Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
18.09.2014

ҚАБИБОЛЛА ЖАҚЫПОВ ПӘКІСТАН ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ


ҚАБИБОЛЛА ЖАҚЫПОВ ПӘКІСТАН ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Астана, 18-қыркүйек,. Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Шаукат Али Мукадаммен кездесті.  

Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы екі ел арасындағы қарым-қатынастың жан-жақты, соның ішінде, парламентаралық деңгейде жыл сайын нығайып келе жатқанын атап өтті. Оның дәлелі пәкістандық тараптың Қазақстанның маңызды бастамаларына, атап айтар болсақ,  Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздігі Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне және Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге қолдау білдіргендігі.

Қабиболла Жақыповтың атап өткеніндей, Пәкістан біздің еліміздің Оңтүстік Азия аймағындағы сенімді әрі маңызды әріптестерінің бірі болып табылады.

Өз кезегінде елші Қазақстанның барлық салада таңқаларлық табыстарға қол жеткізіп келе жатқанын, ол ең алдымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаты мен Қазақстан халқының еңбексүйгіштігінің жемісі екенін атап өтті.

Тараптар екі жақты қарым-қатынастың өзекті сұрақтарын талқылай келіп, алдағы уақытта да барлық салада, соның ішінде парламентаралық деңгейде ауқымды мәселелер бойынша ықпалдастықты одан әрі нығайтуға ынталы екендіктерін жеткізді.

Кездесу барысында Шаукат Али Мукадам Мәжіліс Төрағасына Пәкістан Парламенті Ұлттық Ассамблеясы Спикерінің ресми шақыруын табыс етті.

 

                  

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі