Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
30.09.2014

БАСҚА МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ РЕСМИ КӨМЕК КӨРСЕТУ-Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің дөңгелек үстел отырысы


БАСҚА МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ РЕСМИ КӨМЕК КӨРСЕТУ-Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің дөңгелек үстел отырысы

 

Астана, 30 қыркүйек. Мәжіліс Үйі. Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұйымдастыруымен «Дамуға ресми көмек туралы» және  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дамуға ресми көмек  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына  қатысты дөңгелек үстел отырысы өтіп, Қазақстанның басқа мемлекеттерге ресми көмек көрсетуі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Шарада сөз алған Сыртқы істер министрлігі сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры О. Исабеков дамуға ресми көмек тетіктерін пайдалану сыртқы саясат басымдықтарын іске асыруға, ішкі тұрақтылықты сақтауға, еліміздің имиджін жақсартуға және бизнесті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Ал, Ыстанбұлдағы БҰҰДБ Өңірлік орталығы жәңа әріптестіктер мен донорлар жөніндегі топ жетекшісі Д. Марясиннің пікірінше, дамуға ресми көмек көрсетудің қолданыстағы, тиімді және ашық жүйесі – бұл елдің имиджін күшейту және неғұрлым дамыған державалардың қатарына қосылу үшін өзіндік «рұқсат қағазы» тәрізді.

Отырысқа төрағалық еткен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің жетекшісі Мәулен Әшімбаев тақырыптың жан-жақты талқылау барысында айтылған өзекті сұрақтар мен сындарлы ұсыныстар аталған заң жобаларымен жұмыс барысында барынша ескерілетінін атап өтті.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстанның дамуға ресми көмек көрсету жүйесі лайықты деңгейде бағалануда.   

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі