Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Комитеттер отырысы

04.04.2024

2024 жылғы 4 сәуірде «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметінің өзекті мәселелері» тақырыбында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің тақырыптық отырысы өтті. Отырысты Комитет төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов жүргізді. Депутаттар алдында «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі А.А.Баққожаев, Ұлттық экономика вице-министрі Б.А.Құдайбергенов, сондай-ақ «Astana» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Б.С.Баймұқаш және «Kokshe» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы С.Т.Сыздықов баяндама жасады. Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2021 жылғы 25 ақпандағы бесінші отырысында Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (бұдан әрі - ӘКК) жұмысын толыққанды институттарға айналдыра отырып, оларды қайта форматтауға тапсырма бергендігін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өкілі өз баяндамасында айтып өтті. Талқылау барысында депутаттар мен ӘКК өкілдері тарапынан Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметінің тиімділігі, орындалатын функциялардың бытыраңқылығы, ашықтық және есептілік мәселелері көтерілді. Талқылау нәтижелері бойынша Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін реттейтін, олардың функциялары, міндеттері, жұмыс істеу тетіктері айқын айқындалған, толыққанды өңірлік институтқа айналдыру мақсатында заң әзірлеу қажеттілігі туралы шешім қабылдады.
05.12.2023

2023 жылғы 5 желтоқсанда Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің «Мүгедектігі бар адамдар үшін көлік инфрақұрылымының барлық түрлерінің қолжетімділігі» тақырыбында тақырыптық отырысы өтті. Отырысты Комитет төрағасы Сабильянов Нұртай Салихұлы жүргізді. Депутаттар алдында Көлік вице-министрі М.Қ. Қалиақпаров, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Д. Оспанов, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әлмағамбетов Қанат Есмұханұлы баяндама жасады. Көлік министрлігінің өкілі өз баяндамасында мүгедектігі бар адамдардың толыққанды және белсенді өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында нормативтік базаны жетілдіру бойынша жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті. Мүгедектігі бар адамдарды қолдау және оларды қоғамға тарту жөніндегі шаралар жан-жақты болып табылатыны және олармен барлық мемлекеттік органдар айналысатыны туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі өз баяндамасында айтып өтті. Вокзалдарда, жолаушылар тасымалында мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру, сондай-ақ осы саладағы басым міндеттер туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілі баяндады. Отырыс барысында Комитет депутаттары мүгедектігі бар адамдар үшін көлік инфрақұрылымының барлық түрлерінің қолжетімділігінің өзекті мәселелерін және көтеріліп жатқан мәселені одан әрі дамыту мәселелерін көтерді.
28.11.2023

Бүгін Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде «Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген «Дарбаза-Мақтаарал», «Аягөз-Бақты», «Достық-Мойынты» ірі теміржол жобаларын іске асыру барысы туралы» тақырыбында тақырыптық отырыс өтті.

Отырысты Комитеттің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов жүргізді. Отырыста Қазақстан Республикасы Көліквице-министрі Сатжан Әйтенұлы Аблалиевбаяндама жасады. Бұл жобаны талқылауға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Қанат Есмұханұлы Әлмағамбетов те қатысты. Отырыс барысында Комитет депутаттары ірі теміржол жобаларын іске асырубойынша өзекті мәселелерді көтерді.
26.09.2023

2023 жылғы 26 қыркүйекте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің «Экспортты ынталандыру және «Kazakhexport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ компаниясының базасында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында барлық қажетті құралдарды шоғырландыра отырып, экспортты ілгерілетудің толыққанды институтын құру мәселелері. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ қызметі туралы» тақырыптық отырысы өтті. Отырысты Комитет төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов жүргізді. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Аслан Ермекұлы Калигазин депутаттар алдында баяндама жасады. Отырысқа Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Қалмұкаметұлы Төребаев және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Үсен Асқарұлы Ғалым қатысты. Тақырыптық отырыс барысында депутаттар экспорттаушы кәсіпорындарға сыртқы сауда операциялары кезінде сақтандырушылық қорғауды төлемей қою тәуекелінен, экспорттық циклдің барлық кезеңдеріндегі қауіпсіздік кепілдіктерін, шикізаттық емес экспортты дамыту мен ілгерілетуді, компания қызметінің негізгі көрсеткіштерін және басқаларын ұсынуға қатысты өзекті мәселелерді көтерді.
27.06.2023

«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтың №1 индустриялық паркі аумағында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің көшпелі отырысы.

2023 жылғы 27 маусымда «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) №1 индустриялық паркі аумағында Комитеттің көшпелі отырысы өткізілді. Отырысқа «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС өкілдері, сондай-ақ АЭА аумағында орналасқан бірқатар кәсіпорындардың басшылары қатысты. Отырыс барысында депутаттар «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймақты дамыту мәселесін талқылады. «Astana Invest» ҚИДО» ЖШС Басқарма төрағасы А.М. Нигматов депутаттарды АЭА қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, аймақты одан әрі даму перспективалары туралы айтып берді. Сондай-ақ, депутаттар «Единый консолидирующий центр» ЖШС резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру зауыты, «Digital system service» ЖШС модем шығару зауыты, «ATM Construction & Investment» ЖШС көпсалалы зауыты, Orbis Heavy Machinery автокөлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт, ModeX құрылыс зауыты сияқты кәсіпорындарға барып, олардың қызметімен танысты,. Кәсіпорындардың қызметімен танысу барысында «Даму» КДҚ» АҚ Басқарма төрағасы Г.А. Бурибаева отандық тауар өндірушілерге, оның ішінде барған бірқатар кәсіпорындарға көрсетілетін қаржылық қолдау шаралары туралы айтып берді. Кездесу барысында депутаттар еліміздегі шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
26.06.2023

Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымның бірінші сессиясына арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылғы 26 маусымда Комитеттің «Инвестициялық жобаларға жер учаскелерін алу тетігін қайта қарау» тақырыбында тақырыптық отырысы өткізілді.

Отырысқа сыртқы істер, ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы министрліктерінің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Инвестициялық жобаларға жер учаскелерін берудің ағымдағы жағдайы туралы Сыртқы істер вице-министрі А.А. Айдаров негізгі баяндама жасады.Осылайша, инвестицияларды тарту кезінде бірқатар кедергілер бар, бұл өңірлерде шағын және орта бизнестің толық дамуына мүмкіндік бермейді. Депутаттар өңірлерде, әсіресе ауылдық елді мекендерде инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін белсенді талқылады. Сонымен бірге, депутаттар орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, сондай-ақ бизнес қоғамдастық өкілдері, атап айтқанда шағын және орта бизнес өкілдері инвестициялық жобаларға жер учаскелерін беру тетіктерін реттеу үшін бірлесіп жаңа тәсілдерді әзірлеуі тиіс деген ұсыныстар айтты. Сонымен қатар, депутаттар еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде ұсыныстар айтты. Өз кезегінде депутаттар да осы жұмысқа қатысуға және пәрменді тетіктерді әзірлеу үшін бар күш-жігерін салуға дайын.
15.06.2023

2023 жылғы 15-17 маусым Қостанай облысында (Арқалық қаласы) Парламент Мәжілісі депутаттары тобының «Өңірдің инфрақұрылымын дамыту мәселелері»тақырыбындағы көшпелі отырысы

VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың бірінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылғы 15-17 маусымда Қостанай облысында (Арқалық қаласы) «Өңірдің инфрақұрылымын дамыту мәселелері» тақырыбында Парламент Мәжілісі депутаттары тобының көшпелі отырысы өтті. 2023 жылғы 15 маусымда Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ министрліктер мен ведомстволардың өкілдері Амангелді ауданының Қарынсалды ауылында байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жобаның іске асыру барысымен, Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаскедегі автожолға жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сондай-ақ Арқалық қаласының Ашутасты ауылындағы Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының базасында ғылымды қажетсінетін аумақтарды дамыту мәселелері бойынша жиналыс өткізілді. 16 маусымда Мәжіліс депутаттары Арқалық ЖЭО қызметімен танысты. Сондай-ақ, Арқалық қаласы әкімінің, өңір жұртшылығының, сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен көшпелі отырыс өткізілді. Негізгі баяндамалармен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникация комитеті төрағасының орынбасары, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары сөз сөйледі. Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар министрліктер мен ведомстволар өкілдеріне ауылдық өңірлерге жоғары жылдамдықты интернетті жеткізу мәселелерін шешу бойынша жұмысты жалғастыру туралы, сондай-ақ жол құрылысын уақтылы және сапалы аяқтауды қамтамасыз ету туралы ұсынымдарын айтты. Ағымдағы жылдың 17 маусымында депутаттар «KamLitKZ» ЖШС-де ішкі жану қозғалтқыштары мен жетекші көпірлердің компоненттеріне арналған шойын құймаларын дайындау бойынша екі заманауи өндіріс құрылысының барысымен танысты, сондай-ақ «СарыарқаАвтоПром» ЖШС алаңында Еңбек нарығын дамытудың кешенді жоспарын және машина жасау кластерін дамыту мәселелерін талқылады.
06.06.2023

2023 жылғы 6 маусымда Комитеттің «Әуе және теміржол тасымалдарында, оның ішінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін тариф белгілеу мәселелері туралы» атты тақырыптық отырысы өткізілді.

Отырысқа Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ, «SKAT», «Эйр Астана», «Qazak Air» авиакомпанияларының және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ өкілдері қатысты. Отырыстың басында Парламент Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Е.Т. Әбдиевтің қатысуымен мүгедектігі бар адамдар мен олармен бірге жүретін адамдар үшін жоғарыда аталған авиакомпанияларға арналған билеттердің нақты бағасы туралы бейне-ролик көрсетілді. Депутаттар авиарейстерге билеттердің құнын талқылаудан басқа, авиарейстердің жүйелі түрде ұшып шығуын кідірту, әуежай ғимараттарында мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруы бойынша қиындықтары бар жолаушыларға қызмет көрсету, амбулифтілердің болмауы, арбадағы жолаушылар үшін әуе кемелерінің бейімделмеуі және жалпы әуе көлігімен жүріп-тұру кезінде арбадағы мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз ортаның болмауы мәселелерін көтерді. Теміржол тасымалдаушысына да сын айтылды. Сонымен қатар, басқа мемлекеттердің әуе кемелерінің «аспанды пайдалану» шетелдік тәжірибесіне ұқсас осы авиакомпаниялардың монополиялылығы мен бәсекеге қабілеттілігі мәселелері және қаралып отырған қозғалыс салаларының басқа да өзекті проблемалары айтылды.
06.06.2023

2023 жылғы 6 маусымда Комитеттің «Тұрғын үй саясатын іске асыру туралы» (Қолжетімді тұрғын үй: ағымдағы ипотекалық бағдарламаларды жетілдіру, проблемалар және оларды шешу жолдары. Мүгедектігі бар адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету)» атты тақырыптық отырысы өтті. Депутаттар алдында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі А.Ө. Бейспеков, «Отбасы Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Л.Е. Ибрагимова баяндама жасады.

Отырысқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Дүйсебайұлы Оспанов та қатысты. Тақырыптық отырыс барысында депутаттар тұрғын үйге қолжетімділіктің, ипотекалық бағдарламаларды жетілдірудің және мүгедектігі бар адамдарды, атап айтқанда, кезектілікке сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз етілетін адамдар санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жеңілдікті қарыздар беру, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу немесе сатып алу есебінен тұрғын үй мәселелерін шешу, тұрғын үй саясатын реформалаудың жаңа тәсілдері, мүгедектігі бар адамдарға жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау барысында осындай адамдардың кірістерін есептеу кезінде мүгедектігі бар адамдарға төленетін кез келген мемлекеттік төлемдерді есепке алмау мәселелерді көтерді.
06.06.2023

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 29 наурызда VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында белгілеген міндеттерін іске асыру мақсатында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті 2023 жылғы 6 маусымда «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС (бұрын – «Біріккен химиялық компания» ЖШС) жаңа технологияларды енгізу, өндірісті оқшаулау және жаңа жұмыс орындарын құру, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өнім көлемін ұлғайту жөніндегі міндеттері бойынша қызметінің тиімділігі» атты кеңейтілген тақырыптық отырыс өткізді.

Депутаттар алдында «Samruk Kazyna Ondeu» ЖШС Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры ОРАЗАЛИЕВ Жандос Бақбергенұлы және «Samruk Kazyna Ondeu» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары ШЕРАЛЫ Мейір Нұртайұлы баяндама жасады. Комитеттің тақырыптық отырысына Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі ОСПАНОВ Ілияс Есетұлы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ АҚ, «Samruk Kazyna Ondeu» ЖШС, «Қазақстан химиктер одағы» Заңды Тұлғалар Бірлестігі өкілдері қатысты. Тақырыптық отырыс барысында депутаттар «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-Ауқат Қорының еншілес компаниясы болып табылатын «Samruk Kazyna Ondeu» ЖШС-нің қызметі туралы ақпарат тыңдалып, депутаттар сұрақтар қойып өз ұсыныстарын айтты. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұсынымдар берілді.
30.05.2023

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде «Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағын дамыту» тақырыбында тақырыптық отырыс өтті.

Отырысты Комитеттің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов жүргізді. Отырыста Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Бақытұлы Омарбеков баяндама жасады. Басқа да мемлекеттік органдарының өкілдері сөз сөйледі. Комитеттің тақырыптық отырысына Ұлттық экономика министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Қаржы министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің өкілдері қатысты. Отырыс барысында Комитет депутаттары шекара аумағын дамыту бойынша өзекті мәселелерді көтерді.
23.05.2023

«Автомобиль жолдарының жай-күйі мен дамуы туралы» тақырыбы бойынша Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің тақырыптық отырысы өткізілді. Отырысты Комитеттің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов жүргізді. Депутаттар алдында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Серікболұлы Ыдырысов баяндама жасады. Комитеттің тақырыптық отырысына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, Жол активтері сапасының ұлттық орталығының өкілдері қатысты. Тақырыптық отырыс барысында депутаттар жол сапасы мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, депутаттар жергілікті маңызы бар жолдарды дамытуға қатысты проблемалық мәселелерді атап өтті. Өйткені бұл жолдар өңірлерді дамытудың ең маңызды шарты болып табылады және өмір сүру сапасын жақсартуға айтарлықтай әсер етеді.
22.05.2023

«Ауылдық елді мекендерді сапалы интернет-байланыспен қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің тақырыптық отырысы өткізілді. Отырысты Комитеттің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов жүргізді. Депутаттар алдында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлы Мусин баяндама жасады. Комитет отырысына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері, Абай облыстық мәслихатының төрағасы, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ, «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «КаР-Тел» ЖШС және т.б. байланыс операторларының өкілдері қатысты. Тақырыптық отырыс барысында депутаттар ауылдық елді мекендердегі интернет сапасының өзекті мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, депутаттар ауылдық аймақтарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамту, сондай-ақ ауыл тұрғындарының санына қарамастан ұялы байланыс базалық станцияларын орналастыру мәселелерін шешу бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігі туралы мәселелерге тоқталды.
25.04.2023

2023 жылдың 25 сәуірінде «Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингтік қаржыландыру туралы» тақырыбында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Аталған отырысқа Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ұлттық Экономика министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілдері қатысты. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ететін завод басшылары, субсидия бөлу мен кредиттеу салаларының мамандары келді. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығын дамыту өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жиналыс барысында біршама ақпарат алынып, депутаттардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді. Атап айтсақ, 2022 жылдың 5 тамызынан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Жасыл-Даму» АҚ қаражаты есебінен отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингі бағдарламасын іске асырды. Жеңілдетілген лизинг бағдарламасын іске асыру үшін отандық өндірістің мыңға жуық өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 40 млрд теңге бөлінді.
25.04.2023

2023 жылғы 25 сәуірде «Ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету» тақырыбында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің тақырыптық отырысы өтті.

Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің және Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Азамат Өмірзақұлы Бейспеков баяндама жасады. Вице-министр қатысушыларды халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер мен жоспарлардың іске асырылуымен таныстырды. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде халықты сумен қамту ел бойынша 96,8%-ға немесе 19,1 млн адамға жеткізілді. Тақырыптық отырыс барысында депутаттар ауылдық елді мекендерде ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері мен проблемаларын көтерді. Сонымен қатар, сумен жабдықтау бойынша сапалы қызмет көрсету үшін депутаттар елді мекендердегі су тазарту құрылыстарының қуатын ұлғайту және магистральдық су құбырларын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігі мәселелерін белгіледі.
29.11.2022

Жетінші сайланған Парламент Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі үшінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында 2022 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде тақырыбында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңейтілген тақырыптық отырысы өткізілді

Жетінші сайланған Парламент Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі үшінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында 2022 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру шеңберінде бәсекелестікті дамыту және экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңейтілген тақырыптық отырысы өткізілді. Комитеттің кеңейтілген тақырыптық отырысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары, сондай-ақ министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты. Осы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын іске асыру мәселелері талқыланды. Бұл заң, атап айтқанда, мемлекеттік және жеке операторлардың қызметін реттеуге, сондай-ақ олардың санын азайтуға бағытталған. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Р.Н. Ахметов негізгі баяндамамен сөз сөйледі, сонымен қатар, энергетика, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш қызметі вице-министрлері де сөз сөйледі. Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне және мемлекеттік органдарға бәсекелестікті дамыту және экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі заң нормаларын уақтылы және сапалы іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныстар айтты.
21.12.2021

2021 жылғы 21 желтоқсанда «2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есеге ұлғайту» тақырыбына арналған тақырыптық отырыс өткізілді. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Қ. Төребаев депутаттар алдында баяндама жасады.

Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты.Осы тақырыпты талқылау барысында депутаттар мынадай мәселелерді көтерді: - «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша жол картасы тармағының шикізаттық емес экспорт бойынша көрсеткішін орындау; - жеңіл өнеркәсіптің шикізаттық емес экспорты үлесінің өзгеруі; - фармацевтика өнеркәсібі өнімдері экспортының болжамды көрсеткіші; - ковидке дейінгі және ковид кезеңдерінен бастап тауарлар саудасының қарқынын қалпына келтіру; - цемент бағасының өсуі;- ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау; - көлік қызметтерінің өсуі және т.б. мәселелер. Комитет отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынымдар берілді;
07.12.2021

2021 жылғы 7 желтоқсанда «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының 243-тармағын орындау шеңберінде «53 тазарту құрылысын салу және жаңғырту» тақырыбына арналған Комитеттің тақырыптық отырысы өтті. Депутаттар алдында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ.Ә. Өскенбаев баяндама жасады.

Қазақстан Республикасының қалаларында халықтың қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуді, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің қолжетімділігін, 53 кәріздік тазарту құрылыстарын салу мен реконструкциялауды талқылау барысында депутаттар мынадай мәселелерді көтерді, олар: - КТҚ салу және реконструкциялау бойынша үлгілік жобалық шешімдерді әзірлеу; - КТҚ салу және реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және жобаларды қаржыландыру; - жоба созылып кеткен жағдайда ЖСҚ ұзартуға республикалық бюджеттен қосымша қаржыландыру; - КТҚ салу және реконструкциялау кезінде нарықты монополияландыру; - Экология кодексіне сәйкес әзірленген, Қазақстан Республикасының аумағында су сапасының стандарттарынан асатын қазіргі заманғы стандарттар; - МЖӘ арқылы жобаларды қаржыландыру; - жобалардың өтелу мерзімдері; - тұтынушылар үшін тарифтер мәселелері. Комитет отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынымдар берілді;
28.09.2021

2021 жылғы 28 қыркүйекте «Қазақстан Республикасында баламалы энергия көздерін дамыту туралы» тақырыбында тақырыптық отырыс өтті.

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Қ.Б. Рахымов және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі А.Ә. Пірімқұлов және KPMG серіктесі А.Н. Ермолаев депутаттар алдында баяндама жасады. Ағымдағы жағдай және баламалы энергия көздері секторын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы талқылау барысында депутаттар: - баламалы энергия көздерін дамыту туралы жаңа заң жобасы; - электр қуатының жетіспеушілігі; - көмір өнеркәсібі, осы саладағы жұмыс орындары; - электр энергиясына тарифтер;- баламалы энергетика өндірісіне арналған жабдықтар; - қайталама өнеркәсіптік газды пайдалануға арналған технологиялар; - қатты тұрмыстық қалдықтарды жағу және баламалы энергия өндіру, қоршаған ортаға әсер ету жөніндегі бағдарлама туралы мәселелерді көтерді. Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынымдар берілді;
14.09.2021

2021 жылғы 14 қыркүйекте «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ қызметіндегі проблемалық мәселелер» тақырыбына арналған Комитеттің тақырыптық отырысы өтті.

Депутаттар алдында «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма Төрағасы Ғ.Қ. Тәжімұратов, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Т.Т. Ластаев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары М.С. Таткеев, сондай-ақ Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерінің, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері баяндама жасады. Әуежайдың проблемалық мәселелерін талқылау барысында депутаттар өткір мәселелерді көтерді, оның ішінде мынадай: - әуежайдың «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ алдындағы қаржылық қарызын өтеу; -«Көкшетау әуежайы» филиалын жергілікті атқарушы органның балансына беру; - Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуеайлақтарындағы ұшу-қону жолақтары мен әуежайларының терминалдары бойынша мүлікке салық мөлшерлемесін төмендету; - сондай-ақ «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу қажеттілігіне қатысты мәселелер. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұсынымдар берілді;
31.05.2019

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстыру мен талқылау бойынша жұмыс тобының Солтүстік Қазақстан облысындағы көшпелі отырысы

2019 жылғы 31 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстыру мен талқылау мақсатымен жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті. Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары: Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов, жұмыс тобының жетекшісі – депутат Сапар Қайратұлы Ахметов, жұмыс тобының мүшелері – депутаттар Майра Арапқызы Айсина, Марат Дәрібекұлы Бопазов, Юрий Евгениевич Тимощенко,Парламент Сенатының депутаты Ерік Хамзаұлы Сұлтанов,Солтүстік Қазақстан облысының әкіміҚұмар Іргебайұлы Ақсақалов, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығыныңБасқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Тілеуханұлы Майкенов, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, тұрғын үй басқармалары мен тұрғын үй инспекцияларының, пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері қатысты. Отырысты Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов ашып, жүргізді. Отырыста Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов сөз сөйледі, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының негізгі ережелері бойынша Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев баяндама жасады, Заң жобасының Парламент Мәжілісінде қаралу барысы туралы жұмыс тобының жетекшісі – депутат Сапар Қайратұлы Ахметов айтып берді, көшпелі отырыстың тақырыбы бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалының директоры Худяков Сергей Герольдович сөз сөйледі. Отырыс барысында тұрғын үй қорын басқарудағы Заң жобасының жаңалықтары,«бір үй – бір меншік иелерінің бірлестігі – бір есеп шот» моделін енгізу және пәтер иелерінің кооперативтерін басқарудың жаңа түріне ауыстыру, көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында қаражат жинақтау үшін «бір үй – бір есеп шот» тәсілі, көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқаруда тұрғындардың, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлерді зерттеп, оларды жөндеу қажеттілігін шешетін тұрғын үй инспекциясының рөлін күшейту талқыланды.Сонымен қатар Заң жобасын талқылау барысында қойылған барлық сұрақтарға толық және нақты жауап берілді. Сондай-ақ Заң жобасын талқылау барысында болған нақтылаушы сипатқа ие ұсыныстар Заң жобасын қарастыру барысында есепке алынады. Отырыстың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың, тұрғын үй басқармалары мен тұрғын үй инспекцияларының, пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының негізгі ережелерін қолдады.
30.05.2019

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстыру мен талқылау бойынша жұмыс тобының Ақмола облысындағы көшпелі отырысы

2019 жылғы 30 мамырда Ақмола облысының Көкшетау қаласында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстыру мен талқылау мақсатымен жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті. Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары: Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов, жұмыс тобының жетекшісі – депутат Сапар Қайратұлы Ахметов, жұмыс тобының мүшелері – депутаттар Меруерт Айтқажықызы Қазбекова, Майра Арапқызы Айсина, Марат Дәрібекұлы Бопазов, Юрий Евгениевич Тимощенко,Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлы, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығыныңБасқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Тілеуханұлы Майкенов, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, тұрғын үй басқармалары мен тұрғын үй инспекцияларының, пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері қатысты. Отырысты Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов ашып, жүргізді. Отырыста Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлы сөз сөйледі, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының негізгі ережелері бойынша Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев баяндама жасады, Заң жобасының Парламент Мәжілісінде қаралу барысы туралы жұмыс тобының жетекшісі – депутат Сапар Қайратұлы Ахметов айтып берді. Отырыс барысында тұрғын үй қорын басқарудағы Заң жобасының жаңалықтары,«бір үй – бір меншік иелерінің бірлестігі – бір есеп шот» моделін енгізу және пәтер иелерінің кооперативтерін басқарудың жаңа түріне ауыстыру, көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында қаражат жинақтау үшін «бір үй – бір есеп шот» тәсілі, көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқаруда тұрғындардың, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлерді зерттеп, оларды жөндеу қажеттілігін шешетін тұрғын үй инспекциясының рөлін күшейту талқыланды.Сонымен қатарЗаң жобасын талқылау барысында қойылған барлық сұрақтарға толық және нақты жауапберілді. Отырыстың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың, тұрғын үй басқармалары мен тұрғын үй инспекцияларының, пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының негізгі ережелерін қолдады.
17.05.2018

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың үшінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Ақмола облысында шағын және орта кәсіпкерлік үшін бизнесті жүргізу шарттарын оңайлату мәселелері бойынша көшпелі отырысы болып өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары көшпелі отырыс шеңберінде облыстағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту барысымен танысты, сондай-ақ Шортанды ауданындағы полиэтилен өнімін шығаратын - «Полимер Пласт» ЖШС-нің, ұн өнімін шығаратын - «Даржан групп» ЖШС-нің, сондай-ақ шұжық және ет өнімдерін шығаратын «Ақпан 17» ЖШС-нің объектілерінде болды. Көшпелі отырыс қорытындысы бойынша 2018 жылғы 17 мамырда Шортанды ауданы әкімдігінің отырыс залында Комитеттің кеңейтілген көшпелі отырысы болды, оған Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ.М. Ыдырысов, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Қаржы, Инвестициялар және даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылары, сондай-ақ Ақмола облысы жұртшылығы мен кәсіпкерлік өкілдері қатысты. Отырысты Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сапар Қайратұлы Ахметов ашты. Отырыста Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ.М. Ыдырысов, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Ш.Қ. Ахметов, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Р.М. Жүрсінов, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н. Б. Әлтаев, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Н.Т. Малелов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және облыстағы кәсіпкерлік ортаның өкілдері сөз сөйледі. Депутаттармен кездесу барысында облыстағы шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық базасын жетілдіру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру мәселелері талқыланды.
10.11.2016

2016 жылғы 6-8 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» атты Жолдауын іске асыру мақсатында және алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың екінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К. Божконың қатысуымен Алматы облысында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің көшпелі отырысы болып өтті.

Көшпелі отырыс «Қорғас – Шығыс қақпалары» арнайы экономикалық аймағын дамыту, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін салу бойынша «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысымен танысу, сондай-ақ жасанды селден қорғау құрылыстарына бару мақсатында өткізілді. Көшпелі отырыс шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Алматы-Қорғас» автомагистралінің учаскелерін, «Қорғас – Шығыс қақпалары» арнайы экономикалық аймағының «құрғақ портындағы» терминалдардың қуатын, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын, Жаркент қаласындағы жүгері-сірне зауытын, сондай-ақ Қорғас өзеніндегі селден қорғау құрылыстарын көріп қайтты. Көшпелі отырыстың қорытындылары бойынша 2016 жылғы 7 қазанда «Қорғас – Шығыс қақпалары» АЭА» басқарушы компания» АҚ ғимаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К. Божконың, Алматы облысының әкімі А.Ғ. Батталовтың, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қорғас – Шығыс қақпалары» АЭА» басқарушы компания» АҚ, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ өкілдерінің, сондай-ақ көлік-логистика саласының бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Отырысты Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Н.С. Сабильянов ашты және жүргізді. Отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К. Божко және Алматы облысының әкімі А.Ғ. Батталов сөз сөйледі, сондай-ақ көлік-логистика жүйесін дамытудың өзекті мәселелері бойынша ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Б.С. Камалиев баяндама жасады, Қорғас өзеніндегі селден қорғау құрылыстары мәселелері бойынша ҚР Ішкі істер вице-министрі Ю.В. Ильин баяндады, Комитеттің көшпелі отырысының тақырыбы бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен кәсіпкерлік топтардың өкілдері сөз сөйледі. Кездесу барысында депутаттар еліміздің көлік-логистика кешенін және кәсіпкерлікті одан әрі дамыту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыру мәселелерін талқылады. Көшпелі отырыс нәтижесі бойынша ұсыныстар әзірленді.
15.09.2016

2016 жылғы 15 қыркүйекте Комитеттің «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 69-қадамын іске асыру барысы туралы» тақырыбында сауда қызметін мемлекеттік реттеудің мәселелері бойынша тақырыптық отырысы өтті.

Комитет отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ұлттық экономика министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының, тауар биржаларының, бөлшек сауданың, Қарағанды облысы кәсіпкерлері мен басқа да сарапшы ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырысты Комитеттің Төрағасы Н.С. Сабильянов жүргізді. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықов баяндама жасады. Баяндамасында қазіргі сауда нарығының заманауи сауда форматтарына ауысуымен байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жекелеген нормаларын іске асырудың барысы туралы ақпарат берді. Сондай-ақ осы отырыстың тақырыбына орай Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Бектұрова, Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының Вице-Президенті Ж.Т. Әжібаева, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Н.Б. Альтаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты П.О. Казанцев сөз сөйледі. Кездесу барысында депутаттар сауда саласымен айналысатын кәсіпкерлердің проблемалары мен оларды шешудің жолдарын, «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 69-қадамын іске асырудың барысын, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады.
17.05.2016

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде жаңадан қабылданған 59 заңның орындалуын бақылау бойынша Алтыншы шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында берілген Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында және Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік дамыту комитетінің Алтыншы шақырылымның бірінші сессиясына арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылғы 17 мамырда: «97 қадам. Ұлт Жоспары 100 нақты қадамының мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру бөлігінің орындалу барысы туралы.» тақырыпта кеңейтілген отырысы өткізілді. Комитеттің отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ұлттық экономика министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның азаматтық альянсының өкілдері және басқа ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырысты Комитеттің төрағасы Р.В. Скляр жүргізді. Ұлт Жоспары 100 нақты қадамының мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру бөлігінің орындалу барысы туралы Ұлттық экономика министрлігінің Бірінші вице-министрі М.Ә. Құсайынов баяндама жасады. «Бәсекелестік ортаның мемлекеттік органдар функцияларын қабылдауға дайындығы жөнінде талдау» тақырыбы бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Р.М. Жүрсінов баяндама жасады. Сонымен бірге кеңейтілген отырыстың тақырыбы бойынша ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты А.Е. Базарбаев баяндама жасады. Кездесу барысында депутаттармен мемлекетке тән емес функцияларды одан әрі бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
28.04.2016

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын іске асыру мақсатында және Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың бірінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің орынбасары В.К.Божко және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясының Фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесі мүшелерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінде Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Қазақстан экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізгі бағыты ретінде тиімді көлік-логистика инфрақұрылымын құру мәселесі бойынша көшпелі отырысы өткізілді. Көшпелі отырысқа ҚР Инвестициялар және даму министрі Ә.Ө.Исекешев, ҚР Ұлттық экономика, ҚР Қаржы министрліктерінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік одағының және «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері де қатысты. Отырысты Комитеттің төрағасы Р.В. Скляр жүргізді. Сәлемдеме сөзін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің орынбасары В.К. Божко сөйледі. Көлік-логистика жүйесін дамытудың өзекті мәселелері бойынша баяндамамен ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбек сөз сөйлейді. Сондай-ақ кеңейтілген отырыстың тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Б. Бекетаев, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М.Жақсылықов, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық комипания» АҚ Вице-Президенті Б.С. Қамалиев, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компания» АҚ Басқарма Төрағасы Е.Ә. Қизатов сөз сөйледі. Кездесу барысында елдің көлік-логистика кешенін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
03.11.2014

2014 жылғы 3–ші қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, сөл отырысында Тұтынушы өнімдерін техникалық реттеу мәселелері қаралды. Отырысты Комитет төрағасы Сейітсұлтан Сүлейменұлы Әйімбетов жүргізді. Комитет отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Д.Н. Назарбаева қатысты.

Бұл мәселе бойынша: Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму жөніндегі министрліктің техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Б.Б. Қанешев, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы А.Б.Матишев, Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Р.С. Ошақбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Т. Перуашевтер сөз сөйледі. Депутаттар бірқатар өзекті сұрақтар қойып, сонымен қатар сөйлеушілерге ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Комитетінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді.
05.06.2012

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Алматы қаласындағы көшпелі отырысы (2012 жылғы 31 мамыр-1 маусым) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңару - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жария етілген негізгі бағыттарды және бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың бірінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті 2012 жылғы 31 мамыр мен 1 маусым аралығында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағыда (Алматы қаласы) көшпелі отырысын өткізді. ИТП АЭА–нің бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Алматы вентилятор заводы» ЖШС-де, «Сатпаев атындағы ҚазҰТУ Технопаркі» АҚ-да, «КПМС ҰО РМК» -да, «Мембранды технологиялар» ЖШС-де болды және ИТП АЭА-ға қатысушы компаниялар іске асыратын жобалармен танысты. Көшпелі отырыс ИТП АЭА-ның ғимаратында өтті. Отырысты Комитет төрағасы Сейітсұлтан Сүлейменұлы Әйімбетов жүргізді. Ол өзінің сөзінде «Инновациялық технологиялар паркі»-нің құру стратегиялық мақсаты, жақын жылдары отандық және дүниежүзілік экономикада басымды рөл ойнайтын «болашақ экономиканың» басым секторлерін қолдауға бағытталған, соның ішінде ақпараттық техологиялар, байланыс пен телекоммуникация салаларындағы технологиялар, табиғатты тиымды пайдалану және ресурстарды сақтау мен экономиканың басқада салаларын атап өтті. Комитеттің отырысына мүдделі министрліктердің және ведомстволардың, ұлттық компаниялардың, холдингтердің өкілдері және ИТП АЭА арнайы экономикалық аймағының мамандары қатысты. Кездесу кезінде жоғары технологиялық, бәсекелестікке қабілетті өндірістерді құру, ендіру мен дамыту және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қызмет істеуі мен одан әрі даму туралы сұрақтары талқыланды.
29.05.2012

2012 жылғы 29 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитеттің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (екінші оқылым) бойынша кеңейтілген отырысы өтті. Заң жобасы техникалық реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Еуразия экономикалық қоғамдастығы Мемлекетаралық кеңесінің Шешімімен қабылданған халықаралық шарттарға және Дүниежүзілік сауда ұйымының саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімінде белгіленген халықаралық терминологияға сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Е.И. Тарасенко баяндама жасады. Комитеттің талқылау қортындысымен заң жобасы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында екінші оқылымда қарауға болады деп шешті.
03.04.2012

Комитеттің кеңейтілген отырысы

Бірінші оқылымда мақұлданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын талқылау. Өткізілу орны: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Конференц-залы. Комитет Төрағасы С.С. Әйімбетов құттықтау сөз сөйледі, Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиев, Экономикалық даму және сауда вице-министрі А.М.Ескендіров баяндамалар жасады.