашысы – депутат Ж.Қ. Дүйсебаев жауап берді. Одан әрі көшпелі отырыс барысында депутаттар өңірдегі шаруашылықтарға барып, «Құдайберген Датқа» шаруа қожалғының және «Агростанфермс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысты, бұл шаруашылықтар өз жұмысында мал шаруашылығы өнімін өндіру және мал басын ұлғайту саласында қазіргі заманғы озық технологияларды пайдаланады. Іс-шараның қорытындылары бойынша отырысқа қатысушылар аталған заң жобаларымен жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылдады.
13.06.2016

2016 жылғы 13 маусымда «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша С.К.Омаровтың төрағалығымен Аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте және Палатаның жалпы отырысында қарау үшін Бас комитеттің аталған заң жобасына енгізген ұсыныстары мен қорытындысы депутаттармен қабылданды.
01.06.2016

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінде агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау жүйесінің тиімділігі талқыланды. Іс-шараға Парламент депутаттары, оның ішінде Парламент Мәжілісінің төрағасы Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов, Мәжілісінің төрағасының орынбасары Владимир Карпович Бажко, уәкілетті мемлекетті органдар өкілдері, мемлекеттік ұйымдар – «ҚазАгро» Ұлттық Басқару Холдингі» АҚ, сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар – «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, «Қазақстан Фермерлер Одағы» ЗТБ, «Қазақстан құс өсірушілер одағы» ЗТБ, «Қазақстанның ет одағы» ЗТБ, агроқұрылымдар және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша негізгі баяндаманы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Көшербаев Ермек Беделбайұлы жасап, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесі жөнінде уәкілетті мемлекеттік органның ұстанымын баяндады. Сонымен қатар, талқылау барысында Ауыл шаруашылығы министрі Мырзахметов Асқар Исабекұлы ағымдағы мемлекеттік қолдау шараларын, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы салаларындағы субсидияларды, мемлекеттік қолдаудың барлық бағыттары бойынша жасалынған талдауларға тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді. Өз кезегінде, талқыланған мәселе бойынша Депутаттық корпус отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қажетті, міндетті мемлекеттік қолдау шаралары аясында қолжетімділік пен тиімділікті арттыру жөнінде өз ұстанымын жеткізіп, жалпы агроөнеркәсіптік кешендегі субъектілерді қолдау саласында мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша кешенді шара жасау қажеттігін айтты. Іс-шараға қатысушылар агротехнологиялар мен заман талабына сай ауыл шаруашылығы техникаларын кеңінен тиімді пайдалану және ғылыми жетістіктерді қолдану негізінде ауыл шаруашылығында қарқынды тәсілдерді енгізуге берілетін мемлекеттік қолдаулар бүгінгі күннің ерекше өзектісі болып табылатыны жөнінде ой-пікірлерін жеткізді. Сонымен бірге, саланың еңбек өндірісін арттыру субсидия төлеудің ең басты шарты болуы қажет екендігін атап өтті. Осылайша, ауыл шаруашылығындағы субсидиялауды талқылау барысында пікір-талас жүргізіліп, аталған мәселе бойынша әртүрлі ойлар тыңдалып, қорытындысымен Үкіметке және уәкілетті мемлекеттік органға алдағы кезеңде агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау саласында мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсынымдар жіберу қабылданды.
19.05.2016

2016 жылғы 19 мамырда Аграрлық мәселелер комитеті мүшелері бас қаладан 70 шақырым қашықтықтағы Ақмола облысы Целиноград ауданы аумағында орналасқан «Родина Агрофирмасы» ЖШС барып қайтты.

«Родина Агрофирмасы» тұрғындарының жалпы саны 1 800 адамды құрайтын Родина, Зеленый-Гай және Садовое атты 3 селодан тұратын республикалық деңгейдегі үлгілі ауыл шаруашылығы кәсіпорыны болып табылады. Сапар барысында депутаттар шаруашылықтың село тұрғындары сұраныстарын қаматасыз ететін жидектер мен көкөністер өсіруші бақтар мен бақшаларда болды. Қолда бар материалдардан салынған парник шаруашылықтың өзін жидектер және көкөністер көшеттерімен ғана емес, сонымен қатар шаруашылық аумағын көгалдандыруға да үлкен үлес қосып отыр. Мұнда сондай-ақ жеміс-бақша дақылдарын ғана емес, сонымен қатар өзге де жас көшеттерге мамандандырылған өз тәлімбағы бар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорынының бас директоры И.А.Сауэр депутаттарды кәсіпорынның негізгі құрал-жабдықтарымен таныстырды. Осылайша депутаттар 20 000 тонна астықты сақтауға және кептіруге арналған астық терминалын, ішінде ұдайы жаңартылып отыратын заманауи жоғары технологиялық, көлемді жүк тасушы құралдары, егу және астық жинаушы кешендері, қызметтік және арнайы машиналары қойылған машиналар тұрағын қарап шықты. Оның үстіне И.А.Сауэр депутаттарды қорадағы малды бос жіберу жолымен жаңа технология қолдану арқылы қазмет көрсету пресоналы үшін еңбек жағдайы барынша жеңілдетілген 800 және 1000 бас сиырға арналған заманауи сиыр қораларының жұмысымен сондай-ақ, «Карусель» және «Елочка» атты заманауи сиыр сауатын қондырғылармен қамтылған сүт-мал шаруашылығы кешенімен таныстырды. Депутаттар 2012 жылы іске қосылған сүт зауытын аралады, онда жоғары технологиялық қондырғылар пайдаланылады және қуаты тәулігіне 50 тонналық шикізатты қайта өңдеудегі алдыңғы қатарлы еуропалық технологиялары пайдаланылады, сонымен бірге сүт өнімдерінің барлық түрлері шығарылады. Шаруашылықта әлеуметтік саланы дамытуға назар аударылады. Осылайша селодағы шаруашылық көшелері заманауи көше жарықтарымен, тұрғын үйлер орталық жылу жүйесімен қамтылған, барлық орталықтағы көшелер асфальтталған. Шаруашылық басшылығы қабылданған «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңы аясында село көшелері мен оның маңындағы орналасқан аймақты асфальттауды жоспарлап отыр. Библиотека, сұлулық салоны, православтық храм, стпорттық және ойын кешендері бар мәдени-демалыс паркі салынған. «Родина» ЖШС Агрофирмасының балансында Балалар жасөспірім спорт мектебі мен Балалар музыка мектебі, жабық хоккей корты бар. Бала бақшасы, сауда орталығы, наубайхана, ресторан, «Эверест» кафесі, монша-кір жуу комбинаты жұмыс істейді. Агрофирма «Родина» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жастарға арналған үй құрылысына қатысады Шаруашылықта тұратын жекебасты қарттар да назардан тыс қалмаған. Олар толығымен шаруашылық еншісіндегі медицина персоналының бақылауында болатын ардагерлер үйінде тұрады. Депутаттар бұл шаруашылықта ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру тәжірибесі жақсы жолға қойылғанын, әлеуметтік саланың дамығанын, сондай-ақ, село тұрғындары мен оның отбасы мүшелерінінің өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасалғанын ерекше атап өтті.
17.05.2016

Астана. 17 мамыр. Мәжіліс үйі

Бүгін Мәжілісте Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаровтың жетекшілігімен, Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божконың қатысумен Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген фермерлер кооперациясы процесіне бөгет жасайтын кедергілерді жою бойынша міндеттер тұрғысынан «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру жөнінде кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Парламент депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен басқа да атқарушы органдар өкілдері, «КазАгро» Ұлттық Басқару Холдингі» АҚ-ның жауапты қызметкерлері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы өкілдері, сонымен қатар, Қазақстан Фермерлер Одағы және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірікккен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Ермек Көшербаев өзінің баяндамасында ауыл шаруашылығы кооперациясының ағымдағы жағдайын, министрлік пен әкімдіктерде қабылданған шаралар, өткізілген іс-шаралар, оның ішінде түсіндіру жұмыстарын, сонымен қатар, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді біріктіру процесіне бағытталған өңірлерде құрылған пилоттық жобалар бойынша депутаттарға баяндап берді. Өз кезегінде кооператив жетекшілері бүгінгі күні кооперативтерді құру мен дамытуға кедергі келтіріп жатқан өзекті мәселерді, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арнайы салық режимін қолдану қиыншылықтарын, сонымен қатар, салықтық жеңілдіктерді пайдалану құқығын жүзеге асыруы, кооперативтердің айналысатын қызмет түрлерінің заңнамалық деңгейде шектелуін баяндады. Көтерілген сұрақтар бойынша құзыреттілігіне қарай, Қаржы және Ұлттық экономика министрлігінің жауапты қызметкерлерінің пікірлері тыңдалды. Депутаттық корпус қабылданған Заңның маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталып, заңнамалық актіні тәжірибеде іске асыру бөлігіне қатысты, бұрын ойластырылған дұрыс идеялардың тәжірибеде қолдануда бұрмаланатынына қауіптенетіндігін айтты. Осыған орай, талқылаулар барысында айтылған түрлі көзқарастар негізінде және әкімшілік әдістердің фермерлерге кооперацияны дамытуға қолжетімсіздігін назарға алып, уәкілетті мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтарға отырыстағы өзекті мәселелер бойынша келісілген ұстаным, шешу жолдарын анықтау және іске асыру механизімін жасауға ұсыныс берілді. Кеңейтілген отырыс қорытындысымен Аграрлық мәселелер комитеті Министрлікке тиісті ұсыныстарды жолдайтын болады.
19.04.2016

2016 жылғы 19 сәуірде Аграрлық мәселелер комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К. Божконың және уәкілетті орган өкілдерінің: ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Н. Нысанбаевтың, Су ресурстары комитетінің төрағасы И.А. Әбішевтің қатысуымен Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін қабылданған 2014 – 2020 жылдарға арналған Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыста елдің су шаруашылығындағы өзекті проблемалар, экономиканың су секторының даму перспективасы жөнінде сөз қозғалып, мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйі, мемлекеттік бағдарламаның жекелеген бағыттарын іске асыру, гидромелиорациялық жүйелерді пайдалану және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру және олардың өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері депутаттардың сауалдарына толық жауап беріп, жекелеген аспектілерді қосымша зерттеу мен талдау жүргізу үшін өз назарына алды. Отырыстың нәтижесі бойынша депутаттар ауылдық су пайдаланушыларды сумен қамтамасыз етудің көкейкесті проблемаларын шешу үшін ұсыныстар енгізді.