Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
23.09.2014

ҚАЗАҚСТАН МЕН ИНДОНЕЗИЯ ДЕПУТАТТАРЫ КЕЗДЕСТІ


ҚАЗАҚСТАН МЕН ИНДОНЕЗИЯ ДЕПУТАТТАРЫ КЕЗДЕСТІ

 

Астана, 23 қыркүйек. Мәжіліс Үйі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Индонезия Республикасы Парламентінің Өкілдер палатасының мүшесі, Қазақстанмен парламентаралық ынтымақтастық топ жетекшісі, депутаттар делегациясын басқарып келген Доди Реза Алекс Ноердинмен   кездесті.

Мәжілістің комитет төрағасы Индонезия халқын Президенттік және Парламенттік сайлауды өте жоғары деңгейде өткізулерімен осы келген делегация арқылы құттықтап сөз бастады. Қазақстан мен Индонезия арасындағы ынтымақтастық жайында өз ойын білдірді.

Өз кезегінде Өкілдер палатасының мүшесі Қазақстанның Орталық-Азия аймағы мен әлемдік деңгейдегі ролін айырықша бағалап, екі ел арасындағы саяси, экономикалық, мәдени байланыстар жайында әңгімеледі.

Тараптар мұндай жүздесулер екі ел парламентшілері арасындағы ынтымақтастыққа игі әсер ететінін атап өтті.

 

***

 

Кездесуге Мәжіліс депутаттары –  Абай Тасболатов, Надежда Нестерова, Ұласбек Сәдібеков, Алмас Тұртаев және Айқын Қоңыров қатысты.

 

 

(Сәуле Досжанова. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі