Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
20.09.2014

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ МЕН АППАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ


МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ МЕН АППАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

 

Астана, 20 қыркүйек, Мәжіліс үйі

 

Астананың оң жағалауындағы индустриалдық бағытта қарқынды дамып келе жатқан Ақ Жол көшесінің бойы жас тал-теректермен көркейе түсті.

Бүгін Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаттары мен Аппарат қызметкерлері жаппай сенбілікке қатысып, дәлірек айтқанда,  Мұстафина мен Индустриальная көшелері аралығында шаған, үйеңкі ағаштарын қосқанда жиыны 150-ден астам жас талдар отырғызды.

 Мәжіліс депутаты Құттықожа Идирисовтің атап өткеніндей, туған елді көгалдандыруға ат салысу әрбір азаматтың абыройлы міндеті. Әдемілік ешқашан артықтық етпейді. Ал бүгінгі отырғызылып жатқан тал-терек,  болашақ жасыл желек арайлы Астананың сұлулығын арттырып, халықтың денсаулығын нығайтып, әсем де жасыл қалада өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызбақ.  

(Зәмеш Кеңесқызы-74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппараты)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі